1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 575-құжат)
қаулысында
:
2-тармақ алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 шiлдедегі N 775 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 27, 360-құжат)
қаулысында
:
1-тармақтың екiншi абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 және 2004 жылғы 20 шiлдедегi N 775 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1059 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 501-құжат) қаулысының күші жойылды деп танылсын.