Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы Электр энергетикасы кешеніндегі ынтымақтастықты тереңдету туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 710 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
 

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы Электр энергетикасы кешеніндегі ынтымақтастықты тереңдету туралы меморандумға қол қоюға келісім берілсін.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі мен Ресей Федерациясы Өнеркәсіп
және энергeтика министрлігі арасындағы электр
энергетикасы кешеніндегі ынтымақтастықты
тереңдету туралы
МЕМОРАНДУМ

Астана қаласы                              2005 жылғы 6 шілде

      Отын-энергетикалық кешеніндегі қазақстан-ресей ынтымақтастығының ахуалын қарап,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің мүліктік және қарыз проблемаларын реттеуді толық аяқтау және отын-энергетикалық кешендеріндегі интеграциялық процестерді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындай отырып,
      1. Жақтар "Қазақстанэнерго" УЭЖ" РМК-ТSD РАО "ЕЭС РОССИИ" ААҚ-тың алдындағы қарызын реттеу жөніндегі жүргізілген жұмыстарды мақұлдайды және ертерек қол жеткізілген келісімдерге сәйкес "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ негізінде бірлескен қазақстан-ресей кәсіпорнын құруды констатациялайды.
      2. Жақтар электр энергетикасы саласындағы екі жақты өзара интеграцияны одан әрі тереңдету қажеттілігін атап отыр және осы мақсаттарда екі бағыттан құрылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы электр энергиясының жалпы рыногін құру бағдарламасын жасайды:
      І-бағыт. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы электр энергетикалық жалпы рыногін қалыптастыру.
      ІІ-бағыт. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының инвесторларымен екі елдің электр энергетикалық саласындағы кәсіпорындарға тікелей инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі жобаларды іске асыру.
      3. Бағдарламаны жасау үшін біріккен жұмыс тобы құрылады.
      Топтың жұмысын
      қазақстандық жағынан - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В. Школьник
      ресейлік жағынан - Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және энергетика министрі В. Христенко басқарады.
      Жұмыс тобы құрамына "КЕGОС" ААҚ, РАО "ЕЭС России" ААҚ, "ФСК" ААҚ, "СО ЦДУ ЕЭС" ААҚ, "Интер РАО ЕЭС" ЖАҚ және Қазақстан мен Ресейдің басқа да мүдделі ведомстволары мен ұйымдарының уәкілетті өкілдері енгізіледі.
      Жұмыс тобы 2005 жылғы 1 қыркүйекке толық қалыптасады.
      4. Бағдарламаның бірінші бағытын жасау мақсатында Жұмыс тобы 2005 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтерінің қарауына мынадай мәселелер бойынша келісілген ұсыныстар енгізеді:
      - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының электр энергиясы рыногінің жұмыс істеу ережелерін үндестіру;
      - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кедендік заңнамасын үндестіру және электр энергиясын беру бөлігіндегі кедендік рәсімдерді жеңілдету;
      - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ішкі рыногі субъектілерінің бір бірінің электр энергиясы рыногіне дискриминациялаусыз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы энергия жүйелерінің электр желілері бойынша электр энергиясы транзитін жүзеге асыру және төлеу, немесе (Бағдарламаны іске асырудың алғашқы кезеңдерінде) өзара тиімді шарттарда электр энергиясымен алмасуды жүзеге асыру, сондай-ақ қуатты (қуатты реттеу жөніндегі қызметті) және жүйелік қызмет көрсету жөніндегі қызметтерін төлеу;
      - Екі елдің жалпы электр энергетикалық рыногін құру және жұмыс істеу жағдайында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика жүйесі Жүйелік операторларының өзара технологиялық әрекеті.
      5. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ішкі рыногі субъектілерінің электр энергиясының жалпы рыногіне қатысу тетіктерін қалыптастыру үшін Жұмыс тобы 2005 жылдың 31 желтоқсанына "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ негізінде сәйкесті пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі ұсыныстар әзірлейді.
      6. Жұмыс тобы "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ негізіндегі бірлескен кәсіпорынның тиімді қызметін қамтамасыз ететін 2005-2010 жылдарға арналған кешенді шаралар дайындайды және ұсынады.
      7. 2005 жылғы 6 шілдеде Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі түпнұсқалық данада қол қойылды, сонда екі мәтін бірдей күшке ие болады.

      Қазақстан Республикасының       Ресей Федерациясының
      Энергетика және минералдық      Өнеркәсіп және энергетика
      ресурстар министрі              министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады