Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы Амангелдi Смағүлұлы Шабдарбаевқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.30. N 474 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
жоба
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге
қарсы құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi (бұдан әрі - үкiметтер) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (бұдан әрі - ШЫҰ),
2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Аймақтық терроризмге қарсы құрылым туралы келiсiмдi , 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы аясындағы Құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi келiсiмдi және 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Деректер банкi жөнiндегi келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы (бұдан әрі - ШЫҰ АТҚҚ) Ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
ұлттық заңнамаға және халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес әрекет ете отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн онда қолданылатын терминдер мен ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
ақпарат - 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы шеңберiнде құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету туралы келiсiмнiң 1-бабында айқындалғандай құпия ақпарат;
ақпаратты техникалық қорғау - ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа шығуын, оған рұқсатсыз қол жеткiзудi болдырмау жөнiндегi ақпаратты жасау, сақтау, өңдеу және беру процесінде оны бұзу (жою) немесе бұрмалау мақсатында әсер етудiң алдын алу жөнiндегi іс-шаралар кешенi;
ақпаратты техникалық қорғау құралдары - әр түрлі мақсаттағы объектілер мен жүйелерде ақпаратты қорғауға арналған бағдарламалық және аппараттық құралдар, сондай-ақ ақпаратты қорғау тиiмдiлiгiн бақылау құралдары;
кешендi техникалық бақылау - әр түрлi мақсаттағы объектiлер мен жүйелердiң ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткiзуден қорғалуының жай-күйiн, соның iшiнде техникалық құралдарды пайдалана отырып бақылау.
2-бап
Тараптар ақпаратты техникалық қорғау саласындағы өз қарым-қатынастарын мүдделердi өзара құрметтеу және зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне меншiк құқықтарын тану негiзiнде жасайды.
3-бап
Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптардың сарапшылары Тараптармен келiсу және ШЫҰ-ның ережелерi мен рәсiмдерiне сәйкес шешiмдер қабылдау үшiн ШЫҰ АТҚҚ-да ақпаратты техникалық қорғаудың нақты шаралары бойынша техникалық тапсырмалар, талаптар және басқа да құжаттар түрiнде ұсыныстар әзiрлейдi және ШЫҰ АТҚҚ-ның Атқару комитетiне ұсынады.
4-бап
Тараптар мынадай бағыттар бойынша ынтымақтасады:
ШЫҰ АТҚҚ үшiн ақпаратты техникалық қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық, нормативтiк және әдiстемелiк құжаттар әзiрлеу; ақпаратты техникалық қорғау бойынша әзiрленген бiлiктiлiк талаптары негiзiнде Тараптардың мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
ғылыми-техникалық өнiмдi және ақпаратты техникалық қорғау құралдарының үлгiлерiн әзiрлеу, өндiру, ШЫҰ АТҚҚ-ға жеткiзу және оларды пайдалану.
ШЫҰ АТҚҚ-ға кешендi техникалық бақылау жөнiнде қызмет көрсету;
ақпаратты техникалық қорғау мәселелерi бойынша бiрлескен ғылыми конференциялар, симпозиумдар, көрмелер өткiзу.
5-бап
Yкiметтер осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаннан кейiн 30 күн iшiнде депозитарийдi осы Келiсiмдi iске асыруға жауапты құзыреттi органдар туралы жазбаша нысанда хабардар eтeдi.
ШЫҰ-да осы Келiсiмдi iске асыруға жауапты орган ШЫҰ АТҚҚ болып табылады.
6-бап
ШЫҰ АТҚҚ-ның Атқару комитетi Тараптардың сарапшыларымен бiрлесе отырып, 2003 жылғы 29 мамырдағы ШЫҰ бюджетiн қалыптастыру және орындау тәртiбi туралы келiсiмге сәйкес ШЫҰ АТҚҚ-ға ақпаратты техникалық қорғау құралдарының, қажеттi аспаптардың, жабдықтардың, материалдар мен оларға жинақтаушы бұйымдардың номенклатурасы мен көлемдерi бойынша келесi қаржы жылына ұсыныстар дайындайды.
ШЫҰ-ның кезектi қаржы жылына арналған бюджетiн бекiткеннен кейiн Атқару комитетi ШЫҰ АТҚҚ Тараптардың сарапшыларымен бiрлесе отырып, ақпаратты техникалық қорғау құралдарының, қажеттi аспаптардың, жабдықтардың, материалдар мен оларға жинақтаушы бұйымдардың жеткiзушiлерiн айқындайды және тендерлiк негiзде тиiстi шарттар (келiсiм-шарттар) жасайды.
7-бап
Үкiметтер осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты өз мемлекеттерiнiң аумағында туындайтын барлық шығыстарды өз бетiнше өтейдi.
ШЫҰ АТҚҚ-да ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз етуге арналған шығыстар ШЫҰ бюджетiнен жүзеге асырылады.
8-бап
ШЫҰ АТҚҚ-да ақпаратты техникалық қорғау ШЫҰ АТҚҚ кеңесi бекiтетiн ақпаратты техникалық қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
9-бап
ШЫҰ АТҚҚ-ның мүддесiнде пайдаланылатын қорғалған объектiлер мен жүйелердi әзiрлеу және пайдалану кезiнде ШЫҰ АТҚҚ-да ақпаратты техникалық қорғау жөнiндегi нормалардың сақталуын техникалық бақылауды ШЫҰ АТҚҚ кеңесi бекiткен ол туралы ережеге сәйкес жұмыс iстейтiн Тараптардың сарапшылар тобы, қажет болған жағдайда, ақпаратты техникалық қорғау құралдарын әзiрлеушi ұйымның мамандарын тарта отырып жүзеге асырады.
10-бап
ШЫҰ АТҚҚ-да ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз ету үшiн жауапкершілiк ШЫҰ АТҚҚ Атқару комитетiнiң директорына жүктеледi.
11-бап
ШЫҰ АТҚҚ-да ақпаратты техникалық қорғау жөнiндегі талаптарды бұзу фактiсi анықталған жағдайда Тараптар ұлттық заңнамаға және ШЫҰ АТҚҚ-да қолданыстағы ережелерге сәйкес консультациялар өткiзеді, талқылауды жүзеге асырады және олардың нәтижелерi туралы ШЫҰ АТҚҚ-ның Атқару комитетi арқылы бiр-бiрiн жазбаша нысанда хабардар етедi.
Ақпаратты техникалық қорғау жөнiндегi талаптарды бұзуға байланысты ақпараттың рұқсатсыз таратылуы фактiлерiн тексеру 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы аясындағы Құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету туралы келiсiмнiң 16-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
12-бап
Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар Тараптар арасындағы келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешiледi.
13-бап
Осы Келiсiм шеңберiнде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiндегi жұмыс тiлi орыс және қытай тiлдерi болып табылады.
14-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмiмен осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 15-бабында белгіленген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер енгізілуі мүмкiн.
15-бап
Осы Келiсiм депозитарий үкiметтердiң осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсімдерді орындағаны туралы олардың жазбаша нысандағы хабарламаларының соңғысын алған күннен бастап 30-күнi күшiне енедi.
Осы Келiсiмнiң депозитарийi Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы болып табылады. Депозитарий осы Келiсiмнiң ресми көшiрмелерiн оған қол қойылған күннен бастап 15 күн iшiнде үкiметтерге жiбередi.
Депозитарий үкiметтерін осы Келiсiмнiң 5-бабының 1-абзацында көрсетiлген құзыреттi орган туралы хабарламаны алған күннен бастап 15 күн iшiнде басқа үкiметтерге оның атауы туралы хабарлайды.
16-бап
Осы Келiсiм 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына және 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы аясындағы Құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi келiсiмге қатысушы болып табылатын басқа да мемлекеттер үкіметтерінің қосылуы үшiн ашық.
Осы Келiсiм қосылған үкiмет үшiн депозитарий оның қосылуы туралы құжатты алған күннен бастап 30-күнi күшiне енедi.
17-бап
Осы Келiсiм 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы аясындағы Құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету туралы келiсiм қолданылуын тоқтатқан сәтке дейiн күшiнде қалады.
200__ жылғы "___" _______ ________ қаласында бір түпнұсқа данада орыс және қытай тiлдерiнде жасалды, әрі екi тiлдегi мәтiннiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының Үкiметi үшін
Қытай Халық Республикасының Үкiметi үшін
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшiн
Ресей Федерациясының Үкiметi үшін
Тәжiкстан Республикасының Үкiметi үшін
Өзбекстан Республикасының Үкiметi үшiн
Шанхай ынтымақтастық ұйымы үшiн