Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швеция Корольдiгiнiң Yкiметi арасындағы Жолаушылар мен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швеция Корольдiгiнiң
Үкiметi арасындағы Жолаушылар мен жүктердiң халықаралық
автомобиль тасымалдары туралы келiсiмдi бекiту туралы
2004 жылғы 25 қазанда Стокгольмде жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швеция Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы Жолаушылар мен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Швеция
Корольдiгiнiң Yкіметi арасындағы Жолаушылар мен
жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдары туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швеция Корольдігінің Үкiметi,
Тараптар мемлекеттерінің арасында жолаушы және жүк қатынасын дамытуға, экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту мүддесiнде ықпал етуге тiлек бiлдiре отырып,
мына төмендегiлер туралы келiсті:
I. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1-бап
Осы Келiсімнің ережелерi Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында және осы аумақтардың бiрi арқылы транзитпен жалға алу бойынша немесе сыйақы үшін, немесе өз есебiнен жолаушылар мен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарына қолданылады. Осы Келiсiмнiң ережелерi бiр Тарап мемлекетiнің аумағы бойынша (каботаж) және Тараптардың бiрінің мемлекетiнің аумағы мен үшiншi мемлекет арасында екiншi Тараптың мемлекетiнде тіркелген көлiк құралдарымен жолаушыларды және жүктердi тасымалдауға да қолданылады.
ІІ. АЙҚЫНДАМАЛАР
2-бап
Осы Келiсімнің мақсаттары үшін:
1. "Тасымалдаушы" терминi Тараптардың бiрінің мемлекетiнде тiркелген және ұлттық заңнамаға сәйкес тіркелген мемлекетiнде жалға алу бойынша, сыйақы үшін немесе өз есебiнен жолаушылар мен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын орындауға заңды түрде рұқсат етілген заңды немесе жеке тұлғаны бiлдiредi.
2. "Көлiк құралы" терминi автокөлiк құралын немесе олардың iшiнен автокөлiк құралы Тараптардың ең болмағанда бiрінің мемлекетінде тiркелген және тек жолаушылар және/немесе жүк автомобиль тасымалдарына пайдаланылатын көлiк құралдарының жиынтығын бiлдiредi.
3. "Жолаушы автокөлiк құралы" терминi механикалық жетегі, жүргiзушінің орнын қоса алғанда, отыруға арналған 9-дан астам орны бар кез келген көлік құралын білдіреді.
4. "Тұрақты жолаушылар тасымалы" терминi олардың кезiнде жекелеген бағыттар бойынша белгіленген уақыт аралықтарында жолаушылар тасымалдары жүзеге асырылатын әрi алдын ала белгiленген аялдама пункттерiнде жолаушыларды отырғызу және түсіру жүргiзілетін қызметтердi бiлдiредi.
3-бап
Тараптар мемлекеттерінің осы Келiсiмнің шарттарын орындау жөнiндегi құзыретті органдары:
Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi.
Швеция Корольдігінде:
а) Осы Келiсiмнің 4, 5, 6, 10, 11 және 15-баптарына сәйкес (жолаушылар тасымалдарына қатысты) Ұлттық Жол әкiмшiлiгi;
b) Осы Келiсiмнiң 8, 9, 10, 11 және 15-баптарына сәйкес (жүк тасымалдарына қатысты) Швед кеден органдары/Халықаралық көлiк рұқсаттары;
с) Осы Келiсiмнің 16, 17, 18-баптарына сәйкес Швеция Корольдігінің Үкiметі, Өнеркәсіп жұмыспен қамту және коммуникациялар министрлiгi болып табылады.
III. ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ
4-бап
Тараптар мемлекеттерінің аумақтарынан немесе Тараптар мемлекеттерiнің аумақтарында, сондай-ақ олардың аумақтары бойынша транзитпен жалға алу бойынша, сыйақы үшiн немесе өз есебiнен жолаушы автокөлiк құралдарымен орындалатын барлық көлiк тасымалдары, осы Келiсiмнiң 7-бабында көрсетілген тасымалдарды қоспағанда, рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
5-бап
1. Тараптар мемлекеттерінің арасындағы немесе олардың аумақтары бойынша транзитпен орындалатын тұрақты жолаушылар тасымалдары Тараптар мемлекеттерінiң құзыретті органдары беретiн рұқсат негiзінде жүзеге асырылады.
2. Тараптар мемлекеттерінің әрбiр құзыретті органы өз мемлекетiнiң аумағы бойынша өтетiн жол учаскесiне рұқсат бередi.
3. Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары рұқсатты беру шарттарын, атап айтқанда, оның қолданылу мерзiмiн, көлiк тасымалдарын орындау жиілігін, кестенi және қолданылатын тарифтердi, сондай-ақ тұрақты қызмет көрсетудi үздiксiз және тиiмдi жүзеге асыру үшiн қажетті кез келген басқа да мәлiметтердi бiрлесiп белгiлейдi.
4. Рұқсат беруге өтінім, көлiк құралы тiркелген мемлекеттің осы өтiнімдi қабылдауға немесе оны қабылдаудан бас тартуға құқығы бар құзыреттi органына ұсынылады. Егер өтінiм қарсылық тудырмаған жағдайда, мұндай құзыреттi орган бұл туралы екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыретті органына хабарлайды.
5. Өтінiмге қажетті мәлiметтерi бар құжаттарды (ұсынылып отырған кестелер, тарифтер және бағыт, жыл iшiнде қызметтер ұсынылатын уақыт кезеңi мен қызметтер ұсынуды бастау болжанған күн) қоса беру қажет. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарына тасымалдаушылардан өздері қажет деп санайтын деректерді сұратуға рұқсат етіледi.
6-бап
Осы Келiсiмнiң 5-бабында қамтылмаған кез келген тұрақты емес тасымалдар рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады. Рұқсат беруге өтінімдер аумағында тасымалдаушы тiркелген, осы өтінiмдi өз қорытындысымен екiншi Тарап мемлекетiнің құзыретті органына беретiн Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органына жiберiледi.
7-бап
Адамдардың нақ сол тобы нақ сол көлiк құралымен мынадай жағдайлардың бiрiнде тасымалданса:
а) көлік құралы тiркелген елде басталатын және аяқталатын экскурсиялық турлар кезiнде, немесе
b) егер өзгеше рұқсат етілмеген көлiк құралы тiркелген елге бос қайтуы шартымен, көлiк құралы тіркелген елде басталатын және екiншi Тарап мемлекетiнің аумағындағы баратын пунктте аяқталатын сапар кезiнде, немесе
с) тұрақты емес сипаттағы транзиттiк тасымалдау кезiнде рұқсат талап етiлмейдi.
Осындай тасымалдарды рұқсатсыз жүзеге асыру үшiн Тараптар мемлекеттерінің тасымалдаушылары Бiрлескен комиссия белгiлейтiн ең төменгi экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиiс.
IV. ЖҮК КӨЛІГІ
8-бап
1. Жүктердi автокөлiк құралдарымен Тараптар мемлекеттерінiң арасында немесе олардың аумағы бойынша транзитпен тасымалдау Tapaптap мемлекеттерінің құзыреттi органдары беретiн рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Егер рұқсаттың өзiнде өзгеше келiсілмесе, әрбiр тасымалға баратын және керi қайтатын бiр рейстi орындау құқығын беретiн жеке рұқсат беріледi.
3. Тараптар мемлекеттерінің құзыреттi органдары жыл сайын рұқсаттар бланкiлерінің өзара келiсiлген санымен алмасады. Бұл бланкілерде жауапты адамның қолы мен рұқсатты берген құзыреттi органның мөрi болуы тиiс.
4. Тараптар Бiрлескен Комиссия белгілеген ең төменгi экологиялық талаптарға жауап беретiн осындай көлiк құралдарын пайдалануға жәрдемдесуге бағытталған шаралар қабылдайтын болады.
9-бап
Егер осы мақсат үшiн осы екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органы рұқсат бермесе, бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген тасымалдаушы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы екi пункттiң аралығында жүк тасымалдарын орындай алмайды.
V. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
10-бап
Егер тек осындай екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органы осы мақсат үшін рұқсат бермесе Тараптар мемлекеттерiнiң бiрінің тасымалдаушысына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан кез келген үшінші елге, немесе керiсiнше көлiк операциясын жүзеге асыруға тыйым салынады.
11-бап
1. Көлік құралдарының салмағы мен көлемiне қатысты әрбiр Тарап екiншi Тарап мемлекетiнің аумағында тiркелген көлiк құралдарына өз мемлекетiнiң аумағында тiркелген көлiк құралдарына қолданылатын шарттарға қарағанда неғұрлым шектеулi болып табылатын шарттарды қолданбауға мiндеттеме қабылдайды.
2. Көлiк құралының салмағы мен көлемi көлiк құралын ресми тiркеу құжаттарында көрсетiлген деректерге сәйкес болуы тиiс.
3. Тараптардың бiрiнің мемлекетiнiң тасымалдаушылары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына кiрген кезде көлiк құралдарының салмағы мен көлемiне қатысты осы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын сақтауға міндетті.
4. Егер Тараптар мемлекеттерiнiң кез келгенiнде тiркелген көлiк құралының салмағы және/немесе көлемi екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында рұқсат етiлген ең үлкен салмақтан және/немесе көлемiнен артық болса, онда арнайы рұқсат талап етiледi. Тасымалдаушы мұндай рұқсатты осы Тарап мемлекетiнің құзiретті органынан оның мемлекетiнің аумағына кiргенге дейiн алуы тиiс.
12-бап
1. Бiр Тарап мемлекетiнiң осы Келiсiмге сәйкес екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тасымалдарды жүзеге асыратын көлiк құралдары осындай аумақта көлiк құралдарын пайдаланғаны және иелiк еткені үшін алынатын барлық салықтардан, алымдардан және басқа төлемдерден босатылады.
2. Осы бапта көрсетiлген босатулардың Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес ақылы жолдар үшiн алынатын алымдарға, автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшiн салынатын салыққа және қосылған құн салығына, сондай-ақ көлiк құралының стандартты отын бактарындағы отынды қоспағанда, көлiк құралдарынан отынға алынатын кедендiк және акциздiк алымдарға қатысы болмайды.
13-бап
Тасымалдаушылар мен олардың көлiк құралдарының экипаждары екінші Тарап мемлекетінiң аумағында тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде осы мемлекетте қолданылатын ұлттық заңнамаларына сақтауы тиiс.
14-бап
Осы Келiсiмде, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда реттелмеген мәселелер Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес шешiледi.
15-бап
Егер бiр Тараптың мемлекетiнде тiркелген тасымалдаушы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында бола тұрып, осы Келiсiмнiң қандай да бiр ережесiн бұзса, ол туралы аумағында бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органы оның мемлекетiнiң аумағында қолданылатын қандай да бiр заңнамалық санкцияға залал келтiрместен оның мемлекетiнiң ұлттық заңнамасында көзделетiндей шаралар қабылдайтын екiншi Тарап мемлекетінің құзыреттi органына хабарлауы тиiс. Тараптар мемлекеттерінің құзыреттi органдары қолданылған санкциялар туралы бiр-бiрiн хабардар етедi.
16-бап
Екi Тарап мемлекеттерінің құзыретті органдарының тiкелей келiсуiмен шешiлуi мүмкін болмайтын осы Келiсiмдi қолдануға байланысты проблемалар мен мәселелердi шешу үшiн Тараптар мемлекеттерi құзыреттi органдарының өкiлдерiнен Бiрлескен комиссия құрылады. Бiрлескен комиссияның отырыстары Тараптардың бiрiнiң мемлекетінің құзыреттi органының өтiнiшi бойынша өткiзіледi.
17-бап
Тараптардың екеуi де мақұлдаған осы Келiсiмге енгiзілетiн кез келген өзгерiстер олардың тиiстi конституциялық талабының орындалғаны туралы Тараптар жазбаша нысанда бiр бiріне хабарлаған күнінен бастап күшіне енедi.
18-бап
1. Осы Келiсiм Тараптардың осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi тиiстi конституциялық талаптарының орындағаны туралы бiр-бiріне жазбаша түрде хабарлағаннан кейiнгi отызыншы күнi күшіне енедi.
2. Осы Келiсiм егерде Тараптардың бiрде-бiреуi дипломатиялық арналар бойынша екiншi Тарапқа өзінің оның күшiн тоқтату ниетi туралы алты айға дейiн хабардар етпесе, белгiленбеген мерзiмге күшiнде қалады.
Осыны куәландыру үшiн осыған тиiстi түрде уәкілеттi бола отырып төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.
2004 жылғы 25 қазанда Стокгольм қаласында әрқайсысы қазақ, швед, орыс және ағылшын тілдеріндегі екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігінің
Үкіметі үшін Үкіметі үшін