Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропа Қоғамдастығы арасындағы Болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдармен сауда жөнiндегі келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 738 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қоғамдастығы арасындағы Болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдармен сауда жөнiндегi келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiндегi Төтенше және Өкiлетті Елшiсi Константин Васильевич Жигаловқа Келiсiм жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропа Қоғамдастығы арасындағы Болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдармен сауда жөнiндегi келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропа
Қоғамдастығы арасындағы Болаттан жасалатын
белгілi бiр бұйымдармен сауда жөніндегі
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын
      Қазақстан Республикасының Үкiметi,
      Бiр тараптан және
      Еуропалық Қоғамдастық
      екiншi тараптан,
      1995 жылғы 23 қаңтардағы бiр тараптан Еуропалық қоғамдастық пен оның мүше мемлекеттерi және екiншi тараптан Қазақстан Республикасы арасындағы Әріптестiк және ынтымақтастық туралы  келiсiмнiң (бұдан әрi "ӘЫК" деп аталатын) 1999 жылғы 1 шілдеде күшiне енген фактiсiн назарға ала отырып;
      Еуропалық қоғамдастық (бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын) және Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi "Қазақстан Республикасы" деп аталатын) Қоғамдастық пен Қазақстан Республикасы арасындағы болаттан жасалатын өнiмдер саудасын ұйымдасқан түрде және әдiл дамытуға жәрдемдесуге ұмтылатын фактiсiн назарға ала отырып;
      ӘЫК 17 (1) бабы болаттан жасалатын белгілі бiр бұйымдармен (яғни бұрынғы бұдан әрi ЕКББ деп аталатын Еуропалық көмiр және болат бойынша бiрлестiктiң болаттан жасалатын бұйымдармен) сауда оның 11-бабын және Келiсiмнiң ережелерiн қоспағанда ӘЫК, ІІІ бөлiмiмен реттелетiндігін көздейтiн фактiсiн назарға ала отырып; осы Келiсiм ӘЫК 17 (1) бабының мағынасы бойынша Келiсiм болып табылатын фактiсiн назарға ала отырып;
      2000-2004 жылдары болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдармен сауда Тараптар арасындағы қатынастардың дамуын ескеретiн кейiннен келiсiммен ауыстыру қажет 2000 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Еуропалық көмiр және болат бойынша бiрлестiк арасындағы Болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдармен сауда жөнiндегi келiсiмнің мәнi болған фактiсiн назарға ала отырып;
      осы Келiсiм болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдармен саудадағы белгiлi бiр шарттарды сақтаған жағдайда, атап айтқанда осы Келiсiм қамтитын болаттан жасалатын бұйымдарға қатысты тиiсті бәсекелес жағдайлар жасалғанда сандық шектеулердi жоюға мүмкiндiк беретiн негіз жасауға арналған фактісiн назарға ала отырып;
      осы Келiсiм ӘЫК 17 (2) бабы көздейтiндей Байланыс топ шеңберiнде тиiстi ақпарат алмасуды қоса олардың болат құю өнеркәсiбiне қатысты Тараптардың ынтымақтастығымен қатар жүруi тиiс фактiсiн назарға ала отырып;
      мыналар туралы келiсті:

  1-бап

      1. Осы Келiсiм болаттан жасалатын бұйымдармен саудаға
         (бұрынғы ЕКББ) қолданылады.
      2. 1-қосымшада жазылған болаттан жасалатын бұйымдармен сауда
         сандық шектеулерге ұшырмауы тиiс.
      3. 1-қосымшаға енгiзiлмеген болаттан жасалатын бұйымдармен
         сауда сандық шектеулерге ұшырмауы тиiс.
      4. Осы Келiсiм қамтымайтын Болаттан жасалатын бұйымдар және
         талқылау мәнi пайда болған жағдайларда ӘЫК тиiстi шарттар
         қолданылады.

  2-бап

      1. Тараптар 1-қосымшада көрсетiлген бұйымдар үшiн 2-қосымшада
         айқындалғандай әр күнтiзбелiк жылы Қоғамдастық елдерiне
         қазақстандық экспортқа сандық шектеулер бекiтедi және
         сақтайды. Мұндай экспорт А хаттамасына сәйкес екi жақты
         бақылауға жатады.
      2. Тараптар ұқсас бәсекелес жағдайлар кезiнде 1-қосымшада
         көрсетілген болаттан жасалатын бұйымдарға қатысты сауданы
         толық ырықтандыруға қол КІІІ-қосымшамен жеткiзу жөніндегi
         өзiнiң мiндеттемелерiн растайды.
      3. Сандық шектеулерге, кеден баждарына, жиналымдарға және
         Еуропалық қоғамдастықтың Құрамалы номенклатурасына сәйкес
         7204-айқындамасында жiктелген металл сынығының және қара
         металл қалдықтарының экспортына қатысты тең әсерi бар
         басқа да шараларға Тараптар арасында тыйым салынған.
      4. Тараптар 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Келiсiмнiң
         күшiне енуiне дейiн 1-қосымшаға енгiзiлген өнiмдер
         Қазақстан Республикасынан қоғамдастыққа импорты
         2-қосымшада жазылған сандық шектеулерден шегеріп тасталуы
         тиiс деп келіскен.
      5. 2-қосымшада көрсетілген көлемнен асып кеткен импортты
         жүзеге асыру ЕҚ өнеркәсiбi ішкі сұранысты қанағаттандыра
         алмаған жағдайда жiберіледi, ол 1-ші қосымшада
         көрсетілген, қандай болса да бiр немесе бiрнеше
         бұйымдардың тасымалық жеткіліксiз дәрежеде жүзеге асуына
         әкеледi. Кез келген Тараптың өтiнiшi бойынша
         жетіспеушілік деңгейiн анықтау мақсатында объективтi
         деректер негiзiнде дереу консультациялар өткiзiлуге
         тиiстi. Консультациялар нәтижелерінен кейiн, сондай-ақ
         негiзделе отырып, Қоғамдастық 2-қосымшада көрсетiлген
         сандарды арттыру үшiн өзiнiң ішкi рәсiмдерiн енгiзедi.
      6. Егер Еуропалық Қоғамдастыққа мүшелікке үмiткер елдер осы
         Келiсiмнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн қосылса Тараптар
         2-қосымшада көрсетілген сандық шектеулердi арттыру
         мүмкiндiгін қарауға келiседi.
      7. Әр Тарап кез-келген уақытта: мыналарға қатысты кеңес алуға
         өтiне алады:
         1-қосымшада көрсетілген болаттан жасалынатын бұйымдарға
         қатысты жағдайлар едәуiр нашарлаған немесе жақсарған
         кезде, 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулер деңгейi;
         сандарды толық пайдаланылмаған бұйымдар топтарынан басқа
         топтарға ауыстыру мүмкіндігі.

  3-бап

      1. 1-қосымшада көрсетiлген болат бұйымдарының еркiн айналысы
         үшiн Қоғамдастықтың кеден аумағына әкелiнуi Қазақстан
         Республикасының құзырлы органдары берген экспорттық
         лицензиясы және А Хаттаманың ережелерiне сәйкес
         сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
      2. 1-қосымшада көрсетiлген болат бұйымдары Қоғамдастықтың
         кеден аумағына әкелiнуi, олар сол күйiнде немесе
         Қоғамдастықтағы әкiмшiлiк бақылау жүйесi шеңберiнде қайта
         өңдеуден кейiн Қоғамдастықтан тысқары жерлерге қайта
         экспортқа арналған мағлұматтамада көрсетiлген жағдайда,
         2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулерге ұшырамауға
         тиiсті.
      3. 2-қосымшада көрсетiлген қандай да бiр күнтiзбелiк жыл
         iшiнде жұмсалмаған сандық шектеулер көлемiнiң күнтiзбелiк
         жылға тиiстi сандық шектеулерiнен өтетiн қоры олардың
         пайдаланылмаған жыл iшiндегі тиiстi сандық шектеуiнiң
         10%-не дейiн құрауы мүмкiн. Қазақстан Республикасы
         өзiнің осы ереженi пайдалану ниетi туралы келесi жылдың 1
         наурызынан кешiктiрместен Қоғамдастықты хабардар етуге
         тиiсті.
      4. Бұйымдардың белгiлi бiр тобының сандық шектеуi екi
         Тараптың келiсуiмен күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр рет қайта
         қаралуы мүмкiн. Ауыстырумен байланысты сандық шектеулерге
         кез-келген түзетулер тек ағымдағы күнтiзбелiк жылға
         қатысты болады. Келесi күнтiзбелiк жылдың басында
         сандық шектеулер осы Баптың 3-тармағының ережелерiне нұқсан
         келтiрместен, 2-қосымшада көрсетiлген шектеулерге сәйкес
         болуға тиісті. Қазақстан Республикасы осы ереженi қолдану
         ниетi туралы 31 маусымнан кешiктiрместен Қоғамдастықты
         хабардар етуге тиiстi.

  4-бап

      1. Қосарлы бақылау жүйесiн неғұрлым тиiмдi жүргiзу және терiс
         пайдалану мен бұзушылықтың жолын кесу мақсатында:
         Қазақстан Республикасының өкiмет органдары алдыңғы айда
         берiлген, экспортқа арналған лицензиялар туралы әр айдың
         28-не дейiн Қоғамдастықтың тиiстi құзырлы органдарын
         хабардар етуi тиiс;
         Қоғамдастықтың үкiмет органдары алдыңғы айда берген,
         импортқа арналған рұқсаты туралы әр айдың 28 күнi
         Қазақстан Республикасының құзырлы органдарын хабардар
         етуге тиісті.
         Мұндай ақпаратқа тартылған уақытша факторларды ескере
         отырып, қандай да бiр едәуiр үйлеспеушілiк жағдайында
         Тараптардың әрқайсысы консультация алуды сұрауы мүмкiн, ол
         кiдiрiссiз ұсынылуға тиiстi.
      2. Екi Тарап Осы Баптың 1-тармағына нұқсан келтiрместен, осы
         Келiсiмнiң тиiмдi қолданысын қамтамасыз ету мақсатымен
         тасымалдау кезiндегi заңсыздыққа қарсы бағыт өзгерген
         жағдайда, елi немесе шыққан жерi туралы жалған мәлiмдеуге,
         құжаттарды бұрмалауға, тауарлардың санына немесе
         сыныпталуына қатысты жалған мәлiмдеуге немесе қандай да бiр
         өзге жағдайларға қарсы, оларды болдырмау, тергеу жөнiнде
         барлық қажетті шаралар қабылдау және барлық қажеттi
         құқықтық ережелер және әкiмшiлiк шаралар қолдану жөнiнде
         келiседi. Екi Тарап тиiстi экспорттаушыларға және/немесе
         импорттаушыларға мiндеттi жауапкершілік шараларын
         қабылдау, заңсыздықтарға қарсы осындай тиiмдi iс-қимылдар
         қолдануға рұқсат ететiн қажеттi құқықтық ережелер және
         әкiмшiлiк рәсiмдер белгiлеуге келiседi.
      3. Егер Тараптардың бiрi өзiндегі ақпарат негізiнде осы
         Келiсiм бұзылған деп санаса, басқа Тараптан консультация
         талап етуi мүмкiн, ол еш кiдiрiссiз жүргiзiлуге тиісті.
      4. Осы Баптың 3-тармағында аталған консультациялардың
         нәтижелерiн күте отырып және Қоғамдастықтың талап етуi
         бойынша, сондай-ақ жеткiлiктi дәлел берiлген кезде,
         Қазақстан Республикасы осы консультациялар нәтижесiнде
         туындауы мүмкiн сандық шектеулердiң кез-келген өзгерiстерiн
         осы Баптың 3-тармағына сәйкес консультацияға сәйкес сауал
         жасалған күнтізбелiк жылға немесе осы күнтiзбелiк жылға
         лимит таусылғанда, келесi жылға енгізiлуiн қамтамасыз
         етедi.
      5. Егер, Тараптар осы Баптың 3-тармағына сәйкес жүргізiлген
         консультациялар барысында өзара шешiмге келе алмаса,
         1-қосымшада көрсетiлген, Қазақстан Республикасында
         өндiрiлетiн бұйымдар осы Келiсiмнiң бұзылуымен
         импортталғандығының жеткіліктi дәлелi болған жағдайда,
         Қоғамдастықтың тиiстi сандарды 2-қосымшадағы көрсетiлген
         бойынша сандық шектеулер есебiне есептеуге құқығы бар.
      6. Егер, Тараптар осы Баптың 3-тармағына сәйкес
         консультациялар барысында өзара шешiмге келе алмаса, санға
         байланысты немесе жiктелуi жалған мәлiмдеу болғандығын
         көрсететін жеткілікті дәлел болған жағдайда, Қоғамдастықтың
         осы бұйымдар импортынан бас тартуға құқығы бар.
      7. Тараптар осы Келiсiмнің бұзылуынан туындайтын барлық
         мәселелерiн болдырмау және тиiмдi шешу үшін тығыз
         ынтымақтасуға келiседi.

  5-бап

      1. 1-қосымшада көрсетiлген болаттан жасалынатын бұйымдарды
         Қоғамдастық импортына 2-қосымшада көрсетiлген сандық
         шектеулердi Қоғамдастық аймақтық квоталарға бөлмеуге
         тиiстi.
      2. Тараптар дәстүрлi толассыз саудада Қоғамдастықтағы
         күтпеген және зиян келтiретін өзгерiстердi болдырмау үшін
         ынтымақтасуға тиісті. Дәстүрлi толассыз саудада күтпеген
         және зиян келтiретін өзгерiстер болған жағдайда
         (аймақтық шоғырлануды немесе дәстүрлi жеткiзілiмдердi
         жоғалтуды қоса алғанда), Қоғамдастық туындаған проблеманы
         қанағаттандыратын етіп шешу үшiн консультация талап етуге
         құқығы бар. Мұндай консультациялар кiдiрiссiз өткiзiлуi
         тиiс.
      3. 1-қосымшадағы көрсетiлген Қазақстан Республикасы болат
         бұйымдарының Қоғамдастыққа 1 жыл iшiнде мейлiнше қалыпты
         жүзеге асырылуын қамтамасыз етілуiне ықпал етедi. Импорт
         күтпеген және қолайсыз тез өскен жағдайда Қоғамдастық
         туындаған проблеманы шешу үшін консультация
         талап етуге құқығы бар. Мұндай консультациялар еш
         кiдiрiссiз жүргiзіледi.
      4. Осы Баптың 3-тармағындағы мiндеттемеге қосымша егер,
         қазақстандық өкiмет органдары берген лицензиялар бойынша
         болат бұйымдарының сол жылда қаралатын сандық шектеулердiң
         90%-ын құраса, Тараптар кез-келгенi осы жылға сандық
         шектеулер туралы консультация сұрауы мүмкiн. Мұндай
         консультациялар еш кiдiрiссiз жүргiзiлуге тиісті. Мұндай
         консультациялардың нәтижелерiн күтуде, осы лицензиялар
         бойынша бұйымдар саны 2-қосымшада көрсетiлген мөлшерден
         аспаған жағдайда, Қазақстан Республикасының құзырлы
         органдары осы Келiсiммен қамтылған бұйымдар экспортына
         лицензиялар берудi жалғастыруы мүмкін.

  6-бап

      1. Егер осы Келiсiммен қамтылған өнiмнiң қандай да бiр түрi
         Қоғамдастық елдерiндегi осындай өнiмдер өндiрушілер үшiн
         едәуiр нұқсан әкелетін немесе әкелуi мүмкiн жағдайлар
         Қазақстан Республикасынан Қоғамдастыққа импортталса,
         Қоғамдастық Қазақстан Республикасына екi Тарап үшiн
         қонымды шешiм табуға тырысу үшiн толық көлемде тиiстi
         ақпарат беруге тиiстi. Тараптар еш кiдiрiссiз
         консультациялар бастауға тиісті.
      2. Егер, осы баптың 1-тармағында аталған консультациялар
         кезiнде Қоғамдастықтың консультациялар бастау өтiнiшiмен
         жүгiнген күнiнен 30 күн iшiнде келiсiмге қол жеткiзуге
         сәті келмесе, Қоғамдастық ӘЫҚ ережесiне сәйкес, қорғау
         шараларына қатысты құқығын пайдалануға белгiлi
         бiр қадамдар жасауы мүмкiн.
      3. Осы Келiсiмнiң ережелерiне қарамастан ӘЫҚ 13-баптың
         6-тармағы қолданылатын болады.

  7-бап

      1. Осы Келiсiммен қамтылған бұйымдардың жiктелуi
         Қоғамдастықтың тарифтiк және статистикалық
         номенклатурасына (бұдан әрi "Құрамалы номенклатура" немесе
         қысқаша нысанда "ҚН" деп аталатын) және оған кез-келген
         түзетулерге негізделедi. 2-қосымшадағы көрсетiлген немесе
         тауарлардың сыныпталуы туралы кез-келген шешiммен қамтылған
         бұйымдарға қатысты, Қоғамдастықта қолданылатын ережелерге
         сәйкес ҚН-ға жасалған кез-келген түзетудiң 2-қосымшада
         көрсетiлген сандық шектеулердi өзгертуге мүмкiндiк беретiн
         күшi болмауға тиiстi.
      2. Келiсiммен қамтылған бұйымдардың шыққан жерi
         Қоғамдастықтағы ережелерге сәйкес айқындалуға тиiстi.
         Шыққан жерi туралы осы ережелерге енгізiлген кез-келген
         түзету туралы Қазақстан Республикасына хабарлануға тиiстi
         және 2-қосымшадағы көрсетiлген сандық шектеулерiн
         өзгертуге мүмкiндiк беретiн күшi болмауға тиiстi. Жоғарыда
         көрсетілген бұйымдардың шыққан жерiн бақылау тәртiбi А
         Хаттамада баян етілген.

  8-бап

      1. Тараптар осы Келiсiмнiң 4 (1) бабына сай экспортқа
         лицензиялар мен импортқа рұқсаттар туралы кезеңiмен
         ақпарат алысуға нұқсансыз, осы Келiсiмнiң 3-бабына сай
         берiлген, экспортқа лицензиялар және импортқа рұқсаттар
         және осындай бұйымдарға қатысты импорт пен экспорт туралы
         статистикалық деректерге кiретiн, осы ақпарат дайындалуға
         тиісті ең қысқа уақыттар ескерiле отырып, сәйкес
         арақашықтықта 1-қосымшаға жататын бұйымдарға қатысы бар
         барлық статистикалық ақпарат алысып отыруға келiседi.
      2. Тараптардың әрқайсысы ақпарат берудегі қандай да бiр
         едәуiр алшақтық жағдайында консультация алуға жүгінуi
         мүмкiн.

  9-бап

      1. Осы Келiсiмнiң алдыңғы баптарында көрсетілген белгілі бiр
         мiндеттемелерге қатысты көзделген консультациялар туралы
         ережелерге нұқсансыз, Тараптардың кез-келгенінің сауалы
         бойынша осы Келiсiмдi қолдану барысында туындайтын
         кез-келген мәселе бойынша консультациялар жүргiзiлуге
         тиісті. Кез-келген консультация ынтымақтастық рухында және
         Тараптар арасындағы айырмашылықтарды реттеу ниетiмен
         жүргiзiледi.
      2. Егер осы Келiсiм консультациялардың еш кiдiрiссiз
         жүргiзiлуiн көздесе, уағдаласушы Тараптар оларды жүргiзу
         үшiн барлық парасатты iс-қимылды қолданады.
      3. Барлық басқа консультациялар мына ережелермен реттеледi:
         Тараптардың кез-келгенi консультацияға сұрау салуды
         Тараптарды жазбаша түрде хабардар етуге тиісті;
         тиiстi жағдайларда ақылға қонымды мерзiмдерде, сауалдан
         кейiн мұндай консультациялардың себептерiн негiздейтін есеп
         болуға тиiстi;
         сауал берілген күннен бастап бiр ай iшiнде консультациялар
         басталуға тиiстi;
         егер Тараптардың келiсуi бойынша мерзiм ұзартылмаса,
         консультациялар басталған күннен бiр ай iшiнде өзара
         қолайлы шешiм қабылдануға тиiстi.
      4. Сондай-ақ, осы Келiсiм Тараптардың келiсiмi бойынша арнайы
         қосымша консультациялар жүргiзiлуi мүмкiн.

  10-бап

      Екi Тарап болаттан жасалынатын бұйымдармен сауданы толық ырықтандыруға қол жеткiзудi мақсат тұтады және мұның өз араларында сауданы жылжытудың маңызды шарты болып табылатындығын, Тараптардың әрқайсының өз iшiнде қолданатын бәсекелестіктiң және мемлекеттiк көмектiң және қоршаған ортаны қорғау келiсiмдi болуға тиiстi деп таниды. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасы тарапынан сауал негiзiнде, Қоғамдастық Қазақстан Республикасының Қоғамдастық қабылдаған және қабылдайтындарымен үйлесiмдi заңнама ережелерiн қабылдауға және iске асыруға көмектесуi үшiн техникалық көмек көрсетуге тиісті. Мұндай көмек екi Тарап келiсуге тиiстi жобаларда дәл айқындалатын болады және олардың мақсатын, күнтізбелiк мерзiмдерiн дәл айқындайды.

  11-бап

      1. Осы Келiсiм оның қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
         Егер осы Баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерiне сәйкес
         бұзылмаса немесе тоқталса, ол 2006 жылғы 31 желтоқсанға
         дейiн қолданылуы тиiс.
      2. Кез-келген Тарап, кез-келген уақытта осы Келiсiмге
         Тараптардың әрқайсысының өтiнiшi бойынша консультацияларда
         талқылаудың өзегі болатын өзгерiстер енгiзудi ұсынады.
      3. Кез-келген Тарап бұл туралы ең кемiнде алты ай бұрын
         хабарланған жағдайда ғана осы келiсiмдi бұзуы мүмкiн. Егер
         Тараптар өзге уағдаластыққа қол жеткiзбесе, бұл жағдайда,
         Келiсім, хабар мерзiмi өтуiмен аяқталуға тиiстi, ал
         Қоғамдастықтың 2-қосымшада осы Келiсiмге белгiлеген
         сандық шектеулерi бұзу күнiне қатарлас кемiтiлуi тиiс.
      4. Егер, Қазақстан Республикасы осы Келiсiмнiң күшiнде
         болатын мерзiмi өткенге дейiн ДСҰ-ға қосылса, осы
         Келiсiмнiң ДСҰ-ға қосылу күнiнен бастап күшi жойылады.
      5. Егер Тараптардың осының алдындағы баптарда көзделген
         консультациялар кезiнде өзара тиiмдi шешiмге келе
         алмағандығын немесе Тараптардың бiрi осы Келiсiмдi
         бұзғанда, осы Келiсiмге 1-қосымшада көрсетiлген, Қазақстан
         Республикасы өнiмдерiнің экспортына қатысты дербес
         квоталар жүйесiнiң қайта енгізiлуiн қоса алғанда,
         Қоғамдастық кез-келген уақытта барлық, қажетті шаралар
         қолдану құқығын сақтайды.
      6. Қосымшалар мен А Хаттама осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі
         болып табылады.

  12-бап

      Осы Келiсiм қазақ, чех, дат, голланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгер, итальян, латвиялық, литвалық, мальта, польша, португал, словак, словен, испан, швед, орыс тілдерiнде жасалды, әр мәтiннiң күшi бiрдей.

      _____________қаласында 200__жылғы_________қол қойылған

       Қазақстан Республикасының            Еуропа Қоғамдастығы
      Үкiметi үшiн                         үшiн

                           1-қосымша

SA Жаймалық
илек

SA 1 Орамдар    SA 2 Қалың
                     жаймалы
                     болат                             

7208 10 00 00   7208 40 00 10
7208 25 00 00   7208 51 20 10
7208 26 00 00   7208 51 20 91
7208 27 00 00   7208 51 20 93
7208 36 00 00   7208 51 20 97
7208 37 00 10   7208 51 20 98
7208 37 00 90   7208 51 91 10
7208 38 00 10   7208 51 91 90
7208 38 00 90   7208 51 98 10
7208 39 00 10   7208 51 98 91
7208 39 00 90   7208 51 98 99
7211 14 00 10   7208 52 91 10
7211 19 00 10   7208 52 91 90
7219 11 00 00   7208 52 10 00
7219 12 10 00   7208 52 99 00
7219 12 90 00   7208 53 10 00
7219 13 10 00   7211 13 00 00
7219 13 90 00
7219 14 10 00
7219 14 90 00
7225 20 00 10
7225 30 10 00
7225 30 90 00

SA 3
Басқа да
жаймалық
илек

7208 40 00 90   7210 70 80 10   7219 22 90 00
7208 53 90 00   7210 90 30 10   7219 23 00 00
7208 54 00 00   7210 90 40 10   7219 24 00 00
7208 90 00 10   7210 90 80 91   7219 31 00 00
7209 15 00 00   7211 14 00 90   7219 32 10 00
7209 16 10 00   7211 19 00 90   7219 32 90 00
7209 16 90 00   7211 23 20 10   7219 33 10 00
7209 17 10 00   7211 23 30 10   7219 33 90 10
7209 17 90 00   7211 23 30 91   7219 34 10 00
7209 18 10 00   7211 23 80 10   7219 34 90 10
7209 18 91 00   7211 23 80 91   7219 35 10 00
7209 18 99 00   7211 29 00 10   7219 35 90 00
7209 25 00 00   7211 90 00 11   7225 40 12 90
7209 26 10 00   7212 10 10 00   7225 40 90 00
7209 26 90 00   7212 10 90 11
7209 27 10 00   7212 20 00 11
7209 27 90 00   7212 30 00 11
7209 28 10 00   7212 40 20 10
7209 28 90 00   7212 40 20 91
7209 90 00 10   7212 40 80 11
7210 11 00 10   7212 50 20 11
7210 12 20 10   7212 50 30 11
7210 12 80 10   7212 50 40 11
7210 20 00 10   7212 50 61 11
7210 30 00 10   7212 50 69 11
7210 41 00 10   7212 50 90 13
7210 49 00 10   7212 60 00 11
7210 50 00 10   7212 60 00 91
7210 61 00 10   7219 21 10 00
7210 69 00 10   7219 21 90 10
7210 70 10 10   7219 22 10 00

                          2-қосымша

Сандық шектеулер

(тонна)

Бұйымдар               2005         2006

SA Жаймалық илек
SA Орамдар             85000        87125

SA 2. Қалың жаймалы      0            0
болат

SA 3 Басқа да          115000       117875
жаймалық илек

  Келiсiлген хаттама

      Осы Келiсiмнiң мәтінде Тараптар мыналармен келiседi:
      экспортқа лицензиялар мен импортқа рұқсаттарға қатысты осы Келiсiмнің 4 (1) бабында көзделген ақпарат алмасуды орындау үшін Тараптар жалпы Қоғамдастыққа және оның мүше-мемлекеттерiне өтiніш бойынша осындай ақпарат бередi;
      осы Келiсімнiң 5 (2) бабында көзделген консультациялардың қанағаттанарлық нәтижесіне қол жеткiзiлуiн күтуде, егер бұл туралы Қоғамдастық өтiнетін болса, Қазақстан Республикасы дәстүрлi саудада күтпеген және нұқсан келтiретін өзгерiстер нәтижесінде туындаған мәселелер мейлiнше тереңдете түсетiн экспортқа лицензиялар берудi тоқтату жолымен ынтымақтасатындығымен;
      Қазақстан Республикасы, олардың жеткізiп беріп тұрудағы дәстүрлi қажеттерi, аймақтық концентрацияны болдырмау үшін де Қоғамдастықтағы шағын аймақтық рыноктардың құбылмалы райын назарға алады.

  А Хаттама

  I тарау Жіктеу

  1-бап

      1. Қоғамдастықтың құзыретті органдары осы Келiсiммен
         қамтылған бұйымдарға қатысты Қоғамдастықтың оларды күшіне
         енгізген күнге дейін Құрамалы номенклатурадағы (ҚН)
         кез-келген өзгерiстер туралы Қазақстан Республикасын
         хабардар етуге мiндеттенедi.
      2. Қоғамдастықтың құзыреттi органдары осы Келiсiммен
         қамтылған бұйымдарды жiктеуге қатысты кез-келген шешімдерi
         туралы олардың қабылдану күнінен бiр ай iшiнде Қазақстан
         Республикасының құзыретті органдарын хабардар етуге
         мiндеттенедi.

         Мұндай сипаттама:
         осындай бұйымдардың сипатынан;
         ҚН-ның тиісті кодтарынан;
         осындай шешімдi туындатқан себептерден тұрады.

      3. Жiктеу туралы шешім Келiсiммен қамтылған кез-келген
         бұйымның жіктеу практикасын өзгертуге әкеп соқтырса,
         Қоғамдастықтың құзыретті органдары Келiсім хабарлаған
         күннен бастап шешiм күшiне енген күнге дейiн 30 күн бұрын
         хабарлама ұсынады. Шешім күшіне енген күнге дейін
         жіберiлген бұйымдар сұрақ астындағы тауарларды
         Қоғамдастыққа импорттау үшін осы күннен бастап 60 күн
         iшiнде ұсыну шартымен жіктеудiң бастапқы iс-тәжірибесіне
         жатуды жалғастырады.
      4. Қоғамдастықтың Келiсiммен шешілген кез-келген бұйымды
         жiктеу iс-тәжiрибесiн өзгертудi туындатқан шешімi сандық
         шектеулерге түсетiн санатқа қатысты болса, Тараптар
         Келiсiмнің 7 (1) бабындағы мiндеттемелердi орындау
         мақсатымен, Келiсiмнің 9 (3) бабында жазылған тәртiпке
         сәйкес консультациялар өткiзуге келiседi.
      5. Қазақстан Республикасының және Қоғамдастықтың құзыретті
         органдарының Келiсімімен қамтылған Қоғамдастыққа кiргiзу
         кезінде бұйымдарды жiктеу мәселелерi бойынша пiкiрлерiнде
         енгізген уақытта алшақтық болса, жiктеу осындай бұйымдарды
         соңғы жiктеу туралы келiсiмге қол жеткiзу мақсатымен
         9-бапқа сәйкес консультациялар өткiзгенге дейiн Қоғамдастық
         ұсынған индикаторларға негiзделуге тиiс.

  ІІ тарау Шыққан жерi

  2-бап

      1. Қазақстан Республикасында өндiрiлген бұйымдар
         Қоғамдастыққа экспорттау туралы Қоғамдастық қолданып
         жүрген ережелерге сай, Келiсiмде көзделген уағдаластықтарға
         сәйкес осы хаттамаға қоса берiлген нысанда өндiрiлген жерi
         қазақстандық шығу сертификаты болады.
      2. Шығу сертификатын Қазақстан республикасының заңнамасы
         бойынша мұндай бұйымдар Қазақстан Республикасында
         шығарылған деп саналуы мүмкін екенін осы мақсаттарға
         уәкілеттендiрiлген қазақстандық ұйымдар растайды.

  3-бап

      Шығу сертификаты экспорттаушы жазбаша түрде орындаған өтініш бойынша ғана немесе экспорттаушының немесе оның уәкілеттi өкілінің жауапкершілігімен шығарылады. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша осы мақсаттар үшін уәкілеттендiрiлген қазақстандық ұйымдар сертификаттың тиістi түрде рәсiмделуін қамтамасыз етедi және осы мақсат үшін кез-келген құжаттамалық дәлелдi талап етедi немесе өздерi қажет деп санаған кез-келген тексерудi жүзеге асырады.

  4-бап

      Бұйымдардың импорты кезiнде тиiстi нәрселердi орындау үшін шығу сертификатында жасалған өтініштер мен кеден органдарына табыс етілген құжаттардағы шамалы айырмашылықтарды айқындау сертификаттағы өтiніштер осыған байланысты күмән туғызбауы тиiс.

  ІІІ тарау
Сандық шектеулерге жататын бұйымдарға арналған
қосарлы бақылау жүйесі

  I бөлім
Экспорттау

  5-бап

       Қазақстан Республикасының тиiсті мемлекеттiк органдары осы Келiсiмнiң 2-қосымшасында көрсетiлген сандық шектеулердiң шегінде Келiсiммен қамтылған болаттан жасалған барлық бұйымдар партиясын экспорттауға арналған лицензия бередi.

  6-бап

      1. Экспортқа арналған лицензия осы хаттамаға тіркелген
         нысанға сәйкес келуге және Қоғамдастықтың кеден одағына
         экспорттау үшін жарамды болуға тиiс.
      2. Экспортқа арналған әр лицензия осындай бұйымдардың саны
         осы Келiсiмге 2-қосымшада осындай бұйым үшін белгіленген
         тиісті сандық шектеулердiң есебi есепке жатқызғанын
         растауға тиiс.

  7-бап

      Қоғамдастықтың құзыретті органдары экспортқа арналған бұрын берiлген лицензияның мойылғаны немесе өзгергенi туралы дереу хабардар етілуге тиіс.

  8-бап

      1. Экспорт 1 жылға белгіленген сандық шектеулердiң есебiне
         жатқызылады, онда егер экспортқа лицензия осындай
         жөнелтуден кейiн берілсе де, бұйымды жөнелту жүзеге
         асырылады.
      2. Осы баптың бiрiншi тармақшасын қолдану мақсаты үшін
         тауарды жөнелту оны экспорттық көлікке тиелген сәттен
         бастап жүзеге асырылды деп есептеледi.

  9-бап

      11-бапты қолдану үшiн экспортқа арналған лицензия лицензияда көрсетілген тауарлар жөнелтілген келесi жылдан кейiнгі жылдың 31 наурызынан кешіктірiлмей беріледi.

  ІІ бөлiм
Импорттау

  10-бап

      Қоғамдастық елдерiнде сандық шектеулерге ұшыраған болаттан жасалған бұйымдарға еркiн айналымда рұқсат ету импортқа санкция берiлу жағдайында жүргiзiлетін болады.

  11-бап

      1. Қоғамдастықтың құзыретті органдары 10-бапта көрсетілген
         импортқа рұқсатты импорттаушы экспортқа арналған тиісті
         лицензияның түпнұсқасын берген күннен бастап 10 күн ішінде
         бередi.
      2. Импортқа рұқсат Қоғамдастықтың кеден аумағына импорт үшiн
         оны берген күннен бастап төрт ай бойы күшiнде болады.
      3. Қоғамдастықтың құзыретті органдары импортқа берiлген
         рұқсатты экспортқа сәйкес лицензияны жойған кезден бастап
         қайтып алады. Алайда егер Қоғамдастықтың құзыретті
         органдары экспортқа лицензияның жойылғандығы немесе
         қолданудан алып тастауы туралы бұйымның Қоғамдастықта еркiн
         айналымнан кейiн ғана хабарласа сәйкес сандар бұйымға
         қатысты белгіленген шектеулер есебiнде жазылады.

  12-бап

      Егер Қоғамдастықтың құзыреттi органдары Қазақстан Республикасының құзыретті органдары экспортқа берген лицензияда көрсетiлген жалпы санның 2-Қосымшада көрсетілген бұйымдар үшін белгіленген сандық шектеуден асып кеткендiгін айқындаса, Қоғамдастықтың құзыретті органдары сандық шектеулерге жататын мұндай бұйымдарға қатысты импорты одан әрi рұқсат берудi тоқтата тұрады. Мұндай жағдайда Қоғамдастықтың құзыреттi органдары Қазақстан Республикасының органдарына бiрден хабарлайды және Келiсiмнiң 9 (2) бабына сәйкес кешіктiрмей консультациялар өткізедi.

  ІV тарау
Экспорт лицензиялары және шығу сертификаттарының
нысаны мен берiлуi және Қоғамдастықтағы экспортқа
қатысты жалпы ережелер

  13-бап

      1. Экспортқа лицензиялар мен шығу сертификаттары ағылшын
         тілінде жасалады. Бұл қосымша көшірмесiнде түзетіліп
         берiлуi мүмкін. Егер олар қолдан жасалса, мәлiметтер сиямен
         және баспа әріптерiмен жазылады.
         Құжаттың көлемі 210х297 мм болу керек. Пайдаланған қағаз
         ақ түсті, бүлінбеген және 25 г/кв.м. кем тартпауы керек.
         Егер құжаттар бiрнеше данадан болса түпнұсқа болып
         саналатын тек бiрiншi дана, арнайы бланкiде басылу керек.
         Олардың түпнұсқасында анық "түпнұсқа", ал көшiрмелерiнде
         "көшiрме" деген жазуы болуы керек. Келiсімнің ережелеріне
         сәйкес экспорттың мақсаттары үшін жарамдысы ретiнде
         Қоғамдастықтың құзыретті органдары тек түпнұсқаны ғана
         алады.
      2. Әрбiр құжаттың басылғанына немесе басылмағанына қарамастан
         анық стандартты сериялық нөмiрi болу керек және осы
         нөмiрге қарап танылады.
         Бұл нөмiрлер өздеріне мынадай элементтердi қамтиды:
         экспорттаушы елдi бейнелейтін яғни
         КZ = Қазақстан Республикасы;
         кедендiк тазалау жөнiндегi Мемлекет - Қоғамдастық мүшесіне
         сәйкестiгiн бiлдiретін екi әріп, яғни:
         ВЕ = Бельгия
         СZ = Чех Республикасы
         DК = Дания
         DЕ = Германия
         ЕЕ = Эстония
         ЕL = Греция
         ЕS = Испания
         FR = Франция
         IE = Ирландия
         IТ = Италия
         СҮ = Кипр
         LV = Латвия
         LY = Литва
         LU = Люксембург
         HU = Венгрия
         MT = Мальта
         NL = Нидерланды
         АТ = Австрия      
         РL = Польша
         РТ = Португалия
         SI = Словения
         SK = Словакия
         FI = Финляндия
         SE = Швеция
         GВ = Великобритания;
      жылдың соңғы санына сәйкес келетін, жылды анықтаушы бiр топты сан, мысалы 2002 жыл үшін "5";
      экспорттайтын елдiң белгі беруші органын анықтаушы 01-ден 99 дейiнгі екi таңбалы нөмiр;
      кедендiк тазалау жөніндегі Мемлекетке - Қоғамдастық Мүшесiне берiлген бiрте-бiрте өсетін 00001-ден 99999 бес таңбалы нөмiр.

  14-бап

      Экспортқа лицензия мен шығу сертификаты оларға тиiстi тауарлар жiберiлгеннен кейiн берiлуi мүмкін. Мұндай жағдайларда оларда "өткенге қатысты берiлдi" ("issued retrospectively") деген жазу болу керек.

  15-бап

      1. Экспортқа лицензия немесе шығу сертификаты ұрланған,
         жойылған немесе жойылған жағдайда экспорттаушы лицензия
         беруге өкілеттендiрiлген Қазақстан Республикасының
         мемлекеттік органдарына немесе Қазақстан Республикасының
         заңдарына сәйкес шығу сертификатын беруге
         өкілеттендiрiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарына
         сәйкесiнше экспорттаушыда бар экспортқа арналған құжаттар
         негізiнде екінші нұсқаны беру үшін өтініш жасай алады.
         Осындай жолмен берiлген сертификаттың немесе лицензияның
         екінші нұсқасында "екiншi нұсқа" ("duplicale") деген жазуы
         болу керек.
      2. Екiнші нұсқада экспортқа алғашқы лицензияның немесе
         алғашқы шығу сертификатының берiлген күнi көрсетілуi керек.

  V тарау
Әкімшілік ынтымақтастық

  16-бап

      Тараптар осы Хаттаманың ережелерін орындаған кезде тығыз ынтымақтастықта болады. Осы мақсатпен Екi Тарап техникалық мәселелер жөнiндегі ынтымақтастықты қоса алғанда байланыстарға және пікір алмасуларға көмектеседi.

  17-бап

      Осы Хаттаманы дұрыс қолдану үшiн Тараптар осы Хаттама немесе оған сәйкес жасалған кез келген мәлiмдемелер бойынша берiлген экспортқа арналған лицензиялар мен шығу сертификаттардың шынайылығы мен ұқыптылығын тексеру кезiнде өзара көмек көрсетедi.

  18-бап

      Қазақстан Республикасы экспортқа арналған лицензиялар мен шығу сертифакаттарын беруге және тексеруге құзыретті Қазақстан Республикасы органдарының аттары мен мекен-жайларын олар пайдаланатын мөрлер және қол қою үлгілерiмен қоса Қоғамдастыққа (Еуропалық Комиссияға) жолдайды. Қазақстан Республикасы, сондай-ақ осындай өзгерген ақпараттың қандайы болмасын Қоғамдастыққа (Еуропалық Комиссияға) хабарлайды.

  19-бап

      1. Шығу сертификаттарын немесе экспортқа арналған
         лицензияларды келесi тексеру кез келген уақытта, немесе
         Қоғамдастықтың құзыретті органдары сертификаттың немесе
         лицензияның немесе күмәндi тауарлардың шығу тегіне қатысты
         ақпараттың дәлдігіне негізделген күмәнi бар уақытта жүзеге
         асырылады.
      2. Мұндай жағдайларда Қоғамдастықтың құзыреттi органдары егер
         қабылдайтындай болса, осындай тексерудi ақтайтын себептердi
         көрсете отырып, шығу сертификатын немесе экспортқа арналған
         лицензияны немесе оның көшірмесі Қазақстан Республикасының
         сәйкес органдарына қайтарады. Есеп-фактура жіберілген
         жағдайда, осындай есеп-фактура немесе оның көшiрмесi
         сертификатқа немесе лицензияға немесе оның көшiрмесiне
         қоса жiберіледi. Құзыретті органдар сол сияқты жоғарыда
         аталған сертификаттағы немесе лицензиядағы мәліметтердің
         анық еместігін дәлелдейтiн кез келген алынған ақпаратты
         беруге тиiс.
      3. Осы Баптың 1-тармағының Ережесi сол сияқты осы Хаттаманың
         2-бабында көзделген шығу сертификаттарын келесi
         тексерулерге қолданылады.
      4. 1-ші және 2-ші одан жоғары тармақтарға сәйкес жүргiзiлген
         келесi тексерулердің нәтижелерін Қоғамдастықтың құзыреттi
         органдары тексеруден соң үш айдан кешіктірмей жібередi.
         Мұндай ақпаратта күмәндi сертификат, лицензия немесе
         мәлімдеме шын мәнiнде экспортталған тауарға қатысты
         қолданылды ма, немесе Келiсiмде белгіленген уағдаластыққа
         орай сондай тауарлар экспортқа жіберілдi ме солар
         көрсетілулерi тиiс. Ақпаратта сол сияқты Қоғамдастықтың
         талабы бойынша шындықты, атап айтқанда, тауардың анық шығу
         тегін толық ашу үшін қажетi бар құжаттардың көшірмелерi
         болуға тиiс.
         Егер осындай тексерулер шығу сертификаттарын қолдануда
         ұдайы ереже бұзылуын ашатын болса, Қоғамдастық күмәндi
         бұйымдар импортын осы Хаттаманың 2 (1) бабының ережесіне
         жатқыза алады.
      5. Шығу сертификаттарын келесi тексеру мақсатында
         сертификаттардың экспортқа қатысты кез келген құжаттардың
         көшірмелерi осы Келісiмнің бiткен күнінен бастап бiр
         жылдан кем емес уақытта Қазақстан Республикасының сәйкес
         құзыретті органдарында сақталады.
      6. Осы бапта көзделген кез келген уақытта тексеру тәртiбi
         тауарлардың еркін айналысына бөгет етпеуi тиiс.

  20-бап

      1. 19-бапта көрсетілген тексеру рәсімі, немесе Қазақстан
         Республикасының немесе Қоғамдастықтың құзыретті
         органдарында бар ақпарат Келiсiмнiң ережелерiн
         бұзатындығын көрсететiн болса немесе көрсетсе, екi Тарап
         мұндай ереже бұзылудың алдын алу үшін тығыз
         ынтымақтастықта болады.
      2. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының сәйкес органдары
         өз бастамасы бойынша немесе Қоғамдастықтың талап етуi
         бойынша ереже заң бұзуы болып табылатын операцияларға
         қатысса немесе Қоғамдастықтың пікірiнше осы Хаттама
         бұзылды дегенде сәйкесiнше тергеулердi жүргізіледі немесе
         ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Қоғамдастық тексеру
         нәтижелерiн, ереже сақтамау және бұзушылықты, тауардың
         шығу тегінiң себебiн анықтайтын кез-келген лайықты ақпарат
         жiбередi.
      3. Тараптардың келiсімі бойынша Қоғамдастық тағайындаған
         лауазымды тұлғалар осы Баптың 2-тармағында ескерiлген
         тергеулер кезiнде қатыса алады.
      4. Осы Баптың 1-тармағында ескерiлген ынтымақтастыққа сәйкес
         Қазақстан Республикасы мен Қоғамдастықтың құзыретті
         органдары Келiсім ережелерiн сақтамау және ереже
         бұзушылықты болдырмау үшін Тараптардың қайсысы болсын
         қажет деп санайтын кез келген ақпараттармен алмасады.
         Мұндай алмасу, атап айтқанда, егер күмәндi тауарлар олар
         Қоғамдастыққа импортталғанға дейiн Қазақстан
         Республикасының аумағы арқылы тасылуы мүмкiн деп санауға
         Қоғамдастықтың негізделген себептерi болса, Қазақстан
         Республикасы мен үшінші елдер арасындағы осы Келiсiмде
         ескерiлген бұйым түрлерiмен сауда туралы ақпаратты қоса
         алады. Бұл ақпарат Қоғамдастықтың талап етуi бойынша қолда
         бар болса, барлық сәйкес құжаттардың көшiрмелерiн қоса
         алады.
      5. Егер жеткiлiктi айғақтар осы Хаттаманың ережелерінiң
         сақталмаған немесе бұзылғандығын куәлендiретін болса,
         Қазақстан Республикасының немесе Қоғамдастықтың құзыретті
         органдары мұндай ереже сақталмағанын немесе бұзушылықтың
         алдын алу үшін кез келген қажеттi шараларды қолдануға
         келiсе алады.

           БОЛАТ ӨНIМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫНА АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ

1 Экспорттаушы
(аты, толық
мекен-жайы,
елі)

ТҮПНҰСҚА

2 N

3 Жыл

4 Өнімнің тобы

5 Алушы
(аты, толық
мекен-жайы,
елі)

ЭКСПОРТҚА АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ
(болат өнімі)

6 Шыққан елі

7 Жіберілетін елі

8 Тиелімнің жері және күні - тасымалдау құралы

9 Қосымша деректер

10 Тауарлардың сипаттамасы - өндіруші

11 ҚН бойынша
коды

12 Саны  (1)

13 Құны (2)

14 Құзыретті органның куәлiк беруi
      Мен, төменгі қол қоюшы жоғарыда аталған тауарлар Еуропа Экономикалық Қоғамдастығында болат өнімдерінің саудасын реттеу жөніндегі ережелердің негізінде 4-тармақта көрсетілген топқа сәйкес 3-тармақта көрсетілген жыл үшін белгіленген
сандық шектеу есебіне жатқызылатынын куәландырамын.

15 Құзыретті орган (атауы,   _________арналған___________
толық мекен-жайы, елі)        (Қолы)            (Мөр)

       (1) Таза салмағы (кг), сондай-ақ таза салмақ пайдаланылмайтын ұйғарымды санаты бiрлігіндегі сан көрсетіледі
       (2) Сатуға арналған келiсiм-шарт валютасында.

           БОЛАТ ӨНIМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫНА АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ

1 Экспорттаушы
(аты, толық
мекен-жайы,
елі)

КӨШІРМЕ

2 N

3 Жыл

4 Өнімнің тобы

5 Алушы
(аты, толық
мекен-жайы, елі)

ЭКСПОРТҚА АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ
(болат өнімі)

6 Шыққан елі

7 Жіберілетін елі

8 Тиелімнің жері және күні - тасымалдау құралы

9 Қосымша деректер

10 Тауарлардың сипаттамасы - өндіруші

11 ҚН бойынша
коды

12 Саны  (1)

13 Құны (2)

14 Құзыретті органның куәлiк беруi
      Мен, төменгі қол қоюшы жоғарыда аталған тауарлар Еуропа Экономикалық Қоғамдастығында болат өнімдерінің саудасын реттеу жөніндегі ережелердің негізінде 4-тармақта көрсетілген топқа сәйкес 3-тармақта көрсетілген жыл үшін белгіленген
сандық шектеу есебіне жатқызылатынын куәландырамын.

15 Құзыретті орган (атауы,   _________арналған___________
толық мекен-жайы, елі)        (Қолы)            (Мөр)

       (1) Таза салмағы (кг), сондай-ақ таза салмақ пайдаланылмайтын ұйғарымды сан көрсетіледі
       (2) Сатуға арналған келiсiм-шарт валютасында.

                      ШЫҒУ СЕРТИФИКАТЫ

1 Экспорттаушы
(аты, толық
мекен-жайы,
елі)

ТҮПНҰСҚА

2 N

3 Жыл

4 Өнімнің тобы

5 Алушы
(аты, толық
мекен-жайы, елі)

ЭКСПОРТҚА АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ
(болат өнімі)

6 Шыққан елі

7 Жіберілетін елі

8 Тиелімнің жері және күні - тасымалдау құралы

9 Қосымша деректер

10 Тауарлардың сипаттамасы - өндіруші

11 ҚН бойынша
коды

12 Саны  (1)

13 Құны (2)


15 Құзыретті орган (атауы,   _________арналған___________
толық мекен-жайы, елі)        (Қолы)            (Мөр)

       (1) Таза салмағы (кг), сондай-ақ таза салмақ пайдаланылмайтын ұйғарымды санаты бірлігіндегі сан көрсетіледі
       (2) Сатуға арналған келiсiм-шарт валютасында.

                      ШЫҒУ СЕРТИФИКАТЫ

1 Экспорттаушы
(аты, толық
мекен-жайы,
елі)

КӨШІРМЕ

2 N

3 Жыл

4 Өнімнің тобы

5 Алушы
(аты, толық
мекен-жайы, елі)

ЭКСПОРТҚА АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ
(болат өнімі)

6 Шыққан елі

7 Жіберілетін елі

8 Тиелімнің жері және күні - тасымалдау құралы

9 Қосымша деректер

10 Тауарлардың сипаттамасы - өндіруші

11 ҚН бойынша
коды

12 Саны  (1)

13 Құны (2)

14 Құзыретті органның куәлiк беруi
      Мен, төменгі қол қоюшы жоғарыда аталған тауарлар Еуропа Экономикалық Қоғамдастығында болат өнімдерінің саудасын реттеу жөніндегі ережелердің негізінде 4-тармақта көрсетілген топқа сәйкес 3-тармақта көрсетілген жыл үшін белгіленген
сандық шектеу есебіне жатқызылатынын куәландырамын.

15 Құзыретті орган (атауы,   _________арналған___________
толық мекен-жайы, елі)        (Қолы)            (Мөр)

       (1) Таза салмағы (кг), сондай-ақ таза салмақ пайдаланылмайтын ұйғарымды сан көрсетіледі
       (2) Сатуға арналған келiсiм-шарт валютасында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады