Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Амстердам қаласындағы (Нидерланд Корольдiгi) Бас консулдығын қайта ұйымдастыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының Амстердам қаласындағы
(Нидерланд Корольдiгi) Бас консулдығын
қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдiгi арасындағы екi жақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының Амстердам қаласындағы (Нидерланд Корольдiгi) Бас консулдығы орналасқан жерiн Амстердам қаласынан Гаага қаласына көшiре отырып, Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдiгiндегі Дипломатиялық миссиясы етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi