Жек дуадақтарды аулауды жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі N 790 Қаулысы

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының  15-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Шейх Нахаян Бин Заед Аль Нахаянға (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) Аңдасай мемлекеттiк табиғи қаумалының аумағын қоса алғанда, Жамбыл облысында 18 жек дуадақты 2005 жылғы 1 қыркүйек - 31 қазан кезеңiнде өз ителгiлерiмен аулауына рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi:
      1) белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген тұлғаға жек дуадақтарды өз ителгiлерiмен аулауға рұқсат берсiн;
      2) ителгiмен саятшылық құруды ұйымдастыру және жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегi ереженiң орындалуын қамтамасыз етсiн;
      3) "Охотзоопром ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының көрсетiлген Ереженiң 8-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Биологиялық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Зоология институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнымен бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген тұлғамен шарттық негiзде жек дуадақтың өсiмiн қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкiмшiлiк органы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ителгiмен саятшылық құру үшiн жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетудi Жойылып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы  конвенцияның рәсiмдерiн сақтай отырып, қамтамасыз етсiн.

      4. Жамбыл облысының әкiмi көрсетiлген iс-шараларды ұйымдастыруда қажеттi жәрдем көрсетсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады