Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қазандағы N 1062 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" әкiмшісi бойынша:
      001 "Индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:
      001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасындағы "1272105" деген сандар "1284105" деген сандармен ауыстырылсын;
      017 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасындағы "71418" деген сандар "68418" деген сандармен ауыстырылсын;
      101 "Қазақстанның Дүниежүзілiк сауда ұйымына кiруi" кiшi бағдарламасындағы "55978" деген сандар "46978" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға  316-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      реттік нөмiрi 2-жолдың 5-бағанының тоғызыншы абзацының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың қорытындыларына арналған іс-шаралар кешенiн жүргiзу.";
      реттiк нөмiрi 6-жолдың 5-бағанындағы "137" және "5" деген сандар тиiсiнше "183" және "12" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады