Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Заңы
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң
аумағында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды
ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы
келiсiм жасасу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берілiп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң аумағында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Нартай Нартайұлы Дүтбаевқа Қазақстан Республикасының атынан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң аумағында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
ЖОБА
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң
аумағында терроризмге қарсы бірлескен iс-шараларды
ұйымдастыру және өткiзу туралы
КЕЛIСIМ
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрi - Тараптар), Тараптар халықтарының бейбiт өмiрiне терроризмнің едәуiр қауiп-қатер төндiретіндігін түсiне отырып,
Тараптар аумағында терроризмге қарсы күрес тиiмдiлiгін қамтамасыз ету мақсатында,
Қалыптасқан жағдайда Тараптардың келiсiлген iс-қимылдары терроризмге қарсы күресте табанды қажеттілiк болып табылатындығына көз жеткізе отырып,
Терроризмге қарсы күрес iсiнде Тараптар ынтымақтастығын нығайту ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер халықтарының мүдделерiне жауап беретіндігін ескере отырып,
Тараптар аумағында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзудiң құқықтық негіздерiн құруға ұмтыла отырып,
2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясын, 2001 жылғы 15 маусымдағы терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясын, 2002 жылғы 7 маусымдағы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
ұлттық заңнаманы, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келiсті:
1-бап
Осы Келiсiм мақсаттары үшiн онда қолданылатын түсiніктер:
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралар - сұрау салушы Тараптардың аумағында терроризмге қарсы арнайы құралымдар күштерiнiң келiсiлген ниеті мен жоспары бойынша Тараптардың құзыретті органдарымен өткiзiлетін терроризмге қарсы күрес бойынша iс-шараларын;
терроризмге қарсы арнайы құралымдар - терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу үшiн ұлттық заңнамаға сәйкес әрбiр Тарап құрған мамандар тобын;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылар - терроризмге қарсы арнайы құралымдар бөлiмшелерiнiң жеке құрамы, терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралар басқармасы органының құрамына енгiзiлген адамдар және терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге жәрдем көрсетушi басқа да адамдарды;
сұрау салушы Тарап - өз аумағында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу үшiн терроризмге қарсы арнайы құралымдарды жiберу туралы сұрау салумен шыққан Тарап;
сұрау салынушы Тарап - терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу үшiн терроризмге қарсы арнайы құралымдарды жiберу туралы сұрау салушы Тарап сұрау салумен шыққан Тарапты;
жәрдем көрсету туралы сұрау салу - терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге жәрдем көрсету туралы сұрау салынушы Тараптың құзыретті органына сұрау салушы Тараптың құзыретті органының өтiнiшiн;
құзыреттi орган - терроризмге қарсы күрестi ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырушы және терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткізу үшiн жауапты Тараптың мемлекеттік органын;
қамтамасыз етудiң арнайы құралдары және материалдары - терроризмге қарсы iс-шараларды өткiзу кезiнде пайдаланылатын және сұрау салынушы Тараптың аумағынан шығару үшiн ұлттық заңнамаға сәйкес рұқсат етiлген қару-жарақтар мен әскери техника, қарулар мен оқ-дәрiлер, жабдықтар, байланыс құралдары, терроризмге қарсы арнайы құралымдарының қару-жарақтары, техникалық, көліктік және өзге де арнайы құралдар мен материалдарды;
ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитеті - Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитетiн бiлдiредi.
2-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзудiң құқықтық негізiн Тараптардың ұлттық заңнамасы, олардың халықаралық мiндеттерi, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормалары, сондай-ақ осы Келiсiм құрайды.
3-бап
Сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кiретiн терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылар сұрау салушы Тараптың аумағында болған кезеңде сұрау салушы Тараптың заңдары мен әдет-ғұрыптарын сыйлайды.
4-бап
Сұрау салушы Тарап сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретiн терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың құқықтық ережелерiн сыйлайды.
5-бап
Терроризмге қарсы арнайы құралымдардың сұрау салушы Тараптың аумағында болған кезiнде және басқа Тараптың аумағы бойынша транзит уақытында Тараптар мыналарды басшылыққа алады:
Сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушыларға қатысты және терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге қатысушылар сұрау салушы Тараптың және транзиттiк Тараптың заңнамасын қолданбайды. Кез келген жағдайда олар сұрау салынушы Тараптың юрисдикциясында болады;
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушы құқық бұзушылық жасаған кезде оған өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледі;
Тараптардың әрқайсысы сұрау салушы Тараптың аумағында қылмыс жасаған оның терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кiретiн терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушыларды ұлттық заңнамаға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға мiндеттенедi;
құқықтық көмек көрсету шеңберiнде процессуалдық амалдар жүргізу кезiнде Тараптар ұлттық заңнаманы және өздерiне алынған халықаралық мiндеттемелердi басшылыққа алады.
6-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралар террористiк iс-әрекеттердiң жолын кесу мақсатында өткiзiледi, оның ішінде:
кепілге алынған адамдарды босату;
жоғары технологиялық және экологиялық қауiпсiздiк, атом өнеркәсiбi, көлiк, энергетика, химиялық өндiрiс объектiлерiн және өзге де (дипломатиялық өкiлдiктердiң, халықаралық ұйымдардың және т.б. ғимараттары мен орын-жайлары) басып алған объектiлердi босату;
жарғыш құрылғыларды немесе өзге де құрылысы күрделi жойғыш құрылғыларды зиянсыздандыру;
террористердi, террористiк топтарды және/немесе ұйымдарды бейтараптандыру.
7-бап
Тараптар өзара келiсiм негізiнде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының көмегімен терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге қатысатын терроризмге қарсы арнайы құралымдары дайындығының келiсiлген бағдарламаларын әзiрлеуi және терроризмге қарсы арнайы құралымдардың бiрлескен жаттығуларын, олардың мамандарын машықтанудан өткiзуi мүмкiн.
8-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу туралы шешiм сұрау салушы және сұрау салынушы Тараптармен бiрлесе жазбаша немесе ауызша нысанда қабылданады.
Сұрау салушы Тарап ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетi арқылы қабылданған шешім туралы басқа Тараптарға хабарлайды.
9-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу үшiн терроризмге қарсы арнайы құралымдарды жiберу туралы сұрау салуды орындау мүмкiн болмаған кезде немесе орындаудан бас тартқан жағдайда сұрау салынушы Тарап бұл жөнiнде жазбаша нысанда сұрау салушы Тарапқа жедел ескертедi және сұрау салуды орындауға кедергі болатын себептер туралы хабарлайды.
Егер сұрау салынушы Тарап мұндай сұрау салуды орындау барысында орындау оның егемендiгіне, қауіпсiздігіне немесе басқа да маңызды мүдделерiне залал әкелуi немесе ұлттық заңнамаға қайшы келуi мүмкiн деп есептеген жағдайда толық немесе iшiнара бас тартуы мүмкiн.
Егер сұрау салынушы Тарап аталған сұрау салуды тез арада орындау оның аумағында жүзеге асатын жедел iздестіру қызметiне, қылмыстық қудалауға кедергі жасауы мүмкiн деп есептесе, сұрау салуды орындауды кейiнге қалдыруы немесе оның орындалуын қажеттi ретiнде айқындалған шарттарды сақтаумен байланыстыруы мүмкiн.
10-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу барысында ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетi өз құзыретi шеңберiнде Тараптарға жәрдем көрсетедi.
11-бап
Сұрау салушы Тараптың құзыреттi органы терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу туралы шешiм негiзiнде сұрау салынушы Тараптың құзыретті органына жәрдем көрсету туралы сұрау салады және бұл туралы ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетiн хабардар етедi.
Жәрдем көрсету туралы сұрау салу жазбаша нысанда, оның iшiнде мәтiндi берудiң техникалық құралдарын пайдалана отырып жолданады.
Жәрдем көрсету туралы сұрау салуға сұрау салушы Тараптың басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды және/немесе аталған органның елтаңбалық мөрмен куәландырылады.
Сұрау салушы Тарап сұрау салудың түпнұсқалылығына немесе мазмұнына күмән тудырған кезде қосымша растауға сұрау салуы мүмкiн.
Жәрдем көрсету туралы сұрау салу және оларға қоса жүретiн құжаттар, сондай-ақ басқа (жедел) ақпарат сұрау салынушы Тараптың құзыреттi органына орыс немесе қытай тiлдерiнде жолданады.
12-бап
Жәрдем көрсету туралы сұрау салу мыналарды қамтуы тиiс:
сұрау салушы Тараптың құзыреттi органының және сұрау салынушы Тараптың құзыретті органының атауы;
iстiң, сұрау салудың мәнін, мақсаттарын және негiздемесiн баяндау;
сұрау салынатын жәрдемнiң сипаттамасы;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзетін жерге сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарын жеткiзудiң тәсілдерi мен шарттары туралы ақпарат және оның барған елiне, соның iшiнде сұрау салушы Тараптың мемлекеттік шекарасынан өтетін жерi, уақыты және тәртібi туралы мәлiмет;
жәрдем көрсету туралы сұрау салу сұрау салуды тиiсiнше орындау үшiн пайдалы өзге де ақпаратты қамтуы мүмкiн.
13-бап
Сұрау салушы Тарап терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзетiн жерге сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кiретiн терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушыларды қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарын жеткізу үшін қажеттi жағдайлар жасайды.
Орналастыру тылдық және техникалық қамтамасыз ету сұрау салушы Тараптың есебiнен жүзеге асырылады.
Сұрау салушы Тарап сұрау салынушы Тараптың құзыретті органымен бiрлесе отырып, сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құрылымдарының құрамына кiретін терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушыларды қатынас еркiндiгімен қамтамасыз етедi.
14-бап
Сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кiретiн терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың, осы құралымдардың жекелеген мамандарының Тараптардың мемлекеттік шекараларының өту кезiнде, сондай-ақ Тараптарды қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарын олар арқылы өткiзуге тиiстi рәсiмдердiң белгіленген ұлттық заңнамаларымен жедел орындалуына ықпал етедi.
Сұрау салушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кiретiн терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылар, осы құралымдардың жекелеген мамандары белгіленген өткiзу пункттерiнде Тараптардың мемлекеттiк шекараларынан өтудi жеңiлдетiлген тәртiппен жеке басын сәйкестендiрусiз және кедендiк бақылаусыз сұрау салынушы Тараптың құзыретті органы куәландырған құжат негізiнде жүзеге асырады.
Қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарын Тараптардың мемлекеттік шекаралары арқылы өткiзу сұрау салынушы Тараптың құзыретті органы куәландырған қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдар тiзбесi негізiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте Тараптар оларды кедендiк жиындар мен өзге де төлемдерден босатады, тексеруге, алып тастауға және тәркiлеуге жатпайды.
15-бап
Сұрау салушы Тараптың аумағы бойынша сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кiретiн терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушыларды немесе осы құралымдардың жекелеген қатысушыларын, сұрау салынушы Тараптың қамтамасыз ету арнайы құралдары мен материалдарын өткiзу сұрау салушы Тараптың құзыретті органы өкiлiнің бақылауымен жүзеге асырылады.
Сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кiретін терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушыларды немесе осы құралымдардың жекелеген қатысушыларын, сондай-ақ басқа Тараптың аумағы бойынша қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарын транзиттік өткiзу оның құзыреттi органының рұқсаты және көмегімен жүзеге асырылады.
16-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды дайындау және өткiзу үшiн сұрау салушы Тарап басқару органын құрады.
Басқару органының басшысын сұрау салушы Тарап тағайындайды және өзiн тағайындаған адамға бағынады.
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылар басқару органының басшысына бағынады.
Басқару органының құрылымын, терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың мақсаттары мен мiндеттерiн басқару органының басшысы айқындайды.
Басқару органының құрамына терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысатын терроризмге қарсы арнайы құралымдардың басшылары, Тараптардың құзыретті органдарының және ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетінiң өкiлдерi енедi.
Басқару органында iс орыс және/немесе қытай тiлдерiнде жүргізiледi.
Басқару органының негізгі мiндеттерi:
Жағдайы туралы мәлiмет жинау, келiп түскен ақпаратты қорыту, бағалау және талдау оны терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушыларға және сұрау салушы Тараптың терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға тартылатын басқа құрылымдарына жеткізу;
басқару органы басшысының шешiмiн қабылдау үшiн ұсыныстар дайындау;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу жоспарын әзiрлеу және iске асыру;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылар арасында байланыс және өзара iс-қимыл ұйымдастыру;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге басшылық жасау және болуы мүмкiн келеңсiз салдарларды болдырмау бойынша шара қабылдау;
қажет болған кезде келiссөздер жүргізу тәсiлiн жасау және оларды терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу объектiсi болып табылатын адамдармен өткiзудi ұйымдастыру;
мемлекеттік билiк және сұрау салушы Тараптың басқару органдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу аймағында жедел iздестіру iс-шараларын және тергеу амалдарын өткiзудi қамтамасыз ету;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралардың қорытындыларын шығаруды ұйымдастыру болып табылады.
17-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды жүзеге асыру үдерiсiнде басқару органының басшысы:
басқару органының лауазымды адамдарын тағайындайды;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу аймағын айқындайды;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды дайындауға және өткiзуге басшылық етедi;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушыларды және қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарын пайдалану туралы iс-қимылда шешiм қабылдайды;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу жоспарын бекiтедi;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың iс-қимылын бастау және аяқтау және қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарын пайдалану уақытын айқындайды;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың iс-қимылын үйлестiрудi жүзеге асырады;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушыларға қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарын қолдану тәртiбi туралы сұрау салушы Тарап заңнамасының талаптарын жеткiзедi;
адамдарға терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзудiң объектілерi болып табылатын келiссөздер жүргізуге рұқсат етудi жүзеге асырады;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзудiң барысы және нәтижелерi туралы сұрау салушы Тараптың мемлекеттік билiк органдарының, ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетінiң және бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын хабардар етедi;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралардың аяқталуы туралы сұрау салушы Тарапқа ұсыныс енгiзедi және тараптардың құзыретті органдарына және ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетiне оны өткiзу нәтижелерi туралы есеп ұсынады.
18-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзудi басқаруға басқару органы басшысын тағайындаған тұлғадан тыс өзгелердiң араласуына жол берiлмейдi.
19-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың iс-әрекетi және қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарын пайдалану туралы шешімдi басқару органының басшысы сұрау салушы және сұрау салынушы Тараптардың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының басшыларымен келiсе отырып қабылдайды.
Сұрау салынушы Тараптардың терроризмге қарсы арнайы құралымының басшысы өз Тарабының құзыреттi органдарымен келiсе отырып, терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу жоспарын әзiрлеу барысында, өзi басқаратын терроризмге қарсы арнайы құрылымды жекелеген шараларға қатыстырудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте бас тарту себебiн көрсету арқылы баянат түрiнде жазбаша нысанда ресiмделедi.
Шешім басқару органы басшысының жазбаша бұйрығымен әзiрленедi.
Қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарын қолдануды көздейтiн терроризмге қарсы арнайы құралымдар iс-қимылға енгеннен кейiн, тек терроризмге қарсы арнайы құралымның басшысы ғана осы баптың үшiншi абзацында айтылған бұйрықты орындау кезiнде терроризмге қарсы арнайы құралымдардың iс-қимылына тiкелей басшылық етудi жүзеге асырады, ал терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың iс-қимылдары аса қажеттілiк ретiнде қарастырылады.
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу жоспарымен көзделген терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу кезiнде жасалатын iс-қимылдар тәртiбi терроризмге қарсы арнайы құралым басшысымен келісiле отырып, басқару органының басшысы өзгертуi мүмкін.
20-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу барысында қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарын қолдану сұрау салушы Тараптардың заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
21-бап
Сұрау салушы Тараппен шекаралас (шектесетiн) Тарап қауiпсiздігіне қауiп төнген жағдайда, басқару органы осы Тараптың құзыретті органын тууы мүмкiн қауiптiң сипаты мен ауқымы туралы хабардар етедi және сұрау салушы Тарап аумағында оны оқшаулау бойынша шаралар қабылдайды.
22-бап
Жұртшылықты терроризмге қарсы бiрлескен, iс-шараларды өткiзу барысы туралы хабардар ету басқару органының басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша жұртшылықпен байланыс орнатуға жауапты тұлға айқындайтын нысанда және көлемде сұрау салушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды әзiрлеу мен өткiзу барысында:
терроризмдi насихаттау мен ақтауға бағытталған;
терроризмге қарсы арнайы iс-шараларға қатысушылар туралы;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзудiң арнайы техникалық әдiстерi мен тактикасын ашатын;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу кезiнде пайдаланылатын қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарының сипаттамасы туралы;
cұpaу салушы Тараптардың ұлттық заңнамасымен таралуына тыйым салынған өзге де ақпараттың таратылуына жол берiлмейдi.
24-бап
Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралардың аяқталуы мен басқару органының таратылуы туралы шешімдi сұрау салушы тарап қабылдайды.
Сұрау салушы Тарап терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралардың аяқталуы мен қорытындысы туралы өзге Тараптарды және ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетiн хабардар етедi.
Сұрау салушы Тараптың құзыреттi органы Тараптардың құзыретті органдары мен ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетiне терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды жүзеге асыру барысы туралы қорытынды және талдамалы материалдар жiбередi.
25-бап
Сұрау салушы Тарап сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдардың құрамына кiретiн, терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың, сұрау салынушы Тараптың қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарының қайтарылуын қамтамасыз етедi.
Сұрау салушы Тарап аумағынан, сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдардың құрамына кiретiн терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың шығарылу жоспары мен мерзiмi сұрау салынушы Тараптың құзыреттi органымен келiсе отырып, сұрау салушы Тараптың құзыреттi органы бекiтедi және айқындайды.
26-бап
Терроризмге қарсы арнайы құралымның қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдары сұрау салынушы Тараптың меншігі болып табылады және (немесе) сұрау салушы Тараптың қандай да бiр нысанда оқшаулауына немесе ұстап қалуына болмайды.
Терроризмге қарсы арнайы құралымның пайдаланылмаған қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдары сұрау салынушы Тарап пен сұрау салушы Тараптың аумағынан терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралардың аяқталуына байланысты әкетiлуi тиiс. Егер ерекше жағдайларға байланысты қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарының әкетілуi мүмкiн болмаса, олар сұрау салушы және сұрау салынушы Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша сұрау салушы Тарап аумағында оның ұлттық заңнамасына сәйкес iске асырылуы немесе жойылуы мүмкiн.
27-бап
Сұрау салушы Тарап терроризмге Қарсы бiрлескен іс-шараларды өткiзуге қатысушы сұрау салынушы Тарапқа, оның iшiнде, дене зақымдануы, өлiммен байланысты залал немесе сұрау салушы Тарап аумағында тұратын жеке тұлғалардың өмiрi, денсаулығы және мүлкiне келтiрiлген кез келген басқа залалды (бұдан әрi - залал), сондай-ақ заңды тұлғалар мен сұрау салушы Тараптың өзiне, басқару органының басшысы қойған тапсырмаларды орындау кезiнде келтiрiлген залалды өтеуге қатысты қандай да бiр талап қоюдан бас тартады.
Егер сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымның құрамына кiретін, терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушы басқару органының басшысы қойған тапсырмаларды орындау кезiнде ұйымның қандай да бiр тұлғасына немесе сұрау салушы Тараптың өзiне залал келтiрсе бұл залал сұрау салушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес өтеледi.
28-бап
Сұрау салушы Тараптың аумағында сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымның құрамына кiретiн терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылары келтiрген залал осы Келiсiмнiң 27-бабында қарастырылмаған жағдайда, мүдделi Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша өтеледi.
29-бап
Әкелiнген қамтамасыз етудiң арнайы құралдары мен материалдарының жоғалуы, толық немесе iшiнара жойылуына байланысты шығыстармен қоса, сұрау салынушы Тарап жұмсаған шығыстарды өтеу тәртiбi мүдделi Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша белгiленедi.
30-бап
Сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына, терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткізу кезiнде келтiрiлген залалды, сұрау салушы Тараптың терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушыларға осыған ұқсас жағдайлар кезiнде залал келтірiлгенде қолданылатындай және оның ұлттық заңнамасымен көзделген тәртiпте сұрау салушы Тарап өтейдi.
Бұл ретте сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдардың құрамына кiретiн терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылар мен олардың отбасыларына, оның ұлттық заңнамасымен белгіленген жеңiлдiктер, кепiлдiктер, өтемақылар толық көлемде сақталады. Аталған тәртiп, егер мұндай залал сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кiретін терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың сұрау салушы Тарап аумағына келуi кезеңiнде, сондай-ақ басқа Тараптың аумағында транзиттiк уақытта келтiрiлген жағдайда қолданылады.
31-бап
Тараптар өз ұлттық заңнамаларына сәйкес осы Келiсiмнiң күшіне ену үшiн қажетті iшкi мемлекеттік рәсiмдердiң орындалуы, сондай-ақ құзыретті органдардың немесе олардың атауының өзгеруi туралы бiр мезгілде депозитарийге жазбаша хабарлайтын, терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге және (немесе) осы Келiсiмдi жүзеге асыруға жауапты құзыретті органдарды айқындайды.
32-бап
Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне түсiнік беру немесе қолданудан туындауы мүмкін даулы мәселелердi кеңес беру немесе келiссөздер арқылы шешетiн болады.
33-бап
Осы Келiсiм Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын, өзге халықаралық шарттардан шығатын құқықтар мен мiндеттерге нұқсан келтірмейдi.
34-бап
Осы Келiсiм шеңберiнде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде тараптар жұмыс тілі ретінде орыс және қытай тiлдерiн пайдаланады.
35-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың келісiмiмен осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын хаттамалар түрiнде ресiмделетін өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн және осы Келiсiмнің 36-бабында белгіленген тәртiппен күшіне енедi.
36-бап
Осы Келiсiм белгісiз мерзiмге жасалады және осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшін қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi Тараптардың орындауы туралы жазбаша нысанда депозитарийдiң төртiншi хабарлама алған күнiнен бастап, 30-күні күшiне енедi.
Осы Келiсiмнің депозитарийi осы Келісiмге қол қойылған күннен бастап, 15 күн ішінде Тараптарға оның куәландырылған көшірмелерiн жiберетiн Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы болып табылады.
Осы Келiсiмнің 31-бабында көрсетiлген белгілi бiр құзыретті орган туралы Тараптан жазбаша хабарландыру алған күннен бастап, 15 күн iшiнде депозитарий бұл жөнінде басқа Тараптарға хабарлайды.
Осы Келісiм 2001 жылғы 15 шiлдедегі терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына қатысушылар болып табылатын мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық. Қосылған мемлекет үшiн осы Келiсiм, оның қосылуы туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап, 30-күнi күшiне енедi.
Осы Келiсiм Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет болып тұрғанда кез келген Тарапқа қатысты күшiнде қалады.
200_ "__"_________ _________ қаласында, бір данада орыс және қытай тілдерінде жасалды, сондай-ақ екі тілдегі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Қытай Халық Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Тәжікстан Республикасы үшін
Өзбекстан Республикасы үшін