Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20. N 171 Қаулысымен.
"Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристiк қызметті peттеу комитетi:
1) ЕурАзЭҚ СЭҚ TH 6807101000 кодымен жiктелетін асфальттан немесе саған ұқсас материалдардан (мысалы, мұнай битумынан немесе тас көмiр пiспесiнен) жасалған орамдардағы жабын және қаптама материалдарының импортына қатысты iстi қарауды бастасын;
2) iсті қарау рәсiмi аяқталғанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 6807101000 кодымен жiктелетін асфальттан немесе соған ұқсас материалдардан (мысалы, мұнай битумынан немесе тас көмiр пiспесiнен) жасалған орамдардағы жабын және қаптама материалдарының импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;
3) он күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiн және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Комитетiн iстi қараудың басталғандығы туралы хабардар етсiн.