"1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 712 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын
(Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
объектiлерi мен әскери алаңдарын) пайдалану
тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы хаттама жасасу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса берiлiп отырған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы атынан 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Жоба

  1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілерi мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      1995 жылғы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiстi:
      1. Кiрiспенiң екiншi абзацында:
      "Шартты және" деген сөздер "Шартты," деген сөзбен ауыстырылсын;
      "және 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясына жалға беру шартымен Полигонның онда орналасқан объектiлерiмен, жылжымалы және жылжымайтын мүлкiмен бiрге жер учаскелерiн уақытша пайдалануға бередi.
      2. Ресей Федерациясы 1996 жылғы 18 қазандағы Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын жалдау туралы шартқа сәйкес оларды жалға алу кезеңiнде жер учаскелерiн Полигонның Ресей Федерациясының мүдделерiнде пайдаланғаны үшiн ақы төлеудi жүзеге асырады".
      3. 4-баптағы "мүлiк пен жер учаскелерi" деген сөздерден кейiн "Тараптардың немесе үшiншi елдердiң заңды және жеке тұлғаларына субарендаға" деген сөздермен толықтырылсын.
      4. 9-бапта:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "қалпына келтiрудi және" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтың оныншы абзацындағы "нысаналар" деген сөздiң алдынан "қажет болған кезде Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалатын тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "Осы Келiсiмнiң 8-бабында көзделген ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негiзiнде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi 4 Мемлекеттiк орталық түраралық полигонының мүдделерiнде сынақ жұмыстарын жүргiзу кезiнде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының жер учаскелерi мен әуе кеңiстiгiн пайдалануға жол берiледi".
      5. 11-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Полигон аумағында жер кадастрын және мониторингтi жүргiзудi, жердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигон қолбасшылығымен келiсiлген тәртiппен және мерзiмде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады".
      6. 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Полигон объектiлерiнде кедендiк және шекаралық тексерудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы кедендiк және шекаралық қызметтерiнiң өкiлдерi жүзеге асырады. Полигонның Қолбасшылығы Қазақстан Республикасы кедендiк және шекаралық қызмет өкiлдерiнiң Полигон объектiлерiне кедергiсiз жiберiлуiне мүмкiндiк бередi және оларды Полигонға және керi қарай жеткiзудi қамтамасыз етедi".
      7. Келiсiмге "Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының жер учаскелерiнiң шекаралары" деген N 1 қосымша осы Хаттамаға N 1 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      8. Келiсiмге "Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының әскери объектiлерiнiң тiзбесi" деген N 2 қосымша осы Хаттамаға N 2 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында өзара консультациялар және келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
      Тараптардың бiрiнде бiрлесiп шешудi талап ететiн мәселелер туындаған кезде, осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабардар етедi.
      Осы Хаттама оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттама 1995 жылғы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртiбi туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және өз қолданысын осы Келiсiммен бiр мезгiлде тоқтатады.
      200__жылғы "__"______ _________қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ        РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
       ҮШIН                          ҮШIН

               1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен
                 Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы
                 Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ
               орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында
                  орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын)
                пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен
                      толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға
                                     N 1 қосымша

      Қазақстан Республикасы аумағындағы 929 МҰСО-ның
                 жер учаскелерiнiң шекаралары

Нүктенiң нөмiрi

Географиялық координаттары

Ескерту


солтүстiк ендiк (град. мин.)

шығыс бойлық (град. мин.)

1

2

3

4

мына координаттармен шектелген N 1 учаске

1

48 о 20'00"

46 о 49'00"


2

48 о 28'00"

46 о 49'00"


3

48 о 28'00"

47 о 00'00"


4

48 о 29'00"

47 о 00'00"


5

48 о 30'00"

46 о 55'00"


6

48 о 37'00"

46 о 55'00"


7

48 о 37'00"

47 о 10'00"


8

48 о 44'00"

47 о 10'00"


9

48 о 44'00"

47 о 13'00"


10

48 о 46'00"

47 о 16'00"


11

48 о 46'00"

47 о 25'00"


12

48 о 44'00"

47о25'00"


13

48 о 44'00"

47 о 27'00"


14

48 о 45'00"

47 о 28'00"


15

48 о 44'00"

47 о 48'00"


16

48 о 40'00"

47 о 48'00"


17

48 о 40'00"

47 о 33'00"


18

48 о 32'00"

47 о 33'00"


19

48 о 32'00"

47 о 48'00"


20

48 о 36'00"

47 о 48'00"


21

48 о 36'00"

48 о 03'00"


22

48 о 43'00"

48 о 03'00"


23

48 о 37'00"

48 о 52'00"


24

48 о 38'00"

48 о 53'00"


25

48 о 37'00"

49 о 07'00"


26

48 о 30'00"

49 о 05'00"


27

48 о 19'00"

50 о 15'00"


28

48 о 17'00"

50 о 14'00"


29

48 о 05'00"

49 о 58'00"


30

48 о 05'00"

49 о 47'00"


31

48 о 04'00"

49 о 44'00"


32

48 о 03'00"

49 о 25'00"


33

47 о 57'00"

49 о 25'00"


34

48 о 00'00"

49 о 12'00"


35

48 о 05'00"

48 о 53'00"


36

48 о 07'00"

48 о 27'00"


37

48 о 10'00"

48 о 02'00"


38

48 о 11'00"

48 о 00'00"


39

48 о 12'00"

47 о 49'00"


40

48 о 13'00"

47 о 35'00"


41

48 о 14'00"

47 о 28'00"


42

48 о 15'00"

47 о 12'00"


43

48 о 20'00"

46 о 49'00"


мына координаттармен шектелген N 2 учаске

1

48 о 32'30"

53 о 14'18"


2

48 о 33'30"

53 о 20'00"


3

48 о 34'30"

53 о 25'00"


4

48 о 35'00"

53 о 30'00"


5

48 о 35'18"

53 о 35'00"


6

48 о 35'30"

53 о 40'00"


7

48 о 33'00"

54 о 00'00"


8

48 о 25'00"

54 о 21'30"


9

48 о 10'30"

54 о 32'00"


10

48 о 05'00"

54 о 30'00"


11

48 о 01'00"

54 о 25'00"


12

47 о 52'00"

54 о 00'00"


13

47 о 52'00"

53 о 55'00"


14

47 о 52'00"

53 о 50'00"


15

47 о 52'00"

53 о 45'00"


16

47 о 52'00"

53 о 40'00"


17

47 о 52'30"

53 о 35'00"


18

47 о 53'30"

53 о 30'00"


19

47 о 54'30"

53 о 25'00"


20

47 о 55'30"

53 о 20'00"


21

47 о 57'30"

53 о 15'00"


22

48 о 00'00"

53 о 09'00"


23

48 о 07'00"

53 о 00'00"


24

48 о 15'00"

52 о 55'30"


25

48 о 22'00"

52 о 58'00"


26

48 о 22'00"

53 о 11'00"


27

48 о 32'30"

53 о 14'20"


мына координаттармен шектелген N 3 учаске

геологиялық нүктеде орталығы бар 1,7 х 3 км
жақтарымен тік бұрыш

1

47 о 13'00"

51 о 59'00"


геологиялық нүктеде орталығы бар 1,6 х 1,6 км
жақтарымен тік бұрыш

1                      

47 о 13'30" 

51 о 55'30"


               1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен
                 Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы
                 Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ
               орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында
                  орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын)
                пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен
                      толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға
                                     N 2 қосымша

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
         929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығы әскери
                    объектiлерiнiң тiзбесi

р/с
N

Объектiнiң
атауы

Орналасқан орны

1

231 ИП

Батыс Қазақстан облысының, Бөкей ордасы ауданы, Торғай қыстағы

2

171 ИП

Батыс Қазақстан облысының, Бөкей ордасы ауданы, Жанғалы ауданы, Теректi кенiші Атырау облысының Индер ауданы, Махамбет ауданы

3

85 ИП

Атырау қ., Атырау облысының Индер ауданы, Махамбет ауданы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы Ресей федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң
(объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының
аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ
орталығын пайдалану тәртiбі туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шарттың және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 жылғы 22 қаңтардағы сынақ полигондарын пайдалану туралы Келiсiмнiң ережелерiн негiзге ала отырып,
      Тараптардың қауiпсiздiгiн нығайту және экономикасын дамыту мүдделерi үшiн зерттеулер мен пайдалану мақсатында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын сақтау мен жетiлдiру қажеттiлiгiн мойындай отырып,
      төмендегiлер жөнiнде келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмнiң тақырыбы, әрi қарай Полигон деп аталатын 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ полигонының Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан объектiлерi, ұрыс алаңдары (жер учаскелерi), Ресей Федерациясының жалға алу жағдайымен жер учаскелерiн, жылжымалы және тұрақты мүлiктi пайдалану шарттары болып табылады. Полигонның жер учаскелерiн беру тәртiбi, жылжымалы және тұрақты мүлкiнiң тiзбесi мен құрамы, жалға беру ұзақтығы, жалға беру ақысының мөлшерi мен оны енгiзу мерзiмi, осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейiн үш ай мерзiм iшiнде Тараптардың Үкiметтерi арасында жасалатын Полигонды жалға берудiң жеке Шартымен анықталады.
      Полигон Қазақстан Республикасының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары аумағында орналасқан. Полигон жер алаңының шекарасы болып осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын 1 Қосымшада координаталары келтiрiлген, геодезиялық белгiлер мен тұрғылықты жердегi негiзгi нүктелердi жалғастыратын сызық болып табылады.
      Полигонның әскери объектiлерiнiң тiзбесi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын N 2 Қосымшада келтiрiлген.
      Полигон әуе кеңiстiгiнiң шекаралары, олардың координаталарымен бiрге, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын 3 Қосымшада келтiрiлген.

2-бап

      1. 1991 жылдың 31 тамызына дейiн жасалған, алынған және қондырылған Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкi Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады.
      2. Полигонда 1991 жылдың 31 тамызынан кейiн жасалған, алынған және қондырылған жылжымалы және тұрақты мүлiкке деген меншiк құқығы Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн ұстауға, пайдалануға және кезектi жөндеуге кеткен шығындарды есептемегенде, оны құруды, алуды және жеткiзудi қаржыландыруды жүзеге асырушы Тарапқа берiледi. Осыған орай Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен мұндай мүлiктi жасауды және жеткiзудi, сондай-ақ жалға беру мерзiмi бiткеннен кейiн оны Тараптардың пайдалануын келiседi.
      3. Барлық жағдайларда жобалық шешiмдердiң экологиялық және басқа да қауiпсiздiгiн бақылауды қамтамасыз ету Полигон басшылығының Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен ведомстволарына талқылау мен сарап қорытындысы үшiн керектi мәлiметтердi беру жолымен жүзеге асырылады. Осыған орай Ресей Федерациясы өз жобалық шешiмдерiнiң экологиялық және басқа да қауiпсiздiгiн кепiлдейдi.

3-бап

      1. Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 31 тамыздағы жағдайға сәйкес Ресей Федерациясына жалға беру жағдайымен, келiсiлген түгендеу ведомствосы бойынша Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн бередi. Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн аталған мүлiктi жалға беру шартын дайындау үшiн бiрлескен комиссия құрады. Бiрлескен комиссия жалға беру шартында жыл сайынғы жалға беру ақысының мөлшерiн, сондай-ақ 1992-1994 жылдары Ресей Федерациясының Полигонды пайдалануына байланысты Қазақстан Республикасының әрбiр жылға жылдық жалға беру ақысы деңгейiнде мүлiктiк шығын және шығындар мөлшерiн бағалайды. Екi мемлекеттiң Үкiметтерi ақы беру механизмiн жалға беру шартына сәйкес анықтайды.
      Осы мақсаттарда Тараптар бiрлескен Комиссияға, оның құрылуы кезiнде, аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды бередi.
      2. Қазақстан Республикасы жалға беру жағдайымен уақытша пайдалануға Ресей Федерациясына Полигонның жер учаскелерiн бередi. Ресей Федерациясы жалға беру (тұрақты немесе мезгiлдi) кезеңiнде Ресей Федерациясының мүддесi үшiн Полигонның пайдаланатын жерлерi үшiн ақы төлейдi.

4-бап

      Ресей Федерациясына жалға беру жайымен берiлетiн жылжымалы және тұрақты мүлiк, осы Келiсiмнiң 1 бабында көрсетiлген тиiстi жер учаскелерi тек қана Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi бекiтетiн Полигон туралы Ережеге сәйкес, мақсатты бағытта пайдаланылуға тиiс. Бұл мүлiк пен жер учаскелерi субарендаға берiлмейдi.

5-бап

      Жалға беру мерзiмi бiткенде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң күшi немесе, жалға беру жайымен берiлген жекелеген объектiлерде жұмыстар уақытынан бұрын тоқтаған жағдайда, Ресей Федерациясы әрi қарай пайдаланылатындай күйде тиiстi жер учаскелерiн, сондай-ақ олардың амортизациялануын есептей отырып, жалға алған жылжымалы және тұрақты мүлiктi Қазақстан Республикасына қайтарады.
      Барлық жағдайларда мүлiк пен жер учаскелерiн қабылдау-беру Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнен құралған бiрлескен комиссиямен жүзеге асырылады.
      Техникалық Нормаларға сәйкес шығынға жазылуға тиiстi жылжымалы және тұрақты мүлiкке иелiк ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүліктi басқаруға өкiлденген мемлекеттiк органымен, Тараптардың қорғаныс министрлiктерiнiң келiсiлген ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады.

6-бап

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Полигонда өңдеуден өткен жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерiн, соның iшiнде жалдық ақы есебiнен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартта бекiтiлген тәртiппен алуға басым құқығы бар.

7-бап

      1. Полигонның Ресей Федерациясына берiлген объектiлерiн пайдалануды қамтамасыз ететiн әскери құрамалар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң құрамына кiредi. Уақытша Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының, оның құрамына кiретiн алаңдардың және олардың отбасы мүшелерiнiң статусы, сондай-ақ Ресей Федерациясының құқық сақтау органдарының Полигон аумағындағы юрисдикция сұрақтары Тараптардың жеке келiсiмiмен анықталады.
      2. Әскери құрамалардың штаттық құрылымы мен саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiмен бекiтiледi.
      3. Полигон орындайтын тапсырмалар көлемi өзгергенде, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігi Полигондағы өзiнiң әскери құрамаларының штаттық құрылымы мен санындағы қажеттi өзгертулерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен келiседi.

8-бап

      Ресей Федерациясына жалға берiлген Полигонның қызметi Полигон жөнiндегi ережемен реттеледi және:
      - күрделi құрылыс жоспарларын қоса есептегенде, Полигонды дамыту жоспарлары;
      - ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары;
      - ракеталарды ұшырумен әскерлер жаттығуларын жүргiзудiң жылдық жоспарлары мен кестелерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Жылдық жоспарлар мен кестелер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн бекiтiледi.

9-бап

      1. Ресей Федерациясы өзiне берiлген Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн пайдалану кезiнде:
      - Полигонның инфрақұрылымын қалпына келтiрудi және ұстауды;
      - Тараптардың қару-жарағы және әскери техникасы үлгiлерiн сынауды Полигонның белгiленген шекараларында өткiзудi;
      - жүргiзiлетiн жұмыстар қауiпсiздiгiн және ракеталарды Полигон шеңберiнде ұшыруды;
      - Полигонның ғылыми-техникалық сынақ кешенi мен инфрақұрылымын сақтауды мен дамытуды және оларды жұмыс бабында ұстауды;
      - ракеталар мен нысаналар қалдықтарын iздеудi, көшiрудi және пайдалануды, ұрыс алаңдарын уақытылы тазалауды;
      - апаттар салдарын уақытылы жоюды және Қазақстан Республикасына келтiрiлген зиянның орнын толтыруды;
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитарлық және экологиялық қадағалау және басқа да бақылау органдарының өкiлдерiн Полигонға кедергiсiз жiберуге;
      - Полигонның экологиялық жағдайын табиғатты қорғаудың ұзақ мерзiмдi және жылдық бағдарламасын жасау, бекiту және iске асыру жолымен қалпына келтiрудi;
      - нысаналар мен ракеталар құлаған алаңдарды қалпына келтiрудi қамтамасыз етудi мiндеттенедi.
      2. Полигонның ұрыс алаңынан тыс нысаналар, ұшу аппараттары, ракеталар немесе олардың бөлшектерi құлаған жағдайда, Ресей Федерациясы бұл жайында жиырма төрт сағат iшiнде Қазақстан Республикасына ресми мәлiмет бередi. Бұл оқиға жөнiнде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына тергеу материалдарын берiп, үш күн мерзiм iшiнде құрылатын тергеу жөнiндегi Тараптардың бiрлескен комиссиясы тергеудi жүргiзедi.
      3. Полигон басшылығы жергiлiктi өкiмет және басқару органдарымен бiрлесе отырып, Полигон аумағы учаскелерiн маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарын өткiзу кезiнде пайдаланудың тәртiбiн анықтайды және апат салдарын жоюда көмек көрсетедi.
      4. Полигонның iшкi байланыс жүйелерiн, автомобиль және темiр жолдарын пайдалану, ұстау және жетiлдiру осы құралдарды пайдаланатын Полигонның әскери құрамаларымен жүзеге асырылады.
      5. Полигонның аумағын басқа мақсаттарда пайдалану кезiнде оның жоспарлы жұмыстарын уақытша тоқтату немесе шектеу Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң бiрлескен шешiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.

10-бап

      Шекарасы 3 Қосымшада анықталған, Полигонның қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажет әуе кеңiстiгi, әуе кеңiстiгiн пайдаланудың шектелген зонасы болып табылады.
      Полигонның әуе кеңiстiгiн пайдалану, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып өту тәртiбi мен шарттары, Қазақстан Республикасының iс жүзiндегi заңы және нормативтi актiлерiмен анықталады.

11-бап

      Полигон пайдаланатын жер учаскелерiнде адамдар, өсiмдiк және жан-жануарлар өмiрiне қауiп төндiретiн радиоактивтi, улы заттар, ядролық және химиялық қару-жарақ, басқадай өнiмдердi пайдалануға және көмуге тиым салынады.
      Ресей Федерациясы геологиялық барлауды, пайдалы қазбаларды өңдеудi жүргiзбеуге мiндеттенедi.
      Полигон аумағында аң аулау, балық аулау мен жабайы өсiмдiктердi жинау тек Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес лицензиялық негiзде жүзеге асырылады.
      Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының экологиялық нормативтерiн, су мен жердi пайдалану ережелерiн және нормаларын орындауға мiндеттi. Полигонның қызметi салдарынан келтiрiлген экологиялық зиян Ресей Федерациясымен жойылады. Осыған орай, зиянның мөлшерi мен өтеу формалары Тараптардың арнайы құрылған мемлекетаралық комиссиясымен анықталады.

12-бап

      Полигон объектiлерiнде бiр Тарап конверсия тәртiбiмен бағдарламалар мен жұмыстарды жүргiзу үшiн ұйымдар, кәсiпорындарды құрған жағдайда, олардың тiзбесi, қызмет жағдайлары, орналастыру тәртiбi, қаржыландырылуы, қамтамасыз етiлуi Тараптардың Үкiметтерiмен келiсiледi.

13-бап

      Полигонның әскери құрамаларын мiндеттi әскери қызметшiлермен жабдықтау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiмен жүзеге асырылады.

14-бап

      Полигон аумағында орналасқан әскери құрамалардың, бөлiмшелердiң және өнеркәсiп кәсiпорындарының құрамына кiретiн адамдардың, олардың отбасы мүшелерi мен полигонға iс-сапарға жiберiлген адамдардың құқықтық жағдайы мен әлеуметтiк қамтамасыздығы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және құрамаларға кiретiн адамдардың статусын реттейтiн Тараптар арасындағы басқа да келiсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

15-бап

      Полигон аумақтарында орналасқан объектiлердi қорғау оларды пайдаланатын әскери құрамалардың күштерiмен жүзеге асырылады.
      Полигон аумағында құқылық тәртiптi қорғау және қылмыспен күресу Полигон басшылығымен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстан Республикасының тәртiп сақтау органдарымен жүзеге асырылады.

16-бап

      Қазақстан Республикасы Полигонды шартты жалға беру жөнiндегi Шарттың және осы Келiсiмнiң орындалуына байланысты мәселелердi шешу үшiн Полигонға өз өкiлдерiн жiбере алады.

17-бап

      1. Полигон режимдi объект болып табылады. Оның барлауға қарсы қамтамасыз етiлуi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және оның құрамына кiретiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестiк туралы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады. Полигон объектiлерiндегi режимдiк шаралар Полигон басшылығымен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнде орнатылған тәртiппен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
      2. Тараптардың бақылау органдарын өте маңызды, өте құпия және құпия жұмыстар мен құжаттарға жiберуге рұқсат етудiң iс жүзiндегi формаларын Тараптар өзара мойындайды.
      3. Полигон объектiлерiне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерi, сондай-ақ Тараптардың өнеркәсiп ұйымдарының өкiлдерiн жiберу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келiсiлген тәжiрибе-конструкторлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кестесiне, тактикалық жаттығулардың жоспарлары және аталған бөлiмдер мен ұйымдардың шектелген өтiнiмдерiне сәйкес, Тараптардың бақылау органдары, немесе Тараптардың әскери бөлiмдерiнiң штабтары, мекемелерi және ведомстволарымен берiлген рұқсат ету жөнiндегi анықтама негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Полигонға қызмет бабының мiндеттерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының ресми адамдарын жiберу Қазақстан Республикасының iс жүзiндегi нормативтi актiлерi анықтаған тәртiппен, сондай-ақ Полигон туралы ережемен анықталады.
      5. Қазақстан Республикасы министрлiктерi, ведомстволары мен бақылау орындарының лауазымды адамдары мен делегациялары Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Полигон басшылығының қауiпсiздiк органдарының келiсiмi бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындау мақсатында Полигон объектiлерiне iс-сапарға жiберiледi.
      6. Аталған категориядағы адамдар үшiн Полигон объектiлерiне бару келiсiмi келу күнiне дейiн үш күн бұрын жүзеге асырылады.
      7. Полигонда үшiншi елдер азаматтарының болуы Тараптардың белгiленген тәртiбiмен келiсiледi.

18-бап

      Полигонда орындалатын ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, оның мүдделерi үшiн өткiзiлетiн Тараппен жүзеге асырылады.

19-бап

      Полигонда орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының қызметi, сондай-ақ Полигонның инфрақұрылымын ұстау мен дамыту Ресей Федерациясымен қаржыландырылады.

20-бап

      1. Полигон объектiлерiнде кедендiк тексеру Қазақстан Республикасының кеден қызметiнiң өкiлдерiмен Қазақстан  Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Полигон үшiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралары арқылы жүктердi жiберу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кедендік заңына сәйкес алынуы кедендiк органдарға жүктелген кедендiк баж салығын, акциздердi және басқа да салықтарды төлеусіз жүзеге асырылады.
      3. Әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелерi, өнеркәсiп мамандары Ресей Федерациясынан Полигонға жаңа қызмет немесе жұмыс орнына және керi қарай жiберiлгенде, алынуы кедендiк органдарға жүктелген кедендiк баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусіз кеден шекаралары арқылы өз жүктерiн алып өтедi.
      4. Әскери тасымал тәртібі мен оларға ақы төлеу Тараптардың жеке келiсiмiмен анықталады.

21-бап

      Полигон аумағында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери құрамаларын қамтамасыз етудiң барлық түрлері, соның iшiнде сауда-тұрмыстық қамтамасыз ету Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiмен жүзеге асырылады.
      Полигонның қызметшілер мен жұмысшылар қызметтеріне Ресей Федерациясының азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары да қабылданады. Осыған орай, оларға, азаматтығына қарамастан Ресей Федерациясының еңбек заңына сәйкестi барлық еңбек ақы төлеу шарттары таратылады.

22-бап

      Осы Келiсiмдi орындау бойынша Тараптардың қызметін үйлестiру Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес құрылатын Бiрлескен комитетпен жүзеге асырылады. Осыған орай Бiрлескен комитет өз өкiлдiгi шеңберiнде пайда болатын даулы мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Басқа жағдайларда ол Тараптар Үкiметтерiне тиiстi ұсыныстар енгiзедi.

23-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсуi бойынша өзгертулер мен толықтырылулар енгiзiлуi мүмкiн. Келiсiм он жыл мерзiмге жасалады. Оның күшi, егерде бiр Тарап екiншi Тарапқа әрбiр он жылдық мерзiмнiң бiтуiне алты ай қалғанға дейiн оның қызметiн тоқтату туралы өз тiлегiн жазбаша түрде хабарламаса, оның қызметi кейiнгi он жылға өзiнен-өзi ұзартылады.
      Егерде Тараптар жалға беру шарттары турады келiсiлген шешiмге келмесе немесе Тараптар бұл шарттарды орындамаса осы Келiсiмнiң қызметi тоқтатылады.
      Осы Келiсiм қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетаралық рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы мәлiмдемесiнен кейiнгi күнi күшiне енедi.

      1995 жылы 20 қаңтарда Мәскеу қаласы әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды, сондай-ақ екi текстiң күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ       РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
       YШІН                         ҮШІН

                              Қазақстан Республикасы мен Ресей
                              Федерациясы арасындағы (объектiлерi
                            мен ұрыс алаңдары Қазақстан аумағында
                            орналасқан) Ресей Федерациясы Қорғаныс
                              министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-
                              сынақ орталығын пайдалану тәртiбi
                                туралы Келiсiмге N 1 Қосымша

              929 МҰСО-ның ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
         АУМАҒЫНДАҒЫ ЖЕР УЧАСКЕЛЕРIНIҢ ШЕКАРАЛАРЫ

             мына координаталармен шектелген N 1 учаскесi

      ЕНДIК            БОЙЛЫҚ
      с.е.гр. мин.     ш.б.гр. мин.

      N 1 48 20        46 49
      N 2 48 28        46 49
      N 3 48 28        47 00
      N 4 48 29        47 00
      N 5 48 30        46 55
      N 6 48 37        46 55
      N 7 48 37        47 10
      N 8 48 44        47 10
      N 9 48 44        47 13
      N 10 48 46       47 16
      N 11 48 46       47 25
      N 12 48 44       47 25
      N 13 48 44       47 27
      N 14 48 45       47 28
      N 15 48 44       47 48
      N 16 48 40       47 48
      N 17 48 40       47 33
      N 18 48 32       47 33
      N 19 48 32       47 48
      N 20 48 36       47 48
      N 21 48 36       48 03
      N 22 48 43       48 03
      N 23 48 37       48 52
      N 24 48 38       48 53
      N 25 48 37       49 07
      N 26 48 30       49 05
      N 27 48 19       50 15
      N 28 48 17       50 14
      N 29 48 05       49 58
      N 30 48 05       49 47
      N 31 48 04       49 44
      N 32 48 03       49 25
      N 33 47 57       49 25
      N 34 48 00       49 12
      N 35 48 05       48 53
      N 36 48 07       48 27
      N 37 48 10       48 02
      N 38 48 11       48 00
      N 39 48 12       47 49
      N 40 48 13       47 35
      N 41 48 14       47 28
      N 42 48 15       47 12
      N 43 42 20       46 49

      мына координаталармен шектелген N 2 учаскелер:

      ЕНДIК            БОЙЛЫҚ
      с.е.гр. мин.     ш.б.гр. мин.

      N 1 48 32.5      53 14.3
      N 2 48 33.5      53 20.0
      N 3 48 34.5      53 25.0
      N 4 48 35.0      53 30.0
      N 5 48 35.3      53 35.0
      N 6 48 35.5      53 40.0
      N 7 48 33.0      54 00.0
      N 8 48 25.0      54 21.5
      N 9 48 10.5      54 32.0
      N 10 48 05.0     54 30.0
      N 11 48 01.0     54 25.0
      N 12 47 52.0     54 00.0
      N 13 47 52.0     53 55.0
      N 13 47 52.0     53 50.0
      N 15 47 52.0     53 45.0
      N 16 47 52.0     53 40.0
      N 17 47 52.5     53 35.0
      N 18 47 53.5     53 30.0
      N 19 47 54.5     53 25.0
      N 20 47 55.5     53 20.0
      N 21 47 57.5     53 15.0
      N 22 48 00.0     53 09.0
      N 23 48 07.0     53 00.0
      N 24 48 15.0     52 55.5
      N 25 46 22.0     52 58.0
      N 26 48 22.0     53 11.0
      N 27 48 32.5     53 14.3

      мына координаталармен шектелген N 3 учаскелер:

      ЕНДIК            БОЙЛЫҚ
      с.е.гр. мин.     ш.б.гр. мин.

      N 1 44 38.5       50 20.7
      N 2 44 36.5       50 21.0
      N 3 44 35.0       50 23.0
      N 4 44 34.5       50 22.3
      N 5 44 36.0       50 19.5
      N 6 44 38.3       50 18.5

      N 6 нүктеден N 7 нүктеге дейін жағалау сызығы бойынша

      N 7 44.38.5       50.20.7

      мына координаталармен шектелген N 4 учаскелері:

      орталығы географиялық нүктедегі 1,7х3 км. жақтарымен тікбұрыш

      с.е  47 градус 13 минут
      ш.б  51 градус 59 минут

      орталығы географиялық нүктедегі 1,6х1,6 км. жақтарымен
тікбұрыш

      с.е  47 градус 13,5 минут
      ш.б  51 градус 55,5 минут

                              Қазақстан Республикасы мен Ресей
                              Федерациясы арасындағы (объектiлерi
                            мен ұрыс алаңдары Қазақстан аумағында
                            орналасқан) Ресей Федерациясы Қорғаныс
                              министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-
                              сынақ орталығын пайдалану тәртiбi
                                туралы Келiсiмге N 2 Қосымша

      Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан 929
   Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының әскери объектiлерi

ОБЪЕКТIНIҢ АТЫ

ОРНАЛАСУ ОРНЫ

231 СИП

Батыс-Қазақстан облысы, Орда ауданы Торгай хуторы.

170 СИП

Батыс-Қазақстан облысы, Орда ауданы

171  ИП

Батыс-Қазақстан облысы, Орда ауданы Теректі пос.

85 ИП

Атырау қ., Атырау облысының Қызылқоға ауданы

525 ОИС

Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қ.

248 АК

Ақтөбе облысы, Эмба қ.

                              Қазақстан Республикасы мен Ресей
                              Федерациясы арасындағы (объектiлерi
                            мен ұрыс алаңдары Қазақстан аумағында
                            орналасқан) Ресей Федерациясы Қорғаныс
                              министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-
                              сынақ орталығын пайдалану тәртiбi
                                туралы Келiсiмге N 3 Қосымша

      929 МҰСО ПАЙДАЛАНАТЫН ӘУЕ КЕҢІСТІГІНІҢ ШЕКАРАСЫ

      ЕНДIК            БОЙЛЫҚ
      с.е.гр. мин.     ш.б.гр. мин.

      N 1 49 40        45 24
      N 2 49 40        46 00
      N 3 50 10        46 52
      N 4 50 31        46 54
      N 5 50 27        48 08
      N 6 50 12        51 10
      N 7 49 41        53 30
      N 8 48 50        55 10
      N 9 48 28        55 20
      N 10 48 00       54 50
      N 11 47 40       53 18
      N 12 48 00       51 20
      N 13 47 53       50 03
      N 14 48 00       49 15
      N 15 47 40       46 38
      N 16 47 37       46 16
      N 17 48 27       45 37
      N 18 48 42       45 17
      N 19 49 40       45 24

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады