Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1343 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі N 377 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы N 1689 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.27. N 1689 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 560-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесінің құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Кравченко              - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович          және сауда бiрiншi вице-министрi,
                         төрағаның орынбасары

Әйтiмова               - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Бiрғаным Сарықызы        ғылым министрi

Әмiрин                 - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк
Ғұсман Кәрiмұлы          қоғамы басқармасының төрағасы (келiсiм
                         бойынша);
      "Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төраға" деген жолда "Премьep-Министрiнiң орынбасары" деген сөздерден кейiн "- Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген құрамнан Жақсыбеков Әділбек Рыскелдiұлы, Құлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы, Доминов Евгений Евгеньевич шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады