Қазақстан Республикасының аумағында уақыт есептеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1059 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы N 231 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 575-құжат)  қаулысында :
      2-тармақ алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 шiлдедегі N 775 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 27, 360-құжат)  қаулысында :
      1-тармақтың екiншi абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 және 2004 жылғы 20 шiлдедегi N 775 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1059 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 501-құжат)  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi халықты Қазақстан Республикасының аумағында "жазғы" және "қысқы" уақытқа көшу рәсiмiн жою туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады