2005 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 178 Қаулысы

      Кредит берушiлер алдындағы мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған 2005 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 1 наурыздағы
N 178 қаулысымен   
бекiтiлген      

  2005 жылға арналған республикалық бюджетте
өтеу мен оларға қызмет көрсету көздеген
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес қарыздар
бойынша қарыз алушылардың тiзбесi

      1. "Рахат" қазақ-австрия бірлескен кәсiпорны" жабық акционерлік қоғамы.
      2. "Пеноконцентрат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
      3. "Өнеркәсiппластмасса" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгi.
      4. "Фирма Катализ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
      5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң "Еңбек - Алмас" және "Еңбек - Гранит" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары (Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық атқару жүйесi департаментi).
      6. "Қазақ Аджанта Фарма Лимитед" бiрлескен кәсiпорны" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгi.
      7. "Kazakhstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамы.
      8. "Отель Астана" Қазақстан-Түрiк бiрлескен кәсіпорны" ашық акционерлiк қоғамы.
      9. "Айт-Отель" Қазақстан-Түрiк бiрлескен кәсіпорны" ашық акционерлік қоғамы.
      10. "Эмсаш Инвест" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
      11. "Байланыс-Құрылысшы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы.
      12. "Окан Қазинтер" Қазақстан-Түрiк бiрлескен кәсiпорны" жабық акционерлік қоғамы.
      13. "Замангер" шағын жеке кәсiпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады