Акционерлiк қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесiне мүше тәуелсiз директорларды сайлаудың кейбiр мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 591 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      Акционерлiк қоғамдардың (даму институттарының) корпоративтiк басқару жүйесi қызметiнiң айқындылығы мен тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейiн:
      1) өтелiнетiн шығыстарды қоспағанда, жылына 9,5 миллион (тоғыз миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын сыйақы сомасында даму институттарының қаражаты есебiнен тәуелсiз директорларға ақы төлеу шартымен акционерлiк қоғамдардың (даму институттарының) тәуелсiз директорларын iрiктеу тәртiбiн әзiрлеу мен бекiтудi қамтамасыз етсiн;
      2) "Қазақстанның инвестициялық қоры", "Ұлттық инновациялық қор", "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамдары (бұдан әрi - даму институттары) директорлар кеңестерiнiң құрамдарына тәуелсiз директорларды сайлау жөнiндегi пилоттық жобаны жүзеге асырсын.
      2. Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрлiктерi тәуелсiз директорлардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды ескере отырып, даму институттарының қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарларын нақтылау жөнiндегi шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi С.М.Мыңбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады