Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 26 қазандағы 1073 және 2005 жылғы 26 қазандағы N 1074 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы N 474 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы келiсiмге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 қазандағы N 1073  қаулысында :
      2-тармақтағы "Нартай Нұртайұлы Дүтбаевқа" деген сөздер "Амангелдi Смағүлұлы Шабдарбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң аумағына террористiк, сепаратистiк және экстремистiк iс-әрекетке қатысы бар адамдардың кiру арналарын анықтау және жабу саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 қазандағы N 1074  қаулысында :
      2-тармақтағы "Нартай Нұртайұлы Дүтбаевқа" деген сөздер "Амангелдi Смағүлұлы Шабдарбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады