Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 151 Қаулысы

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының  17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртiппен 2005 жылы үш жыл мерзiмге офицерлiк құрамның лауазымдарында әскери қызметке шақырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                         2005 жылғы 18 ақпандағы
                                               N 151 қаулысына
                                                   қосымша

     2005 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын әскери
         есепке алу мамандықтары бойынша запастағы
                    офицерлердiң саны

Р/с
N

Әскери есепке алу мамандығы

Саны

Офицер

1

мотоатқыштар әскерлерi

44

2

танк әскерлерi

33

3

артиллерист

39

4

радиотехникалық және әуе шабуылына
қарсы қорғаныс әскерлерi

25

5

автомобиль әскерлерi

19

6

байланыс

16

7

медицина қызметi

18

8

тыл

12

9

тәрбиелiк және құқықтық жұмыс бойынша

34

10

журналист

4

11

химиялық әскерлер

4

12

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери полициясы үшiн заңгер

10

13

Қазақстан Республикасының әскери прокуратурасы үшін заңгер

10

14

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң әскери-тергеу департаменті үшiн заңгер

10

15

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгінiң iшкi әскерлерi

35

16

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсіздік комитетiнiң шекара қызметi

100

17

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі

5


БАРЛЫҒЫ

418

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады