Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1297 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 315 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 N 448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1297  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 44, 441-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:
      кiрiспеде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470  қаулысына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келісу және бекiту ережесiнде:
      кіріспеде:
      "Конституциялық заңына," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне ," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Мемлекеттiк кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына " деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі  Заңына " деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Кәсiпорындардың мемлекеттiк бюджетке аударуға жататын таза табысының бiр бөлiгiн есептеу меншiк капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе егер Кәсiпорын меншiк капиталының мөлшері мемлекеттік бюджетке аударуға жататын таза табыстың бiр бөлiгiне жүргiзiлген есептеу нәтижесiнде терiс болса жүргiзiлмейдi.";
      6-тармақтағы "қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есептiң деректерi және бухгалтерлiк теңгерiм" деген сөздер "есептi кезең үшiн кiрiстер мен шығыстар туралы есеп деректерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі бекiтетiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      9-тармақтағы "әкiмшiлiк" деген сөз алынып тасталсын;
      10-тармақтағы "Қаржылық бақылау" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      реттiк нөмiрi 1-жолдың 2-бағаны "әлеуметтiк қорғау" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 2-жолдың 2-бағаны "; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 8-жолдың 2-бағаны "кадастрды" деген сөз "және жер кадастрларын, Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года N 1297

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2005 года № 315. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 мая 2013 года № 448

     Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.05.2013 № 448 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

     Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года N 1297 "О нормативах распределения чистого дохода государственных предприятий на праве хозяйственного ведения" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 44, ст. 441) следующие изменения и дополнения:
     в преамбуле слова "В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2002 года N 470 "О Плане мероприятий по реализации Программы Правительства Республики Казахстан на 2002-2004 годы" исключить;
     в Правилах определения, согласования и утверждения нормативов распределения чистого дохода государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, утвержденных указанным постановлением:
     в преамбуле:
     после слов "О Правительстве Республики Казахстан" дополнить словами " Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 24 апреля 2004 года";
     слова "Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу закона," заменить словами "Законом Республики Казахстан";
     слова ", Законом Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года "О бюджетной системе" исключить;
     дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:
     "5-1. Не производятся начисления части чистого дохода Предприятий, подлежащей перечислению в государственный бюджет, при отрицательном размере собственного капитала или, если размер собственного капитала Предприятия станет отрицательным в результате произведенного начисления части чистого дохода, подлежащей перечислению в государственный бюджет.";
     в пункте 6 слова "результатах финансово-хозяйственной деятельности и бухгалтерского баланса" заменить словами "доходах и расходах за отчетный период";
     в пункте 7 слова ", утверждаемой Министерством экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан" исключить;
     в пункте 9 слово "административную" исключить;
     пункт 10 после слов "Комитет финансового контроля" дополнить словами "и государственных закупок";
     в приложении к указанному постановлению:
     графу 2, строки, порядковый номер 1, дополнить словами ", уголовно-исполнительной системы";
     графу 2, строки, порядковый номер 2, дополнить словами "; формирование и хранение государственного материального резерва Республики Казахстан";
     в графе 2, строки, порядковый номер 8, слово "кадастра" заменить словами "и земельного кадастров, Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан".

     2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.
 

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан