"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне Қазақстанның Даму Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 шілдедегі N 733 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстанның Даму Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне
Қазақстанның Даму Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 83-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 15, 85-құжат; 2005 ж., N 23, 142-құжат; 2005 жылғы 17 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 9 маусымдағы  Заңы ):

      1) 2-баптың 2-тармағындағы "Республикасының" деген сөзден кейiн "акционерлік қоғамдардың қызметiн," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Даму Банкiнiң заемдар беруi

      1. Даму Банкінiң инвестициялық жобаларға, экспорттық операцияларға және жарғылық капиталдарына Даму Банкi қатысатын лизинг берушi ұйымдарға кредит беруi Меморандумға сәйкес айқындалған шарттарда, тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiледi. Берілетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасын Даму Банкi қарыз алудың орташа құнын және операциялық шығыстарды ескере отырып есептеп шығарады.
      2. Даму Банкi беретiн заемдар кепiлмен, кепiлдiкпен және Меморандумға сәйкес мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ететiн заңнамада көзделген басқа да тәсiлдермен қамтамасыз етілуi тиiс.
      3. Даму Банкiнің лизингтік қызметтi жүзеге асыруы, жарғылық капиталдарына Даму Банкi қатысатын лизинг берушi ұйымдарға кредит беруi, олардың мiндеттемелерi бойынша кепілдiктер мен кепілгерлiктердi беруi туралы шешiмдердi Меморандумға сәйкес Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтедi.
      Қамтамасыз етiлмеген заемдар берудi қоса алғанда, Даму Банкiмен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға жеңiлдетілген шарттар беруге тыйым салу жарғылық капиталдарына Даму Банкi қатысатын лизинг берушi ұйымдармен жасасатын Даму Банкінің мәмілелеріне қолданылмайды.";

      3) 15-баптың 1) тармақшасындағы "сақтандыру ұйымдарына" деген сөздерден кейiн "жарғылық капиталдарына Даму Банкi қатысатын лизинг берушi ұйымдарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 24-баптың 4-тармағындағы "екi жылдан аспайтын мерзiмге" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат, N 17, 101-құжат); 2005 ж., N 6, 7-құжат):
      27-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1 тармақшасымен толықтырылсын:
      "8-1) лизинг қызметiн жүзеге асыру шегінде лизингке беру мақсатында мүлiктi сатып алу;".

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады