"Ядролық терроризм актiлерiмен күрес туралы халықаралық конвенция жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі N 912 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Ядролық терроризм актiлерiмен күрес туралы халықаралық конвенция жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ
ЖАРЛЫҒЫ Ядролық терроризм актілерiмен күрес туралы
халықаралық конвенция жасасу туралы

      Мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықаралық терроризмнiң алдын алу, жолын кесу және оны жою жөнiндегі шараларды iске асыру мақсатында және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының атынан Ядролық терроризм актiлерімен күрес туралы халықаралық конвенция жасасылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  ЯДРОЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ АКТIЛЕРIМЕН
КҮРЕС ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯ Бiрiккен Ұлттар Ұйымы
2005

  Ядролық терроризм актілерімен
күрес туралы халықаралық конвенция

       Осы Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер халықаралық бейбітшілiк пен қауiпсiздiктi және тату көршiлiк пен достық қарым-қатынастарды дамытуды және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдауға қатысты Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын  назарға ала отырып ,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының елу жылдығына орай 1995 жылғы 24 қазандағы Декларацияға  сүйене отырып ,
      барлық мемлекеттердiң атом энергиясын бейбiт мақсаттарда дамытуға және қолдануға және олардың атом энергиясын бейбiт мақсаттарда қолдану нәтижесiнде алуы мүмкiн пайдаларына заңды мүдделілiгi құқығын  мойындай отырып ,
      ядролық материалды физикалық қорғау туралы 1980 жылғы  Конвенцияны   назарға ала отырып ,
      бүкіл әлем бойынша терроризм актілерiнің барлық нысандары мен білінулерiнің ұлғаюына  қатты мазасыздық бiлдiре отырып ,
      халықаралық терроризмдi жою жөнiндегi шаралар туралы, атап айтқанда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қатысушы-мүшелері қай жерде және кiм жүзеге асырмасын, оның iшiнде мемлекеттер мен халықтар арасында достық қарым-қатынастарға қауiп төндiретiн және мемлекеттердiң аумақтық тұтастығы мен қауiпсiздігіне қатер төндiретiн қылмыстық және ақталуға жатпайтын барлық актілерді, терроризмнің әдiстерi мен практикаларын сөзсiз айыптайтынын салтанатты түрде растайтын Бас Ассамблеяның 1994 жылғы 9 желтоқсандағы 49/60 қарары құрамындағы қосымшаның Декларациясына  сүйене отырып,
      Декларацияда, сонымен қатар мемлекеттерге тығыз түрде осы мәселенiң барлық аспектілерiн қамтитын, жаппай қамтитын құқықтық шеңберлердiң болуын қамтамасыз ету мақсатында терроризмнің барлық нысандары мен білінулерінің алдын алу, жолын кесу және жою туралы қазiргi халықаралық-құқықтық ережелердi қолдану аясына шұғыл түрде шолу жүргiзу ұсынылатынын  атай отырып ,
      Бас Ассамблеяның 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарарына және Халықаралық терроризмді жою жөніндегі шаралар туралы 1994 жылғы декларацияны толықтыратын қосымшаның Декларациясына  сүйене отырып ,
      Бac Ассамблеяның 51/210 қарарын орындау үшiн, атап айтқанда тиiстi қазiргi халықаралық құжаттарды толықтыру мақсатында ядролық терроризм актілерiмен күрес туралы халықаралық конвенцияны жасау үшiн арнайы комитет құрылғанын  атай отырып ,
      ядролық терроризм актілері айтарлықтай зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екендiгiн және халықаралық бейбiтшілік пен қауіпсіздікке қауiп төндiру мүмкiн екендiгін  атай отырып ,
      сондай-ақ бұрыннан бар көпжақты халықаралық құқық ережелерiнде бұл шабуылдар тиiсiнше қаралмайтындығын  атай отырып ,
      терроризмнiң мұндай актілерiнiң алдын алу үшiн және қылмыстық қудалау мен кiнәлiлердi жазалау үшiн тиiмдi, практикалық шараларды қабылдау мен әзiрлеуде мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың табанды қажеттiлiгіне  көз жеткiзе отырып ,
      мемлекеттердің қарулы күштерінің әрекетi осы Конвенцияның шеңберінен тыс халықаралық құқық нормаларымен реттелiнетiнiн және осы Конвенцияның қолданылу аясынан кейбiр әрекеттердi алып тастау өзге де заңсыз қатынастарындағы актілердi жауапкершіліктен босатпайтынын, оларды заңды етпейтінiн және басқа заңдардың негiзiнде жауапкершілікке тартуға кедергi келтiрмейтiнiн  атай отырып,
      төмендегілер туралы  келiстi :

  1-бап

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
      1. "Радиоактивтi материал" ядролық материалды және құрамында өздігiнен ыдырайтын (иондаушы сәулеленудiң бiр немесе бiрнеше түрлерiн, мысалы альфа-сәулелену, бета-сәулелену, нейтронды сәулелену және гамма сәулелену шығарумен болатын процесс) және өздерінің радиологиялық ерекшелiктерiнің әсерiнен немесе өзінің өлiмге, айтарлықтай зақымға не меншiкке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтiруi мүмкiн нуклидтер бөлу ерекшелiктерiмен басқа да радиоактивтi заттарды білдiредi.
      2. "Ядролық материал" плутоний-238 бойынша 80 пайыздан асатын изотоптардың шоғырлануындағы плутонийдан басқа плутонийдi; уран-233; уран-235 немесе уран-233 изотоптарымен байытылған уранды; табиғатта кеннен немесе кен қалдықтарынан ерекшеленетін нысанда кездесетін изотоптардың қоспасынан тұратын уранды; және жоғарыда аталған элементтердің бiреуiн немесе одан көбiн қамтитын кез келген материалды білдiредi;
      "уран-235 немесе уран-233 изотоптарымен байытылған урандағы" уран-235 немесе уран-233 изотоптарын қамтитын уранды немесе екi изотоптың мөлшерi осы изотоптардың сомаларының артық пайызы уран-238 изотопымен салыстырғанда уран-235 изотопының пайызынан жоғары, табиғатта кездесетiн уран-238 изотопымен салыстырғанда уран-235 изотопының пайызынан жоғары уранды бiлдiредi.
      3. "Ядролық объект":
      а) теңiз кемелерiнде, көлiк құралдарында, ұшу аппараттарында немесе ғарыш объектілерiнде осындай кемелердi, көлiк құралдарын, ұшу аппараттарын немесе ғарыш объектілерін қозғалысқа келтiру үшін немесе кез келген басқа мақсат үшін энергия көзi ретiнде пайдалану үшiн орнатылған реакторларды қоса алғанда, кез келген ядролық реакторды;
      b) радиоактивтi материалды өндiру, сақтау, өңдеу немесе тасымалдау үшiн қолданылатын кез келген құрылысты немесе қатынас құралдарын бiлдiредi.
      4. "Құрылғы":
      а) кез келген ядролық жарылғыш құрылғыны; немесе
      b) кез келген радиоактивтi материалды таратушы немесе өзiнiң радиологиялық ерекшелiктерiнiң әсерiнен өлiм, ауыр жарақат не меншiкке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтiруi мүмкiн сәулелендiретiн радиациялық құрылғыны бiлдiредi.
      5. "Мемлекеттiк немесе үкiметтік объектi" мемлекеттiң өкiлдерi, үкiмет мүшелерi, заң немесе сот органдарының өкілдерi, не өкiмет билiгi органының немесе өзге мемлекеттік органның немесе мекеменiң лауазымды тұлғалары немесе қызметшілерi, не үкiметаралық ұйымның қызметшiлерi немесе лауазымды тұлғалары өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты пайдаланатын немесе айналысатын кез келген тұрақты немесе уақытша объектіні, немесе көлiк құралын білдiредi.
      6. "Мемлекеттің қарулы күштерi" оның iшкi заңнамасына сәйкес бiрiншi кезекте ұлттық қорғаныс немесе қауiпсiздiк мiндеттерiн орындау үшiн ұйымдастырылған, оқытылған және жарақтандырылған мемлекеттiң қарулы күштерiн және олардың ресми әмiрiнде, бақылауында және жауапкершілiгiнде болатын осы қарулы күштердi қолдауға әрекет ететiн тұлғаларды бiлдiредi.

  2-бап

      1. Кез келген адам осы Конвенцияның мәнi бойынша қылмыс жасайды, егер ол заңсыз және қасақана:
      а) радиоактивтi материалды иеленсе не құрылғыны дайындаса немесе оны иеленсе:
      i) өлiм немесе ауыр жарақат келтiру ниетiмен; немесе
      іі) меншiкке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтiру ниетiмен;
      b) радиоактивтi материалды немесе құрылғыны кез келген түрде пайдаланса не ядролық объектіні босату жүргiзілетіндей немесе радиоактивтi материалды босату қаупi туындайтындай пайдаланса немесе зақым келтiрсе:
      i) өлiм немесе ауыр жарақат келтiру ниетiмен; немесе
      іі) меншiкке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтiру ниетiмен; немесе
      ііі) жеке немесе заңды тұлғаны халықаралық ұйымға немесе мемлекетке қандай да болсын әрекетті жасауға немесе одан қалыс қалуға мәжбүр ету ниетiмен.
      2. Сондай-ақ кез келген адам, қылмыс жасайды, егер ол:
      а) осы баптың 1 b-тармағында көрсетілген қылмысты жасауға қоқан-лоққы көрсетсе, сонымен бiрге осы қауiптiң нақтылығын көрсететiн белгiлер болса; немесе
      b) радиоактивтi материалды, құрылғыны немесе ядролық объектiнi заңсыз және қасақана талап етсе, бұл ретте осы қауiптiң нақтылығын көрсететiн жағдайларға, не күш қолдануға сүйенетiн болса.
      3. Сонымен бірге кез келген адам, егер ол осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қылмыстың қандай да болмасын бiреуiн жасауға әрекет етсе қылмыс жасайды.
      4. Сонымен бiрге кез келген адам, егер ол:
      а) осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстың қандай да болмасын бiреуiн жасауға бiрге қатысушы ретiнде қатысса; немесе
      b) осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген қылмыстың қандай да болмасын бiреуiн жасау мақсатында басқа адамдарды ұйымдастырса немесе оларға басшылық жасаса қылмыс жасайды; немесе
      с) жалпы мақсатта әрекет ететін адамдар тобымен осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген қылмыстың бiреуiн немесе одан көбін жасауға кез келген басқа түрде жәрдемдессе; мұндай жәрдемдесу қасақана және не қылмыстық әрекеттiң жалпы сипатын немесе топтың мақсатын қолдау мақсаттарында немесе тиiстi қылмысты немесе қылмыстарды жасауға топтың ниетiн қаскүнемдiк түсiнгендiгi болып табылуы тиіс.

  3-бап

      Осы Конвенция мынадай жағдайларда қолданылмайды: егер қылмыс бiр мемлекетте жасалса, болжамды қылмыскер мен жәбірленуші осы мемлекеттің азаматтары болып табылса, болжамды қылмыскер осы мемлекеттің аумағынан табылса және ешқандай басқа мемлекет 9-баптың 1 немесе 2-тармағына сәйкес өзiнің заңдық хұкімін жүзеге асыру үшiн негiзге ие болмаса, осы оқиғаларға тиiстi жағдайларда 7, 12, 14, 15, 16 және 17-баптардың ережелерiн қолдануды жоққа шығармайды.

  4-бап

      1. Осы Конвенциядағы ештеңе де халықаралық құқыққа, атап айтқанда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына және халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес мемлекеттер мен адамдардың басқа құқықтарын, мiндеттемелерi мен мiндеттерiн қозғамайды.
      2. Қарулы қақтығыс кезiндегi қарулы күштердің әрекеттерi, бұл терминдер осы құқықпен реттелетiн халықаралық гуманитарлық құқықта түсiндiрілетiндей осы Конвенциямен реттелмейдi, онымен сол сияқты олар халықаралық құқықтың басқа да нормаларымен реттелінгендіктен мемлекеттiң қарулы күштерi олардың ресми функцияларын жүзеге асыру мақсатында қолданатын әрекеттерi онымен реттелiнбейдi.
      3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi өзге қатынастардағы заңсыз актілердi мақұлдаушы немесе заңды ететiн болып немесе басқа заңдардың негiзiнде жауапкершілікке тартуға кедергi келтіруші ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.
      4. Осы Конвенция мемлекеттердiң ядролық қаруды қолдануға қатысты болмайды және ешбiр түрде қолданудың заңдылығы туралы немесе қолдану қаупi туралы мәселеге қатысты түсiндiрілуi мүмкiн емес.

  5-бап

      Әрбiр қатысушы-мемлекет мыналарға қандай қажет болуы мүмкiн сондай шараларды қабылдайды:
      а) 2-бапта көрсетiлген әрекеттердi оның ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыстық ic деп мойындау үшiн;
      b) осы қылмыстардың ауыр сипатын ескерумен осы қылмыстар үшiн тиiстi жазаларды белгiлеу үшiн.

  6-бап

      Әрбiр қатысушы-мемлекет қандай қажет болып табылатын болса, оның iшiнде iшкi заңнама саласындағы тиiстi жағдайларда, осы Конвенцияның әрекетіне түсетін қылмыстық әрекеттердiң, атап айтқанда халық, адамдар тобының немесе нақты адамдардың арасында террорлық жағдай жасауға бағытталғандардың немесе есептелгендердiң, ешбiр жағдайда саяси, философиялық, идеологиялық, нәсiлдiк, этникалық, дiндарлық немесе өзге де осыған ұқсас сипаттағы қандай да болмасын пiкiрлер бойынша ақтауға жатпауын және олардың ауырлық дәрежесiне орай жазаға тартылуын қамтамасыз ету үшiн сондай шараларды қабылдайды.

  7-бап

      1. Қатысушы-мемлекеттер:
      а) қажет кезiнде, 2-бапта көрсетілген қылмыстарды жасауға олардың тиiстi аумақтары шектерiнде дайындаудың алдын алу мақсаттарында өзiнiң ұлттық заңнамасын бейiмдеудi, олардың аумақтарының шектерiнде немесе шектерiнен тыс және мұндай дайындыққа қарсы әрекеттердi, оның iшiнде олардың аумақтарында осы қылмыстарды марапаттайтын, арандататын, ұйымдастыратын, қасақана қаржыландыратын немесе қасақана техникалық көмек көрсететiн немесе ақпарат беретін немесе осы қылмыстарды жасауға қатысатын адамдардың, топтардың және ұйымдардың заңсыз қызметiне тыйым салу жөнiндегi шараларды қоса алғанда, барлық мүмкiн болатын шараларды қабылдау;
      b) өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес және осы бапта көзделiнген тәртiппен жағдайларда және әкiмшiлiк және ол 2-бапта көрсетiлген қылмыстарды табу, алдын алу, жолын кесу және тергеу жүргiзу мақсаттарында, сондай-ақ осындай қылмыстарды жасауда айыпталатын адамдарды қылмыстық жауапкершілiкке тарту мақсаттарында қажет болған кезде қабылданатын басқа да шараларды үйлестiруде, дәл және тексерiлген ақпарат алмасумен. Атап айтқанда, қатысушы-мемлекет 2-бапта көрсетiлген қылмыстардың жасалуына қатысты 9-бапта көрсетілген басқа мемлекеттердi кiдiрiссiз хабардар ету үшiн, сондай-ақ оған белгiлi осындай қылмыстарды жасауға дайындықтар туралы және орынды болғанда халықаралық ұйымдарды хабардар ету тең сияқты тиiсті шаралар қабылдау жолымен ынтымақтасады.
      2. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның күшiмен құпия немесе осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында өткiзiлген қызметке қатысу нәтижесiнде басқа қатысушы мемлекеттен алатын кез-келген ақпараттың құпиялылығын қорғау үшiн өзінің ұлттық заңнамасына сыйымды тиiстi шараларды қабылдайды. Егер қатысушы мемлекеттер халықаралық ұйымдарға ақпаратты құпия түрде берсе, онда мұндай ақпараттардың құпиялылығын қорғауды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылданады.
      3. Осы Конвенцияға сәйкес ұлттық заңнамамен келiсе отырып қатысушы мемлекеттер қауiп төндiретiн олар таратуға құқығы жоқ немесе мүдделi мемлекеттi немесе ядролық материалды физикалық қорғауда қатысушы мемлекеттерден қандай да бiр ақпаратты беру талап етілмейдi.
      4. Қатысушы мемлекеттер Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы бапта көрсетiлген ақпараттарды жолдауға немесе алуға жауапты өз құзырлы органдары немесе байланыс пункттерi туралы ақпарат бередi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы құзырлы органдар мен байланыс пункттерi туралы мұндай ақпаратты барлық қатысушы мемлекеттерге және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке хабарлайды. Осындай органдар мен байланыс пункттеріне тұрақты негiзде қол жеткiзiлуi тиiс.

  8-бап

      Осы Конвенцияның мәнi бойынша қылмыстың алдын-алу мақсаттары үшiн қатысушы мемлекеттер Атом энергиясы жөнiндегі халықаралық агенттiктiң тиiсті ұсынымдары мен функцияларын ескерумен радиоактивтi материалды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi тиiсті шараларды қабылдауға барлық күштерін салады.

  9-бап

      1. Әрбiр қатысушы мемлекет 2-бапта көрсетiлген қылмысқа қатысты оның заңдық хұкімін белгiлеу үшін қандай қажетті болса сондай шараларды қабылдайды:
      а) қылмыс осы мемлекеттiң аумағында жасалса;
      немесе
      b) қылмыс қылмыс жасалған мезетте осы мемлекеттiң заңына сәйкес тiркелген қылмыс осы мемлекеттiң туы астында жүзген кеме бортында немесе әуе кемелерiнде жасалса;
      немесе
      с) қылмыс осы мемлекеттiң азаматымен жасалса.
      2. Қатысушы мемлекет сондай-ақ өзінің заңдық хұкiмін осындай кез-келген қылмысқа қатысты белгiлей алады:
      а) қылмыс осы мемлекеттiң азаматына қарсы жасалса;
      немесе
      b) қылмыс осы мемлекеттiң елшілігін немесе өзге дипломатиялық немесе консулдық өкілдiгінің үй-жайларын қоса алғанда шетелдегi осы мемлекеттiң мемлекеттік немесе үкiметтiк объектілеріне қарсы жасалса;
      немесе
      с) қылмысты әдетте осы мемлекеттiң аумағында тұратын азаматтығы жоқ тұлға жасаса;
      немесе
      d) қылмыс осы мемлекетке қандай да бiр iс-қимыл жасауға немесе одан қалыс қалуға мәжбүрлеу әрекетiнде жасалса;
      немесе
      e) қылмыс осы мемлекеттiң үкiметi пайдаланған әуе кемелерi бортында жасалса.
      3. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе оған қосылу кезiнде әрбiр қатысушы мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысын оларға өзiнiң ұлттық заңнамасы негiзiнде осы баптың 2-тармағына сәйкес заңдық хұкiм белгiлеу туралы хабардар етедi. Қандай да бiр өзгертулер болған жағдайда тиiстi қатысушы мемлекет бұл туралы Бас хатшыны кiдiрiссiз хабардар етедi.
      4. Әрбiр қатысушы мемлекет сондай-ақ қылмыскер деп болжанған адам оның аумағында болса және ол оны осы баптардың 1 немесе 2 тармақтарына сәйкес өз заңнамалық хұкiмiн белгілеген бiрде-бiр қатысушы мемлекеттерге бермеген жағдайда, 2-бапта көрсетілген қылмыстарға қатысты оның заңдық хұкiмiн белгілеу үшiн қажеттi болып табылатын осындай шараларды қабылдайды.
      5. Осы Конвенция оның ұлттық заңнамасына сәйкес қатысушы мемлекет белгiлеген қылмыстық заңдық хұкiмдi мынандай жүзеге асыруды жоққа шығармайды.

  10-бап

      1. Қатысушы мемлекет, 2-бапта көрсетiлген қылмыс оның аумағында жасалғаны немесе жасалып жатқаны немесе қылмыс жасаған немесе оның аумағында болуы мүмкiн осындай қылмысты жасады деп болжанған тұлға туралы ақпаратты ала отырып, осы ақпараттар көрсетiлген фактілердi тергеу үшiн оның ұлттық заңнамасына сәйкес қажеттi болып табылатын осындай шараларды қабылдайды.
      2. Жағдай соны талап ететiне көз жеткiзгеннен соң аумақтағы қылмыскер немесе қылмыскер деп болжанған тұлға тұратын қатысушы мемлекет болатын қылмыстық қуғындау немесе тапсыру мақсаттары үшiн оның қатысуын қамтамасыз ету жөнiндегі тиiстi шараларды өз ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайды.
      3. Оған қатысты осы баптың 2-тармағында айтылған шаралар қабылданатын кез-келген тұлға:
      а) соның азаматы болып табылатын, сол мемлекеттің немесе өзге мақсатпен сол тұлғаның құқығын заңды қорғайтын мемлекеттiң ең жақын жердегі тиiстi өкiлiмен немесе егер, ол азаматтық алмаған тұлға болса, әдетте аумақта тұратын мемлекет өкiлiмен тоқтаусыз байланысу;
      b) осы мемлекеттің өкiлiне келуi;
      с) а) және b) тармақшаларына сәйкес өз құқығы туралы хабардар болу құқығы бар.
      4. осы баптың 3-тармағында айтылған құқық қылмыскер немесе қылмыскер деп болжанған адам аумағында болатын, мемлекеттiң заңына сәйкес жүзеге асырылады соның өзiнде де аталған заңнаманың 3-тармағына сәйкес сол үшін берiлетін құқық белгiленген мақсатқа толық жету мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерi 9-баптың 1-шi немесе 2-тармақтарына сәйкес заң хұкімiнен үмiттенетiн кез-келген қатысушы мемлекеттiң құқығына зиян келтірмейдi, Қызыл Крестiң халықаралық комитетiнен қылмыскер деп болжанған адаммен байланысуды немесе оған кiрiп шығуды сұрайды.
      6. Осы бапқа сәйкес қатысушы-мемлекет адамды тұтқынға алғаннан кейiн, ол 9-баптың 1-шi және 2-тармақтарына сәйкес заң хұкімiн белгілеген қатысушы мемлекеттерге тiкелей Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы және егер ол мұндай тұлғаның тұтқынға алынған фактiсi туралы және оны жағдайы туралы оның ұсталуын талап ететiн мақсатқа сай деп тапса кез-келген өзге де мүдделi қатысушы мемлекеттерге iркілiссiз хабарлау керек.  Осы баптың 1-тармағында көзделген тергеудi жүргiзетiн мемлекет, айтылған қатысушы мемлекеттердi өзiнiң шешiмдерi туралы жедел хабардар етедi және ол заң хұкiмiн жүзеге асыруды ниет ете ме соны хабарлайды.

  11-бап

      1. Қылмыскер деп болжанған тұлға табылған аумақтағы қатысушы мемлекет 9-бап қолданылған жағдайда, егер ол осы тұлғаны ұстап бермесе, оның аумағында қылмыс жасалды ма әлде жоқ па қандай да бiр ерекше белгiлерiне қарамастан өз заңнамасына сәйкес тексеру өткiзу жолымен қылмыстық қудалау мақсатта ақталмаған iсті өз құзiреттi органдарына тоқтаусыз табыстауға мiндетті. Бұл органдар сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес ауыр сипаттағы кез-келген басқа қылмыстар жағдайындағыдай түрде шешiм қабылдайды.
      2. Барлық жағдайда Қатысушы мемлекеттiң ұлттық заңнамасы оған өзінің азаматтарының бiреуiн тек осы тұлға осы мемлекетке сотта iсті қылмыстық тексеру немесе қарау шешiмдерi шығарылған үкiм бойынша жазасын өтеу үшін шығарылған үкiм бойынша жазасын өтеу үшiн қайтарылады деген шартпен және осы мемлекетпен осы тұлғаны ұстап беру туралы өтiнiш жасаушы мемлекет осы нұсқамен және олар орынды деп тапқан басқа да шарттармен келiскен жағдайда ғана осы баптың 1-тармағында айтылған мiндеттемелердi орындау үшін жеткілiктi болып табылатын осындай шарттасқан ұстап беру немесе тапсыруды орынды деп таныса, осы нұсқамен және өзге де шарттармен келiсе отырып осы тұлғаны беру туралы өтiнiш жасайтын осы мемлекет пен мемлекет осы тұлғаны беру немесе тапсыруға сұрау салынған сол мемлекетке қайтатын жағдайда өз азаматтарының бiрiн ұстап беруге немесе өзге мақсатта тапсыруға рұқсат етедi.

  12-бап

      Осы Конвенцияға сәйкес қамауға алынған немесе оған қатысты кез-келген өзге шаралар қабылданған немесе тексеру жүзеге асырылатын кез-келген адамға әдiл қарау, оның iшiнде және сол тұлға туралы аумақта мемлекеттiң заңнамасына сәйкес барлық құқықтармен кепiлдемелердi адам құқықтары туралы ережелердi қосқанда қолданылатын халықаралық құқық ережелердi қолдануға кепілдеме берiледi.

  13-бап

      1. 2-бапта көрсетiлген қылмыс осы Конвенция күшiне енгенге дейін қандай да бiр қатысушы мемлекеттер арасында жасалған ұстап беру туралы кез-келген шарт ұстап беруге әкеп соқтыратын қылмыстар ретiне қосуға жататын болып есептеледi. Қатысушы мемлекеттер соның ізiнше олардың арасында жасалатын беру туралы барлық шарттарды, беруге әкеп соқтыратын осындай қылмыстарды қылмыстар ретiне қосуға мiндеттенедi.
      2. Қатысушы мемлекет, шарттың болуымен ұстап беруге шарттасатын болса, олармен ұстап беру туралы шарттары жоқ басқа қатысушы мемлекеттен ұстап беру туралы өтiнiштi ала алады, сұрау салынатын мемлекет өз қалауы бойынша 2-бапта көрсетiлген қылмысқа байланысты ұстап беру үшiн құқықтық негiздемелер ретiнде осы Конвенцияны қарай алады. Ұстап беру сұрау салынатын мемлекеттiң заңнамасында қаралған өзге шарттардың сақталуымен жүзеге асырылады.
      3. Қолда бар шарттармен беруге шарттаспаған қатысушы мемлекеттер 2-бапта көрсетiлген қылмыстарды сұралатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес қаралған шарттардың сақталуымен берудi тудыратын қылмыс ретiнде өзара қарайды.
      4. 2-бапта көрсетiлген қылмыс қажет болған жағдайда егер олар тек қана олардың жасалған жерiнде (орнында) ғана емес, сондай-ақ 9-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес өз заңдық хұкiмiн белгiлеген мемлекеттердiң аумақтарында жасалса ұстап беру мақсатында қатысушы мемлекеттермен қаралады.
      5. 2-бапта көрсетiлген қылмыстармен байланысты қатысушы мемлекеттер арасындағы беру туралы барлық шарттар мен уағдаластықтардың ережелерi қатысушы мемлекеттерге қатысты олар осы Конвенциямен сыйыспайтын шамада өзгертілген болып есептеледi.

  14-бап

      1. Қатысушы мемлекеттер тексеру үшiн қажетті олардың қолында бар айғақтамаларды алу жәрдемiн қосқанда 2-бапта көрсетiлгендей қылмыстарға қатысты басталған тексерулермен, қылмыстық қудалаулармен немесе ұстап беру тәртiбiне байланысты бiр-бiрiне барынша көмек көрсетедi.
      2. Қатысушы мемлекеттер олардың арасында болуы мүмкiн өзара құқықтық көмек туралы кез-келген шарттармен немесе өзге уағдаластықтарға сәйкес осы баптың 1-тармағы бойынша өз мiндеттемелерiн орындайды. Осындай шарттар мен уағдаластықтар болмағанда қатысушы мемлекеттер олардың ұлттық заңнамасына сәйкес бiр-бiрiне көмек көрсетедi.

  15-бап

      2-бапта көрсетiлген қылмыстың бiрде-бiрi ұстап беру мақсаты үшiн немесе саяси қылмыс ретiнде сияқты өзара құқықтық көмек немесе саяси қылмыспен байланысты қылмыс немесе саяси уәждердi туындататын қылмыс қылмыс ретiнде қаралмайды. Сондықтан осындай қылмыспен байланысты ұстап беру немесе өзара құқықтық көмек туралы өтiнiштен тек ол саяси қылмыстарға немесе саяси қылмыспен байланысты қылмыстарға немесе саяси уәждердi туындататын қылмыстарға қатысты болғаны үшiн қабылданбай тасталуы мүмкiн емес.

  16-бап

      Осы Конвенцияда ештеңе де қандай да бiр тұлғаны ұстап беру немесе өзара көмек көрсету, егер сұрау салатын қатысушы мемлекеттің 2-бапта айтылған қылмыспен байланысты дәлелдi негiздемелерi болса ұстап беру туралы өтiнiш немесе өзара құқықтық көмек осындай қылмыстарға қатысты қылмыстық қуғындау мақсатында немесе осы тұлғаның жазасы оның нәсiлiне, дiнге сенуiне, азаматтығына, этникалық тегiне немесе саяси нанымы жөнiндегi себептер бойынша немесе осы өтiнiштердi қанағаттандыру, сол тұлғаның жағдайына осы себептердiң кез-келгенiмен зиян алып келтiретiн болса мiндеттеме салыну ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.

  17-бап

      1. Бiр қатысушы-мемлекетте қамауда отырған немесе жаза мерзiмiн өтеуде жүрген және көрсетулердi беру, жеке басын анықтау немесе осы Конвенцияға сәйкес қылмыстарға байланысты тергеу немесе қылмыстық тергеу үшін дәлелдемелер алуда өзге де көмектер көрсету мақсатында басқа қатысушы мемлекетте болуы талап етілетiн тұлға мынадай шарттарды сақтаумен берiлуi мүмкiн:
      а) бұл тұлға толық ақпарат негiзiнде оған өзінің келiсiмiн еркiн бередi; және
      b) екi елдiң де құзыретті өкiметi, осы мемлекеттер қолдануға болады деп есептейтiн шарттармен, келiсiмге қол жеткiздi.
      2. Осы баптың мақсаттары үшiн:
      а) оған адам табысталатын мемлекет, егер тек осы адамды табысталған мемлекеттер өзге туралы сұрамаса немесе басқаға рұқсат етпесе, табысталған кiсiнi қамауда ұстауға құқылы және мiндеттi;
      b) адам табыс етілген мемлекет, екi мемлекеттiң құзыреттi тұлғалары осы адамды қайтару жөнiнде алдын ала келiсiлгендей немесе екi елдiң құзыретті өкiметтерiмен өзгеше бiр түрде келiсiлгендей бұрын табыс еткен мемлекеттiң иелігіне қайтару жөнiндегi өзінің міндеттемесiн кiдiрiссiз орындайтын болады;
      с) адам табыс етілген мемлекет, осы адамды табыс еткен мемлекеттен оны қайтып беру үшін қайтарып беру тәртiбiн қозғауды талап етпеуi тиiс;
      d) табыс етілген адамға ол табысталған мемлекетте өтелетiн жазалау мерзiмiне ол табысталған мемлекетте қамауда ұсталған мерзiмi қоса есептеледi.
      3. Қатысушы мемлекеттiң келiсiмінсiз одан осы бапқа сәйкес табыс етілуi тиiс болатын сол немесе өзге бiр адам, оның азаматтығынан тәуелсiз бұл адам қудалануға немесе қамауда ұсталуға жатпайды және ол берiлген мемлекеттiң аумағынан кеткенге дейін iс-әрекетiне немесе оған қатысты шығарылған үкiмге байланысты осы адам тапсырылған мемлекеттің аумағында оның жеке басының еркiндiгiне қатысты қандай да болмасын өзге бiр шектеулерге ұшыратылуы тиiс емес.

  18-бап

      1. Басып алып немесе өзгеше бiр түрде өзiнің бақылауына алынған 2-бапта сипатталған қылмыс жасалғаннан кейін мұндай заттарға ие қатысушы мемлекет:
      а) радиоактивтi материалдар, қондырғылар немесе ядролық объектілердi зиянсыздандыру мақсатында шаралар қолданады;
      b) кез келген ядролық материал Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттік қолданатын кепiлдiктерге сәйкес сақталуын қамтамасыз етедi; және
      с) Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк жариялаған физикалық қорғаныш және денсаулық пен қауiпсiздiк саласындағы стандарттар бойынша ұсынымдарды ескередi.
      2. 2-бапта сипатталған қылмысқа байланысты кез келген талқылаулардың аяқталуы бойынша немесе егер оны халықаралық құқық талап ететiн болса, одан да ертерек, мүдделi қатысушы мемлекеттермен консультациядан кейiн (атап айтқанда қайтару және сақтау шарттары бойынша) кез келген радиоактивтi материал, қондырғы немесе ядролық объектi соған тиесiлi қатысушы мемлекетке, осындай радиоактивтi материалдар, қондырғылар немесе ядролық объектілердiң иесi болып табылатын заңды тұлға немесе жеке тұлға азаматы немесе тұрғыны болып табылатын қатысушы мемлекетке не олар аумағынан ұрланған немесе өзге бiр түрде заңсыз алынған қатысушы мемлекетке қайтарылады.
      3. а) Егер мемлекетiшiлiк немесе халықаралық құқық қатысушы мемлекетке мұндай радиоактивтi материалдар, қондырғылар немесе ядролық объектілердi қайтаруға немесе қабылдауға тыйым салса немесе бұл туралы мүдделi қатысушы мемлекеттер келiссе. Онда радиоактивтi материалдар, қондырғылар немесе ядролық объектілерге ие қатысушы мемлекеттер осы баптың 3 b тармағын сақтау кезiнде осы баптың 1-тармағында сипатталған шараларды қабылдауды жалғастырады; мұндай радиоактивтi материалдар, қондырғылар немесе ядролық объектілер тек бейбiт жағдайға ғана қолданылатын болады;
      b) Егер радиоактивтi материалдар, қондырғылар немесе ядролық объектілерге ие қатысушы мемлекеттер үшiн оларға ие болу заңсыз болатын болса, онда бұл мемлекеттер олар мұндай иелiк заңды болып табылатын және оларды зиянсыздандыру мақсатында қажет болған жағдайда осы мемлекетпен кеңескен кезде осы баптың 1-тармағына талаптарға сәйкес сенiм бiлдiрген мемлекеттiң иелігіне мүмкiндігінше тезiрек тапсырылуын қамтамасыз етедi; мұндай радиоактивтi материалдар, қондырғылар немесе ядролық объектілер тек бейбiт жағдайға ғана қолданылатын болады.
      4. Eгep осы баптың 1 және 2-тармақтарында айтылған радиоактивтi материалдар, қондырғылар немесе ядролық объектілер қатысушы мемлекеттердiң не қатысушы мемлекеттердiң азаматтарының немесе тұрғындарының бiр де бiреуiне де жатпаса және қатысушы мемлекет аумағынан ұрланған немесе өзге бiр түрде заңсыз алынбаса немесе егер бiр де бiр мемлекет мұндай заттарды алуға тiлек бiлдiрмесе, онда осы баптың 3 b тармағын сақтау кезiнде мүдделi мемлекеттермен және кез келген тиiстi халықаралық ұйымдармен оған қалай иелiк ету туралы жеке шешiм қабылданады.
      5. Радиоактивтi материалдар, қондырғылар немесе ядролық объектiлерге ие қатысушы мемлекет осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарының мақсаттары үшін басқа қатысушы мемлекеттерден, атап айтқанда мүдделi қатысушы мемлекеттер және кез келген тиiстi халықаралық ұйымдардан, атап айтқанда Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктен көмек сұрай немесе ынтымақтастық туралы өтiнiш жасай алады. Қатысушы мемлекеттерге және тиісті халықаралық ұйымдарға осы бапқа сәйкес ең көп мүмкiн дәрежеде жәрдем көрсетуге кеңес беріледi.
      6. Радиоактивтi материалдар, қондырғылар немесе ядролық объектілерге қалай ие болу керегiмен немесе оларды сақтаумен айналысатын Атом энергиясы жөніндегi халықаралық агенттіктің бас директорына мұндай затпен қандай түрде билiк жасағаны немесе сақтағаны туралы ақпарат бередi. Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттіктің бас директоры бұл ақпаратты басқа қатысушы мемлекеттерге жолдайды.
      7. 2-бапта сипатталған қылмысқа байланысты таратылса, онда осы бапта ештеңе ешбiр түрде ядролық зиян үшiн жауапкершілікті реттеушi халықаралық құқықтың нормаларын немесе халықаралық құқықтың өзге де нормаларын қозғамайды.

  19-бап

      Болжамданған қылмыскер шартты қудалауға ұшыратылған қатысушы мемлекет өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес немесе талқылаудың ақырғы нәтижесi туралы қолдануға болатын рәсiмдерiмен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды. Ол бұл ақпаратты басқа қатысушы мемлекеттерге жолдайды.

  20-бап

      Қатысушы мемлекеттер бiр-бiрiмен тiкелей немесе Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы және болған жерде халықаралық ұйымдардың көмегiмен осы Конвенцияның тиiмдi жүзеге асырылуы үшiн консультациялар жүргізедi.

  21-бап

      Қатысушы мемлекеттер осы Конвенция бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн бұл тәуелсiз теңдiк және мемлекеттердiң аумақтық тұтастығының принциптерiне және басқа мемлекеттің iшкi iстерiне араласпау принципiне жауап беретiн түрде орындайды.

  22-бап

      Осы Конвенцияда ешнәрсе де қатысушы мемлекетке басқа қатысушы мемлекеттің аумағында, осы басқа қатысушы мемлекет өкiметiнің оның ұлттық заңнамасына сәйкес айырықша құзыретiне енетін заңдық хұкiмi мен функциясын жүзеге асыруға құқық бермейдi.

  23-бап

      1. Екi немесе одан да көп қатысушы мемлекеттер арасындағы осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты, ақылға қонымды уақыт iшiнде келiссөз жүргiзу жолымен реттеу мүмкiн болмайтын, кез келген дау олардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша арбитражға беріледi. Егер арбитраж туралы өтiнiш жасалған күннен бастап алты ай iшiнде тараптар оның ұйымымен келiсе алмаса осы тараптардың кез келгенi Соттың тиiстi Мәртебесiне өтiнiш жасаумен, дауды Халықаралық Сотқа тапсыра алады.
      2. Осы Конвенцияға қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе оған қосылу кезiнде осы баптың 1-тармағымен өзін байланысты деп есептемейтіндiгi туралы өтiнiш бере алады. Басқа қатысушы мемлекеттер осындай ескерту жасаған кез келген қатысушы мемлекетке қатысты 1-тармақтың ережесiмен байланысты болмайды.
      3. Осы баптың 2-тармаққа сәйкес ескерту жасаған кез келген мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын хабарландыру жолымен кез келген уақытта осы ескертудi алып тастай алады.

  24-бап

      1. Осы Конвенция 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2006 жылдың 31 желтоқсанына дейiн Нью-Йорктегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемесiнде барлық мемлекеттердiң қол қоюы үшiн ашық.
      2. Осы Конвенция ратификациялануға, қабылдануға немесе бекiтiлуге жатады. Қабылданғандығы немесе бекiтiлгендiгi туралы ратификациялық грамоталар немесе құжаттар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
      3. Осы Конвенция кез келген мемлекеттiң қосылуы үшiн ашық. Қосылу туралы құжаттар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

  25-бап

      1. Осы Конвенция күшiне Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына қабылданғаны, бекiтілгенi немесе қосылғандығы туралы жиырма екiншi ратификациялық грамотаны немесе құжатты сақтауға тапсырылғаннан кейiнгi отызыншы күнi күшiне енедi.
      2. Кез келген мемлекет осы Конвенцияны ратифицирлеген, қабылдаған немесе бекiткен немесе қабылданғаны, бекiтілгенi немесе қосылғандығы туралы жиырма екiншi ратификациялық грамотаны немесе құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн оған қосылады, осы мемлекет өзiнің қабылданғаны, бекiтілгенi немесе қосылғандығы туралы ратификациялық грамотасын немесе құжаттарын сақтауға тапсырғаннан кейiн отызыншы күнi Конвенция күшiне енедi.

  26-бап

      1. Қатысушы мемлекетте осы Конвенцияға түзету ұсына алады. Болжамдалып отырған түзетулер, оларды барлық қатысушы мемлекеттерге жiберетiн, депозитарийге ұсынылады.
      2. Болжамдалып отырған түзетулердi қарау үшiн конференция шақырылғандығы туралы қатысушы мемлекеттердiң көпшiлiгiнiң өтiнiштерi алынуы бойынша депозитарий барлық қатысушы мемлекеттердi, шақыру жолданғаннан кейiн кемiнде үш ай өткеннен кейiн өткiзiлетiн мұндай конференцияға қатысуға шақырады.
      3. Конференцияның қатысушылары түзетулердi бәтуаластықпен енгiзу үшiн барлық мүмкiндiктi жасайды. Егер бұл мүмкiн болмай шықса түзетулер барлық қатысушы мемлекеттердiң дауыстарының көпшілiгiмен үштен бiрiмен қабылданады.

  27-бап

      1. Кез келген қатысушы мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын жазбаша хабарландыру жолымен осы Конвенциядан бас тарта алады.
      2. Бас тарту Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы хабарламаны алған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн күшiне енедi.

  28-бап

      Осы Конвенцияның мәтiндерi ағылшын, apaб, испан, қытай, орыс және қазақ тiлдерiндегi түпнұсқасы тең түпнұсқа болып табылады, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға беріледі, ол барлық мемлекеттерге Конвенцияның көшiрмесiн алдын ала таратады.

      OCЫHЫ КУӘЛАНДЫРУҒА төменде қол қоюшылар өзiнiң тиiстi үкiметтерiмен тиiсті түрде соған өкілеттендiрiлген Нью-Йорктегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемесiнде барлық мемлекеттердің қол қоюы үшiн 2005 жылғы 14 қыркүйекте ашылған осы Конвенцияға қол қойды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады