Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қызылорда облысының әкiмiне Сырдария өзенiндегi су тасқынының нәтижесiнде қираған Қызылорда қаласының Иiркөл ауылдық округiндегi мектептiң, тұрғын үйлердiң, бөгеттердiң, магистралдық арналардың құрылысын салу және күрделi жөндеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ бұрын орындалған авариялық-құтқару жұмыстары жөнiндегi шығыстарды өтеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 350000000 (үш жүз елу миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсат пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Қызылорда облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне 2005 жылы орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі