"1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 696 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      "1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану
мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршілігін
қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берілiп отырған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы атынан 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасуға өкiлеттік берiлсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Жоба

  1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану
мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршілiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісiмге (бұдан әрі - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келістi:

      1. Кiріспедегi:
      үшiнші абзац алынып тасталсын;

      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып".

      2. 1-баптың екiншi абзацындағы "Жезқазған" деген сөз "Қарағанды" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. 2-баптағы "Полигонның ӘШҚҚ-72 жөнiндегi Шарттың 4-бабында айтылған және 1978 жылғы 1 қарашадағы Шартқа Келiсілген мәлiмдемеде бекiтілген" деген сөздер алынып тасталсын.

      4. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы жалға беру шартымен онда орналасқан Полигонның объектілерiмен жылжымалы және жылжымайтын мүлкімен, сондай-ақ Приозерск қаласының жылжымалы және жылжымайтын мүлкімен бiрге жер учаскелерiн Ресей Федерациясына уақытша пайдалануға бередi.
      2. Ресей Федерациясы 1996 жылғы 18 қазандағы Сарышаған сынақ полигонын жалға беру туралы шартқа жер учаскелерін, оларды жалға беру кезеңінде Полигонның Ресей Федерациясы мүдделерінде пайдаланғаны үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.".

      5. 7-баптың 1-тармағының екiншi сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының, олардың құрамына кiретiн тұлғалар мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi, сондай-ақ Полигон аумағындағы Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының заңдық құзыр мәселелерi 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған Ресей Федерациясы әскери құрамаларының мәртебесі туралы келісіммен және Тараптардың басқа да келiсiмдерiмен айқындалады".

      6. 9-бапта:
      бiрiншi абзацтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Полигонның қызметi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiмен келiсiм бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрi бекiтетiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң Мемлекеттiк орталық түраралық полигонының құрылымдық бөлiмшелерi, объектiлерi және әскери алаңдары туралы ережемен (бұдан әрi - Полигон туралы ереже) регламенттеледi";

      жетiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiктерiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк органымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 10-баптағы:
      екiншi абзацтағы "қалпына келтiрудi және" деген сөздер алынып тасталсын;

      төртiншi абзацтың қазақша мәтiнi өзгерiссiз қалады;

      тоғызыншы абзацтағы "қамтамасыз етудi" деген сөздерден кейiн (;) таңбасы қойылып, "мiндеттенедi" деген сөз алынып тасталсын;

      тоғызыншы абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тараптардың келiсiмiмен айқындалатын тәртiппен қажет болған кезде нысаналар мен зымырандар құлаған алаңдарды қайта өңдеудi мiндеттенедi";

      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Полигонның қолбасшылығы Қазақстан Республикасының жергілiкті атқарушы билiк органдарымен бiрлесiп дүлей зiлзалаларды жоюға көмек көрсету кезiнде Полигон аумағының учаскелерiн пайдаланудың тәртiбiн айқындайды";

      мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Полигонның аумағын басқа мақсаттарда пайдалану кезiнде оның жоспарлы жұмыстарын уақытша тоқтату немесе шектеу Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң бiрлескен шешiмдерi негізiнде жүргiзiледi".

      8. 11-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингті жүргізудi, жердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келiсiлген тәртiппен және мерзiмде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөнiндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы жүзеге асырады".

      9. 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ресей Тарабы Полигонның аумағында геологиялық барлауды және пайдалы қазбалар өндiрудi жүргiзбеуге мiндеттенедi. Полигон аумағында аң аулау, балық аулау және жабайы өсiмдiктердi жинау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады".

      10. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Полигонда сынақтан өткен қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерiн сатып алуға басым құқығы бар".

      11. 18-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әскери тасымалдаулар және олар үшiн есеп айырысу тәртiбi Тараптардың жеке келiсiмiмен айқындалады".

      12. 22-бап бiрiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      Тараптардың бақылау органдарын құпия мәлiметтерi бар жұмыстар мен құжаттарға рұқсатнамасы нысандарының сәйкестігі Тараптардың жеке келiсiмiмен айқындалады".

      13. 23-баптағы "Шартты" деген сөзден кейiн "және осы Келiсiмдi" деген сөздермен толықтырылсын.

      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушілiктер Тараптар арасында өзара консультациялар және келiссөздер жолымен шешілетiн болады.
      Тараптардың бiрiнде бiрлескен шешiмдi талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабардар етедi.
      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттама 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және өз әрекетiн осы Келiсiммен бiр мезгілде тоқтатады.
      200__жылғы "__"_________ ________________қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерiндегi екi данада жасалды әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ         РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
      YШIН                           YШIН

  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы Сары-Шаған сынақ полигонын пайдалану
мен жалға беру шарттары және Приозерск қаласының
тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету туралы
КЕЛІСІМ

      Әрi қарай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 жылғы 22 қаңтардағы сынақ полигондарын пайдалану тәртiбi туралы Келiсiмнiң ережелерiне сүйене отырып;
      төменде РҚҚ-72 бойынша Шарт деп аталатын Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы 1972 жылғы 26 мамырдағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерiн шектеу туралы Шартта бекітілген мақсаттар мен принциптерге өздерінің адалдығын қуаттай отырып;
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң 1992 жылғы 9 қазандағы РҚҚ-72 Шартына қатысу туралы Шешімін, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартты, Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Келiсiмдi басшылыққа ала отырып;
      жылжымалы және тұрақты мүлкімен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Сары-Шаған полигоны және Приозерск қаласының объектiлерi Қазақстан Республикасының меншігі екендiгiн ескере отырып, және Тараптардың қорғаныс қабылетін қамтамасыз ету мақсатында, ғылымы мен экономикасын дамыту мүддесі үшiн Сары-Шаған полигонын сақтау және дамыту қажеттігiн мойындай отырып,
      төмендегілер жөнiнде келісті:

  1-бап

      Осы Келiсiмнiң тақырыбы әрі қарай Полигон деп аталатын Сары-Шаған полигоны мен Приозерск қаласы болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясына Тараптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ғылымы, экономикасын дамыту мүдделері үшін уақытша Полигонның объектiлерi мен Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкін беруі жалға беру шартымен жүзеге асырылады. Полигонның және Приозерск қаласының жалға беру жағдайымен берілетін объектiлерi мен жылжымалы және тұрақты мүлкінің тізбесі мен құрамы, жалға беру ұзақтығы, жалға беру ақысының мөлшері мен оны енгізу мерзімі, осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейін үш ай мерзім ішінде жасалатын жалға берудің жеке Шартымен анықталады.
      Полигон Жезқазған, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда облыстары аумақтарында орналасқан.
      Полигонның жер учаскелерiнiң шекараларын анықтайтын нүкте координаталарының тізбесі осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада келтірілген.

  2-бап

      Тараптар Полигонның ӘШҚҚ-72 жөнiндегi Шарттың 4 бабында айтылған және 1978 жылғы 1 қарашадағы Шартқа Келiсiлген мәлімдемеде бекітілген Полигонның iс жүзіндегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс сынақ полигоны ретiнде ерекше статусын растайды.

  3-бап

      1. 1991 жылдың 31 тамызына дейін жасалған және қондырылған Полигонның және Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
      2. Полигонда және Приозерск қаласында 1991 жылдың 31 тамызынан кейiн жасалған, алынған және қондырылған жылжымалы және тұрақты мүлiкке деген меншiк құқығы Полигонның және Приозерск қаласының объектiлерiн ұстауға, пайдалануға және кезекті жөндеуге кеткен шығындарды есептемегенде, оны құруды, алуды және жеткiзудi қаржыландыруды жүзеге асырушы Тарапқа берiледi. Осыған орай Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен мұндай мүлiктi жасауды және жеткізуді, сондай-ақ жалға беру мерзімі біткеннен кейін оны Тараптардың пайдалануын келiседi.
      3. Барлық жағдайларда жобалық шешiмдердiң экологиялық және басқа да қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Полигон басшылығының Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен ведомстволарына талқылау мен сарап қорытындысы үшiн керектi мәлiметтердi беру жолымен жүзеге асырылады.

  4-бап

      1. Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 31 тамыздағы жағдайға сәйкес Ресей Федерациясына жалға беру жағдайымен, келiсiлген түгендеу ведомствосы бойынша Полигонның объектiлерi мен Приозерск қаласының жер учаскелерi, жылжымалы және тұрақты мүлкiн бередi. Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн аталған мүлiктi жалға беру шартын дайындау үшiн бiрлескен комиссия құрады. Бiрлескен комиссия жалға беру шартында жыл сайынғы жалға беру ақысының мөлшерiн, сондай-ақ 1992-1994 жылдары Ресей Федерациясының Полигонды және Приозерск қаласын пайдалануына байланысты Қазақстан Республикасының әрбiр жылға жылдық жалға беру ақысы деңгейiнде мүлiктiк шығын және шығындар мөлшерiн бағалайды. Екi мемлекеттiң Үкiметтерi ақы беру механизмiн жалға беру шартына сәйкес анықтайды.
      Осы мақсаттарда Тараптар бiрлескен Комиссияға аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды бередi.
      2. Қазақстан Республикасы жалға беру жағдайымен уақытша пайдалануға Ресей Федерациясына берiлетiн Полигон және Приозерск қаласы объектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалану құқығын бередi. Ресей Федерациясы өз мүддесiнде пайдаланатын Полигонның жерлерi үшiн (тұрақты немесе мезгiлдi) ақы төлейдi.

  5-бап

      Ресей Федерациясына жалға беру жайымен берiлетiн жылжымалы және тұрақты мүлiк, тиiстi жер учаскелерi тек қана Полигон алдында тұрған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету үшiн мақсатты бағытта пайдаланылуға тиiс. Бұл мүлiк пен жер учаскелерi Тараптардың немесе үшiншi мемлекеттердiң жеке және заңды адамдарына субарендаға берiлмейдi.

  6-бап

      Жалға беру мерзiмi бiткенде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң күшi немесе, жалға беру жайымен берiлген жекелеген объектiлерде жұмыстар уақытынан бұрын тоқтаған жағдайда, Ресей Федерациясы әрi қарай пайдаланылуға болатындай күйде жалға алынған жылжымалы және тұрақты мүлiктi және тиiстi жер учаскелерiн Қазақстан Республикасына қайтарады.
      Барлық жағдайларда мүлiк пен жер учаскелерiн қабылдау-беру Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнен құралған бiрлескен комиссиямен жүзеге асырылады.

  7-бап

      1. Полигонның Ресей Федерациясына берiлген объектiлерiн, Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкiн пайдалануды қамтамасыз ететiн әскери құрамалар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң құрамына кiредi. Уақытша Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының, статусы Тараптардың жеке келiсiмiмен анықталады.
      2. Әскери құрамалардың штаттық құрылымдары мен саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiмен бекiтiледi.
      3. Полигон бастығын тағайындау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң келiсiмiнен кейiн Ресей Федерациясы Қорғаныс министрiнiң ұсынуымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясының Президентiмен жүзеге асырылады.
      4. Полигон орындайтын тапсырмалар көлемi өзгергенде, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң келiсуiмен, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери құрамаларының штаттық құрылымдары мен әскери қызметшiлер санында қажеттi өзгертулердi жүзеге асырады.

  8-бап

      Приозерск қаласы Қазақстан Республикасының облыстық бағыныштағы қаласы болып табылады.
      Ресей Федерациясына жалға берiлген қала объектiлерiн есептемегенде, Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстау Тараптардың үлес қатысы принциптерiне сүйенiп жүзеге асырылады және жал жөнiндегi шартпен анықталады.
      Ресей Федерациясының Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстауға беретiн үлесi Қазақстан Республикасына Приозерск қаласы үшiн мақсатты бағытта төленедi және Ресей Федерациясының жалға берiлген Полигонның объектiлерi, Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн жал ақысының жалпы құрамына кiредi.
      Приозерск қаласының әкiмi Полигонның әскери қызметшiлерiн, жұмысшылары мен қызметшiлерiн, сондай-ақ өнеркәсiп өкiлдерiн бөлек ақыға Қазақстан Республикасы заңына сай тұрғын және қонақ үй фондымен қамтамасыз етедi, сондай-ақ жалпыға бiлiм беретiн мектептер мен мектепке дейiнгi мекемелерден орындар бередi.

  9-бап

      Полигонның қызметi ол туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмiмен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi бекiтетiн қорғаныс тақырыбындағы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгiнiң Тараптардың ғылымы мен экономикасының мүддесi үшiн жұмыстар тақырыбы бойынша ережелермен реттеледi.
      Полигонның аталған жұмыстары үшiн:
      - күрделi құрылыстар жоспарын қоса есептегенде, Полигон мен Приозерск қаласын ұстау мен дамыту жоспарлары;
      - ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық жоспарлары;
      - сынақ жұмыстарын өткiзудiң жылдық кестелерi;
      - Тараптар әскерлерiнiң нақты ракеталарды ұшыратын тактикалық жаттығуларды өткiзу жоспарлары;
      - қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеудiң жылдық жоспарлары негiз болып табылады.
      Жылдық жоспарлар мен кестелер оларға қатысы бар жәйттерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi және Қазақстан Республикасы Ғылым мен жаңа технология министрлiктерiмен келiсу бойынша, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiмен жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн бекiтiледi.

  10-бап

      Ресей Федерациясы Полигонның объектiлерiн және Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкiн пайдалану кезiнде:
      - аталған объектiлер инфрақұрылымын қалпына келтiрудi және ұстауды;
      - Тараптардың қару-жарағы және әскери техникасы үлгiлерiн сынауды белгiленген шекараларда өткiзудi;
      - жүргiзiлетiн жұмыстар қауiпсiздiгi мен Полигон аумағында ракеталар ұшыруды қамтамасыз етудi;
      - Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсуiмен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мүддесi үшiн сынақ және ұрыс алаңдарын ұрыс атыстарын орындау үшiн пайдалануды;
      - аталған объектiлердiң ғылыми-техникалық сынақ кешенi мен инфрақұрылымын сақтауды және оларды жұмыс бабында ұстауды;
      - ракеталар мен нысаналар қалдықтарын iздеудi, көшiрудi және пайдалануды, ұрыс алаңдарын уақытылы тазалауды;
      - апаттар салдарын уақытылы жоюды және мөлшерi Тараптардың комиссиясымен анықталатын, Қазақстан Республикасына келтiрiлген зиянның орнын толтыруды;
      - Полигон шеңберiнде экологиялық жағдайды табиғатты қорғаудың ұзақ мерзiмдi бағдарламасын жасау, бекiту және iске асыру жолымен қалпына келтiрудi қамтамасыз етудi мiндеттенедi.
      Полигон басшылығы жергiлiктi өкiлеттi және басқару органдары басшыларымен бiрлесе Полигон аумағын мерзiмдi ауылшаруашылық жұмыстары кезiнде пайдалану тәртiбiн анықтайды.
      Полигонның iшкi байланыс жүйелерiн, автомобиль және темiр жолдарын, жылжымалы составтар мен су көлiктерiн пайдалану және ұстау осы құралдарды пайдаланатын Полигонның әскери құрамаларымен жүзеге асырылады.

  11-бап

      Полигон пайдаланатын жер учаскелерiнде адамдар, өсiмдiк және жан-жануарлар өмiрiне қауiп төндiретiн радиоактивтi, улы заттар, ядролық және химиялық қару-жарақ, басқадай өнiмдердi пайдалануға және көмуге тиым салынады.

  12-бап

      Ресей Федерациясы экологиялық нормативтердi, су мен жердi пайдалану ережелерi мен нормаларын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес орындауға мiндеттi. Полигонның қызметi салдарынан экологиялық зиян келтiрген жағдайда, Ресей Федерациясы зардаптарды жоюды жүзеге асырады. Осыған орай iске асыру тәртiбi мен зиянның мөлшерi арнайы құрылған мемлекетаралық комиссиямен анықталады.

  13-бап

      Ресей Федерациясының кәсiпорындары мен ұйымдарына, әскери ведомстволарына, жеке адамдарына Полигон аумағында геологиялық барлау жүргiзуге, пайдалы қазбаларды өңдеуге, аңдарды аулау кәсiбiмен айналысуға, балық аулауға, жабайы өсiмдiктердi жинауға тиым салынады.

  14-бап

      Шеттен әкелiнетiн және шетке шығарылатын мүлiктi, соның iшiнде Приозерск қаласының әскери аймағында кедендiк тексеру Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы кеден инспекцияларының өкiлдерiмен жүзеге асырылады.

  15-бап

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы Шарт пен ӘШҚҚ-72 бойынша Шартқа сәйкес Полигонда сынақтан өткен жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерiн, соның iшiнде жалдық ақы есебінен, алуға басым құқығы бар.

  16-бап

      Ресей Федерациясы жеке Келiсiмдер негiзiнде Қазақстан Республикасына радиоэлектроника мен байланысты дамытуға, әскери, ғылыми және инженер-техникалық мамандарды дайындау және қайтара дайындауға көмек көрсетуге өзіне міндеттемелер қабылдайды.
      Тараптар Қазақстан Республикасының Ұлттық радиоэлектроника және байланыс орталығының бірлескен қызметіне, және Ресей Федерациясының Полигонда өз қызметін жүзеге асырушы өнеркәсіптерін ұйымдастыруға, пайдаланылмай жатырған өнеркәсіп күштері мен объектiлерi базасы негізінде қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорындары мен ұйымдастыру құрылымдарын құруға, басқа мемлекеттер инвесторларын тартуға, Полигонды пайдалануда Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтық кәсіпорындарының қатысуына көмек көрсетеді.

  17-бап

      Осы Келiсiмнiң қосымшасында шекарасы анықталған, Полигон аумағының әуе кеңiстiгі оның жұмысын қамтамасыз етуге пайдаланылады және тиым салынған аймақ болып есептеледі.
      Полигон аумағының әуе кеңістігін пайдалану тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы заңды және басқа да нормативті актілерімен анықталады.

  18-бап

      Полигон үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралары арқылы жүктерді жіберу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кедендік заңына сәйкес алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендік баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусіз жүзеге асырылады.
      Әскери қызметшiлер, олардың отбасы мүшелері, өнеркәсiп мамандары Ресей Федерациясынан Полигонға жаңа қызмет немесе жұмыс орнына және керi қарай жiберiлгенде, алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендiк баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусiз кеден шекаралары арқылы өз жүктерiн алып өтедi.

  19-бап

      Пайдаланудың белгiленген амортизациялық мерзiмiн өтеп, техникалық нормаларға сәйкес шығынға жазылуға тиiстi Ресей Федерациясына уақытша жалға берiлетiн жылжымалы және тұрақты мүлiкке иелiк ету, Тараптардың қорғаныс министрлiктерiнiң келiсiлген ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқаруға өкiлденген мемлекеттiк органымен жүзеге асырылады.

  20-бап

      Полигон және Приозерск қаласының объектiлерi аумағында сауда-тұрмыс, әлеуметтiк, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету Тараптардың жеке келiсiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Полигонның қызметшiлер мен жұмысшылар қызметтерiне Ресей Федерациясының азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары да қабылданады. Осыған орай, оларға, азаматтығына қарамастан Ресей Федерациясының еңбек заңына сәйкестi барлық еңбек ақы төлеу шарттары таратылады.

  21-бап

      Полигон аумағында орналасқан және қызмет атқаратын әскери құрамалар және өнеркәсiп ұйымдарының қызметi Ресей Федерациясымен қаржыландырылады.
      Полигон аумағындағы орналасқан Тараптардың әскери қызметшiлерi мен әскери құрамаларының тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету мақсатында, Тараптардың ұлттық валюта айналымы мәселелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен Ресей Федерациясының Орталық банкiсi арасындағы Келiсiмге сәйкес реттеледi.

  22-бап

      Полигон режимдi объект болып табылады. Ресей Федерациясына жалға берiлген Полигонның және Приозерск қаласы объектiлерiнiң барлауға қарсы қамтамасыз етiлуi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және оның құрамына кiретiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестiк туралы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады. Полигонда және Приозерск қаласының аталған объектiлерiндегi режимдiк шаралар Полигон басшылығымен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнде орнатылған тәртiппен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
      Полигон объектiлерiне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi әскери бөлiмдерiнiң, Қазақстан Республикасының радиоэлектроника және байланыс Ұлттық Орталығының және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң, сондай-ақ Тараптардың өнеркәсiп ұйымдарының өкiлдерiн жiберу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң келiсiлген тәжiрибе-конструкторлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кестесiне, тактикалық жаттығулар жоспарлары және аталған бөлiмдер мен ұйымдардың шектелген өтiнiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Полигонға қызмет бабының мiндеттерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының ресми адамдарын жiберу Қазақстан Республикасының iс жүзiндегi нормативтi актiлерi анықтаған тәртiппен, сондай-ақ Полигон туралы ережемен анықталады.
      Полигонда үшiншi елдер азаматтарының болуы Тараптардың белгiленген тәртiбiмен келiсiледi.

  23-бап

      Қазақстан Республикасы арнайы органдар құра алады және қажет болғанда, Полигонда шартты жалға беру жөнiндегi шартты орындауға байланысты барлық мәселелердi шешу үшiн олардың өкiлдерiн Полигонға жiбере алады.

  24-бап

      Осы Келiсiмдi орындау бойынша Тараптардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасы мен Ресей Фөдерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес құрылатын Бiрлескен Комитет жүзеге асырады.

  25-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Келiсiм он жыл мерзiмге жасалады. Оның күшi, егерде бiр Тарап екiншi Тарапқа әрбiр он жылдық мерзiмнiң бiтуiне алты ай қалғанға дейiн оның қызметiн тоқтату туралы өз тiлегiн хабарламаса, оның қызметi кейiнгi он жылға өзiнен-өзi ұзартылады.
      Егерде Тараптар жалға беру шарттары туралы келiсiлген шешiмге келмесе немесе Тараптар бұл шарттарды орындамаса осы Келiсiмнiң қызметi тоқтатылады.
      Осы Келiсiм қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетаралық рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы мәлiмдемесiнен кейiнгi күнi күшiне енедi.

      1995 жылы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалынды, сондай-ақ екi текстiң күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ         РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
      ҮШІН                           ҮШІН

                                  Қазақстан Республикасы мен Ресей
                                  Федерациясы арасындағы Сары-Шаған
                                   сынақ полигонын пайдалану мен
                                 жалға беру шарттары және Приозерск
                                қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз ету
                                     туралы Келiсiмге қосымша

                Сары-Шаған полигонының жер учаскелерi
           шекараларын анықтайтын координаталық нүктелер
                               ТIЗБЕСI

УЧ.
NN

Географиялық координаталар

солтүстiк ендiк (градустар минуттер секундтер)

шығыс бойлық (градустар минуттер секундтер)

 1

            2

3              

 1

46

07

20

73

34

28


46

07

21

73

32

28


46

38

34

73

26

20


46

46

45

73

25

40


46

53

37

73

18

25


46

56

00

72

39

45


47

00

43

72

01

50


47

04

10

71

52

00


47

12

33

71

19

40


47

13

00

71

02

00


47

22

00

70

26

00


47

10

00

70

23

30


47

11

00

70

17

00


47

29

 45

69

32

31


47

33

10

69

20

19


47

19

15

69

14

00


47

16

27

69

12

40


47

15

50

69

06

45


47

07

20

68

47

40


46

49

23

68

33

30


46

37

30

68

34

30


46

10

00

68

49

00


46

10

00

69

13

00


46

00

00

69

16

20


45

55

00

69

17

00


45

49

20

69

16

10


45

32

30

69

21

00


45

30

00

69

20

00


45

30

10

69

41

20


45

28

40

69

59

30


45

30

00

70

04

30


45

28

25

70

10

15


45

28

00

70

31

50


45

27

00

70

36

00


45

25

00

70

56

30


45

25

30

71

27

20 


45

23

25

71

34

00


45

19

20

72

03

42


45

18

38

72

06

05


45

18

20

72

13

49


45

20

12

72

17

20


44

57

55

73

17

23


44

55

26

73

19

56


44

54

58

73

25

57


44

57

23

73

30

30


44

59

22

73

30

25


44

59

26

73

38

45


45

02

55

73

46

28


45

10

41

73

52

47


45

14

25

73

44

40


45

30

13

73

29

58


45

39

21

73

21

15


45

40

50

73

18

25


45

47

15

73

19

55

 2

47

14

45

68

22

55


47

14

45

68

22

30


47

14

25

68

22

30


47

14

25

68

22

55

 3

47

23

48

67

32

46


47

24

07

67

27

24


47

23

17

67

26

42


47

21

06

67

25

51


47

20

18

67

29

47


47

21

07

67

31

55

 4

47

55

01

63

41

00


47

58

40

63

13

00


47

54

30

63

13

30


47

12

00

63

01

00


47

02

50

63

35

00


47

11

00

63

35

00


47

26

30

63

41

00


47

53

00

63

40

00


47

58

40

63

13

00

 5

48

03

40

61

39

50


48

08

45

60

34

50


47

45

00

60

27

00


47

29

35

61

08

58


47

23

17

61

27

08


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады