Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 149 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген экспорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесiнде:
      "Рентгендiк жабдық,     9022   Қазақстан Республикасының
радиоактивтi заттар мен              Денсаулық сақтау министрлiгi"
изотоптар пайдаланылатын
аспаптар және жабдық
      деген жол алынып тасталсын;
      "тауардың атауы" деген бағандағы "рентгендiк," деген сөз алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады