Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегі N 661 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы N 580 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.10.2013 № 1042 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiн және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдістемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 шілдедегi N 661  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 272-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнде:
      2-тармақтағы "9-бабының 1-3-тармақтарында" деген сөздерден кейiн ", 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы "2) - 4)" деген сандар "2), 4)" деген сандармен ауыстырылсын;
      14-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан (бұдан әрi - Орталық) берiлетiн төлемдердiң тағайындалу негіздемесiн көрсете отырып, зейнетақы мен жәрдемақы алушы куәлiгінiң көшiрмесiн ұсынады.
      I және II топтағы мүгедектер, егер мүгедектiгі мерзiмсiз белгiленген болса, жоғарыда санамаланған құжаттардан басқа, медициналық-әлеуметтік  сараптама бөлiмi берген мүгедектiк тобын белгiлеу туралы анықтаманың көшiрмесiн және көрсету үшiн оның түпнұсқасын ұсынады.";
      көрсетiлген Ережеге қосымшада:
      "- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "- егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiгi белгiлене отырып;";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiнде:
      2-тармақтың бiрiншi абзацы "адамдарға" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ, егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектерге" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады