"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Жапония Yкiметi арасында "Республика Сарайына дыбыс жабдықтарын жеткiзу (Алматы қаласы)" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Yкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 117 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасында "Республика Сарайына дыбыс жабдықтарын жеткiзу (Алматы қаласы)" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Жапония Үкiметi арасында "Республика Сарайына
дыбыс жабдықтарын жеткiзу (Алматы қаласы)"
жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметінiң
грантын тарту туралы ноталар алмасу
нысанындағы келiсiмдi бекiту туралы

      2004 жылғы 27 тамызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасында "Республика Сарайына дыбыс жабдықтарын жеткiзу (Алматы қаласы)" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiм бекiтiлсiн.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
      ПРЕЗИДЕНТI

(Жапон тарапының нотасы   
ағылшын тілінен аударма)  

      Жоғары мәртебелi,

      "Республика Сарайына дыбыстық құрал-жабдықтар жеткiзу" (одан әрi - құрал-жабдық) жобасына қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Жапон Үкiметi өкiлдерi арасында жүргiзілген жуырдағы келiссөздерге назар аударуға және Жапон Үкiметiнiң атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуға рұқсат етіңiз:
      1. Қазақстан Республикасындағы мәдени қызметтің дамуына ықпал ету мақсатында Жапон Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметіне қырық тоғыз миллион сегiз жүз мың жапон йенi (Ұ 49 800 000) мөлшерiнде грант (одан әрi - грант) бөледi.
      2. Грант осы келiсiм күшiне енген күнiнен бастап және егер де бұл кезең екi Үкiметтiң уәкiлеттi органдарының екi жақты келiсiмi жолымен ұзартылмаса 2005 жылғы 31 наурызға дейiнгi кезең ішінде күшінде болады.
      3. (1) Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi мақсатымен және Жапонияда немесе Қазақстан Республикасында өндiрiлген құрал-жабдықтарды сатып алуға және Қазақстан Республикасындағы құрал-жабдықтарды тасымалдауды қоса алғанда, құрал-жабдықтарды сатып алуға байланысты қызметтер үшiн ғана пайдаланылады.
      (2) ереженiң жоғарыдағы (3) параграфының (1) тармақшасына қарамастан, егер екi Үкiмет Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылған құрал-жабдықтарды сатып алу керек деп есептесе, онда Грантта көзделген қаражаттарға алу керек болады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе оның уәкілеттi органы келiсiм-шартты (осы келiсiмде пайдаланылатын "жапон алымы" терминi жапондық жеке тұлғалармен бақыланатын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды бiлдiредi) 3-тармақта көрсетілген өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшін жапон алымы жапон иенiнде жасасады. Мұндай келiсiм-шарттар Грантқа қолайлы болу үшiн Жапон Үкiметімен бекiтiлуi тиiс.

       Қазақстан Республикасының
       Сыртқы iстер министрi
       Қасымжомарт Тоқаев

      5. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе оның уәкілеттi органы Қазақстан Республикасы Үкiметiмен немесе оның уәкiлеттi органымен анықталған Жапон банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атына тек қана Грантты iске асыру мақсатында пайдаланылатын банктiк шот ашады.
      (2) Жапон Үкiметi төлемдердi Қазақстан Республикасы Үкiметiмен немесе оның уәкілетті органымен төлемдердi жүргiзу үшiн уәкілетті банктi ұсыну кезiнде төлемдер орындалатын болатыны 5-тармақтың (1) тармақшасында көрсетiлген есептерге 4-тармақтың (одан әрi - "Бекiтілген келiсiм-шарттар") ережелерге сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiмен немесе оның уәкілетті органымен алынған мiндеттемелерiн жабу үшін жапон иенiнде жүзеге асырылады.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналар бойынша шаралар қабылдайды:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша сатып алынған Құрал-жабдықтарды уақтылы кедендiк ресiмдеу мен iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) жапон алымдарын Грант шеңберiндегi тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын кеден бажының төлемдерiнен, елдiң ішкі салықтарынан және өзге де қаржылық алымдарынан босату;
      (в) Қазақстан Республикасына өз жұмыстарын орындау үшiн кiруге және онда болу үшін Бекiтiлген келiсiм-шарттар, жағдайлар бойынша тауарлар мен қызметтер жеткізуге байланысты қажет болатын қызметтерге жапон алымдарын ұсынуға;
      (г) құрал-жабдықтарды тиесілi және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
      (д) Грантпен жабылатын жобалардан басқа Жобаларды iске асыру үшiн қажетті шығыстарды төлеу.
      (2) Грант бойынша сатып алынатын Құрал-жабдықтарды жүк және теңiздiк сақтандыруға қатысты, Қазақстан Республикасының Үкiметi екi елдiң компаниялары арасындағы жүк және теңiздiк сақтандыруда адал және еркiн бәселекестiкке бөгет болатын қандай да бiр шектеулердi қолданудан бас тартады.
      (3) Грант есебiнен сатып алынған құрал-жабдықтар Қазақстан Республикасынан тысқары керi экспортқа шығарылмайды.
      7. Екi Үкiмет жоғарыда аталған уағдаластықтардан туындайтын немесе оларға байланысты кез келген мәселенi қарау кезiнде бiр-бiрiнен консультация алады.
      Мен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметіне қатысты жоғарыда баяндалғанды растайтын осы нота мен Жоғары мәртебеңiздiң нота жауабыңыз Жапония Үкiметi Қазақстан тарабы осы Келiсiм күшiне енуi қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiм болып саналуын ұсыну құрметiне ие болып отырмын.
      Осы жағдайды пайдаланып, Жоғары мәртебеңiзге зор ықыласымды бiлдiремiн.

                                               Йорико Кавагути
                                                Жапония Сыртқы
                                                iстер министрi

(Қазақстан тарапының нотасы   
ағылшын тілінен аударма)  

      Жоғары мәртебелi,

      Жоғары мәртебенiздiң бүгінгi күнгі төмендегiдей баяндалған нотаңызды алғанымызды растап, ризашылығымды білдiремiн.

      "Жоғары мәртебелi,

      "Республика Сарайына дыбыстық құрал-жабдықтар жеткiзу" (одан әрi - құрал-жабдық) жобасына қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Жапон Үкiметі өкiлдерi арасында жүргiзілген жуырдағы келiссөздерге назар аударуға және Жапон Үкiметiнiң атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуға рұқсат етіңіз:
      1. Қазақстан Республикасындағы мәдени қызметтің дамуына ықпал ету мақсатында Жапон Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне қырық тоғыз миллион сегiз жүз мың жапон йенi (Ұ 49 800 000) мөлшерiнде грант (одан әрi - грант) бөледi.
      2. Грант осы келiсiм күшіне енген күнiнен бастап және егер де бұл кезең екi Үкiметтiң уәкілетті органдарының екi жақты келiсiмi жолымен ұзартылмаса 2005 жылғы 31 наурызға дейiнгi кезең iшiнде күшiнде болады.
      3. (1) Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi мақсатымен және Жапонияда немесе Қазақстан Республикасында өндiрiлген құрал-жабдықтарды сатып алуға және Қазақстан Республикасындағы құрал-жабдықтарды тасымалдауды қоса алғанда, құрал-жабдықтарды сатып алуға байланысты қызметтер үшiн ғана пайдаланылады.
      (2) ереженiң жоғарыдағы (3) параграфының (1) тармақшасына қарамастан, егер екi Үкiмет Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылған құрал-жабдықтарды сатып алу керек деп есептесе, онда Грантта көзделген қаражаттарға алу керек болады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілеттi органы келiсiм-шартты (осы келiсiмде пайдаланылатын "жапон алымы" терминi жапондық жеке тұлғалармен бақыланатын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды бiлдiредi) 3-тармақта көрсетiлген өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапон алымы жапон иенiнде жасасады. Мұндай келiсiм-шарттар Грантқа қолайлы болу үшiн Жапон Үкiметімен бекiтiлуi тиiс.

       Жоғары мәртебелi
       Йорико Кавагути ханымға
       Жапония Сыртқы
       iстер министрi

      5. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе оның уәкiлетті органы Қазақстан Республикасы Үкiметiмен немесе оның уәкiлетті органымен анықталған Жапон банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметінiң атына тек қана Грантты iске асыру мақсатында пайдаланылатын банктiк шот ашады.
      (2) Жапон Үкiметi төлемдердi Қазақстан Республикасы Үкiметiмен немесе оның уәкілетті органымен төлемдердi жүргізу үшін уәкілетті банктi ұсыну кезiнде төлемдер орындалатын болатыны 5-тармақтың (1) тармақшасында көрсетiлген есептерге 4-тармақтың (одан әрi - "Бекiтілген келiсiм-шарттар") ережелерге сәйкес бекiтілген келiсiм-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiмен немесе оның уәкілетті органымен алынған мiндеттемелерiн жабу үшiн жапон иенiнде жүзеге асырылады.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметі мыналар бойынша шаралар қабылдайды:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша сатып алынған Құрал-жабдықтарды уақтылы кедендiк ресiмдеу мен iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) жапон алымдарын Грант шеңберiндегi тауарлар мен қызметтердi жеткізуге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын кеден бажының төлемдерiнен, елдiң iшкi салықтарынан және өзге де қаржылық алымдарынан босату;
      (в) Қазақстан Республикасына өз жұмыстарын орындау үшiн кiруге және онда болу үшiн Бекiтілген келiсiм-шарттар, жағдайлар бойынша тауарлар мен қызметтер жеткiзуге байланысты қажет болатын қызметтерге жапон алымдарын ұсынуға;
      (г) құрал-жабдықтарды тиесілi және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
      (д) Грантпен жабылатын жобалардан басқа, Жобаларды iске асыру үшiн қажеттi шығыстарды төлеу.
      (2) Грант бойынша сатып алынатын Құрал-жабдықтарды жүк және теңiздiк сақтандыруға қатысты, Қазақстан Республикасының Үкiметi екі елдiң компаниялары арасындағы жүк және теңiздiк сақтандыруда адал және еркiн бәселекестiкке бөгет болатын қандай да бiр шектеулердi қолданудан бас тартады.
      (3) Грант есебiнен сатып алынған құрал-жабдықтар Қазақстан Республикасынан тысқары керi экспортқа шығарылмайды.
      7. Екi Үкiмет жоғарыда аталған уағдаластықтардан туындайтын немесе оларға байланысты кез келген мәселенi қарау кезiнде бiр-бiрiнен консультация алады.
       Мен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметіне қатысты жоғарыда баяндалғанды растайтын осы нота мен Жоғары мәртебеңiздiң нота жауабыңыз Жапония Yкiметi Қазақстан тарабы осы Келісiм күшiне енуi қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енетін екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiм болып саналуын ұсыну құрметiне ие болып отырмын.
      Осы жағдайды пайдаланып, Жоғары мәртебеңiзге зор ықыласымды білдiремiн".

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан жоғарыда көрсетiлген келiсiмдi растау және Жоғары мәртебеңiздiң Нотасы мен осы Нота Жапония Үкiметі Қазақстан тарабы осы Келiсiм күшiне енуi қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енетiн екi Үкiмет арасындағы келiсiм болып саналатынына келiсімiмдi білдiру құрметіне ие болып отырмын.
      Осы жағдайды пайдалана отырып, Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң үлкен құрметімдi білдіруге рұқсат етiңiз.

                                     Қазақстан Республикасының
                                          Сыртқы iстер министрi
                                             Қасымжомарт Тоқаев

  Рәсімдерді тәптіштеу жөніндегі келісілген
хаттама

      Жапон Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Республика Сарайына (Алматы қаласы) дыбыстық құрал-жабдықтарды (бұдан әрi - Құрал-жабдықтар) сатып алуға арналған жапон мәдени ынтымақтастығына қатысты 2004 жылғы ____ күнi белгiленген Алмасу ноталарының (бұдан әрi - Алмасу ноталары) 1, 3, 4 және 5-параграфтарына сүйене отырып, Жапон Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлдерi екi Үкiметтің уәкілетті өкiлдерiмен келiсiлген мынадай рәсiмдердi тәптiштеулердi тiркегiсi келедi:
      1. Тендер
      1) Грант Алмасу ноталарының 3-тармағы 1) тармақшасында белгiленген құрал-жабдықтар мен қызметтердi сатып алу үшiн тиiмдi және кемсiтiлмей пайдалануы тиiс. Осы талаптарды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасына немесе оның уәкiлеттi органына құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша тендер өткiзуге көмек көрсету үшін тәуелсiз және құзыретті агентті тарту қажет.
      Бұдан әрi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы қосымшада санамаланған Агент қызметiнiң тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасына немесе оның уәкiлетті органына көмек көрсету үшін Жапон халықаралық ынтымақтастық жүйесiнiң (JIСS) (бұдан әрi - Агент) қатысуымен Алмасу ноталары күшiне енгеннен кейiнгі бiр айдың iшiнде Алмасу ноталарының 4-тармағында айтылған келiсiм-шарт жасасуы тиiс;
      2) Келiсiм-шарт Жапон Үкiметi жазбаша түрде бекiткеннен кейiн күшiне енедi.
      2. Агенттiң қаламақысы
      1) Алмасу ноталарының 1-параграфында айтылған сомаға Агенттiң қаламақысы енгiзiлуi тиiс;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілетті органы жоғарыда аталған келiсiм-шартқа сәйкес Алмасу ноталарының 5-тармағының 1) тармақшасында айтылған банкке осындай төлемге өкiлеттiктер беруi тиiс.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кез келген шенеунiгi өздерiне Алмасу ноталарының 4-параграфында айтылған тауарлар мен қызметтер сатып алу бойынша жапон азаматтары жұмысының ешқандай бөлігін алмауы тиiс.
      4. Алмасу ноталарының 1-параграфында айтылған Гранттың жоспарын және/немесе схемасын өзгерту қажет болған жағдайда Қазақстан Үкiметi консультация өткiзуi және Жапон Үкiметiнен мұндай өзгерiстер енгізуге келiсiм алуы тиiс.

       2004 жылғы _____________        2004 жылғы ____________
       Қазақстан Республикасының       Жапонияның
       Сыртқы iстер министрi           Сыртқы iстер министрi
       Қасымжомарт Тоқаев              Йорико Кавагути

  Талқылау хаттамасы

      Республика Сарайына (Алматы қаласы) құрал-жабдықтар сатып алу үшiн жапон мәдени ынтымақтастығы туралы 2004 жылғы _____ Алмасу ноталарына (бұдан әрi - Алмасу ноталары) байланысты Жапон делегациясы мен Қазақстан делегациясының өкiлдерi мыналарды тiркегiсi келедi:
      1. Жапон делегациясының өкiлi Алмасу ноталарының 3-тармағының 1) тармақшасына қатысты яғни Қазақстан Республикасының Үкiметi Алмасу ноталарының 4-параграфында айтылған келiсім-шарттарды ұсынғаны үшiн кез келген сыйтарту немесе сыйақы беру ұсынысын болдырмау үшiн қажеттi шаралар қолданатынын Жапон Үкiметi түсiнедi деп хабарлайды.
      2. Қазақстан делегациясының өкілі Жапон делегациясы өкiлiнiң жоғарыда көрсетiлген өтiнiшiне оның делегациясы қарсы емес деп хабарлайды.

       2004 жылғы _____________        2004 жылғы ____________
       Қазақстан Республикасының       Жапонияның
       Сыртқы iстер министрi           Сыртқы iстер министрi
       Қасымжомарт Тоқаев              Йорико Кавагути

                                                          Қосымша

  Агент қызметтерiнiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе оның уәкiлеттi органының Қазақстан Республикасындағы Жапон Елшiлiгiне жазбаша нысанда жолданатын сұрату негізiнде сатып алуға тендер жарияланатын тауарлардың (бұдан әрi - Құрал-жабдықтар) тiзiмiн дайындау.
      2. Құрал-жабдықтардың бағасы мен сипаттамасын зерттеу және тендер үшiн неғұрлым жоғары баға шегін анықтау.
      3. Тендердiң мерзiмдерi мен тәртiбiн және техникалық сипаттамасын қамтитын тендерге арналған құжаттардың жобасын дайындау.
      4. Тендердi жариялау және тендердiң құжаттарын тарату.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе оның уәкiлетті органына үмiткерлердiң қатысуымен Агенттің офисiнде тендер өткiзуге және жеңiмпазды анықтауға көмек көрсету.
      6. Тендер бойынша ағылшын тiлiнде есеп дайындау және eceпті Қазақстан Республикасының Үкiметіне немесе оның уәкілеттi органына ұсыну.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады