Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзімдi әскери қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 1551 Жарлығын іске асыру мақсатында және "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмді әскери қызметке шақыруды жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң күшейтiлген кезекшiлiгiн ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi белгiленген тәртiппен шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өтiнiмдерi бойынша мерзімді әскери қызметтiң запасқа шығарылған әскери қызметшiлерi мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, Қазақстан Республикасы Iшкі iстер министрлігінiң iшкi әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметтiң запасқа шығарылған әскери қызметшiлерiн тасымалдауға арналған шығыстарды өтеудi республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаржы шегiнде тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тiкелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсiн.