Порттың мiндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 451 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 75 бұйрығын қараңыз.

      "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған порттың мiндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 13 мамырдағы  
N 451 қаулысымен      
бекiтiлген         

  Порттың міндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесi

      Кеменiң кейiннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзуге және (немесе) өзге де мақсаттарда портқа кiруi үшiн қызмет көрсетулер (кеменiң кiруi):
      1) корабельдiк - кеменiң портқа кiруiн және одан шығуын ұсыну;
      2) айлақтық - кемелерге айлақтарда жүк және көмекшi операциялар үшін тұрақтар ұсыну;
      3) зәкiрлiк - iшкi рейдте немесе рейдтiк айлақта кеме тұрағын ұсыну;
      4) арқандап байлау - кеменiң арқандап байлау ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелердi көшiру және қайта арқандап байлау, тiркеп сүйрегiштер жұмысы;
      5) табиғат қорғау iс-шаралары саласында - портта тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерiн кемеден қандай да бiр шектеусiз қабылдау;
      6) карантиндiк - порттың мыналарды:
      карантиндiк жұқпалы аурумен ауыратындарды және жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкiн адамдарды уақытша оқшаулау үшiн үй-жай ұсынуды;
      порт аумағы мен объектiлерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстауды;
      көлiк кемелерiнде, порт объектiлерiнде кемiргiштер мен жәндiктердi алдын ала жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады