Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен Жамбыл облысына қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 сәуірдегі N 324 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жамбыл облысының әкiмiне бiлiм беру объектiлерiнiң құрылысын салу және күрделi жөндеу, Шу өзенiнің жағалауларын нығайту және арналарын түзету жұмыстары жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ бұрын орындалған авариялық құтқару жұмыстарын өтеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 800000000 (сегiз жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Жамбыл облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне 2005 жылы орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады