"Қазақстан салыстырып тексеру қызметi" еншiлес мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 904 Қаулысы

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына  сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң "Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын ықшамдау және оның қызметiнiң тиiмділiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң "Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнына "Қазақстан салыстырып тексеру қызметi" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттiк кәсiпорнын құруға рұқсат етілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады