Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы N 53 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі N 724 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының  28-бабының  8-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы N 53  қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртібінде:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қызметтік міндеттерін не қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің балаларында олар кәмелетке толғанға дейін ведомстволық денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады.".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады