"Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдiгi арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі N 788 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдiгi арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі
арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды
болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу
туралы конвенцияны бекiту туралы

      2001 жылғы 3 сәуiрде Осло қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы
КОНВЕНЦИЯ

      Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Норвегия Корольдiгінiң Үкiметi екi Мемлекет арасындағы экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға деген ниеттерiн растап және табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция жасасуды қалай отырып,
      төмендегілер туралы келiсті:

  I ТАРАУ
КОНВЕНЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛАСЫ

  1-бап
КОНВЕНЦИЯ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР

      Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

  2-бап
КОНВЕНЦИЯ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛЫҚТАР

      1. Осы Конвенция, Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның аймақтық немесе жергілiктi өкiмет органдарының атынан алынатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға оларды алу әдiсiне қарамастан қолданылады.
      2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiкті иелiктен шығарудан алынған табыстарға салынатын салықтарды және кәсіпорындар төлейтiн еңбекақының немесе жалақының жалпы сомасына салынатын салықтарды, сондай-ақ капитал құнының өсуiнен алынатын салықтарды қоса, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыстың немесе капиталдың жеке бөлiктерiнен алынатын салықтардың барлық түрi табыс пен капиталға салынатын салықтар деп есептеледi.
      3. Осы Конвенция қолданылатын қазiргi салықтар атап айтқанда, мыналар болып табылады:
      а) Қазақстан жағдайында:
      (i) заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
      (іі) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық;
      (бұдан әрi - "Қазақстан салығы" деп аталады);
      b) Норвегия жағдайында:
      (i) табысқа салынатын ұлттық салық;
      (іі) табысқа салынатын аймақтық қалалық салық;
      (ііi) табысқа салынатын қалалық салық;
      (iv) Салықтық Теңестiру ұлттық Қорына жарналар;
      (v) капиталға салынатын ұлттық салық;
      (vi) капиталға салынатын қалалық салық;
      (vіі) су асты мұнай ресурстарын барлау мен игеруден, мұнай өнiмдерiн құбырмен тасымалдауды қоса алғанда, соларға байланысты әрекеттер мен жұмыстардан алынатын табыс пен капиталға қатысты ұлттық салық; және
      (vііі) резидент емес әртiстердiң сыйақыларына салынатын ұлттық алымдар;
      (бұдан әрi - "Норвегия салығы" деп аталады).
      4. Конвенция осы Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн қолданылып жүрген салықтарға қосымша немесе солардың орнына Уағдаласушы Мемлекеттердiң әрқайсысы алатын бiрдей немесе мәнi бойынша ұқсас кез келген салықтарға да қолданылады.

  ІІ ТАРАУ
АНЫҚТАМАЛАР

  3-бап
ЖАЛПЫ АНЫҚТАМАЛАР

      1. Егер мәтіннiң толық мәнiнен өзгедей мағына туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
      а) (i) "Қазақстан" терминi Қазақстан Республикасын бiлдiредi. Географиялық мағынада қолданған кезде "Қазақстан" терминi халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан белгілі бiр мақсаттары үшiн егемендiк құқықтары мен заңдарын жүзеге асыра алатын және Қазақстанның салықтарын реттейтiн заңдар қолданылатын аумақтық суларды, сондай-ақ айрықша экономикалық аймақ пен құрлықтық қайраңды қамтиды;
      (іі) "Норвегия" терминi Норвегия Корольдiгін бiлдiредi. Норвегияның заңдарына сәйкес және халықаралық құқықтарға сәйкес Норвегия Корольдiгi теңiз табанына және оның қойнауы мен олардың табиғи ресурстарына қатысты өзінің құқықтарын жүзеге асыра алатын, Норвегия Корольдiгiнiң аумақтық суларының шегiнен тысқары жердегi кез келген аумақты қамтиды, термин Свалбардты, Жан Майендi және Антарктидадағы норвегиялық аумақтарды ("bilаnb") қамтымайды;
      b) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа бiрлестiгiн қамтиды;
      с) "компания" терминi салық мақсаттары үшiн корпорациялық бiрлестік ретiнде қарастырылатын келген корпорациялық бiрлестiктi немесе кез келген экономикалық бiрлiктi бiлдiредi және Қазақстан жағдайында корпорациялық бiрлестiк ретiнде салық салуға жататын, акционерлiк компанияны, жауапкершілiгi шектеулi компанияны кез келген заңды тұлғаны қамтиды;
      d) "Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi мәтiннің толық мәнiне қарай, Қазақстанды немесе Норвегияны бiлдiредi;
      е) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" және "бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды білдiредi;
      f) "халықаралық тасымал" терминi теңiз немесе әуе кемесi тек екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң пункттерi арасында ғана пайдаланылатынынан басқа жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны пайдаланатын кез келген теңiз немесе әуе көлiгiмен жасалатын тасымалды білдіредi;
      g) "құзыретті орган" терминi:
      (i) Қазақстанда: Қаржы министрлігін немесе оның уәкілетті өкiлiн;
      (іі) Норвегияда: Қаржы және кеден министрi немесе оның уәкiлетті өкiлiн бiлдiредi;
      h) "ұлттық тұлға" терминi:
      (i) Уағдаласушы Мемлекеттің азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
      (іі) Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданылып жүрген заңдары негiзiнде өз мәртебесiн алған кез келген заңды тұлғаны, әріптестіктi немесе қауымдастықты бiлдiредi.
      2. Уағдаласушы Мемлекет кез келген уақытта осы Конвенцияны қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер мәтіннің толық мәнiнен өзгедей мағына туындамаса, осы Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы Мемлекеттің заңдары бойынша ол қандай мағынасы болса, сондай мағынаға ие болады және оның осы Мемлекеттiң салық заңдарына қолдану жөнiндегi кез келген мағынасы осы Мемлекеттiң басқа заңдары бойынша терминге берілетін мағынадан басым болады.

  4-бап
РЕЗИДЕНТ

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Мемлекеттiң заңдары бойынша өзiнiң тұрғылықты орны, резиденттігi, басқару орны, құрылу орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшемнiң негiзiнде, онда салық салынуға тиiстi кез келген тұлғаны бiлдiредi, сондай-ақ осы Мемлекеттi және оның кез келген аймақтық немесе жергiлiктi өкiмет органын қамтиды. Ол, сондай-ақ зейнетақылық немесе жұмыс iстеушiлерге арналған жәрдемақылардың басқа да бағдарламасын, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған кез келген қайырымдылық ұйымды қамтиды.
      Алайда, бұл термин тек осы Мемлекеттегі көздерден алынатын табысқа немесе онда орналасқан капиталға қатысты немесе осы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
      2. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, оның мәртебесi мынадай тұрғыдан айқындалады:
      а) ол өзiнiң билiк етуiндегi тұрақты баспанасы орналасқан Мемлекеттің резидентi болып есептеледi; егер оның билiк етуiнде Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол мейлiнше тығыз жеке және экономикалық қатынасы бар Мемлекеттің резидентi болып есептеледi;
      b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе оның Мемлекеттердiң бiрде бiреуiнде өзiнiң иелігіндегі тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттің резиденті болып есептеледi;
      с) егер ол әдетте Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың бiрде(де) бiреуiнде тұрмаса, ол өзi азаматы болып отырған Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      d) егер ол екi Мемлекеттiң де немесе олардың бiрде бiреуiнiң де азаматы болып табылмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.
      3. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес, жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, ол онда тиiмдi басқару орны орналасқан жердегi мемлекеттiң резидентi болып саналады.

  5-бап
ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi кәсіпорынның тұрақты қызмет орнын бiлдiредi, кәсiпорын ол арқылы толық немесе iшінара түрде кәсiпкерлік қызметпен айналысады.
      2. "Тұрақты мекеме" терминi, атап айтқанда, мыналарды қамтиды:
      а) басқару орыны;
      b) бөлiмше;
      с) кеңсе;
      d) фабрика;
      е) шеберхана; және
      g) шахта, мұнай немесе газ ұңғыма, карьер немесе табиғи ресурстар өндiрiлетін кез келген басқа кен орны.
      3. "Тұрақты мекеме" терминi, сондай-ақ мыналарды қамтиды:
      а) құрылыс алаңы немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектісi, немесе соларға байланысты байқау қызметтерi, тек бұл үшін осындай алаң не объект 12 айдан астам уақыт бойы жұмыс iстеуi немесе осындай қызметтер 12 айдан астам уақыт бойы көрсетiлуi қажет;
      b) табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылған қондырғы немесе ғимарат, немесе соларға байланысты байқау қызметтерi, немесе бұрғылау қондырғы, тек бұл үшін осындай пайдалану 6 айдан астам уақыт бойы созылса немесе мұндай қызметтер 6 айдан астам уақыт бойы көрсетiлуi қажет;
      с) қызметшілер немесе басқа осындай мақсаттар үшiн жалдап алынған қызметкерлер арқылы, консультациялық қызметтердi қоса алғанда, қызметтер көрсету, бiрақ тек бұл үшін осындай сипаттағы қызмет (осындай немесе оған байланысты жоба үшiн) ел шегiнде 12 айдан астам уақытқа жалғасуы қажет.
      4. Бұл баптың осының алдыңғы ережелерiне қарамастан "тұрақты мекеме" терминi мыналарды:
      а) ғимараттарды, кәсiпорынға тиесiлі тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету не жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
      b) кәсiпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жiберіп тұру мақсаттары үшін ғана ұстауды;
      с) кәсiпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек өзге кәсiпорынның ұқсату мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      d) тұрақты қызмет орнын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;
      е) тұрақты қызмет орнын тек кәсіпорын үшiн әзiрлiк немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметті жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды;
      f) осындай амал нәтижесiнде туындаған, тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметi даярлық немесе көмекшi сипатта болған жағдайда, тұрақты қызмет орнын а) тармақшасынан е) тармақшасына дейiн көрсетiлген қызмет түрлерінің кез келген амалын жүзеге асыру үшiн ұстау қамтиды деп қарастырылмайды.
      5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер осы баптың 6-тармағы қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорынның атынан iс-әрекет етсе және кәсiпорын атынан келiсiм-шарттар жасау өкiлеттігіне ие болса және оны әдетте Уағдаласушы Мемлекетте пайдаланса, онда бұл кәсiпорын осындай тұлғаның әрекетi 4-тармақта айтылған ережелермен шектелмей, осы тұлға кәсiпорын үшін атқаратын, тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылып, бұл тұрақты қызмет орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмайтын кез келген әрекетiне қатысты осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
      6. Делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент өздерiнiң әдеттегi қызметі шеңберiнде әрекет жасаған жағдайда, кәсіпорын осы Мемлекетте осындай тұлғалар арқылы кәсiпкерлік қызмет жүзеге асырылатындықтан ғана, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсіпорын ретінде қарастырылмайды.
      7. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе осы басқа Мемлекетте кәсiпкерлік қызметпен айналысатын (не тұрақты мекеме арқылы не басқа жолмен) компанияны бақылауы немесе бақылап отыруы фактісiнiң өздiгiнен осы компаниялардың бiрiн екiншiсiнің тұрақты мекемесiне айналдыра алмайды.

  ІІІ ТАРАУ
ТАБЫСҚА САЛЫҚ САЛУ

  6-бап
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIКТЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫС

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алған табысқа (ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алған табысты қосқанда) осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Жылжымайтын мүлік" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша ол қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда, жылжымайтын мүлікке қатысты қосалқы мүлікті, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен құрал-жабдықтарды, жер меншіктілігіне қатысты жалпы құқықтың ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктысын және минералдық ресурстарды, кен көздерiн және басқа табиғи қазбаларды игеру үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегі өзгермелi немесе кесiмдi төлемдердi алу құқықтарын немесе соларды игеру құқығын қамтиды; теңiз және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
      3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлікті тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. 1, 3-тармақтардың ережелерi сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкінен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүліктен алынатын табысқа қолданылады.

  7-бап
КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНАТЫН ПАЙДА

      1. Егер кәсіпорын басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесi арқылы кәсiпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын болса, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны алған пайдаға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсіпорын жоғарыда айтылғанындай, кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын болса, онда басқа Мемлекетте кәсіпорынның табысына тек мыналарға:
      а) осындай тұрақты мекемеге;
      b) осындай тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарларға немесе бұйымдарға сай келетiн тауарлардың немесе бұйымдардың осы басқа Мемлекетте сатылуына; және
      с) осындай тұрақты кәсіпорын арқылы жүзеге асырылатын, өзiнiң сипаты бойынша кәсiпкерлік қызметпен сай келетiн, осы Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын басқа кәсіпкерлік қызметке қатысты салық салынуы мүмкiн.
      2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпкерлік қызметiн сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, онда ол осы тұрақты мекеме нақ осындай не осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе соған ұқсас қызметпен айналысатын оқшауланған және жеке кәсіпорын болса, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан толық тәуелсiз жұмыс iстегенде ала алатын пайдасы әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттегi осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде шығыстар басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарын қоса алғанда, тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшін жұмсалған шығыстарды шегеруге жол беріледi. Басқа офистерiнiң кез келгенiне роялти, қаламақылар немесе патенттердi немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн өтеу ретiнде басқа ұқсас төлемдердi төлеу жолымен немесе арнайы (нақты) қызметтер көрсеткені үшiн немесе менеджмент үшiн комиссиялық ақы түрiнде немесе тұрақты мекемеге кредит - берiлген сомаға проценттер төлеу жолымен төленген сомаларды шегерiп тастауға жол берiлмейдi.
      4. Бұл әдетте Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемеге қатысты пайданы айқындау кәсiпорын пайдасының жалпы сомасын әртүрлі бөлiмшелерi бойынша оның мөлшерлес бөлу негізiнде айқындау бұл әдетте қалай қабылданғанына қарай, 2-тармақта ешбiр нәрсе де осы Уағдаласушы Мемлекетте әдетте қабылданғанындай, осылай бөлу арқылы айқындауға тыйым салмайды; алайда мөлшерлес бөлудiң таңдап алынған әдiсi осы Бапта айтылған қағидаттарға сәйкес келетiн нәтижелер беруге тиiс.
      5. Осы тұрақты мекемеге кәсiпорын үшiн тауарларды немесе бұйымдарды сатып алуы негiзiнде тұрақты мекемеге қандай да болмасын пайда есептелмейдi.
      6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыретті органы үшiн қол жетiп және оңай алынатын ақпарат тұрақты мекеменiң пайдасын немесе шығыстарын айқындау үшін жеткiлiксiз болып табылса, пайда осы Мемлекеттің салық заңдарына сәйкес есептелуi мүмкiн. Осы тармақтың мақсаттары үшiн, егер құзыреттi орган мұндай ақпаратты жазбаша сұратқан күннен бастап 91 күннiң iшiнде салық төлеушi сұратып отырған құзыреттi органға ақпаратты берсе, ақпарат жеңiл алынған болып саналады.
      7. Мұның алдындағы тармақтардың мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге жататын пайда, егер мұндай тәртiптi өзгерту үшін жеткілікті және дәлелді себептерi болмаса жылдан жылға бiркелкi тәсiлмен айқындала бередi.
      8. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында ол туралы жеке-жеке айтылған табыстардың түрлерiн қамтитын болса, осы баптың ережелерi бұл баптардың ережелерiн қозғамайды.

  8-бап
ТЕҢIЗ ЖӘНЕ ӘУЕ КӨЛІГI

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны халықаралық тасымалдауда теңiз немесе әуе кемелерiн пайдаланудан алған пайдаға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. 1-тармақтың ережелерi пулға, бiрлескен кәсіпорынға немесе халықаралық пайдалану агенттiгiне қатысудан алынатын пайдаға да қолданылады.
      3. 1 және 2 тармақтардың ережелерi Норвегия, Дания және Швеция бiрлестiгi Скандинавия Авиажелiлерi (SАS) жүйесiнiң автокөлiк концорциумы ретiнде алған пайдаға, бiрақ тек Dеt Nоrskе Luftfartsselskap А\S (DNL), Скандинавия Авиажелiлерi (SАS) жүйесiнiң Норвегиялық қатысушысы осы ұйымдағы оның үлесiне шамалас алынған пайдасына ғана қолданылады.

  9-бап
ҚАУЫМДАСҚАН КӘСІПОРЫНДАР

      Егер
      а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсіпорыны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсіпорынын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
      b) сол бiр ғана тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорынын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса,
      және кез келген жағдайда, екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық қатынастарында тәуелсiз екi кәсіпорынның арасында орын алуы мүмкiн өзгеше жағдай пайда болса немесе орнаса, олардың бiрiне есептеуге болатын, бiрақ осы жағдайлардың бар болуына байланысты есептелмей қалған кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылуы және, тиiсiнше, салық салынуы мүмкiн.

  10-бап
ДИВИДЕНДТЕР

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компаниялардың басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес дивидендтердi төлейтiн компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте де мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкiн, ал егер аларман дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi болып табылса, онда осылайша жолмен алынатын салық:
      а) егер дивидендтердi төлейтiн компанияның капиталының ең кемi 10 процентiне тiкелей ие iс жүзiндегі иесi болса - дивидендтердiң жалпы сомасының 5 процентiнен;
      b) қалған барлық басқа жағдайларда - дивидендтердiң жалпы сомасының 15 процентiнен аспайтын болады.
      Бұл тармақтың ережелерi компанияның дивидендтер төленетiн пайдаға қатысты салық салуын қозғамайды.
      3. "Дивидендтер" терминi осы Бапта пайдаланылғанда бөлетiн компания резидентi болып отырған Уағдаласушы Мемлекеттің салық заңына сәйкес, акциялардан алынатын табыс сияқты, осындай салық реттеуiне жататын борыштық талаптар болмайтын акциялардан, кен өндiру өнеркәсiбi акциялардан, құрылтайшылар акцияларының немесе басқа құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысудағы табысты, сондай-ақ салық реттеуiне жататын басқа да корпорациялық құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi дивидендтердi төлейтiн компания резидентi болып отырған басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесi арқылы онда кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асырса немесе осы басқа Мемлекетте өздерiне қатысты дивидендтер төленетін осындағы тұрақты базамен холдингке тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе, шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай кезде мән-жайларға қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алатын болса, осы басқа Мемлекет, осындай дивидендтер осы басқа Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға шын мәнiнде қатысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтiн дивидендтерден қандай да болсын салық ала алмайды, егер төленетiн дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда толық не болмаса iшiнара осы басқа Мемлекетте туындайтын пайдадан немесе табыстан алып тұрған күннiң өзiнде де компанияның бөлiнбеген пайдасына салық салуға ұшырай алмайды.
      6. Осы Конвенцияда Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның табыстарынан алынуы мүмкiн салыққа қосымша осылайша кез келген қосымша алынатын салықтың сомасы мұның алдындағы салық салынатын жылдары осындай қосымша салық салуға ұшырамаған табыс сомасының 5 процентiнен аспауы тиiс жағдайда, осы Мемлекеттегi тұрақты мекемеге қатысты компаниялардың табыстарынан салық алуға еш нәрсе тосқауыл бола алмайды деп пайымдалмайды. Осы тармақтың мақсаттары үшiн "табыстар" терминi, құн өсiмiнен алынатын кез келген табыстарды қоса алғанда, осы Мемлекетте осындай пайдадан алынатын, осында аталған қосымша салықтан басқа барлық салықтар шегерiп тасталған жылғы және мұның алдындағы жылдары Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемеге қатысты пайданы бiлдiредi.

  11-бап
ПРОЦЕНТТЕР

      1. Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентіне төленетiн проценттерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай проценттерге сол сияқты олар туындайтын Уағдаласушы Мемлекетте, және де осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкін, бiрақ егер, алушы проценттердiң iс жүзiндегі иесi болса, онда осылайша алынатын салық проценттердiң жалпы сомасына 10 процентiнен аспайтын болады.
      3. "Проценттер" терминi осы Бапта пайдаланылған кезде осы бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық мiндеттемелер бойынша сыйлық пен ұтыстарды қосқанда, кепілдiкпен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген борыштық талаптардың кез келгенінен алынған табысты, ішінара үкiметтiң бағалы қағаздарынан алынатын табысты және облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты, білдiредi. Осы Баптың мақсаттары үшiн төлемдердiң уақытында жасалмағаны үшiн салынатын айыппұлдар проценттер ретiнде қарастырылмайды.
      4. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын проценттер, егер:
      а) проценттердiң iс жүзiндегі иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылған жағдайда, осы Уағдаласушы Мемлекет Yкіметінің немесе оның аймақтық немесе жергілiктi өкiмет органының облигацияларына, борыштық мiндеттемелерiне немесе басқа да мiндеттемелерiне байланысты, проценттер төленетiн болса;
      b) проценттер Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдарының арасында келiсiлiп отырылуы мүмкін Норвегияның Орталық Банкiнiң, Норвегияның Экспорттық кредиттерге кепілдiк беру институтының немесе А/S Экспортфинанстың немесе кез келген басқа мекемесiнiң берiлген, кепiлдiк берiлген немесе сақтандырған заемға немесе берiлген, кепілдiк берiлген, сақтандырылған кредитке қатысты Қазақстан резидентiнің Норвегияның резидентiне берешегi бойынша проценттер төленетiн болса;
      с) Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдарының арасында келiсiлiп отырылуы мүмкiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң немесе Эксимбанктiң немесе басқа мекеме берiлген, кепілдiк берiлген немесе сақтандырған заемға, берiлген немесе кепiлдiк берiлген немесе сақтандырған кредитке қатысты Норвегия резидентінің Қазақстанның резидентiне берешегі бойынша проценттер төленетiн болса, осы Мемлекетте салықтан босатылады.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi бола отырып, проценттердiң нақты иесi проценттер пайда болатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе, ал өзiне қатысты проценттер төленетін борыштық талабы шын мәнiнде осы тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса 1, 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлік қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
      6. Егер, осы Мемлекеттiң өзi, оның аймақтық немесе жергiлiктi өкiмет органдары немесе осы Мемлекеттiң резидентi төлеуші болса проценттер Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған болып саналады. Алайда, егер проценттер төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па осыған қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте проценттер төленетiн берешек пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай проценттердi осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай проценттер осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болады деп есептеледi.
      7. Егер проценттер төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында арнаулы қатынастардың салдарынан, борыштық талаптардың негiзiнде төленетiн проценттердiң сомасы осындай қатынастар болмаған кезде проценттердi төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында келiсiлген сомадан асып кетсе, онда осы Баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда осы Конвенцияның басқа да ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес төлемнiң артық бөлігіне салық салынуға тиiс.
      8. Егер проценттер төленетiн борыштық талапты жасаумен немесе тапсырумен байланысты кез келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгi мақсаттарының бiрi осындай борыштық талаптарды жасау немесе тапсыру жолымен осы Баптан пайда табу болса, осы Баптың ережелерi қолданылмайды.

  12-бап
РОЯЛТИ

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне төленетін роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ роялтидің алушысы және оның нақты иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылса, онда осылай алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауға тиiстi.
      3. Осы Баптың 2-тармағына қарамастан, осы Баптың 4-тармағында айқындалғанындай роялтидің iс жүзiндегі иесiне, лизингке қатысты егер осындай роялтидi төлеуге қатысты құқық немесе мүлік iс жүзiнде осы Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, өзiнiң қалауы бойынша роялти пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. Мұндай кезде осы Конвенцияның 7-бабының (Кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда) немесе 14-бабының (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi жағдайларға байланысты осындай құқық пен мүлiкке қатысты табыс пен шегерiмдерге (негiзгi құралдарды сатып алуға байланысты күрделі шығындардың шегерiмдерiн қоспағанда) қолданылады.
      4. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылған кезде кинематографиялық фильмдердi және радио немесе телехабарларға арналған фильмдердi немесе таспаларды, кез келген патентті, сауда маркасын, дизайнды немесе модельдi, жоспарды, құпия формуланы немесе процесті қоса алғанда, әдебиет, өнер және ғылым шығармаларына арналған кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны немесе осындай құқықты пайдалануға бергенi үшін немесе өнеркәсiптік, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпараттар ноу-хау үшiн сыйақы ретiнде алынған төлемдердiң кез келген түрiн бiлдiредi.
      5. Егер роялтидiң нақты иесi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылатын роялти пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базамен тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және роялти оларға қатысты төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай кезде жағдайларға байланысты ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлік қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
      6. Егер осы Мемлекеттiң өзi, оның аймақтық немесе жергілікті өкiмет органдары немесе осы Мемлекеттiң резидентi төлеушi болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па осыған қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу міндеттемесінің пайда болуына қатысты тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай роялти осы тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болады деп есептеледi.
      7. Егер роялти төлеуші мен оның нақты иесi арасындағы немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа тұлғаның арасындағы ерекше қатынастардың салдарынан, құқыққа немесе ақпаратты пайдалануға қатысты төленетiн роялтидiң сомасы осындай қатынастар болмаған кезде роялтидi төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында келiсiлген сомадан асып кетсе, онда осы Баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгi осы Конвенцияның басқа ережелерiн тиiстi түрде ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңына сәйкес салық салынуға жатады.
      8. Егер Қазақстан осы Конвенцияға қол қойылған күнiнде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымына (ЭЫДҰ) мүше болып табылатын, үшiншi мемлекетпен жасасқан қосарланған салықты болдырмау туралы кез келген Конвенцияда, Қазақстан осы уақыттан кейiн осы Баптың 4-тармағында айтылған анықтамадан құқықтың немесе мүлiктiң кез келген түрiн алып тастауға келiссе, немесе роялтиге салынатын Қазақстан салығынан Қазақстанда пайда болған роялтидi босатса немесе 2-тармақта қарастырылған салықтың ставкасын шектесе, онда мұндай айқындау немесе босату, немесе төмен ставка, тиiсiнше 4-тармақта немесе 2-тармақта қарастырылғаны сияқты, бiрден қолданылады.
      9. Егер роялти төлеуге қатысты құқықтарды жасауға және беруге байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi осындай құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы Баптан пайда табу болса, бұл баптың ережелерi қолданылмайды.

  13-бап
МҮЛІК ҚҰНЫНЫҢ ӨСIМIНЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР

      1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiнiң 6-бапта айтылғандағыдай (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар) және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiкті шеттетуден алған табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің шеттетуден алған табыстарына:
      а) құнын немесе олардың құнының көп бөлігін тiкелей немесе жанама түрде Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын ресми танылған қор биржасында елеулi және тұрақты негiзде саудаланатын акциялардан бөлек өзге акциялардан; немесе
      b) активтерi негiзiнен, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен, немесе жоғарыда а) тармақшасында атап өтелген акциялардан тұратын әріптестiкке немесе сенімгерлік қорына (трастқа) қатысудан алынатын табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      3. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие тұрақты мекемесiнiң кәсіпкерлік мүлкінің бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлікті шеттетуден немесе осындай тұрақты мекеменi немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынатын осындай табыстарды қоса алғанда, тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшін Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентіне қарауындағы тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiктен алатын табыстарына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi халықаралық тасымалдауда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiн немесе теңiз және әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлікті шеттетуден алынатын табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      5. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылатын компанияның акцияларын немесе басқа да корпорациялық құқықтарын шеттетуден алынатын табыстар және осы Мемлекеттің резидентi болған және осындай акцияларды, құқықтарды немесе бағалы қағаздарды алғаннан кейін басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне айналған жеке тұлға алған осындай акцияларды немесе құқықтарды шеттетуден алынатын табыстар сияқты осы Мемлекетте салықтық реттеуге түсетін кез келген бағалы қағаздарды шеттетуден алынған табыстарға, егер жеке тұлға бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентi болуын тоқтатқан күннен кейiнгi бес жылдың iшiнде кез келген уақытта акцияларды, құқықтарды немесе бағалы қағаздарды шеттету жүргізілсе, бiрiншi атап өтілген Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      6. Мұның алдындағы тармақтарда айтылғандардан өзге кез келген мүлiкті шеттетуден алынған табыстарға мүлiктi шеттетуші тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

  14-бап
ТӘУЕЛСIЗ ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлғаның кәсiби қызмет көрсетуге немесе тәуелсiз сипаттағы басқа да қызметке қатысты алатын табысына осы Мемлекетте ғана салық салынады. Алайда мұндай табысқа егер:
      а) жеке тұлға басқа Мемлекетте кез келген 12 айлық кезеңнiң жалпы алғанда 183 күннен асатын кезең немесе кезеңдер iшiнде болатын болса; немесе
      б) жеке тұлғаның өз қызметтерiн жүзеге асыру үшiн осы басқа Мемлекетте ол ұдайы қатыса алатын тұрақты базасы болса;
      бiрақ тек оның осы басқа Мемлекетте жүзеге асырылатын қызметтерге қатысты бөлiгiнде ғана басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Кәсiби қызметтер" терминi, атап айтқанда, тәуелсiз ғылыми, әдеби, әртістік, бiлiм беру немесе оқытушылық қызметтердi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшілердің, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз қызметтерiн қамтиды.

  15-бап
ТӘУЕЛДI ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР

      1. 16 - (Директорлардың қаламақылары), 18 (Зейнетақылар, аннуитеттер, әлеуметтік сақтандыру жүйесiнің төлемдерi және алименттер) және 19 (Мемлекеттік қызмет) баптардың ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған еңбекақыға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыға, егер тек жалданып жұмыс iстеу басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылмаса, осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс осындай тәсiлмен орындалса, осындай жұмысқа байланысты алынған осындай сыйақыға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын, жалдау жұмыстарына байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған сыйақыға тек бiрiншi аталған Мемлекетте ғана салық салынады, егер:
      а) алушы кез келген 12 айлық кезеңiнiң iшінде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер iшiнде осы басқа Мемлекетте тұрса, және
      b) сыйақыны алушы резидентi болып табылатын және iс-әрекетi жұмыс күшiн жалдап алуға қатысты емес Мемлекеттің резидентi болып табылатын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
      с) сыйақыны жалдаушының осы басқа Мемлекеттегі тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы төлемесе.
      3. Осы Баптың алдындағы ережелерiне қарамастан, халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемесiнiң бортында орындалатын, жалдауға байланысты жұмыстарға қатысты алынған сыйақыға осы теңiз немесе әуе кемесiн пайдаланушы кәсіпорын резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      4. Егер Норвегияның резидентi Скандинавия Әуе желiлері Жүйесінiң консорциумы (SAS) халықаралық тасымалдауда пайдаланылатын ұшақтардың бортында жүзеге асырған жалдамауға байланысты жұмыстарға қатысты сыйақы алса, мұндай сыйақы резидентi алушы болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

  16-бап
ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ҚАЛАМАҚЫЛАРЫ

      Басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын, компанияның директорлар кеңесiнiң немесе осыған ұқсас органының мүшесi ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған директорлардың қаламақыларына және басқа да сондай төлемдерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

  17-бап
ӘРТIСТЕР МЕН СПОРТШЫЛАР

      1. 14 (Тәуелсiз жеке қызметтер) және 15 (Тәуелдi жеке қызметтер) баптардың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар әртісi ретiнде немесе сазгер, немесе спортшы ретiнде басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын жеке қызметiнен алған табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiнің осы сипатында жүзеге асыратын жеке қызметiнен алынатын табысы өнер қызметкерінің немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, бұл табысқа, осы Конвенцияның 7 (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда), 14 (Тәуелсiз жеке қызметтер) және 15 (Тәуелдi жеке қызметтер) баптарының ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерiнiң немесе спортшының қызметі жүзеге асырылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Егер осы Мемлекетке сапарды едәуiр дәрежеде басқа Уағдаласушы Мемлекеттің қоғамдық қорлары немесе оның аймақтық немесе жергілікті өкiмет органдарда қаржыландыратын болса, өнер қызметкерiнiң немесе спортшының Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын қызметiнен алынған табысқа 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда резидентi өнер қызметкерi немесе спортшы болып табылатын Мемлекетте ғана салық салынады.

  18-бап
ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР, АННУИТЕТТЕР, ӘЛЕУМЕТТIК САҚТАНДЫРУ
ЖҮЙЕСІНІҢ ТӨЛЕМДЕРI ЖӘНЕ ӘЛИМЕНТТЕР

      1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне төленетін зейнетақыларға (үкіметтiк зейнетақыларды мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесінің төлемдерiн қоса) және аннуитеттерге осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Алименттерге және Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне төленетiн бағып-күтуге арналған басқа да төлемдерге (балаларды бағуға арналған төлемдердi қоса) осы Мемлекетте ғана салық салынады. Алайда, кез келген алименттерге және төлеушiге рұқсат етiлген жәрдемақы сияқты емес мөлшерде бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентінiң екiнші Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн бағып-күтуге арналған басқа да төлемдерге бiрiншi аталып өтiлген Мемлекетте ғана салық салынады.

  19-бап
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

      1. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның аймақтық немесе жергілiктi өкiмет органдары осы Мемлекетке немесе аймақтық немесе жергілiкті өкiмет органына көрсетiлетiн қызметке қатысты жеке тұлғаға төленетін еңбекақыға, жалақыға немесе зейнетақыдан өзге, басқа да ұқсас сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
      b) Алайда, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және осы Мемлекеттің резидентi болып табылатын жеке тұлға, ол:
      (i) осы Мемлекеттiң азаматы болып табылса, немесе
      (іі) қызметті жүзеге асыру мақсатымен ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаған болса,
      мұндай еңбекақыға, жалақыға және басқа да ұқсас сыйақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
      2. 15 (Тәуелдi жеке қызметтер) және 16 (Директорлардың қаламақылары) баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның аймақтық немесе жергілікті өкiмет органынан жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты орындайтын қызметке қатысты зейнетақыдан өзге еңбекақыға, жалақыға және басқа да ұқсас сыйақы қолданылады.

  20-бап
СТУДЕНТТЕР

      Уағдаласушы Мемлекетке нақты келгенге дейiн басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын және болған бiрiншi атап өтiлген Мемлекетте тек бiлім алу немесе тәжiрибеден өту үшiн ғана тұрып жатқан студент немесе тәжiрибеден өтуші алатын, оларды ұстауға, білім алуына немесе тәжірибеден өтуiне арналған төлемдер, егер бұл төлемдердiң көздерi осы Мемлекеттен тысқары жерде орналасса, осы Мемлекетте салық салынбайды.

  21-бап
ОФФШОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

      1. Осы Баптың ережелерi осы Конвенцияның басқа ережелерiне қарамастан, мыналарға қолданылады.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және екінші Мемлекетте орналасқан теңiздiң табанын және оның жер қойнауын, басқа да табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты басқа Уағдаласушы Мемлекетте оффшорлық қызметтi жүзеге асырса, осы баптың 3 және 4-баптарына сәйкес осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме немесе тұрақты база арқылы кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылатын мұндай қызметке қатысты болып саналады.
      3. Егер қызмет кез келген он екi айлық кезеңде жалпы 30 күннен аспайтын кезеңде жүзеге асырылса, 2-тармақтың ережесi қолданылмайды. Алайда, осы тармақтың мақсаты үшін:
      а) басқа бiр кәсiпорынмен қауымдасқан кәсіпорынның жүзеге асыратын қызметі, егер сөз болып отырған қызмет соңғы аталған кәсiпорын жүзеге асыратын қызметпен елеулi түрде ұқсайтын болса, өзi қауымдасқан кәсіпорын жүзеге асырған сияқты қарастырылуы мүмкiн;
      б) екi кәсіпорын, егер бiрiншiсiн екiншiсi тура немесе жанама түрде бақылайтын немесе екеуiн де үшiншi тұлға немесе тұлғалар бақылайтын болса, қауымдасқан болып саналады.
      4. Уағдаласушы Мемлекетте теңiз табанын және оның жер қойнауын және табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты қызмет жүзеге асырылатын орынға немесе орындардың арасына қорларды немесе қызметкерлердi тасымалдаудан немесе қызметкерлердi тасымалдаудан немесе кеменi жетекке алатын кемелердi көмекші пайдаланудан және осындай қызметке басқа кемелердi пайдаланудан Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi алған пайдаға кәсiпорын резидентi болып табылатын тек Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      5. а) Осы тармақтың b) тармақшасын ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан теңiз табанын және теңiз табанының жер қойнауын және олардың табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты жалдау жөнiндегі жұмыстарға қатысты алған еңбекақыға, жалақыға және сол сияқты сыйақыларға осы екiншi Мемлекеттегi оффшорда осы қызмет қалай жүзеге асырылуына қарай осы екiншi Мемлекетте салық салынады. Алайда, егер екiншi мемлекеттің резидентi болып табылмайтын жалдаушы үшiн жалдау жұмыстары оффшорда және кез келген 12 айлық кезеңде жалпы алғанда 30 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер iшiнде жүзеге асырылса, мұндай сыйақыға тек бiрінші аталған Мемлекетте ғана салық салуға жатады;
      b) басқа Уағдаласушы Мемлекетте теңiз табанын және оның жер қойнауын және олардың табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты қызмет жүзеге асырылатын, орналасқан орынға немесе орналасқан орынның арасында запастарды немесе қызметкерлердi тасымалдаумен айналысатын кеменiң немесе ұшақтың бортында орындалатын жалдау жұмыстарына қатысты немесе кеменi жетекке алатын кемелердiң бортында орындалған немесе осындай қызметке көмекші басқа кемелердi пайдалануға байланысты жүзеге асырылатын жалдау жұмыстарға байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған еңбекақыға, жалақыға және сол сияқты сыйақыларға осындай қызметтi жүзеге асырушы кәсіпорын резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      6. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiнiң:
      а) барлауға немесе игеруіне арналған құқықтары; немесе
      б) екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан мүлiктердi және осы екiншi Мемлекетте орналасқан теңiздiң табанын және оның жер қойнауын, басқа да табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты пайдаланылатын мүліктердi;
      с) мұндай құқықтардан немесе осындай мүліктен, немесе осындай құқықтарды немесе осындай мүліктi қоса алғанда тура немесе жанама түрде өз құнын немесе оның көп бөлiгiн алатын акцияларды - шеттетуден алатын табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      Осы тармақтағы "барлауға немесе игеруге арналған құқықтар", екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан теңiз табанын және оның жер қойнауын, басқа да табиғи ресурстарын барлаудың және игерудiң нәтижесiнде алынатын активтерге деген құқықтарды, мұндай активтерден алынатын немесе жеңiлдiктерге деген құқықтарды қоса бiлдiредi.

  22-бап
БАСҚА ТАБЫСТАР

      1. Осы Конвенцияның мұның алдындағы Баптарында айтылмаған, Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң табыс түрлерiне пайда болу көздерiне қарамастан, тек осы Мемлекетте салық салынады.
      2. 6-баптың (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс) 2-тармағында айқындалған жылжымайтын мүліктен алынатын табыстан өзге табыстарға, егер мұндай табысты алушы Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi бола отырып, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты мекеме арқылы осы қызметтi жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және алынған табысқа қатысты құқық немесе мүлік iс жүзiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1-тармақтың ережесi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, мән-жайларға байланысты 7-баптың (Кәсiпкерлік қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.

  IV ТАРАУ
КАПИТАЛҒА САЛЫҚ САЛУ

  23-бап
КАПИТАЛ

      1. Бiр Уағдаласушы Мемлекет резидентiнің меншiгi болып табылатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан, 6-бапта (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс) аталған жылжымайтын мүлік ретiнде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiк немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн екiншi Уағдаласушы Мемлекетте бiр Уағдаласушы Мемлекет резидентінің пайдаланылатын тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз және әуе кемелерi және осындай теңiз және әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы Мемлекетте салық салынады.
      4. Уағдаласушы Мемлекет резидентi капиталының барлық басқа элементтерiне тек осы Мемлекетте салық салынады.

  V ТАРАУ
ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ ӘДIСТЕРI

  24-бап
ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ

      Уағдаласушы Мемлекеттер заңдарының ережелерiне сәйкес және шектеулерiн (уақыт өткен сайын, олардың негiзгi қағидаларын өзгертпей, түзетулер енгiзiліп отыруы мүмкiн) ескере отырып:
      а) егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн табыс тапса, бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекет:
      (i) осы резиденттің табысына салынатын салықтан басқа Уағдаласушы Мемлекетте төленетiн табыс салығына тең соманы шегеруге;
      (іі) осы резиденттiң капиталына салынған салықтан басқа Мемлекетте төленген капиталға салынған салыққа тең соманы шегерiп тастауға рұқсат етеді.
      Алайда, мұндай шегерiм, кез-келген жағдайда, табыс салығының немесе капиталға салынатын салықтың, басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн табысқа немесе капиталға қатысты шегерiм берiлгенге дейiн есептелген бөлiгiнен аспауға тиiстi.
      b) Егер Конвенцияның кез-келген ережесiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне тиесiлі алынған табыс немесе капитал осы Мемлекетте салықтан босатылған болса, онда осы Мемлекет, алайда, осындай резиденттің қалған табысына немесе капиталына салынатын салық сомасын есептеген кезде салықтан босатылған табысты немесе капиталды есепке алуы мүмкін.

  VI ТАРАУ
АРНАУЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  25-бап
КЕМСIТПЕУ

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан немесе осыларға байланысты жағдайлардан өзгеше немесе бiршама ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе осыларға байланысты кез келген жағдайға осы басқа Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары осындай жағдайларда да басқа Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамауы тиiс. Осы ереже 1-баптың (Конвенция қолданылатын тұлғалар) ережелерiне қарамастан, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрінің немесе екеуiн резиденттерi болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан немесе осыларға байланысты жағдайлардан өзгеше немесе бiршама ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе осыларға байланысты кез келген жағдайға Уағдаласушы Мемлекеттердiң резиденттерi болып табылатын азаматтығы жоқ тұлғалар сондай жағдайларда да екiнші Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамауы тиiстi.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осындай қызметті жүзеге асыратын осы басқа Мемлекеттiң кәсіпорындарына салық салуға қарағанда осы басқа Мемлекетте бiршама қолайсыздау болмауы тиiс. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекеттің төл резиденттерiне беретiндей, екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне олардың азаматтық мәртебесi немесе отбасылық мiндеттемесi негiзiнде салық салу мақсаттары үшін кез келген салықтық жеңiлдiктер, шегерiмдер және шегерiстер берудi мiндеттейтiндей болып пайымдалмауы тиiс.
      4. 9-баптың, 11-баптың 7-тармағының немесе 12-баптың 7-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа төлемдер осындай кәсiпорынның пайдасын айқындау мақсатында олар бiрiншi аталған Мемлекеттің резидентiне қалай төленсе, нақ осындай жағдайлар кезiнде шегерiліп тастауға жатады. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне ұқсас кез келген борышы осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсаты үшiн бiрiншi аталған Мемлекет резидентiнiң жағдайларындағыдай шегеруге жатады.
      5. Капиталы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентіне толық немесе iшiнара тиесiлі немесе олар толық немесе жанама түрде бақылауға алып отырған бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнына бiрiншi аталған Мемлекеттің осындай басқа кәсіпорындарына қолданылатын немесе қолданылуы мүмкiн салық салу тәртiптерiне және соған байланысты мiндеттерге қарағанда ерекшеленетiн немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын салық салу мiндеттерiне немесе соған байланысты қандай да бiр мiндеттерге бiрiншi аталған Мемлекетте қолданылмауы тиiс.
      6. Осы Баптың ережелерi салықтың кез келген тектерi мен түрлерiне қолданылады.

  26-бап
ӨЗАРА КЕЛIСУ РӘСIМI

      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнің немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етті немесе душар етедi деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көздеген қорғану құралдарына тәуелсіз өзiнiң iсiн өзi резидент болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның бастан кешірген жағдайы 25-баптың (Кемсiтпеу) 1-тармағына қатысты болса, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыретті органдарының қарауы үшін бере алады. Арыз Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер жайлы алғашқы хабар берiлген сәттен бастап үш жыл ішінде берiлуi тиiстi.
      2. Құзыретті орган, егер ол шағымды орынды деп есептесе және өзi қанағаттанарлық шешімге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында мәселенi басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыреттi органымен өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткiзiлген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң ішкі заңдарында көзделген кез-келген уақытша шектеулерге қарамастан орындалуға тиiстi.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары Конвенцияны пайымдау немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Олар, сондай-ақ Конвенцияда көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою үшiн бiр-бiрiмен консультация өткiзе алады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары мұның алдындағы тармақтарды келiсiп алуға қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады. Егер Конвенцияға қол жеткiзу үшін ауызша пікір алысуды ұйымдастыру қажет болса, онда осындай пiкiр алысу Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары өкiлдерiнен құралған Комиссияның отырысы шеңберiнде (органдарының өкiлдерi арасында) өткiзiлуi мүмкiн.

  27-бап
АҚПАРАТ АЛМАСУ

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары осы Конвенцияның ережелерiн салық заңдарына қатысты iшкi заңдарын, осы заңдар бойынша салық салу осы Конвенцияға қайшы келмейтіндей дәрежеде орындау үшiн қажетті ақпарат алмасады. Ақпарат алмасу кез келген салық тетiгiне және түрiне қолданылады және 1-баптың (Конвенция қолданылатын тұлғалар) ережелерiмен шектелмейдi. Уағдаласушы Мемлекет алған кез келген ақпарат осы Мемлекеттің ішкi заңдарының шеңберiнде алынған ақпарат секiлді құпия болып есептеледi және Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты шағымдарды бағалаумен немесе жинаумен, күшпен жинап алумен немесе тиісті сот қудалауымен немесе қараумен айналысып жатқан тұлғаларға немесе органдарға ғана (соттар мен әкiмшілік органдарды қоса алғанда) хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжiлiсi барысында немесе сот шешімдерiн қабылдаған кезде аша алады.
      2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттерге:
      а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолдану;
      b) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары бойынша немесе әдеттегі әкiмшiлiк практикасы барысында алуға болмайтын ақпарат беру;
      с) қандай да бiр сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiби құпияны не сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпарат немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (қоғамдық практикаға) қайшы келуi мүмкiн ақпарат беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада пайымдалмауы тиiс.

  28-бап
САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУҒА КӨМЕКТЕСУ

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары салықтарды проценттермен, шығындармен және осы Бапта "салық талабы" деп аталған салықтарға жататын айыппұлдармен бiрге жинауда бiр-бiрiне көмек көрсетуге міндеттенедi.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының салық талабын жинауда көмек көрсету туралы тiлек-талабы мұндай органның осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық талабы түпкілікті белгiленгенiн растауын қажет етедi. Осы баптың мақсаттары үшiн салық талабы, егер Уағдаласушы Мемлекет өзiнiң iшкi заңдарына сәйкес салық талабын жинауға құқығы болса және салық төлеушінің мұндай алымды тежеуге бұдан әрi құқығы жоқ болса, салық талабы түпкілікті белгiленген болып табылады.
      3. Көмек көрсету туралы тiлектiң мазмұны болып табылатын талап осындай көмек көрсететін Уағдаласушы Мемлекетте есептелетiн салықтардан басым болмайды және 26-баптың (Өзара келiсу рәсiмi) 1-тармағының ережелерi, осы бапқа сәйкес, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн кез келген ақпаратқа қолданылады.
      4. Басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы жинау үшiн қабылдаған Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы басқа Мемлекетте осы Мемлекеттiң өз заңдарының ережелерiне сәйкес оның салықтарын жинауға қатысты түпкілікті белгiленген, өзiнiң табыс талабы сияқты талаппен жиналады.
      5. Уағдаласушы Мемлекеттiң өкілетті органы жинаған салықтардың сомасы осы Бапқа сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органына жiберiледi. Алайда, Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органдары өзгеше келiспеген болса, салықтарды жинауға көмек көрсетуге байланысты ұшыраған әдеттегi шығыстарды бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекет жабады және осындай тұрғыда ұшыраған, кез келген көзделмеген шығыстардан басқа Мемлекет жабады. Уағдаласушы Мемлекет көзделмеген шығыстарға ұшырауы мүмкiн деп болжамдаса ол бұл жөнiнде басқа Уағдаласушы Мемлекетке хабарлайды және мұндай шығыстардың есептік сомасын көрсетедi.
      6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң салық талабы, оның арыздануға немесе сотта тексерiлуге жататындығынан, түпкіліктi белгiленбеген болса, онда бұл Мемлекет табыстарын қорғау үшiн, басқа Мемлекеттiң билiгiнде бар тоқтату жөнiндегi уақытша шараларды, осы басқа Мемлекеттің заңдарына сай, өзiнiң атынан қолдану туралы басқа Уағдаласушы Мемлекетке тiлек бiлдiре алады. Егер басқа Мемлекет мұндай тiлектi қабыл алса, онда мұндай уақытша шараларды осы басқа мемлекет, бiрiншi аталған Мемлекетке тиесiлі салықтар осы басқа Мемлекеттiң өз салықтары сияқты қолданады.
      7. Осы Бапқа сәйкес, егер салықтық борыштары бар салық төлеушінiң есептелген салықты алу үшін осы Мемлекетте жеткіліктi мүлкi болмаған жағдайда ғана, Уағдаласушы Мемлекет талап-тiлек жасай алады.
      8. Осы Бапқа сәйкес, егер салық талабы салық төлеушi бiрiншi немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылмаған кезеңге жататын болса, Уағдаласушы Мемлекетке салық төлеушiге қатысты көмек көрсетілмейдi.
      9. Осы Конвенцияның 2-бабының (Конвенция қолданылатын салықтар) ережелерiне қарамастан осы Баптың ережелерi кедендiк алымдар мен баждан басқа салықтардың кез келген тегiне және түрiне қолданылады.
      10. Осы Бапта ештеңе Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысына, өзiнің меншікті салықтарын жинаған кезде қолданатындағыдан өзгеше немесе оның мемлекеттiк саясатына (қоғамдық тәртібiне) қайшы келетiн сипаттағы, әкiмшiлiк шараларды қолдану туралы мiндеттемелердi таңу ретiнде пайымдалмайды.

  29-бап
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯЛАРДЫҢ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ 
БЕКЕТТЕРДIҢ МҮШЕЛЕРI

      Осы Конвенцияның ешқандай ережесі дипломатиялық қызметтердiң немесе консулдық мекемелердiң халықаралық құқықтың жалпы нормаларымен немесе арнаулы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлген салықтық артықшылықтарын қозғамайды.

  VII ТАРАУ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  30-бап
КҮШIНЕ ЕНУI

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң әрқайсысы, осы Конвенцияның күшiне енуi үшін, оның заңдарында талап етiлетiн рәсiмдердiң аяқталғаны туралы басқасына хабарлайды.
      2. Конвенция осы хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап күшiне енедi және осыған байланысты:
      а) Конвенция күшіне енген айдан соңғы екiншi айдың бiрiншi күнiнен бастап немесе кейiн төленетін немесе есептелетін сомаларға қатысты, дивидендтерден, проценттерден немесе роялтиден алынатын, табыстардың көзiнен ұсталатын салықтарға қатысты;
      b) Конвенция күшiне енген жылдан соңғы күнтiзбелiк жылдың бiрiнші қаңтарынан бастап немесе кейiн басталатын салық салу кезеңi iшiндегi басқа салықтарға қатысты қолданылады.

  31-бап
КҮШIН ТОҚТАТУЫ

      Осы Конвенцияның қолдану мерзiмiне шек қойылмайды, бiрақ ол күшiне енген күннен кейiнгi бес жылдық кезең бiткеннен кейiн басталатын кез келген күнтiзбелік жылдың 30 маусымында немесе соған дейiн әрекеттi тоқтату туралы басқа Уағдаласушы Мемлекетке дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабар бере алады. Мұндай жағдайда Конвенция хабарлама берiлгеннен соңғы күнтiзбелік жылға байланысты (осы жылы басталатын есептi кезеңдi қоса) табыс немесе капиталға салынатын салықтарға қатысты әрекетін тоқтатады.

      Осыны куәландыру ретiнде тиiстi дәрежеде өкiлеттiк берiлген, төменде қол қоюшы өкiлдер осы Конвенцияға қол қойды.
      Осло қаласында 2001 жылғы 3 сәуiрде қазақ, норвег, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi дана етіп жасалды. Мәтiндердi түсiндiру кезiнде келiспеушілiктер туындаған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiн басшылыққа алынатын болады.

      Қазақстан Республикасы             Норвегия Корольдiгi
      үшiн                               үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады