Астана қаласында орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салуға үлестiк қатысуға және сатып алуға бөлiнетiн қаражатты пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы N 199 Қаулысы

      "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңына сәйкес, Астана қаласында орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салуға үлестiк қатысуға және сатып алуға бөлiнетiн қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Астана қаласының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Астана қаласының бюджетiне мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне тұрғын үй салуға және сатып алуда үлестiк қатысуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 616472000 (алты жүз он алты миллион төрт жүз жетпiс екi мың) теңге сомасында көзделген қаражат есебiнен оны кейiннен орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік мекемелердiң тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) бере отырып, Астана қаласында тұрғын үйдi мемлекеттiк сатып алуды және/немесе үлестiк қатысу шартымен тұрғын үй салу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзсiн.

      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігiнiң (бұдан әрi - Агенттік) сұратуы бойынша бiр апта мерзiмде орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген қызметкерлердiң тiзiмдерiн ұсынады;
      2) Агенттік (келiсiм бойынша) екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне қызметкерлердiң бекiтілген тiзiмдерiн бередi;
      3) оларды кейiннен қызметкерлерге беру үшiн орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелерге қызметтікке теңестiрiлген пәтерлердi бөлудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады деп белгіленсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А. Тілеубердинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады