Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2003 жылғы 11 қарашада Манила қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Филиппин Республикасының Үкiметi арасындағы дипломаттық және қызметтiк паспорттары бар азаматтарды виза ресiмдеуден босату туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Филиппин
Республикасының Yкiметi арасындағы дипломаттық және
қызметтiк паспорттары бар азаматтарды виза
ресiмдеуден босату туралы
КЕЛІСІМ
(2005 жылғы 28 наурызда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Филиппин Республикасының Үкiметi,
екi жақты қарым-қатынасты одан әрi кеңейтуге тiлек бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Екiншi Тараптың мемлекетiнде тiркелмеген жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары келген кезiнен бастап 30 (отыз) күн iшiнде визасыз екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда уақытша бола алады.
Жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болатын уақытында осы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын сақтауға мiндеттi.
2-бап
Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы дипломатиялық өкiлдiкке, консулдық мекемеге немесе халықаралық ұйымға жұмысқа жiберiлген жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары сол елде олар болатын бүкiл кезеңге жарамды виза алуы тиiс. Осы ереже сондай-ақ егер олардың дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары болса немесе олардың аты-жөнi әкесiнiң немесе шешесiнiң паспортына жазылса, дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық мекеме қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдарға да қатысты қолданылады.
3-бап
Дипломатиялық өкiлдiктерге, консулдық мекемелерге немесе халықаралық ұйымдарға жұмысқа тағайындалған, жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарына және олардың отбасы мүшелерiне визалар олар жол жүргенге дейiн ресiмделедi.
Жiберушi Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органы дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға тиiстi адамдардың тағайындаулары туралы қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органына алдын ала хабарлайды.
4-бап
Дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары халықаралық қатынастар үшiн ашық, барлық өткiзу пункттерi арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады.
5-бап
Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарап мемлекетiнiң азаматына, егер аталған тұлға қолайсыз деп танылса немесе реrsоnа nоn grata деп жарияланса өз шешiмiн дәлелдеп жатпастан оның келуiне рұқсат беруден бас тартуға, немесе оның өз аумағында болу мерзiмiн қысқартуға немесе тоқтатуға құқылы.
6-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары осы Келiсiмге қол қойылған кезден бастап 30 (отыз) күн iшiнде дипломатиялық арналар бойынша қолданылып жүрген дипломаттық және қызметтiк паспорттардың үлгiлерiмен алмасады. Өзiнiң паспорттары өзгерген жағдайда кез келген Тарап екiншi Тарапқа жаңа паспорттардың үлгiлерiн табыс етедi және оларды қолданысқа енгiзгенге дейiнгi 30 (отыз) күн iшiнде оларды қолданудың тәртiбi туралы хабарлайды.
7-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар және пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер арқылы шешетiн болады.
8-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын әрi жеке хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 10-бабына сәйкес күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
9-бап
Осы Келiсiм олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
10-бап
Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасының күнiнен бастап күшiне енедi.
Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң қолданысын екiншi Тарапқа жазбаша хабарлау жолымен тоқтата алады. Осы Келiсiм Тараптардың бiрiнiң екiншiсiне тиiстi хабарламаны жолдаған күннен кейiн 6 (алты) айдан кейiн қолданысын тоқтатады.
2003 жылғы 11 қарашада Манила қаласында екi түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды, сонымен бiрге барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы болған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФИЛИППИН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
YКIМЕТI ҮШIН ҮКIМЕТІ ҮШIН