Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Жер және табиғи ресурстар министрлiгi арасындағы Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 667 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi мен Қытай Халық Республикасының Жер және табиғи ресурстар министрлiгi арасындағы Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгі мен Қытай Халық Республикасының Жер
және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы
Геология және жер қойнауын пайдалану
саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім

      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi мен Қытай Халық Республикасының Жер және табиғи ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Тараптар) Тараптар арасында 2002 жылғы 21 қазанда Астана қаласында қол қойылған Энергетика және минералдық ресурстар саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумның ережесiн назарға ала отырып, мыналар туралы келiсті:

  1-бап

      Тараптар мына жобаларды бiрлесiп орындауға қатысады:
      пайдалы қазбалар кен орындарының дерекқорын жасау жөнiндегi жұмысты және болжамды ресурстарды бағалауды қоса алғанда, 1:1000000 масштабты бiрлескен геологиялық және минерагениялық карталар жасап, Қазақстан мен Қытайдың шекара маңы аумақтарының геологиялық құрылымын кешендi зерттеу;
      Оңтүстiк Қазақстанның Үлкен және Кiшi Қаратау жоталарының, Орталық Қазақстанның Ұлытау тауларының және Солтүстiк-Батыс Қытайдың Кепин, Кегукаин-Борокоро тауларының, Куругтаг жотасының венд, кембрий және ордовик тiрек қималарын зерттеу;
      1:1000000 масштабты гидрогеологиялық және геоэкологиялық карталарын жасап, Iле-Балқаш трансшекаралық бассейнiнiң табиғи-техногендiк экожүйесiндегi су ресурстарының (жер асты және жер үстi) қазiргi жағдайын бағалау.

  2-бап

      Бiрлескен жобаларды iске асыру үшiн Тараптар оған қатысушы ұйымдарды (серiктестердi) анықтайды, олар әрбiр жоба бойынша бiрлескен жобалардың мәнiн, мазмұнын, нысанын және оларды жүзеге асыру мерзiмiмен, сондай-ақ қаржыландыру мәселелерiн қоса алғанда, олардың iске асырылу жағдайлары туралы жекелеген шарттар жасасады. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес осы ұйымдарға шарттарды дайындауда келiсуде және жасасуда жәрдемдеседi.

  3-бап

      Ынтымақтастықты ұйымдастыру және үйлестiру Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi тарапынан Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiне, Қытай Халық Республикасының Жер және табиғи ресурстар министрлiгi тарапынан Қытайдың Геологиялық қызметiне жүктеледi.

  4-бап

      Осы Келiсiмнiң шеңберiндегi ынтымақтастық шарттарына және бiрлескен iс-әрекеттің нәтижелерiне қатысты ақпарат жария етiлмейдi және мұндай ақпаратты берген Тараптың келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға берiлмейдi.
      Бiрлескен жобалар бойынша ақпараттың және есептiк материалдардың құпиялығын, осындай жобаларды iске асыру барысында жасалған ғылыми-техникалық ақпаратқа арналған құқықтарды сақтауға байланысты, сондай-ақ оны коммерциялық пайдалану шарттарымен байланысты мiндеттемелер Тараптардың ұйымдары жасасқан шарттарда белгiленедi.
      Осы Келiсiмнiң шарттары Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк құпияларын құрайтын ақпарат алмасу мәселелерiн қозғамайды. Қажет болған жағдайда, бұл мәселелер Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес реттелетiн болады.

  5-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар мен келiспеушілiктер Тараптар арасында келiссөздер мен консультациялар жүргiзу жолымен шешілетiн болады.

  6-бап

      Тараптардың өзара келiсімі бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресiмделетін өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

  7-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi, белгiсiз мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi өзiнiң осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниеті туралы екiншi Тараптан жазбаша хабарлама алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады.
      Осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату оларға қатысты Тараптардың өзге уағдаластығы болуынан басқа жағдайда, осы Келiсiмнiң шеңберiнде бұрын басталған басқа бағдарламалар мен жобалардың орындалуына әсер етпейдi.
      2005 жылғы "__" _______  Астана қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы        Қытай Халық Республикасының
      Энергетика және минералдық    Жер және табиғи ресурстар
      ресурстар министрлігі үшін    министрлігі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады