"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Жапония Yкiметi арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 наурыздағы N 271 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Жапония Үкiметi арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Жапония
Yкiметi арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы
келiсiмдi бекiту туралы

      2004 жылғы 27 тамызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН
ЖАПОНИЯ ҮКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi
      екi ел арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасты техникалық ынтымақтастықты дамыту жолымен одан әрi нығайтуға ниет бiлдiре отырып, және
      өз елдерiн экономикалық және әлеуметтік дамытуға жәрдемдесуден алған өзара пайданы назарға ала отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

  I БАП

      Екi Үкiмет екi ел арасындағы техникалық ынтымақтастықты дамытуға ұмтылатын болады.

  II БАП

      Осы Келiсiм шеңберiнде iске асырылатын техникалық ынтымақтастықтың арнайы бағдарламаларын айқындайтын жекелеген келiсiмдер екi Үкiметтiң құзыретті органдары арасында келiсiлуi тиiс. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреттi органы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi, ал Жапония Yкiметiнiң құзыретті органы Жапония Сыртқы iстер министрлігі болып табылады.
      Екi Үкiмет бiр-бiрiн өздерiнiң құзыретті органдарына қатысты өзгерiстер туралы дипломатиялық арналар арқылы хабардар етедi.

  III БАП

      Техникалық ынтымақтастықтың мынадай нысандарын:
      (а) Қазақстан азаматтарын техникалық оқытуды;
      (b) Қазақстан Республикасына сарапшылар (бұдан әрi - Сарапшылар) жiберудi;
      (с) Қазақстан Республикасына кең ауқымды техникалық дағдылары мен жеткiлiктi тәжiрибесi бар жапондық ерiктiлердi (бұдан әрi - Аға ерiктiлер) жiберудi;
      (d) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік даму жобалары бойынша зерттеулердi орындау үшiн Қазақстан Республикасына жапондық миссияларды (бұдан әрi - Миссиялар) жiберудi;
      (е) Қазақстан Республикасының Үкiметiн жабдықпен, техникамен және материалдармен қамтамасыз етудi;
      (f) Қазақстан Республикасының Үкiметiн екi Үкiмет арасындағы өзара келiсiм бойынша шешiм қабылданатын техникалық ынтымақтастықтың басқа да нысандарымен қамтамасыз етудi Жапонияда қолданыстағы заңдар мен нормаларға, сондай-ақ II бапта аталған келiсiмдерге сәйкес Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (бұдан әрi - JICA) өз есебiнен iске асырады.

  ІV БАП

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының азаматтары алған дағдылар мен білiмдер, сондай-ақ Жапония техникалық ынтымақтастығының нәтижесiнде жеткiзiлген, III бапта баяндалған жабдық, техника мен материалдар Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк дамуына жәрдемдесетiнiне және соғыс мақсаттарында пайдаланылмайтынына кепiлдiк бередi.

  V БAП

      JICA Сарапшыларды, Аға ерiктiлер мен Миссияларды жiберген жағдайда Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      1. (1) (а) Сарапшыларды, Аға ерiктілер мен Миссиялардың мүшелерiн табысқа салынатын салық пен салықтық алымдарды қоса алғанда, оларға шетелден аударылатын жалақыға немесе тәулiктiктерге байланысты салынатын салықтардан босатады;
      (b) Сарапшыларды, Аға ерiктiлердi, Миссиялардың мүшелерiн және олардың отбасыларын консулдық алымдардан, салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен, салықтық алымдардан және тарифтiк емес шараларды қолданудан, соның iшiнде импортқа лицензия және мыналарды:
      (i) багажды;
      (іі) жеке пайдалану, күнделiктi тұрмыс заттарын және тұтыну тауарларын; және
      (ііі) Қазақстан Республикасына iссапарға жiберiлген Сарапшылар мен Аға ерiктiлердiң мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi көлiк құралдарын әкелуге қатысты валюталық шығыстар бойынша сақтандыру тәуекелдерiне сертификат сатып алу мiндетiнен босатады;
      (с) өз мiндеттерiн атқару үшiн қажетті ешқандай көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына импорттамайтын Сарапшылар мен Аға ерiктiлердi қосылған құн салығы мен жергілiкті жерде Сарапшыға және Аға ерiктiге бiр көлiк құралын сатып алуға қатысты салықтық алымдарды қоспағанда, салықтардан босатады;
      (d) Сарапшыларды, Аға ерiктiлер мен олардың отбасыларын осы тармақтың (1) (b) (ііі) және (1) (с) тармақшаларында аталған көлiк құралдарын тiркеуге ақы төлеуден босатады.
      (2) Сарапшыларды, Аға ерiктiлер мен Миссияларды қабылдайтын ұйым өзiнiң мынадай мiндеттерiн:
      (а) телефон және факсимильдiк байланысты қоса алғанда, Сарапшылардың, Аға ерiктiлер мен Миссиялардың мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi телефон және факсимильдiк байланысты қоса алғанда, қолайлы офис пен басқа да игілiктердi өз есебiнен беру, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi және оларды техникалық қолдау жөнiндегі шығыстарды өз мойнына алу;
      (b) қажет болған жағдайда, тиiстi аудармашыларды қоса алғанда, жергілiктi персоналды, сондай-ақ Сарапшыларға, Аға ерiктiлер мен Миссияларға олардың міндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi қазақстандық әрiптестердi өз есебiнен беру;
      (с) қабылдаушы ұйымдардың қаржылық мүмкiндiктерi болған жағдайда, Сарапшылар мен Аға ерiктілердiң:
      (i) күн сайын жұмыс орнына және керi тасымалдау;
      (іі) олардың Қазақстан Республикасына ресми сапарлары;
      (iіі) олардың ресми хат алмасуы жөнiндегi шығыстарын өз мойнына алу;
      (d) Сарапшыларға, Аға ерiктiлер мен олардың отбасыларына тиiстi тұрғын үй-жайын сатып алу үшiн ең жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету;
      (e) Сарапшылардың, Аға ерiктiлердiң, Миссиялар мүшелерiнiң және олардың отбасыларының медициналық көмек және қызметтер алуы үшін ең жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету жөнiндегi өзiнiң мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      (3) (а) Сарапшыларға, Аға ерiктілерге, Миссиялардың мүшелерiне және олардың отбасыларына олардың iссапарда болу кезеңiнде Қазақстан Республикасына келуге, одан кетуге және онда болуына рұқсат етедi, оларға шетелдiк бодандарды тiркеу рәсiмiн орындау үшiн ең жақсы жағдайларды ұсынады және оларды осы ретте туындайтын алымдардан босатады;
      (b) олардың өздерiнiң мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi барлық үкiметтік ұйымдарын ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшiн Сарапшыларға, Аға ерiктiлер мен Миссиялар мүшелерiне олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды бередi;
      (с) Сарапшыларға, Аға ерiктiлер мен олардың отбасыларына жүргізушi куәлiктерiн алуда қажеттi жәрдем көрсетедi; және
      (d) егер ол шаралар қосымша бюджет қаржысын бөлудi талап ететiн болса, мұндай басқа да шаралар туралы екi Үкiметтiң құзыреттi органдарының келiсуiн көздейтін Сарапшылардың, Аға ерiктiлер мен Миссиялардың мiндеттерiн атқаруы үшiн қажетті басқа да шараларды орындайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған көлiк құралдары, егер олар кейiннен Қазақстан Республикасында мұндай салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен босатуға құқықтары немесе басқа да осыған ұқсас артықшылықтары жоқ тұлғаларға немесе ұйымдарға сатылатын немесе берілетiн болса, олар салықтарды, кеден баждарын, кеден алымдары мен төлемдерiн төлеу объектілерiне айналады.
      3. Қазақстан Республикасының Yкiметi Сарапшыларға, Аға ерiктілер мен Миссиялардың мүшелерiне және олардың отбасыларына дипломатиялық миссияның мүшесi болып табылатындардан басқа, Қазақстан Республикасында осы сияқты миссияны жүзеге асыратын басқа кез келген үшiншi елдiң немесе кез келген халықаралық ұйымның сарапшыларына, аға ерiктiлерi мен миссияларының мүшелерiне және олардың отбасыларына ұсынылғандардан кем емес болып табылатындай артықшылықтарды, босатулар мен жеңілдiктердi ұсынады.

  VI БАП

      Екi Үкiмет осындай талап-арыз Сарапшылар, Аға ерiктілер немесе Миссиялардың мүшелерi тарапынан дөрекi менсiнбеушілік немесе әдейi бұзушылық нәтижесiнде туындады деп келiскен жағдайларды қоспағанда, Сарапшылардың, Аға ерiктiлер мен Миссиялар мүшелерiнiң мiндеттерiн атқаруы нәтижесiнде немесе процесiнде немесе басқаша байланысты оларға қарсы туындаған жағдайдағы қылмыстық талап-арыздарды қоспағанда, талап-арыздарды Қазақстан Республикасының Yкiметi өз мойнына алады.

  VII БАП

      1. (1) Егер JICA Қазақстан Республикасының Үкiметiне жабдық, техника мен материалдар берген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметі осы тауарларды әкелуге қатысты осы жабдықты, техника мен материалдарды консулдық алымдардан, салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен, салықтық алымдар мен тарифтік емес шаралар қолданудан, оның iшiнде қауiпсiздiк жөнiндегі талаптарды қоспағанда, импортқа лицензия және валюталық шығыстар бойынша тәуекелдердi сақтандыруға сертификат алу мiндетiнен босатады. Жоғарыда аталған жабдық, техника мен материалдар портқа немесе Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретті органдарына беру орнына жеткiзу фактiсi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң меншігіне айналады.
      (2) Егер JICA Қазақстан Республикасының Үкiметiне жабдықты, техника мен материалдарды берген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi аталған жабдықты, техника мен материалдарды жергілiктi жерлерде сатып алуға қатысты қосылған құн салығын және салықтық алымдарды қоса алғанда, салықтардан босатады.
      (3) Егер екi Yкiметтің құзыреттi органдары арасында өзгеше келiсілмесе, осы тармақтың (1) және (2) тармақшаларында аталған жабдық, техника мен материалдар осы келiсiмнiң II бабында сiлтеме бар келiсiмдерде белгіленген мақсаттарда пайдаланылады.
      (4) Осы тармақтың (1) және (2) тармақшаларында аталған жабдықты, техника мен материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау жөнiндегi шығыстар және оларды ауыстыру, ұстау мен жөндеу жөнiндегi шығыстар Қазақстан Республикасының Үкiметiне жүктеледi.
      2. (1) Егер eкі Үкiметтің құзыретті органдары арасында өзгеше келiсiлмесе, JICA дайындаған, Сарапшылардың, Аға ерiктілер мен Миссиялар мүшелерiнiң мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi жабдық, техника мен материалдар JICA меншiгiнде қалады.
      (2) Қазақстан Республикасының Үкiметi Сарапшыларды, Аға ерiктiлер мен Миссиялардың мүшелерiн осы тармақтың (1) тармақшасында аталған жабдықты, техника мен материалдарды әкелуге қатысты консулдық алымдардан, салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен, салықтық алымдар мен тарифтік емес шараларды қолданудан, оның iшінде қауiпсiздiк жөнiндегі талаптарды қоспағанда, импортқа лицензия және валюталық шығыстар бойынша тәуекелдердi сақтандыруға сертификат алу мiндетiнен босатады.
      (3) Қазақстан Республикасының Үкiметi Сарапшыларды, Аға еріктілер мен Миссиялардың мүшелерiн осы тармақтың (1) тармақшасында аталған жабдықты, техника мен материалдарды жергілiктi жерлерде сатып алуға қатысты қосылған құн салығын және салықтық алымдарды қоспағанда, салықтардан босатады.

  VIII БАП

      Қазақстан Республикасының Үкiметi өзi белгiлеген ұйымдар арқылы Сарапшылармен, Аға ерiктілермен және Миссиялардың мүшелерiмен тығыз байланыста болуы тиiс.

  IX БАП

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi JICA-ның Қазақстан Республикасындағы шетелдiк офисiн (бұдан әрi - Офис) ашуға және ұстауға мүмкiндік бередi және осы Келiсiм шеңберiндегі техникалық ынтымақтастық бағдарламаларына қатысты өздерiне JICA жүктеген мiндеттердi Қазақстан Республикасында атқаратын Жапониядан iссапарға жiберiлетiн тұрақты өкiлi мен оның штатын (бұдан әрi - Өкiл, Штат) қабылдайды.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      (1) (а) Өкiлдi, Штатты және олардың отбасыларын табысқа салынатын салық пен салықтық алымдарды қоса алғанда, оларға шетелден аударылатын жалақыға немесе тәулiктiктерге немесе соларға байланысты салынатын салықтардан босатады;
      (b) Өкiлдi, Штатты және олардың отбасыларын консулдық алымдардан, салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен, салықтық алымдар мен тарифтiк емес шараларды қолданудан, оның iшiнде импортқа лицензия және мыналарды:
      (i) багажды;
      (іі) жеке пайдалану, күнделiктi тұрмыс заттарын және тұтыну тауарларын;
      (iii) Қазақстан Республикасына iссапарға жiберілген Өкiлдiң және Штаттың мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi көлiк құралдарын әкелуге қатысты валюталық шығыстар бойынша тәуекелдердi сақтандыруға сертификат алу мiндетінен босатады;
      (с) өз мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi ешқандай көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына импорттамайтын Өкілдi және Штатты қосылған құн салығын және жергілiктi жерде Өкiлге және Штаттың әрбiр мүшесiне бiр көлiк құралын сатып алуға қатысты салықтық алымдарды қоспағанда, салықтардан босатады;
      (d) Өкiлдi, Штатты және олардың отбасыларын осы тармақтың (1) (b) (ііі) және (1) (с) тармақшаларында аталған көлiк құралдарын тiркеуге ақы төлеуден босатады;
      (e) Өкiлге, Штатқа және олардың отбасыларына олардың iссапарда болу кезеңiнде Қазақстан Республикасына келуге, одан кетуге және онда болуына рұқсат етедi, оларға шетел бодандарын тiркеу рәсiмiн орындау үшiн ең жақсы жағдайларды ұсынады және оларды консулдық алымдардан босатады;
      (f) Өкiлге және Штатқа олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды бередi;
      (g) Өкiлге, Штатқа және олардың отбасыларына жүргізушi құқықтарын алуда қажеттi жәрдем көрсетедi;
      (h) егер ол шаралар қосымша бюджет қаржысын бөлудi талап ететiн болса, мұндай басқа да шаралар туралы екi Үкiметтің құзыретті органдарының уағдаласуы тиiстігін көздейтiн Өкiлдiң және Штаттың мiндеттерiн атқаруы үшiн қажетті басқа да шараларды орындайды.
      (2) (а) Офистi Офистiң қызметi үшiн қажетті жабдықты, техника мен материалдарды әкелуге қатысты консулдық алымдардан, салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен, салықтық алымдар мен тарифтiк емес шараларды қолданудан, оның iшiнде қауiпсiздiк жөнiндегi талаптарды қоспағанда, импортқа лицензия және валюталық шығыстар бойынша тәуекелдердi сақтандыруға сертификат алу мiндетiнен босатады;
      (b) Офистi қосылған құн салығын және салықтық алымдарды қоспағанда, жергілiкті жерлерде Офистiң қызметi үшiн қажеттi жабдық, техника, автомобильдер мен материалдар сатып алуға қатысты салықтардан босатады;
      (с) Офисті табысқа салынатын салық пен салықтық алымдарды қоса алғанда, Офистiң қажеттiгiне оларға шетелден аударылатын шығыстарға немесе соларға байланысты салынатын салықтардан босатады.
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған көлiк құралдары, егер олар кейiннен Қазақстан Республикасында салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен босатуға құқықтары немесе басқа да осыған ұқсас артықшылықтары жоқ тұлғаларға немесе ұйымдарға сатылатын немесе берiлетiн болса, олар салықтарды, кеден баждарын, кеден алымдары мен төлемдерiн төлеу объектілерiне айналады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Өкiлге, Штатқа және олардың отбасыларына, сондай-ақ Офиске дипломатиялық миссияның мүшесi болып табылатындардан басқа, Қазақстан Республикасында осы сияқты миссияны жүзеге асыратын кез келген басқа үшiншi елдiң немесе кез келген халықаралық ұйымның өкiлдерiне, штатына және олардың отбасыларына, сондай-ақ офистерге ұсынылғандардан кем емес сондай артықшылықтар, босатулар мен жеңілдіктер ұсынады.

  Х БАП

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасына келетiн Сарапшылардың, Аға ерiктiлердiң, Миссиялар мүшелерiнiң, Өкiлдiң, Штаттың және олардың отбасыларының қауiпсiздігін қамтамасыз ету үшiн қажет шараларды алдын ала қабылдайды.

  XI БАП

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi осы Келiсiмге қатысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша бiр-бiрiне консультациялар бередi.
      2. Осы Келiсiмге екi Үкiметтің өзара келiсiмi бойынша жазбаша нысанда түзетулер енгізiлуi мүмкiн.

  XII БАП

      1. Осы Келiсiм күшіне енгеннен кейiн осы Келiсiмнiң ережелерi осы Келiсiм күшіне енгенге дейiн басталған жекелеген техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен Қазақстан Республикасына келетiн Сарапшыларға, Аға ерiктiлерге, Миссиялар мүшелерiне, Өкiлге, Штатқа және олардың отбасыларына да, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген бағдарламаларға қатысты жабдыққа, техника мен материалдарға да қолданылатын болады.
      2. Егер екi Yкiмет арасындағы өзара келiсiм бойынша өзгеше шешілмесе, осы Келiсiмнiң қолданылуының аяқталуы жоғарыда көрсетiлген бағдарламалардың аяқталу күнiне дейiн iске асырылу сатысында болатын жекелеген техникалық ынтымақтастық бағдарламаларына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген бағдарламаларға байланысты өз мiндеттерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасына келетiн Сарапшыларға, Аға ерiктiлерге, Миссиялар мүшелерiне, Өкiлге, Штатқа және олардың отбасыларына берiлген артықшылықтарға, босатулар мен жеңiлдiктерге әсер етпейдi.

  XIII БАП

      1. Осы Келiсiм Жапония Yкiметі Қазақстан Республикасының Үкiметiнен осы Келiсiмнiң күшiне енуi бойынша қажеттi мемлекеттік рәсімдердiң аяқталғандығы туралы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм бiр жыл бойы қолданылады және Үкiмет екiншi Yкiметтi тоқтатылу күнiне дейiн кемiнде алты ай бұрын өзiнiң Келiсiмдi тоқтату ниетi туралы жазбаша хабардар еткенге дейiн әрбiр жылда бiр жылға автоматты түрде ұзартылады.

      Осыны растау үшiн осыған толық уәкiлеттi төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.

      2004 жылғы 27 тамызда Астана қаласында ағылшын тiлiнде екi данада жасалды.

       Қазақстан Республикасының             Жапония Үкiметi үшiн
      Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады