Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Терроризмге, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбековке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметі арасында Терроризмге, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiм жасауға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан
Республикасының Үкiметi арасындағы Терроризмге,
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан
және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегі
ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi,
терроризмге, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу мақсатындағы ынтымақтастықтың маңызды мәнi бар екенiне көз жеткiзе отырып,
есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымының және оларды терiс пайдаланудың өсiп отырған үрдiсiне алаңдаушылық бiлдiре отырып,
терроризмге қарсы бiрлесiп күрес жүргізудегі өздерiнiң ниеттерiн растай отырып,
заңсыз көшi-қонға және экономика саласындағы қылмыстарға қарсы күрес жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдауға ниет бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Егер Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында қылмыс жасалатын немесе оларға дайындық жүргiзілетiн болса, Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, терроризмге қарсы күрес саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2-бап
Терроризмнiң кез келген көрiнiстерiне қарсы күресу үшiн Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес, сондай-ақ осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес:
1) терроризмнiң жоспарланып отырған және жасалған актілерi туралы, террористiк ұйымдар мен топтар, сондай-ақ осындай қылмыстарға қатысатын адамдар туралы, мұндай қылмыстарды жасаудың нысандары мен әдiстерi және пайдаланылатын құралдар туралы ақпаратпен, сондай-ақ терроризмге қарсы күресуге және Тараптардың қоғамдық және мемлекеттiк қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстардың жолын кесуге қажеттi мәлiметтермен алмасады;
2) террористік ұйымдар мен террористік қызметке қатысы бар адамдарға көрсетiлетiн қолдау туралы, оның iшiнде қаржыландыру көздерi туралы ақпаратпен алмасады;
3) қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, әскери техниканы, жарылғыш және улағыш заттарды, ядролық және радиоактивтi материалдарды заңсыз сатумен айналысатын адамдар мен ұйымдар туралы, сондай-ақ оларды Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша өткiзу арналары туралы ақпаратпен алмасады;
4) Тараптардың бiрiнiң сұрау салуы бойынша террористік сипаттағы қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге бағытталған жедел-iздестiру iс-шараларын өткiзедi.
5) терроризмге қарсы күрес, терроризм көрiнiстерiне қарсы iс-қимылдың нысандары мен әдiстерiне қатысты тәжiрибе алмасу мәселелерi бойынша бiрлескен жұмыс кездесулерi мен консультациялар өткiзедi.
3-бап
Құрамында eciрткі бар өсiмдiктердi заңсыз өсiрудiң, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, оларды дайындау үшiн пайдаланылатын құралдардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымының жолын кесу үшiн Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тартылған адамдар, осы адамдардың жасырын баспаналары, көлiк құралдары және жұмыс әдiстерi, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың шыққан жерi мен мақсаты туралы ақпаратпен, сондай-ақ есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен байланысты қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге қажеттi өзге де ақпаратпен алмасады;
2) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының әдiстерi туралы ақпаратпен алмасады;
3) есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз өткiзудiң бағыттары туралы ақпаратпен алмасады;
4) бiр-бiрiнiң қарауына есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жекелеген түрлерi бойынша химиялық сараптамалардың нәтижелерiн ұсынады;
5) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымын осы салада болуы мүмкiн құқық бұзушылықтарға баса назар аудара отырып, бақылау жөнiнде тәжiрибе алмасады;
6) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымын болдырмау жөнiнде келiсiлген шаралар қабылдайды.
4-бап
Қылмысты, әсiресе ұйымдасқан қылмысты анықтауда, алдын алуда, жолын кесуде және оның деңгейiн төмендетуде ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, Тараптар:
1) ұйымдасқан қылмыстық қызметке тартылған адамдар, қылмыскерлердiң байланыстары, ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрылымы, жекелеген қылмыскерлер мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қарым-қатынастары, қылмыстық iстер бойынша фактілер туралы (әсiресе, қылмыстың жасалған уақыты, орны және әдiсi туралы), қылмыстардың дәрежесi мен түрлерi, қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ мұндай қылмыстардың алдын алу және жолын кесу үшiн қажеттi дәрежедегі iске қатысты кез-келген басқа детальдар туралы ақпаратпен алмасады;
2) Тараптардың бiрiнiң сұрау салуы бойынша сұрау салып отырған Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасында көзделген жедел iздестіру iс-шаралары мен тергеу әрекеттерiн жүзеге асырады;
3) халықаралық қылмысты жасау әдiстерi мен оның жаңа нысандары саласындағы ақпаратпен және тәжiрибемен алмасады;
4) өздерiнiң криминалистикалық, криминологиялық және басқа да криминалдық зерттеулер iсiне қатысты нәтижелермен алмасады. Тергеу және өздерiнiң жұмыс әдiстерi мен жабдықтарын қолдану жөнiндегі өздерiнiң тәжiрибесi туралы оларды жетілдiру мақсатында бiр-бiрiн өзара хабардар eтeді;
5) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiнде өзара iс-қимыл жасасуды нығайту мақсатында мамандардың бiлiктілiгін арттыру үшiн оларды өзара тағылымдамадан өткiзедi, криминалистикалық, криминологиялық және сот-медициналық сараптама саласындағы тәжiрибемен және ғылыми жетiстiктермен алмасады;
6) қажет болған жағдайда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiнде бiрлескен iс-шараларды жүзеге асырады, оларды дайындау және iске асыру үшiн жұмыс кездесулерiн өткiзедi.
5-бап
Сонымен қатар Тараптар ынтымақтастығы мыналарды:
1) заңсыз алынған кiрiстердi немесе мүлiктi заңдастыруға, сондай-ақ заңсыз қаржы операцияларына қарсы күрестегi ынтымақтастықты;
2) осы Келiсiмде аталған қылмыстық iс-әрекеттерге қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдермен алмасуды;
3) қылмыстық қызмет нәтижесiнде пайда болған заңсыз кiрiстер туралы ақпаратпен алмасуды;
4) заңсыз көшi-қонға қарсы күрес саласындағы тәжірибемен және нормативтiк құқықтық кесімдермен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында шетелдiктердiң болу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдермен алмасуды;
5) адамдар саудасына қарсы күресте екiншi Тарап үшiн қажетті, сондай-ақ заңсыз көшi-қонды ұйымдастыруға қатысы бар заңды тұлғалар мен жеке адамдарға және көшіп-қонушыларды ауыстырудың анықталған арналарына қатысты ақпаратпен алмасуды қамтиды.
6-бап
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау мақсатында барлық байланыстар тiкелей Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыреттi органдары арасында жүзеге асырылатын болады.
2. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшін мыналар:
1) Қазақстан тарапынан:
Iшкi iстер министрлігі,
Бас прокуратура,
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi,
Қаржы министрлігі,
Әдiлет министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы).
2) Әзiрбайжан тарапынан:
Iшкi iстер министрлігі,
Бас прокуратура,
Әдiлет министрлiгi,
Ұлттық қауiпсiздiк министрлiгi,
Әзiрбайжан Республикасының Нашақорлыққа және есірткi құралдарының заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жөнiндегi Мемлекеттік комиссиясы,
Мемлекеттік Кеден комитетi,
Мемлекеттiк шекара қызметi Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыретті органдары болып табылады.
3. Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыретті органдары өз мемлекеттерiнің ұлттық заңнамалары шеңберiнде бiр-бiрiмен тiкелей ынтымақтасады және жеке Хаттамаларда өз ынтымақтастығының жекелеген салалары мен нысандарын белгiлеуi мүмкiн.
4. Тараптардың әрқайсысы орталық құзыреттi органдар тiзбесiндегі өзгерiстер туралы екiншi Тарапты дипломатиялық арналар арқылы хабардар eтeді.
7-бап
1. Ақпаратпен алмасу және осы Келiсiмде көзделген iс-қимылдарды жүзеге асыру туралы сұрау салулар Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыретті органдарына жазбаша нысанда жiберiледi. Сұрау салуда мыналар:
сұрау салып отырған органды, сондай-ақ сұрау салу жiберiлген органды айқындайтын дәлелденген тұжырым;
оған байланысты көмек сұралған қылмыстық iстің сипаттамасы;
сұрау салудың мазмұны, сондай-ақ оның орындалуы үшін қажеттi мәлiметтер көрсетiледi.
Шұғыл жағдайларда Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыретті органдары ауызша сұрау салумен жүгiнуге құқылы, олар 10 күн ішiнде жазбаша расталуы тиіс.
2. Егер сұрау салынып отырған Тарап сұрау салуда берiлген ақпаратты жеткiлiксiз деп тапса, ол қосымша ақпарат сұрата алады. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары сұрау салуларды дереу орындайды.
3. Сұрау салуды орындау кезiнде сұрау салынып отырған Тараптың заңнамасы қолданылады.
8-бап
Ынтымақтастық барысында ұсынылған дербес деректердi қорғау мақсатында Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес мынадай шарттарды сақтайды:
1) сұрау салатын Тарап дербес деректердi тек сұрау салынатын Тарап белгiлеген мақсаттарда және жағдайларда ғана пайдаланады;
2) сұрау салынатын Тараптың сұрауы бойынша сұрау салатын Тарап жеткiзілген дербес деректердi пайдаланғаны және осы ретте алынған нәтижелер туралы ақпарат ұсынады;
3) дербес деректер осы Келiсiмнiң 6-бабында айқындалған және осы Келiсiмде көзделген қылмыстарға қарсы күрестi жүзеге асыратын орталық құзыреттi органдарға ғана жiберiлуi мүмкiн. Дербес деректер басқа мемлекеттiк органдарға тек сұрау салынатын органның жазбаша келiсiмiмен ғана берiлуi мүмкiн;
4) сұрау салынатын Тарап берiлуi тиiс дербес деректердiң дәлдігіне, сондай-ақ мұндай берудiң қажеттілігіне көз жеткiзедi. Бұл ретте сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасында белгіленген дербес деректердiң жеткiзiлуiн шектеу сақталады. Егер дұрыс емес немесе шектеуге түсетiн дербес деректер жiберілгенi дәлелденсе, онда сұрау салып отырған Тарап дереу бұл туралы жедел хабардар етіледi. Ол қажеттi түзетулер енгізедi немесе шектеуге түсетiн дербес деректердi дереу жояды;
5) мүдделi адамға оның өтінішi бойынша сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес оған қатысты берілген дербес деректер және оларды пайдалану мақсаттары туралы анықтама берiлуi мүмкін;
6) дербес деректердi жiберу кезiнде сұрау салынатын Тарап өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес осы дербес деректердi жою үшiн шектi мерзiмдер белгілейдi. Осыған қарамастан жеткiзілген дербес деректер оларға қажеттiлiк болмаған кезде жойылуы тиiс. Әрбiр Тарап алынған дербес деректердiң жойылғаны және мұндай жоюдың негiздемесi туралы дереу екiншi Тарапқа хабарлайды. Алынған дербес деректер осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi тоқтатылған кезде жойылады;
7) әрбiр Тарап дербес деректердi жөнелту, алу және жою тiркелiмiн жүргізеді;
8) Тараптар алынған дербес деректердi рұқсатсыз қол жеткiзуден, өзгертуден немесе жариялаудан қорғайды.
9-бап
1. Тараптар осы Келiсiмдi орындау мақсатында алмасу нәтижесiнде алынған барлық деректер мен ақпаратты Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес қорғауға кепілдiк бередi. Беретiн Тарап белгілеген қорғау дәрежесi өзгертілмеуi тиiс.
2. Осы Келiсiмге сәйкес жеткiзiлген құжаттар, деректер мен техникалық жабдық тек сұрау салынатын Тараптың жазбаша келiсiмiмен ғана үшiншi мемлекетке берілуi мүмкiн.
10-бап
1. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң егемендiгiне, қауiпсiздігіне зиян келтiретiн болса немесе ұлттық заңнамасына қайшы келсе, Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындаудан толық немесе iшiнара бас тартуы мүмкiн.
2. Сұрау салуды орындаудан немесе оны iшiнара орындаудан бас тартылған жағдайда, бұл туралы бас тартудың немесе iшiнара орындаудың себептерiн көрсете отырып, сұрау салатын Тарап жазбаша түрде хабардар етіледi.
11-бап
1. Осы Келiсiмдi орындау жөнiндегi шығыстарды өздерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар өздерi көтередi.
2. Қажет болған жағдайда Тараптар осы Келiсiмнен туындайтын iс-әрекеттердi жүзеге асыру үшiн бiрлескен шығыстарды көтередi, ол әрбiр нақты жағдайда өзара тиiмдi уағдаластықпен ресімделеді.
12-бап
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптар Бiрлескен Комиссия құруы мүмкiн. Комиссияның құрамы туралы Тараптар бiр-бiрiн дипломатиялық арналар бойынша хабарландырады.
2. Бiрлескен Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай Тараптар мемлекеттерінiң аумақтарында кезек-кезек өткізіледi.
13-бап
Осы Келiсiмнiң шеңберiнде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде Тараптар орыс тiліндегi мәтiнге жүгiнедi.
14-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келіссөздер жолымен шешетін болады.
15-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнің ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi және 17-бапта көзделген ережелерге сәйкес күшіне енедi.
16-бап
Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.
17-бап
1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi екiншi Тараптың өзiнiң осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшінде қалады.
2005 жылғы "___" _______ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тілдерiндегі екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келіспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тілiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Әзiрбайжан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн