"Қазмырыш" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қазандағы N 1046 Қаулысы

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстанның экономикасын дамыту үшін тазартылған мыс өндiру жөнiндегі мыс балқытатын және электролиз зауытын салудың аса маңыздылығына орай Қазақстан Республикасының Yкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазмырыш" акционерлік қоғамы акцияларының жарғылық капиталының 22,65 (жиырма екі бүтiн жүзден алпыс бec) пайызы мөлшерiндегі мемлекеттік пакетін (бұдан әрі - "Қазмырыш" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетi) коммерциялық тендерде мынадай шарттарды міндетті түрде сақтай отырып, сатуды жүзеге асырсын:
      Шығыс Қазақстан облысында жылына 70 мың тонна тазартылған мыс өндiретiн мыс балқытатын және электролиз зауытын (бұдан әрі - зауыт) салу;
      зауыт салу барысында технологиялық жабдықты қоспағанда, жалпы көлемінің кемінде 35 (отыз бec) пайызына қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру;
      зауыт іске қосылғанға дейін қазақстандық кадрларды даярлауды қамтамасыз ету;
      "Қазмырыш" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетін иелену құқығын сатып алушыға ауыстыра отырып, 2010 жылғы 31 желтоқсанға зауытты iске қосуды қамтамасыз ету;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тендерге қатысушылардың назарына мынадай шартты жеткізсін және алдағы уақытта "Қазмырыш" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетiн сатып алу-сату шартында көздесiн:
      сатып алушы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тендер шарттарын орындамаған жағдайда акциялардың мемлекеттiк пакетін сатып алуға және зауытты салуға байланысты шығындар өтеуге жатпайды.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады