Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкіметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiм мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы Елшiлiгi жанындағы әскери атташе Марат Болатұлы Ашықбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметi атынан Келiсiмнiң мәтiнiне қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келісімге қол қою өкілеттік берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы
Өтеусіз әскери көмек туралы келiсiм
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi (бұдан әрі - Тараптар),
ұзақ уақыттан бepi орын алып келе жатқан достық өзара қарым-қатынасты күшейтуге ниет білдiре отырып,
1993 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрік Республикасының Үкiметi арасындағы Әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi және 1994 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Әскери ғылым, техника мен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ескере отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Түрік Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне АҚШ долларына баламада 1237500 (бір миллион eкі жүз отыз жетi мың бес жүз) түрік лирі сомасында өтеусiз әскери көмек бередi.
Өтеусiз әскери көмектi беру осы Келiсiм күшіне енген күннен бастап басталады.
2-бап
АҚШ долларына баламада 1237500 (бір миллион екi жүз отыз жеті мың бес жүз) түрiк лирі сомасындағы елеусiз әскери көмек Түрiк Республикасының заңнамасына сәйкес материалдық көмек және қызметтер түрінде берілетін болады.
3-бап
АҚШ долларына баламада 1237500 (бір миллион екі жүз отыз жетi мың бес жүз) түрік лирi сомасындағы өтеусіз әскери көмек осы Келісімге сәйкес екі елдiң құзыреттi органдары жасасатын атқару хаттамаларына сәйкес iске асырылатын болады.
4-бап
Қазақстан тарабы Түрiк тарабының алдын ала келiсiмiн алусыз Түрiк тарабынан алынған материалдар мен қызметтердi немесе оларды пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермеуге келiстi.
5-бап
Осы Келiсiм Тараптардың оның күшіне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшіне енедi.
Осы Келiсiм өз әрекетiн осы Келiсiмнiң 3-бабында көрсетілген атқару хаттамасына сәйкес ұсынылған материалдық көмектi және қызметтердi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне толық берген сәттен бастап тоқтатады.
6-бап
Осы Келiсiмдi Тараптардың мынадай құзыретті органдары iске асыратын болады:
қазақстан тарабынан - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі;
түрiк тарабынан - Түрік Республикасының Бас штабы.
Құзыреттi органдардың ресми атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақытында хабардар етілетiн болады.
Осы Келiсiмдi iске асыру кезінде туындайтын кез келген келiспеушіліктер келiссөздер және консультациялар жолымен шешілетін болады.
2005 жылғы "__" _______ _________ қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тілдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күші бiрдей.
Осы Келiсiмнің ережелерiн түсіндiруде келiспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегi мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Түрік Республикасының
Yкіметі үшін Yкіметі үшін