Атырау облысының Мақат және Доссор кенттерiндегi құрылыс-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін бағалау және табиғи апаттың зардаптарын жою жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қыркүйектегі N 909 Қаулысы

      2005 жылғы 1 қыркүйекте қатты жауын-шашын мен дауылға ұшыраған Атырау облысының Мақат және Доссор кенттерiндегi құрылыс-қалпына келтiру жұмыстарының көлемiн бағалау және табиғи апаттың зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Атырау облысының Мақат және Доссор кенттерiндегі құрылыс-қалпына келтiру жұмыстарының көлемiн бағалау және табиғи апаттың зардаптарын жою жөнiнде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия құрамы бекiтiлсiн.

      3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі болып белгіленсiн.

      4. Комиссия ағымдағы жылғы 11 қыркүйектен бастап тiкелей апат болған жерде жұмысқа кiрiссiн және 2005 жылғы 19 қыркүйекте құрылыс-қалпына келтiру жұмыстарының көлемi мен бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметiне тиiсті ұсыныстар берсiн.

      5. Комиссия күзгі-қысқы суықтар түскенге дейiн зардап шеккен халықты тұрғын үймен барынша қамтамасыз етудi ескере отырып, апат аймағындағы құрылыс-қалпына келтіру жұмыстарын бақылауды және үйлестiрудi тұрақты негізде жүргізсiн.

      6. Төтенше жағдайлар, Энергетика және минералдық ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министрліктері, "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ (келiсiм бойынша), "ҚазМұнайГаз" ҰMК" АҚ (келiсiм бойынша) және "КЕГOК" ААҚ (келiсiм бойынша) алдын ала жұмыстарды ұйымдастыру үшiн ағымдағы жылғы 9 қыркүйектен бастап өздерiнiң өкiлдерiн Атырау облысының Мақат ауданына жіберсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 10 қыркүйектегі 
N 909 қаулысымен      
бекiтiлген          

  Атырау облысының Мақат және Доссор кенттерiндегi
құрылыс-қалпына келтіру жұмыстарының көлемiн бағалау және
табиғи апаттың зардаптарын жою жөнiндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы

Құлмаханов                - Қазақстан Республикасының Төтенше
Шалбай Құлмаханұлы          жағдайлар министрi, төраға

Супрун                    - Атырау облысы әкiмiнiң бiрiншi
Виктор Васильевич           орынбасары, төрағаның орынбасары

Хайдаров                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Жеңiс Хайдарұлы             сауда министрлiгiнiң Құрылыс және
                            тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
                            iстерi комитетi төрағасының орынбасары,
                            хатшы

Коржова                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Наталья Артемовна           және бюджеттік жоспарлау вице-министрi

Атшабаров                 - Қазақстан Республикасы Ауыл
Нұрлан Бақытжанұлы          шаруашылығы министрлiгінiң Су ресурстары
                            комитеті төрағасының орынбасары

Исаев                     - Қазақстан Республикасы Энергетика
Мұсабек Исаұлы              және минералдық ресурстар министрлiгі
                            Мұнай өнеркәсiбi департаментiнiң
                            директоры

Батырбаев                 - "ҚазМұнайГаз" ҰMК" АҚ-тың вице-
Махамбет Демешұлы           президенті (келiсiм бойынша)

Сәмбетов                  - "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ-тың
Қалтай Сәмбетұлы            бiрiншi вице-президентi (келiсiм
                            бойынша)

Тұрғанов                  - "КЕГОК" ААҚ-тың вице-президентi
Дүйсенбай Нұрбайұлы         (келiсiм бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады