Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерiн сақтау туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Жабайы жануарлардың
қоныс аударатын түрлерiн сақтау туралы
конвенцияға қосылуы туралы
Қазақстан Республикасы 1979 жылғы 23 маусымда Боннда жасалған Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерiн сақтау туралы конвенцияға қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОНЫС АУДАРАТЫН
ТYРЛЕРIН САҚТАУ ЖӨНIНДЕГI
КОНВЕНЦИЯ
УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР,
жабайы жануарлар олардың көптүрлiлiгi қалпында Жер жүйесi табиғатының ештеңемен айырбастауға болмайтын бөлiгі болып табылатынын және адамзат игiлiгi үшiн сақталуға тиiс екенiн ТАНИ ОТЫРЫП,
адамдардың әрбiр ұрпағы болашақ ұрпақтар үшiн табиғи ресурстардың сақтаушысы болып табылатынын және осы мұраның сақталуын қамтамасыз етуге - немесе ол қай жерде пайдаланылса да, - оны ақылға қонымды сипатта пайдалануға мiндеттi екенiн СЕЗIНЕ ОТЫРЫП,
қоршаған орта, экология, генетика, ғылым, эстетика, демалыс, мәдениет және тәрбие көзқарасы тұрғысынан, сондай-ақ әлеуметтiк және экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда жабайы жануарлардың барған сайын өскелең маңызын СЕЗIНЕ ОТЫРЫП,
әсiресе ұлттық юрисдикция шекараларынан тысқары жерге немесе тысқары жерлерге қоныс аударатын жабайы жануарлар түрлерiне АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БIЛДIРЕ ОТЫРЫП,
мемлекеттер өздерiнiң ұлттық юрисдикциясы шекаралары шегiнде мекендейтiн және осы шекаралардан өтiп кeтeтiн жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерiнiң қорғаушылары болып табылатынын және қорғаушылары болуға тиiс екенiн ТАНИ ОТЫРЫП,
жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерiн тиiмдi түрде реттеп отыру осы түрлер ұлттық юрисдикциясы шегінде өздерiнiң өмiр сүру циклiнiң қандай да бiр бөлiгін өткiзетiн барлық мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимылын қажет ететiнiне СЕНIМДI БОЛА ОТЫРЫП,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Адамдарды қоршаған орта проблемалары жөнiндегi конференциясы қабылдаған (Стокгольм, 1972 ж.) және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының ХХVII сессиясында қанағат сезiмiмен назарға алынған Iс-қимыл жоспарының 32-ұсынысын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
МЫНА ТӨМЕНДЕГIЛЕР ЖАЙЫНДА КЕЛIСТI:
I-бап
Ұғымдарды анықтау
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
а) "қоныс аударатын түр" - едәуiр бөлiгi ұлттық юрисдикцияның бiр немесе бiрнеше шекарасынан ауық-ауық және айқын мақсатпен өтiп кететiн жабайы жануарлардың кез келген түрлерiнiң немесе олардың кез келген неғұрлым төменгі таксондарының бүкiл таралымын немесе жағрапиялық жағынын оқшауланған бөлiгiн бiлдiредi;
b) "қоныс аударатын түрдiң сақталу мәртебесi" - осы қоныс аударатын түрдiң таралуына және санына әсер етуi мүмкiн ықпалдардың жиынтығын бiлдiредi;
с) "сақталу мәртебесi", егер:
1) таралым динамикасы туралы деректер қоныс аударатын түр ұзақ мерзiм бойына өзiнiң экологиялық жүйелерiнiң тiршiлiк етуге қабiлеттi бөлiгi болып қалатынын көрсетсе;
2) қазiргi кезде қоныс аударатын түрдiң таралу аймағының қысқаруы байқалмайтын немесе ұзақ мерзiм аралығында мұндай қысқарудың орын алуы екiталай болса;
3) қазiргi кезде осы қоныс аударатын түрдiң таралымын ұзақ мерзiм бойына сақтау үшiн жеткiлiктi тiршiлiк ортасы бар болса және ол таяу болашақта да орын алатын болса;
4) осы қоныс аударатын түрдiң таралуы мен саны тiршiлiк ету кеңiстiгi және көлемi бойынша ықтимал жарамды экологиялық жүйелер орын алатын деңгейде және бұл тiрi табиғатты ақылға қонымды сипатта басқаруға сәйкес келетiн деңгейде тарихи қалыптасқан жағдайларға жақындап қалған болса, "қолайлы" деп саналады;
d) егер осы тармақтың с) тармақшасында көрсетiлген шарттардың бiрi сақталмаса, "сақталу мәртебесi", "қолайсыз" деп саналады;
e) "құрып кету қауiпi төнген" - белгiлi бiр қоныс аударатын түрге байланысты бұл түрге оның бүкiл таралу аймағында немесе оның едәуiр бөлiгiнде құрып кету қаупi төнгенiн бiлдiредi;
f) "таралу аймағы" - қоныс аударатын түр мекендейтiн немесе уақытша аялдайтын, сондай-ақ әдеттегі қоныс аудару барысында ол жүрiп өтетiн немесе үстінен ұшып өтетiн құрлық жердiң бүкiл аумағын немесе су айдынын бiлдiредi;
q) "мекендейтiн жер" - қоныс аударатын түр үшiн жарамды тiршiлiк ету жағдайлары бар осы түрдiң таралу аймағы шегiндегi кез келген аумақты бiлдiредi;
h) "таралу аймағының мемлекетi" - белгiлi бiр қоныс аударатын түрлерге қатысты осы қоныс аударатын түрлердiң таралу аймағының қандай да бiр заң билiгiн жүзеге асыратын кез келген мемлекеттi немесе ұлттық заң билiгi шегiнен тыс осы қоныс аударатын түрлердiң дарағын олжалаумен шұғылданатын кеме жалауы астындағы мемлекеттi (және, қажет болып табылатын жерлерде, осы тармақтың "k" тармақшасында айтылған кез келген басқа Тарапты) бiлдiредi;
i) "олжалау" - өндiрудi, аң аулауды, балық аулауды, ұстауды, үркiтудi, қасақана қырып-жоюды немесе осындай iс-қимыл жасау әрекетiн бiлдiредi;
j) "КЕЛIСIМ" - осы Конвенцияның IV және V баптарына сәйкес бiр немесе бiрнеше қоныс аударатын түрлердi сақтау туралы халықаралық КЕЛIСIМдi бiлдiредi; және
k) "Тарап" - осы Конвенция реттейтiн мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге, халықаралық КЕЛIСIМДЕР жасасуға және орындауға қатысты құзiреті бар мемлекеттi немесе егемен мемлекеттер құрған кез келген аймақтық экономикалық интеграция ұйымын бiлдiредi.
2. Осы Конвенцияның Тараптары болып табылатын аймақтық экономикалық интеграция ұйымдары өздерiнiң құзiретiндегi мәселелерде өздерiнiң атынан құқықтарды пайдаланады және осы ұйымға мүше мемлекеттер үшiн осы Конвенциядан туындайтын жауаптылықта болады. Мұндай жағдайда осы ұйымдарға мүше мемлекеттер осы құқықтарды әрқайсысы жеке-жеке пайдалана алмайды.
3. Осы Конвенция не "дауыс беруге келген және қатысып отырған Тараптардың" үштен екi көпшiлiк дауысымен, не бiрауыздан шешiм қабылдауды көздейтiн жағдайларда не "жақтап", не "қарсы" дауыс беретiн қатысып отырған Тараптарды" бiлдiредi. Дауыс беруден қалыс қалған Тараптар көпшiлiктi анықтау кезiнде "дауыс беруге келген және қатысып отырған Тараптарға" қосылмайды.
II бап
Негізгі принциптер
1. Тараптар сақталу мәртебесi жайсыз сипат алған қоныс аударатын түрлерге ерекше назар аудара отырып, сондай-ақ осындай түрлердi және олардың мекендейтiн жерлерiн сақтау үшiн қажет оңтайлы шараларды жеке тәртiппен немесе ынтымақтастық арқылы қолдана отырып, қоныс аударатын түрлердi сақтаудың және мүмкiн болатын және оңтайлы келетiн жерлерде осы мақсаттарда қолданылатын шараларды осы түрлердiң таралу аймағы орналасқан мемлекеттермен келiсiп алудың маңыздылығын мойындайды.
2. Тараптар қоныс аударатын түрлердiң құрып кету қаупiнiң алдын алуға бағытталған шаралар қолдану қажеттігін мойындайды.
3. Атап айтқанда, Тараптар:
а) қоныс аударатын түрлерге қатысты ғылыми зерттеулердi жүзеге асыруға жәрдемдесуге және оларды жүзеге асыруда ынтымақтастық жасауға;
b) I қосымшаға енгізiлген қоныс аударатын түрлердi шұғыл түрде қорғауды қамтамасыз етуге күш салуға;
с) II қосымшаға енгiзiлген қоныс аударатын түрлердi сақтау және оларды басқару туралы КЕЛIСIМДЕР жасасуға күш салуға тиiс.
III бап
Құрып кету қаупi төнген қоныс аударатын түрлер:
I қосымша
1. I қосымшада құрып кету қаупi төнген қоныс аударатын түрлердiң тiзiмi келтiрiлген.
2. Қоныс аударатын түрге құрып кету қаупi төнгенiн көрсететiн шынайы дәлелдер, соның iшiнде қолда бар ғылыми айғақтардың ең таңдаулылары болған жағдайда осы түр I қосымшаның тiзiмiне енгiзiлуi мүмкiн.
3. Қоныс аударатын түр, егер Тараптар Конференциясы:
а) осы түрге құрып кету қаупi ендi төнбейтiнiн көрсететiн шынайы дәлелдер, соның iшiнде қолда бар ғылыми айғақтардың ең таңдаулылары бар екенiн; және
b) осы түрдi I қосымшадан шығарып тастау нәтижесiнде оны қорғаудың тоқтатылуына байланысты оған құрып кету қаупi, сiрә, қайтадан төнбейтiнiн анықтаса, I қосымшадан шығарылып тасталуы мүмкiн.
4. I қосымшаның тiзiмiнде аталған қоныс аударатын түрлердiң таралу аймағының мемлекеттерi болып табылатын Тараптар:
а) осы түрлердi құрып кету қаупiнен сақтау үшiн маңызды олар мекендейтiн жерлердi сақтауға және, бұл мүмкiн және қажет болса, қалпына келтiруге;
b) осы түрлердiң қоныс аударуын елеулi түрде қиындататын немесе оған жол бермейтiн iс-әрекеттер мен тосқауылдардың терiс зардаптарын болдырмауға, жоюға, оларға өтем жасауға немесе, бұл қаншалықты қажет болса, оларды барынша азайтуға;
с) мүмкiн болуына қарай және бұл қажет болатын жерлерде осы түрлерге қауiп төндiретiн немесе, сiрә, әлi де қауiп төндiре беруi мүмкiн факторлардың әсерiне жерсiндiрудi қатаң түрде реттеп отыруды немесе бұдан бұрын жерсiндiрiлген экзотикалық түрлердi реттеудi немесе жойып жiберудi қоса отырып, бұл әсердi болдырмауға, оны азайтуға немесе бақылап отыруға күш салатын болады.
5. I қосымшаның тiзiмiнде аталған қоныс аударатын түрлердiң таралу аймағының мемлекеттерi болып табылатын Тараптар жануарлардың бұл түрiн олжалауға тыйым салады. Егер:
а) олжалау ғылыми мақсаттарға қызмет етсе;
b) олжалау құрып кету қаупi төнген түрдiң өсiмiн молайтуға немесе аман сақталып қалуына жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылса;
с) олжалау осы түрдi дәстүрлi пайдаланушылардың көкейтестi қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылса; немесе
d) мұны төтенше жағдайлар талап етсе ғана ерекшелiкке жол берiледi,
бұл үшiн осындай ерекшелiк өзiнiң мазмұны жағынан дәлме-дәл, аумақтық және уақыт жағынан шектеулi болуы шарт. Осылай олжалаудың бұл түр үшiн жайсыз зардаптары болмауы тиiс.
6. Тараптар Конференциясы 1-қосымшаға енгізiлген қоныс аударатын түрдiң таралу аймағының мемлекеттерi болып табылатын Тараптарға осы түр үшiн қолайлы деп саналатын шараларды одан әрi қолдануды ұсына алады.
7. Тараптар барынша қысқа мерзiм iшiнде осы Баптың 5-тармағына сәйкес жасалған кез келген артықшылықтар туралы Хатшылықты хабардар етедi.
IV бап
КЕЛIСIМДЕР нысаны бола алатын қоныс аударатын түрлер:
II қосымша
1. ІІ қосымша сақталу мәртебесi қолайсыз болып табылатын, сақтау және реттеу үшiн халықаралық КЕЛIСIМДЕР қажет болатын қоныс аударатын түрлердi, сондай-ақ сақталу мәртебесi халықаралық КЕЛIСIМ негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкін Халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесiнде айтарлықтай жақсартылған түрлердi қамтиды.
2. Егер мұны жағдаят талап етсе, қоныс аударатын бiр ғана түрдiң өзi I қосымшаға да, II қосымшаға да енгiзiлуi мүмкiн.
3. II қосымшаға енгізiлген қоныс аударатын түрлердiң таралу аймағының мемлекеттерi болып табылатын Тараптар осы түрлер үшiн қолайлы КЕЛIСIМДЕР жасасуға күш салатын болады және сақталу мәртебесi қолайсыз осындай түрлерге басымдық беруге тиiс.
4. Тараптар өкiлдерi ұлттық юрисдикцияның бiр немесе бiрнеше шекарасынан ауық-ауық өтiп тұратын жабайы жануарлардың кез келген түрiнiң немесе неғұрлым төменгi таксонының кез келген таралымы туралы немесе таралымның жағрапиялық жағынан оқшауланған кез келген бөлiгi туралы КЕЛIСIМДЕР жасасу мақсатында шаралар қолдануға тиiс.
5. Осы Баптың ережелерiне сәйкес жасалған әрбiр КЕЛIСIМНIҢ көшiрмесi Хатшылыққа жiберiледi.
V бап
КЕЛIСIМДЕРДIҢ нысаналы шеңберлерi
1. Әрбiр КЕЛIСIМНIҢ мақсаты осы қоныс аударатын түрдiң сақталуының қолайлы мәртебесiн қалпына келтiру немесе қамтамасыз ету болып табылады. Әрбiр КЕЛIСIМ бұл мақсатқа қол жеткiзуге қызмет ететiн осы қоныс аударатын түрдi сақтау мен реттеу аспектiлерiн қамтуға тиiс.
2. Әрбiр КЕЛIСIМ осы қоныс аударатын түрдiң бүкiл таралу аймағын қамтуға және олар осы Конвенцияның Тараптары болып табылатын-табылмайтынына қарамастан, осы түрдiң таралу аймағының барлық мемлекеттерiнiң қосылуына ашық болуға тиiс.
3. КЕЛIСIМ мүмкiндігінше бiрнеше қоныс аударатын түрдi қамтуға тиiс.
4. Әрбiр КЕЛIСIМ:
а) КЕЛIСIМНIҢ мәнi болып табылатын қоныс аударатын түрдi анықтауға;
b) осы қоныс аударатын түрдiң таралу аймағының және қоныс аудару жолдарының сипаттамасын қамтуға;
с) әрбiр Тараптың КЕЛIСIМДI жүзеге асыруға жауапты өздерiнiң ұлттық органдарын тағайындауын көздеуге;
d) қажет болған жағдайда КЕЛIСIМНІҢ мақсаттарына қол жеткiзуге жәрдемдесу, оның тиiмдiлігін бақылау және Тараптар Конференциясы үшiн баяндамалар әзiрлеу үшiн тиiстi тетiктi ескеруге;
e) КЕЛIСIМ Тараптарының арасындағы дауларды реттеу үшiн рәсiмдер көздеуге;
f) кит тәрiздi жануарлар отрядының қоныс аударатын түрi жөнiнде қандай да бiр өзге көпжақты КЕЛIСIММЕН жол берiлмейтiн осы қоныс аударатын түрдiң дарақтарын аулауға тым болмаса тыйым салуға және осы қоныс аударатын түрдiң таралу аймағының мемлекеттерi болып табылмайтын мемлекеттердiң осы КЕЛIСIМГЕ қосылу мүмкiндiгiн көздеуге тиiс.
5. Тиiстi және мүмкiн болған жағдайларда әрбiр КЕЛIСIМ осымен шектелiп қалмай, мыналарды:
а) осы қоныс аударатын түрдiң сақталу мәртебесiн кезең-кезеңмен қарап отыруды, сондай-ақ осы мәртебеге керi әсер етуi мүмкiн факторларды анықтауды;
b) қоныс аударатын түрдi сақтау және оны басқару жоспарларын үйлестiрiп отыруды;
с) осы қоныс аударатын түрдiң қоныс аударуын ерекше есепке ала отырып, оның таралымының экологиясы және динамикасы саласындағы зерттеу жұмыстарын;
d) зерттеу нәтижелерi мен тиiстi статистикалық деректер алмасуға ерекше көңiл бөле отырып, осы қоныс аударатын түр туралы ақпарат алмасуды;
e) сақтаудың қолайлы мәртебесiн қамтамасыз ету үшiн маңызды мекендейтiн жерлердi сақтауды, қажет және мүмкiн болатын кезде, қалпына келтiрудi, сондай-ақ экзотикалық түрлердiң жерсiнуiне қатаң бақылау жасауды немесе оларға жерсiнгеннен кейiн бақылау жасауды қоса алғанда, осы қоныс аударатын түрге терiс әсер ететiн тәртiп бұзушылықтардан осы мекендейтiн жерлердi қорғауды;
f) қоныс аударатын жолдарға қатысты тиiстi дәрежеде орналасқан лайықты мекендейтiн жерлер жүйесiн сақтауды;
q) бұл қажет болып көрiнетiн жағдайларда осы қоныс аударатын түр үшiн қолайлы жаңа мекендейтiн жерлер құруды немесе қоныс аударатын түрдi қолайлы мекендейтiн жерлерге қайта жерсiндiрудi;
h) қоныс аударуға кедергi келтiретiн немесе оны қиындататын тосқауылдардың әсерiн барынша мүмкiн болған дәрежеде тоқтатуды және оларды жоюды немесе олар үшiн өтем жасауды;
i) осы қоныс аударатын түр үшiн зиянды заттардың осы қоныс аударатын түр мекендейтiн жерге тасталуына жол бермеудi, қысқартуды немесе оны бақылауды;
j) ақылға қонымды экологиялық принциптерге негiзделген қоныс аударатын түрдi олжалауды бақылау мен реттеу шараларын;
k) заңсыз олжалаудың алдын aлу жөнiндегi шараларды үйлестiрiп отыру рәсiмдерiн;
l) қоныс аударатын түрлер үшiн елеулi қауiп-қатерлер туралы ақпарат алмасуды;
m) қоныс аударатын түрдi сақтау мәртебесi елеулi терiс әсерге ұшыраған жағдайда оны сақтау жөнiндегi шараларды тез және айтарлықтай күшейтуге мүмкiндiк беретiн төтенше рәсiмдердi; және
n) қалың жұртшылықты КЕЛIСIМНIҢ мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыруды көздеуге тиiс.
VI бап
Таралу аймағының мемлекеттерi
1. Хатшылық Тараптардан алынған ақпаратты пайдалана отырып, I және II қосымшаларға енгiзiлген қоныс аударатын түрлердiң таралу аймағы мемлекеттерiнiң есебiн тұрақты түрде жүргiзедi.
2. Тараптар өздерiнiң жалауы астында жүзетiн және осы қоныс аударатын түрлердi ұлттық юрисдикциядан тысқары жерлерде олжалаумен шұғылданатын кемелер туралы, сондай-ақ, мүмкiндiгiнше, болашақта осындай олжалау жоспарлары туралы ақпаратты қоса алғанда, өздерiн таралу аймағының мемлекеттерiмiз деп санайтын I және ІІ қосымшаларға енгiзiлген қоныс аударатын түрлер жайында Хатшылықты хабардар етiп отырады.
3. I және II қосымшаларға енгiзiлген қоныс аударатын түрлердiң таралу аймағының мемлекеттерi болып табылатын Тараптар осы түрлерге қатысты осы Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыру жөнiнде олар қолданып жатқан шаралар туралы Тараптар Конференциясын Хатшылық арқылы Конференцияның әрбiр кезектi мәжiлiсiне дейiн алты айдан кешiктiрмей хабардар етiп отыруға тиiс.
VII бап
Тараптар Конференциясы
1. Тараптар Конференциясы Конвенцияның шешiмдер қабылдау жөнiндегі органы болып табылады.
2. Хатшылық Тараптар Конференциясының мәжiлiсiн Конвенция күшiне енгеннен кейiн екi жылдан кешiктiрмей шақырады.
3. Бұдан кейiн Хатшылық, егер Тараптар Конференциясы өзге шешiм қабылдамаса, Тараптар Конференциясының мәжiлiстерiн үш жылда бiр реттен сиретпей жүйелi түрде шақырып тұрады және Тараптардың кем дегенде үштен бiрiнен бұл туралы жазбаша сұрау салу алғаннан кейiн кез келген уақытта төтенше мәжiлiстер шақырады.
4. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның қаржылық жағдайын белгiлейдi және оларды жүйелi түрде қайта қарап отырады. Тараптар Конференциясы әрбiр жүйелi мәжiлiсiнде келесi қаржылық кезеңге арналған бюджет қабылдайды. Әрбiр Тарап Конференция белгiлеген мүшелiк жарналар шәкiлiне сәйкес осы бюджетке өзiнiң жарнасын енгiзедi. Бюджеттік ереженi, жарналар шәкiлi туралы ереженi және оларға енгiзiлген өзгерiстердi қоса алғанда, қаржылық ереже келген және дауыс беруге қатысып отырған Тараптардың бiрауызды шешiмiмен қабылданады.
5. Әрбiр мәжiлiсiнде Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның орындалуын қарайды және, атап айтқанда:
а) қоныс аударатын түрлердiң сақталу мәртебесiн қарауы және бағалауы;
b) әcipece I және II қосымшаларға енгізiлген қоныс аударатын түрлердi сақтау жөнiндегi қызметтiң нәтижелерiн қарауы;
с) өздерiнiң мiндеттерiн орындауы үшiн Ғылыми кеңеске және Хатшылыққа қажет болуы мүмкiн ережелер мен нұсқаулықтар қабылдауы;
d) Ғылыми кеңес, Хатшылық, кез келген Тарап немесе КЕЛIСIМГЕ сәйкес құрылған кез келген тұрақты орган ұсынған кез келген баяндаманы алуы және қарауы;
e) Тараптарға қоныс аударатын түрлердiң сақталу мәртебесiн жақсарту жөнiнде кеңес беруi және КЕЛIСIМДЕР негiзiнде жүзеге асырылатын қызметтiң нәтижелерiн қарауы;
f) КЕЛIСIМ жасалмаған жағдайда қандай да бiр қоныс аударатын түрдiң немесе қоныс аударатын түрлердiң қандай да бiр тобының сақталу мәртебесiн жақсарту жөнiндегi шараларды талқылау мақсатында осы түрлердiң таралу аймағының мемлекеттерi болып табылатын Тараптардың мәжiлiсiн шақыру жөнiнде ұсыныстар жасауы;
q) осы Конвенцияның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде Тараптарға ұсыныстар жасауы; және
h) осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет кез келген қосымша шаралар туралы шешiмдер қабылдауы мүмкiн.
6. Әрбiр мәжiлiсте Тараптар Конференциясы келесi мәжiлiстiң өтетiн уақыты мен орнын белгiлеуге тиiс.
7. Әрбiр мәжiлiсте Тараптар Конференциясы сол мәжiлiске арналған рәсiм ережесiн айқындайды және қабылдайды. Конвенция өзгенi көздейтiн жағдайларды қоспағанда, Тараптар Конференциясы осындай мәжiлiсте шешiмдер қабылдауы үшiн дауыс беруге келген және қатысып отырған Тараптардың үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысы қажет.
8. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелерi, Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк, сондай-ақ осы Конвенцияның Тараптары болып табылмайтын кез келген мемлекет және - әрбiр жеке КЕЛIСIМ үшiн - осы КЕЛIСIМНIҢ Тараптары тағайындаған орган Тараптар Конференциясының мәжiлiстерiне байқаушылар ретiнде қатысуы мүмкiн.
9. Тараптар Конференциясының мәжiлiстерiне байқаушылар ретiнде өздерiнiң қатысқысы келетiнiн Хатшылыққа хабарлаған қоныс аударатын түрлердi қорғау, сақтау және реттеу саласында техникалық жағынан құзiреттi және төмендегi санаттарға жататын кез келген ұйым немесе мекеме, қатысушы Тараптардың ең болмағанда үштен бiрi қарсы пiкiр бiлдiрген жағдайларды қоспағанда, мұндай мүмкiндiктi алады:
а) үкiметтік те, үкiметтiк емес те халықаралық ұйымдар немесе мекемелер, сондай-ақ ұлттық үкiметтiк ұйымдар мен мекемелер; және
b) осы мақсат үшiн олар орналасқан мемлекет тағайындаған ұлттық үкiметтiк емес ұйымдар немесе мекемелер.
Қатысуға рұқсат алған бұл байқаушылардың қатысу құқығы болады, ал дауыс беру құқығы болмайды.
VIII бап
Ғылыми кеңес
1. Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi мәжiлiсiнде ғылыми мәселелер бойынша консультация беру үшiн Ғылыми кеңес құрады.
2. Әрбiр Тарап бiлiктi сарапшыны Ғылыми кеңестiң мүшесi етiп тағайындай алады. Сонымен бiрге Тараптар Конференциясы таңдап алған және тағайындаған бiлiктi сарапшылар Ғылыми кеңестiң мүшелерi бола алады, мұндай сарапшылардың саны, оларды ipiктeу өлшемдерi және оларды тағайындау мерзiмi Тараптар Конференциясының шешiмi бойынша айқындалады.
3. Хатшылық Ғылыми кеңестiң мәжiлiстерiн Тараптар Конференциясының талабы бойынша шақырады.
4. Ғылыми кеңес Тараптар Конференциясының бекiтуiне жататын өзiнiң рәсiмдеу ережесiн қабылдайды.
5. Тараптар Конференциясы Ғылыми кеңестiң функцияларын белгілейдi, олар:
а) Тараптар Конференциясына, Хатшылыққа және Тараптар Конференциясының келiсiмiмен осы Конвенцияға немесе КЕЛIСIМГЕ немесе КЕЛIСIМГЕ сәйкес құрылған кез келген органға немесе кез келген Тарапқа ғылыми консультациялар берудi;
b) қоныс аударатын түрлердi зерттеу жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және осы жұмыстарды үйлестiру үшiн ұсыныстар берудi; қоныс аударатын түрлердiң сақталу мәртебесiн айқындау мақсатында осы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн бағалауды, сондай-ақ Тараптар Конференциясына осы мәртебе және оны жақсарту жөнiндегi шаралар туралы баяндамалар ұсынуды;
с) Тараптар Конференциясына I және II қосымшаларға енгізу қажет қоныс аударатын түрлерге қатысты осы қоныс аударатын түрлердiң таралу аймағын көрсете отырып ұсыныстар берудi;
d) Тараптар Конференциясына қоныс аударатын түрлер туралы КЕЛIСIМГЕ енгiзу қажет қоныс аударатын түрлердi сақтау және реттеу жөнiндегi нақты шараларға қатысты ұсыныстар берудi; және
e) Тараптар Конференциясына осы Конвенцияны жүзеге асырудың ғылыми аспектiлерiне байланысты проблемаларды, атап айтқанда қоныс аударатын түрлердiң мекендейтiн жерлерiне қатысты проблемаларды шешу үшiн ұсыныс берудi қамтуы мүмкiн.
IX бап
Хатшылық
1. Осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Хатшылық құрылады.
2. Осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөнiндегі бағдарламасының Атқарушы директоры Хатшылықты құрады. Ол қажет деп табатын дәрежеде және жолмен оған бұл iсте жабайы жануарларды қорғауда, сақтауда және реттеуде техникалық жағынан құзiреттi тиiсті үкiметаралық немесе үкiметтiк емес, халықаралық немесе ұлттық ұйымдар мен мекемелер көмек көрсетуi мүмкiн.
3. Егер Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасы бұдан былай Хатшылық жұмысын қамтамасыз ете алмайтындай күйге ұшыраса, Тараптар Конференциясы оның жұмысын қамтамасыз ету үшiн өзге шараларды қолданады.
4. Хатшылық функцияларына:
і) Тараптар Конференциясының; және
іі) Ғылыми кеңестiң
а) мәжiлiстерiн ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету;
b) Тараптармен, КЕЛIСIМДЕР негiзiнде құрылған тұрақты мекемелермен және қоныс аударатын түрлермен шұғылданатын басқа да халықааралық ұйымдармен байланыс жасап тұру, сондай-ақ олардың арасындағы байланыстарға көмек көрсету;
с) барлық тиiстi көздерден осы Конвенцияның мақсаттарына және оны орындауға қызмет ететiн баяндамалар мен басқа да ақпарат алу және осындай ақпараттың нысаналы түрде таратылуын қамтамасыз ету;
d) осы Конвенцияның мақсаттарына қатысы бар кез келген мәселеге Тараптар Конференциясының назарын аудару;
e) Тараптар Конференциясы үшiн Хатшылық жұмысы туралы және осы Конвенцияның орындалуы туралы баяндамалар әзiрлеу;
f) I және II қосымшаларға енгiзiлген барлық қоныс аударатын түрлердiң таралу аймағы мемлекеттерiнiң тiзiмiн жүргiзу және жариялау;
q) Тараптар Конференциясының басшылығымен КЕЛIСIМДЕР жасасуға жәрдемдесу;
h) КЕЛIСIМДЕР тiзiмiн жүргізу және оны Тараптарға беру және Тараптар Конференциясының талап етуi бойынша осы КЕЛIСIМДЕР туралы кез келген ақпаратпен қамтамасыз ету;
i) VII баптың 5-тармағының "e", "f", "q" тармақшаларына сәйкес Тараптар Конференциясы жасаған ұсыныстардың тiзiмiн немесе осы тармақтың "h" тармақшасына сәйкес қабылданған шешiмдердiң тiзiмiн жүргiзу және жариялау;
j) жұртшылықты осы Конвенция және оның мақсаттары туралы хабардар ету; және
k) өзiне осы Конвенцияға сәйкес жүктелген немесе Тараптар Конференциясы тапсырған кез келген басқа функцияларды орындау енедi.
Х бап
Конвенция мәтiнiне енгізiлетiн түзетулер
1. Тараптар Конференциясының кез келген жүйелi немесе төтенше мәжiлiсiнде осы Конвенцияның мәтiнiне түзетулер енгізiлуi мүмкiн.
2. Түзету туралы ұсынысты кез келген Тарап енгiзе алады.
3. Ұсынылатын кез келген түзетудiң мәтiнi мен оның негiздемесi Хатшылыққа олар қаралатын мәжiлiс болардан жүз елу күн бұрын берiледi және оны Хатшылық барлық Тараптарға дереу жібередi. Тараптардың осы мәтiнге түсiнiктемелерi Хатшылыққа мәжiлiс басталардан алпыс күннен кешiктiрмей берiледi. Түсiнiктемелер берудiң соңғы күнi аяқтала салысымен Хатшылық осы күнге келiп түскен барлық түсiнiктемелердi Тараптарға дереу жiбередi.
4. Түзетулер дауыс беруге келген және қатысып отырған Тараптардың үштен екi көпшiлiк дауысымен қабылданады.
5. Қабылданған түзету оны қабылдаған барлық Тараптар үшiн Тараптардың үштен екiсi түзету қабылдау туралы құжатты Депозитарийге сақтауға тапсырған күннен кейiнгi үшiншi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi. Түзету қабылдау туралы өзiнiң құжатын сақтауға Тараптардың үштен екiсi оны қабылдау туралы құжаттарды сақтауға тапсырған мерзiмнен кейiн тапсырған әрбiр басқа Тарап үшiн бұл түзету осы Тарап үшiн ол қабылдау туралы өзiнiң құжатын сақтауға тапсырғаннан кейiнгi үшiншi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi.
XI бап
Қосымшаларға енгізiлетiн түзетулер
1. Тараптар Конференциясының кез келген жүйелi немесе төтенше мәжiлiсiнде осы Конвенцияның I және II қосымшаларының мәтiнiне түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.
2. Түзету туралы ұсынысты кез келген Тарап енгiзе алады.
3. Ұсынылатын кез келген түзетудiң мәтiнi және оның барынша дәлме-дәл ғылыми деректерге сүйенетiн негiздемесi Хатшылыққа мәжiлiс болардан жүз елу күн бұрын берiледi және оларды Хатшылық барлық Тараптарға дереу жiбередi. Тараптардың осы мәтiнге түсiнiктемелерi Хатшылыққа мәжiлiс басталардан алпыс күннен кешiктiрмей берiледi. Түсiнiктемелер берудiң соңғы күнi аяқталғаннан кейiн Хатшылық осы күнге келiп түскен барлық түсiнiктеменi Тараптарға дереу жiбередi.
4. Түзетулер дауыс беруге келген және қатысып отырған Тараптардың үштен екi көпшiлiк дауысымен қабылданады.
5. Қосымшаларға енгізiлген түзетулер барлық Тараптар үшiн, осы Баптың 6-тармағына сәйкес ескерту жасаған Тараптарды қоспағанда, олар қабылданған Тараптар Конференциясының мәжiлiсiнен кейiн тоқсан күннен соң күшiне енедi.
6. Осы Баптың 5-тармағында көзделген тоқсан күндiк мерзiм iшiнде кез келген Тарап Депозитарийдi жазбаша түрде хабардар ету арқылы түзетуге қатысты ескерту жасай алады. Түзетуге қатысты ескерту Депозитарийдi жазбаша түрде хабардар ету арқылы алынып тасталуы мүмкiн және осыдан соң түзету ескерту алынғаннан кейiн тоқсан күннен соң осы Тарап үшiн күшiне енедi.
XII бап
Халықаралық Конвенцияларға және басқа
заң кесiмдерiне ықпал ету
1. Осы Конвенцияда ештеңе де Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2750 С (ХХV) қарарына сәйкес шақырылған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Теңiз құқығы жөнiндегi Конференциясының теңiз құқығы нормаларын жiктеуiн және әзiрлеуiн, кез келген мемлекеттiң теңiз құқығына қатысты қазiргі немесе болашақтағы талаптарын және заңдық көзқарасын, жағалаудағы мемлекет пен жалау мемлекетi юрисдикциясының сипаты мен шегiн қозғамайды.
2. Осы Конвенцияның ережелерi қолданыстағы шарттардан, конвенциялардан немесе келiсiмдерден туындайтын қандай да болсын Тараптың құқықтарын немесе мiндеттемелерiн ешбiр дәрежеде қозғамайды.
3. Осы Конвенцияның ережелерi Тараптардың I және II қосымшаларға енгiзiлген қоныс аударатын түрлердi сақтау жөнiнде неғұрлым қатаң iшкi шаралар немесе I және II қосымшаларға енгiзiлмеген түрлердi сақтау жөнiнде iшкi шаралар қолдану жөнiндегi құқықтарын ешбiр дәрежеде қозғамайды.
XIII бап
Дауларды реттеу
1. Осы Конвенцияның ережелерiн түсiндiру немесе қолдану туралы екi немесе одан да көп Тараптар арасында туындауы мүмкiн кез келген дау оған қатысушы Тараптар арасындағы келiссөздердiң мәнi болуға тиiс.
2. Егер дау осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлмейтiн болса, Тараптар өзара келiсiм бойынша даулы мәселенi қарауды төрелiк сотқа, атап айтқанда Гаагадағы Аралық соттың Тұрақты Палатасына жiбере алады; төрелiк сот шешiмi төрелiк сотқа жүгiнген Тараптар үшiн мiндеттi болып табылады.
ХIV бап
Ескертулер
1. Осы Конвенцияның ережелерiне жалпылама ескертулер жасалмайды. Арнайы ескертулер осы Баптың және XI Баптың ережелерiне сәйкес енгiзiлуi мүмкін.
2. Аймақтық экономикалық интеграцияның кез келген мемлекетi мен кез келген ұйымы өздерiнiң бекiту грамоталарын, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжаттарды сақтауға тапсырған кезде I немесе II қосымшаларға немесе екi Қосымшаға да кез келген қоныс аударатын түрдi енгiзуге қатысты арнайы ескерту жасауы мүмкiн және Депозитарий ескертудiң алып тасталғаны жайында барлық Тарапты хабардар еткеннен кейiн тоқсан күндiк мерзiм аяқталғанға дейiн осы ескертудiң мәнiне қатысты Тарап деп есептелмейтiн болады.
XV бап
Қол қою
Осы Конвенция Боннда қол қоюға барлық мемлекеттер үшiн және аймақтық экономикалық интеграцияның кез келген ұйымы үшiн 1980 жылғы жиырма екiншi маусымға дейiн ашық.
XVI бап
Бекiту, қабылдау және бекiту
Осы Конвенция бекiтуге, қабылдауға және бекiтуге жатады. Бекiту грамоталары, қабылдау немесе бекiту туралы құжаттар сақтауға Депозитарий болып табылатын Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметiне тапсырылады.
XVII бап
Қосылу
Осы Конвенция оған қол қоймаған барлық мемлекеттер мен аймақтық экономикалық интеграцияның кез келген ұйымның қосылуы үшiн 1980 жылғы жиырма екiншi маусымнан бастап ашық. Қосылу туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға тапсырылады.
ХVIII бап
Күшiне енуi
1. Осы Конвенция Депозитарийге сақтауға он бесiншi бекiту грамотасы, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжат тапсырылған күннен кейiнгі үшiншi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi.
2. Осы Конвенцияны бекiтетiн, қабылдайтын немесе қуаттайтын немесе оған он бесiншi бекiту грамотасы, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiн қосылатын әрбiр мемлекет немесе аймақтық экономикалық интеграцияның әрбiр ұйымы үшiн осы Конвенция осы мемлекет немесе осы ұйым өздерiнiң бекiту грамотасын, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттарын сақтауға тапсырған күннен кейiнгі үшiншi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi.
XIX бап
Күшiн жою
Кез келген Тарап Депозитарийдi жазбаша хабардар ету арқылы осы Конвенцияның күшiн кез келген уақытта жоя алады. Күшiн жою Депозитарий күшiн жою туралы хабарлама алғаннан кейiн он екi айдан кейiн күшiне енедi.
XX бап
Депозитарий
1. Осы Конвенцияның барлық мәтiннiң де күшi бiрдей орыс, ағылшын, испан, немiс және француз тiлдерiнде жасалған түпнұсқасы сақтауға Депозитарийге тапсырылады. Депозитарий осы мәтiндердiң әрқайсысының куәландырылған көшiрмелерін Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылу туралы құжаттарды сақтауға тапсырған барлық мемлекеттерге және аймақтық экономикалық интеграцияның ұйымдарына жiбередi.
2. Мүдделi үкіметтермен консультация алысқаннан кейiн Депозитарий осы Конвенцияның араб және қытай тiлдерiндегi ресми мәтiндерiн әзiрлейдi.
3. Депозитарий Конвенцияға қол қойған және оған қосылған барлық мемлекеттерi мен аймақтық экономикалық интеграцияның ұйымдарын, сондай-ақ Хатшылықты қол қойылғаны жайында, бекiту грамоталарының, бекiту немесе қосылу туралы құжаттардың тапсырылғаны жайында, осы Конвенцияның күшiне енгені жайында, оған енгiзiлген түзетулер жайында, арнайы ескертулер және күшiн жою туралы хабарламалар жайында хабардар етедi.
4. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейiн бiрден оның куәландырылған көшiрмесiн Депозитарий Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-Бабына сәйкес тiркеу және жариялау үшін Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығына бередi.
Осыған тиiстi дәрежеде уәкiлеттi төмендегi қол қоюшылар ОСЫНЫ РАСТАУ YШIН осы Конвенцияға қол қойды.
Боннда 1979 жылғы 23 маусымда ЖАСАЛДЫ.
ЖАБАЙЫ АҢДАРДЫҢ ҚОНЫС АУДАРАТЫН ТYРЛЕРIН
САҚТАУ ЖӨНIНДЕГI КОНВЕНЦИЯ І қосымша
Түсiндiрме
1. Осы Қосымшада аталған қоныс аударатын түрлер былай:
(а) түрi мен түр тармағының атауымен; немесе
(b) барынша көп үйiрлi қоныс аударатын түрлердiң жиынтығымен немесе осы үйiрдiң белгілi бiр бөлігімен белгiленедi.
2. Шамадан тыс барынша көп үйiрлерге өзге сiлтеме жасаулар тек ақпарат немесе жiктеу мақсаттарына ғана қызмет етедi.
3. Қысқарту (s.1.) ғылыми атауы неғұрлым кең мағынада қолданылатынын бiлдiредi.
4. (-) белгісi мен үйiр атауының жанындағы сан мынадай белгiлi бiр, жағрапиялық жағынан оқшауланған таралымдардың осы үйiрден шығарылғанын бiлдiредi:
- 101 перу таралымы.
5. (+) белгiсi мен түрдiң жанындағы сан Қосымшаға тек осы түрдiң белгілi бiр, жағрапиялық жағынан оқшауланған таралымдарының енгізiлгенiн бiлдiредi:
+ 201 Солтүстік-Батыс Африка таралымдары;
+ 202 африкалық таралымдар;
+ 203 жоғарғы Амазонка бассейнiнiң таралымдары.
6. Түр атауының жанындағы (*) белгiсi осы түр немесе осы түрдiң оқшауланған таралымы немесе осы түрдi қамтитын барынша көп үйiр II Қосымшаға енетiнiн бiлдiредi.
Сүтқоректiлер
Бразилия бүркемерi
Шығыс тау горилласы
Көк кит
Құныс кит
Гренланд китi
Оңтүстік китi
Монах итбалығы
Шөл даладағы Греви зебрасы
Викуньия ламасы
Кермарал
Купрей өгiзi
Қылыш мүйiздi бөкен
Гувиери ғазалы
Ханым ғазалы
Доркас ғазалы
Құстар
Ақжалды альбатрос
Тайфун құсы
Сары тұмсықты көкқұтан
Қиыр шығыстық ләйлек
Жалбағай
Ақиық субүркiт
Жапон тырнасы
Ақтырна
Қарамойын тырна
Жекдуадақ
Шалшықты құс
Кiшкентай шалшықты құс
Көнеден қалған ақ шағала
Гагарка
Шалқұс
Ағашқа өрмелейтiн бақа
Американ вьюрогы
Бауырымен жорғалаушылар
Зәйтүн тасбақасы
Былғары тасбақасы
Қалқанаяқты тасбақа
Гангтық гавиал
Балықтар
Бiздi лақа
ЖАБАЙЫ АҢДАРДЫҢ ҚОНЫС АУДАРАТЫН ТYРЛЕРIН
САҚТАУ ЖӨНIНДЕГI КОНВЕНЦИЯ II қосымша
Түсіндірме
1. Осы Қосымшада аталған қоныс аударатын түрлер былай:
(а) түрi мен түр тармағының атауымен; немесе
(b) барынша көп үйiрлi қоныс аударатын түрлердiң жиынтығымен немесе осы үйiрдiң белгiлi бiр бөлiгiмен белгiленедi.
Басқа көрсеткiштер болмаған кезде түрмен салыстырғанда барынша көп үйiрлерге сiлтеме жасау КЕЛIСIМДЕР жасасу осы үйiрдiң барлық қоныс аударатын түрлерiне едәуiр пайда әкелуi мүмкiн екенiн бiлдiредi.
2. Үйiрдiң немесе тұқымның атауынан кейiнгi қысқарту (sрр.) осы Үйiрдiң немесе осы тұқымның барлық қоныс аударатын түрлерiн белгілеу үшiн пайдаланылады.
3. Шамадан тыс барынша көп үйiрлерге өзге сiлтеме жасаулар ақпарат немесе жiктеу мақсаттарына ғана қызмет етедi.
4. Қысқарту (s.1.) ғылыми атауы неғұрлым кең мағынада қолданылатынын бiлдiредi.
5. (+) белгiсi мен түрдiң жанындағы сан Қосымшаға осы үйiрдiң мынадай белгiлi бiр, жағрапиялық жағынан оқшауланған таралымдары ғана енгізiлгенiн бiлдiредi:
+ 201 азиялық таралымдар.
6. Түр атауының немесе барынша көп үйiрдiң жанындағы (*) белгiсi осы түр немесе осы түрдiң жағрапиялық жағынан оқшауланған таралымы немесе барынша көл үйiрге енетiн бiр немесе бiрнеше түрлер I қосымшаға енгізiлгенiн бiлдiредi.
Сүтқоректiлер
Поляр дельфинi
Африка пiлi
Дюгонь
Монах итбалығы
Викури ламасы
Орикс бөкенi (қылыш мүйiздi орикс)
Қарақұйрықтар
Құстар
Бұйрабасты бiрқазан
Ақтырна
Қара тырна
Жалбағай
Қоқиқаз
Үйректер
Америка кондоры
Скопа
Қаршыға
Сұңқар
Қарапайым бөдене
Тырналар
Сәнқой тырна
Жекдуадақ
Зуйка
Тауқұдiрет
Сирақты құс
Плавунчик
Шыбын аулағыштар
Бауырымен жорғалаушылар
Теңiз тасбақалары
Былғарлы тасбақалар
Қалқан аяқты тасбақалар
Айдарлы крокодил
Балықтар
Қоңыр (тұщы судағы) бекiре
Жәндiктер
Данаид көбелектерi