Электролиз зауыты инфрақұрылымының объектiлерiн салуға байланысты жер учаскелерiн бiр санаттан басқа санатқа ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 360 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнің 2 және  130-баптарына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң  51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. Жалпы алаңы 9,239 гектар жер учаскелерi Павлодар, Ақсу қалаларының және Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында орналасқан орман қоры жерлерiнiң санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
 

      2. Жалпы алаңы 76,6237 гектар жер учаскесi қауiпсiздiк мұқтаждары үшін Ақсу қаласының және Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында орналасқан "Ертiс өзенi жайылмасы" мемлекеттiк табиғи қорықшасы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерiнiң санатынан өнеркәсіп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
      Электр беру желiсiн салу аяқталғаннан кейiн жер учаскелерiнiң жоғарыда көрсетiлген алаңынан 71,702 гектар заңнамада белгiленген тәртiппен ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерiнiң санатына қайтаруға жатады деп белгiленсiн.
 

      3. Павлодар облысының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Павлодар электролиз зауыты" акционерлiк қоғамына салынып жатқан Павлодар электролиз зауыты инфақұрылымының объектiлерi ретiнде темiр жол және ЛЭП-500 кВ салуға жер учаскелерiн берудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
 

      4. "Павлодар электролиз зауыты" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсатта пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюға байланысты туындаған ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiстерiнің шығындарын республикалық бюджетке өтесiн.
 

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады