Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қазандағы N 1080 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 148 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы    
Үкіметiнің          
2005 жылғы 27 қазандағы    
N 1080 қаулысына қосымша   

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2003 жылғы 28 қарашадағы   
N 1194 қаулысымен      
бекiтiлген          

Байланыс операторлары үшiн байланыс операторларының
телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланымдағы
телекоммуникация желісiне жергiлiктi деңгейде, аймақішілік
және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық
деңгейлерде қосу және телефон трафигiн (жергiлiкті,
аймақiшiлiк, қалааралық, халықаралық ұялы операторлардың
желiсiнен (-не) өткiзу жөнiндегі қызметтердi көрсетуге
арналған үлгі шарт

_______________________                 200__ жылғы "___"__________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi Қосатын байланыс операторы деп аталатын ___________
____________________________________________________________ атынан
  (субъектiнің атауы, уәкiлеттi орган берген лицензияның N)

___________________________________________ негізiнде әрекет ететiн
_________________________________________________ бiр тараптан және
              (лауазымы, Т.А.Ә.)

бұдан әрi Қосылатын байланыс операторы деп аталатын _______________
___________________________________________________________________
      (субъектiнің атауы, уәкiлеттi орган берген лицензияның N)

атынан ____________________________________________________________
негізiнде әрекет ететiн ___________________________________________
                                       (лауазымы, Т.А.Ә.)

екiншi тараптан (бұдан әрi - Тараптар) мына төмендегілер туралы Байланыс операторлары үшiн байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне жергілiкті деңгейде, аймақішілiк және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және телефон трафигін (жергіліктi, аймақiшілiк, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желiсiнен (-не) өткiзу жөнiндегi қызметтердi көрсетуге арналған үлгi шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шарттың мәні

      1. Осы Шарт желiлердi жергілiктi, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және телефон трафигiнiң мынадай түрлерiн:
      жергілікті телефон трафигін;
      аймақiшілік телефон трафигiн;
      қалааралық телефон трафигiн;
      халықаралық телефон трафигiн;
      ұялы операторлардың желiсiнен (-не) өткiзу қызметтерiн көрсеткен кездегi Қосатын және Қосылатын байланыс операторларының өзара iс-әрекетiн айқындайды.

  2. Тараптардың желiлерiн қосу шарттары

      2. Қосылатын байланыс операторының желiсiн Қосатын байланыс операторының желiсiне қосу деңгейлерi Қосылатын байланыс операторына байланыс саласындағы уәкiлетті орган берген лицензияның шарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      3. Тараптардың желілерiн қосу пункттерi, терiм форматы, дабылнамасы Қосылатын байланыс операторына Қосатын байланыс операторы берген жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне (бұдан әрi - ЖПТЖ) қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетiлген.
      4. Тараптар желілерiнiң технологиялық жағынан ұштасқан жабдығы Тараптардың әрқайсысының белгiленген тәртiбiне сәйкес екi Тараптың өкiлдерi үшiн қол жетiмдi болады.
      5. Қосудың қосымша пункттерiн ұйымдастыру қажет болған кезде, Қосылатын байланыс операторы Қосатын байланыс операторына жазбаша өтінiм бередi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен қосуға арналған техникалық шарттарды орындайды.
      6. Қосылатын байланыс операторы кемiнде 4 (төрт) ай бұрын Қосатын байланыс операторын Тараптардың желiлерiн қосуды жаңғыртуға қажеттi қосылатын және қосатын желілердiң әр түрлi элементтерiнiң сыйымдылығын кеңейту туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
      Уағдаластық бойынша желi сыйымдылығын кеңейту жөнiндегi жұмыстарды, жұмсалған шығындардың бөлiгiн кейiннен екiншi Тарап өтей отырып, Тараптардың бiрi орындауы мүмкiн.
      Тараптар Шарт бойынша өз желiсiн пайдаланушыларға да, екiншi Tapaптың пайдаланушыларына да техникалық және пайдалану параметрлерiне сәйкес сапасы мен оларды ұсыну уақтылығы бойынша тең мәндi қызметтердi ұсынады.

  3. Телефон трафигін өткiзу

      7. Тараптар өздерiнiң желiлерi арқылы жергiлiктi, қалааралық, халықаралық телефон трафигiн және ұялы байланыс операторларының желiсiнен (-не) телефон трафигiн Қосылатын байланыс операторына берiлген N, N____ мемлекеттік лицензияға (-ларға) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзедi.
      8. Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында телефон трафигінің әрбiр түрi үшін белгiленген тарифтеу бiрлiктерiнде жүргiзiледi.
      Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу шақырылатын терминал (телефон аппараты, автожауап қайтарушы, факсимильдi аппарат, модем және т.б.) нөмiрiнiң "абоненттің жауабы" деген дабылы түскен сәттен басталады.
      Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу абоненттердiң кез келген екi терминалынан (телефон аппаратынан, автожауап қайтарушыдан, факсимильдi аппараттан, модемнен және т.б.) "тоқтату" деген дабыл алынғаннан кейiн аяқталады.
      Қосылыстардың жалпы сомасының есеп айырысулары заңнамада белгiленген қосылыстар тарифтеуінің бiрлiктерiнде әрбiр қосылыс ұзақтығының сомасына (егер ондай болмаса, онда Тараптардың қосымша келiсiмi бойынша) негізделедi, мұнда әрбiр толық емес аралық үлкен жағына қарай толғанға дейiн дөңгелектенедi.
      9. Тараптар трафиктiң есебiн, шот-фактураларды ұсынуды және өздерінің желiлерiн пайдаланушылардан төлем жинауды дербес жүзеге асырады.
      10. Тараптардың желiлерiнде жергiлiктi телефон қосылыстарын уақытпен есептеу жүйесiн енгiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Тараптардың екiншi Тараптың желiсiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған шұғыл қызметтердiң телефондарына телефон трафигін өз желiлерiнде шектеуге немесе тоқтатуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайларда, телефон трафигiн өткiзгенi үшiн төлем алынбайды.

  4. Тараптардың мiндеттемелерi

      12. Қосатын байланыс операторы:
      1) Қосатын байланыс операторына байланыс саласындағы уәкiлетті орган берген N, N____ мемлекеттiк лицензияға (-ларға) және қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес телекоммуникация қызметтерiн көрсету үшiн Қосылатын байланыс операторының желiсiне өз желiсiн қосуды пайдалануға;
      2) Қосылатын байланыс операторының желiсiн Қосатын байланыс операторы берген қосуға арналған техникалық шарттарды толық көлемде орындағаннан кейiн техникалық мүмкiндiк болған кезде қосуды тестiлеудiң актіленген оң нәтижесi болған және осы Шартқа Тараптар қол қойған кезде 5 (бec) жұмыс күннен аспайтын мерзiмде өз желiсiне қосуды жүргізуге;
      3) Қосылатын байланыс операторына оның жазбаша өтінiмi бойынша Қосылатын байланыс операторы желiсiнiң жаңа қосылысына немесе қосу пункттерiн жаңғыртуға арналған техникалық шарттарды өтiнiм алынғаннан кейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде беруге;
      4) Қосылатын байланыс операторының мүдделерiн қозғайтын телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн байланыс құралдарының авариялық бұзылулары болған кезде, оны бұл туралы жедел хабардар етуге, сондай-ақ байланысты қалпына келтiру жөнiндегі барлық шараларды қабылдауға;
      5) Қосылатын байланыс операторының телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн жоспарлы жұмыстарды жүргiзген кезде оған бұл туралы жұмыстар басталғанға дейiн кемiнде 7 (жетi) күнтiзбелiк күн бұрын хабарлауға;
      6) Қосылатын байланыс операторының жазбаша келiсiмiнсiз осы Шарт бойынша Тараптардың желiлерiн қосу схемасына өзгерiстер енгiзбеуге;
      7) Тараптардың желiлерiн қосуды қамтамасыз ететiн техникалық байланыс құралдары кешенiн ажыратуды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргізуге;
      8) өзiнiң желiсiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген стандарттар мен нормаларға сәйкес құруға, жабдықтауға, оған қызмет көрсетуге және пайдалануға. Олар болмаған жағдайда, Халықаралық электр байланысы одағының - телекоммуникация секторының стандарттары мен ұсынымдарын басшылыққа алуға;
      9) нөмiрлеу мен кодтар, терiм қағидаттары өзгерген жағдайда, өзгерiстер енгiзілгенге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде Қосылатын байланыс операторын хабардар етуге;
      10) Шарт бойынша алынған қызметтерге ақы төлеудi уақтылы жүзеге асыруға мiндеттi.
      13. Қосылатын байланыс операторы:
      1) өзінің желiсiн тек Қосылатын байланыс операторына байланыс саласындағы уәкілеттi орган берген N, N____ мемлекеттiк лицензияға (-ларға) және қолданыстағы нормативтік құқықтық кесiмдерге сәйкес телекоммуникация қызметтерiн көрсету үшiн Қосатын байланыс операторының желiсiне қосуды пайдалануға;
      2) өзінің желiсiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген стандарттар мен нормаларға сәйкес құруға, жабдықтауға, оған қызмет көрсетуге және пайдалануға. Олар болмаған жағдайда, Халықаралық электр байланысы одағының - телекоммуникация секторының стандарттары мен ұсынымдарын басшылыққа алуға;
      3) телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн Қосылатын байланыс операторының байланыс құралдарында, сондай-ақ Қосылатын байланыс операторының желiлерiне қосылған желiлерде авариялық iстен шыққан кезде, бұл туралы Қосатын байланыс операторын жедел хабардар етуге және байланысты тез арада қалпына келтiру жөнiндегi барлық шараларды қабылдауға;
      4) телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде Қосатын байланыс операторының мүдделерiн қозғайтын iркiлiс туғызуы мүмкiн Қосылатын байланыс операторының желiсiнде, сондай-ақ оған қосылған желiлерде жоспарлы жұмыстар жүргiзген кезде, бұл туралы алғашқысына жұмыстар басталғанға дейiн кемiнде 7 (жетi) күнтізбелiк күн бұрын хабарлауға;
      5) Қосылатын байланыс операторының желiсiн жаңғыртқан жағдайда, бұл туралы Қосатын байланыс операторына алдын ала кемiнде 4 (төрт) ай бұрын мерзiмде хабарлауға;
      6) өзiнiң желiсiне телекоммуникацияның басқа да желiлерiн қосуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге;
      7) Тараптардың желiлерiн қосуды қамтамасыз ететiн техникалық байланыс құралдары кешенiн ажыратуды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзуге;
      8) нөмiрлеу мен кодтар, терiм қағидаттары өзгерген жағдайда, өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде Қосатын байланыс операторын хабардар етуге;
      9) Шарт бойынша алынған қызметтерге ақы төлеудi уақтылы жүзеге асыруға мiндетті.

  5. Өзара есеп айырысулар тәртiбi

      14. Телефон трафигiн өткiзу жөнiнде ұсынылған реттелмелi қызметтер үшiн тараптардың арасындағы есеп айырысулар табиғи монополия саласындағы уәкiлетті орган бекiткен тарифтерге (есеп айырысу ставкаларына) сәйкес жүргiзiледi.
      Телефон трафигін өткiзу жөніндегi реттелмелi қызметтерге арнап уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер (есеп айырысу ставкалары) болмаған кезде, өзара есеп айырысулар Қосатын байланыс операторы бекiткен тарифтер бойынша жүргізіледi.
      Шарт бойынша ұсынылатын қызметтердiң құны Шартқа қосымша түрiнде ресiмделуi мүмкiн.
      15. Телефон трафигін қосу және өткiзу жөнiндегі қызметтерге арналған тарифтер (есеп айырысу ставкалары) немесе желiаралық телефон қосылыстары тарифтелуiнiң бiрлiктерi өзгерген жағдайда, Қосатын байланыс операторы Қосылатын байланыс операторын жаңа тарифтер (есеп айырысу ставкалары) енгізiлгенге дейiн 10 (он) күнтiзбелiк күн бұрын жазбаша түрде хабардар етедi.
      16. Егер Қосылатын байланыс операторы өзгерген тарифтер бойынша қызметтердi пайдалануды жалғастыруға келiсiм бермесе, ол бұл туралы Қосатын байланыс операторын тарифтердiң өзгергенi туралы хабарламаны алған сәттен бастап 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етуге мiндетті. Мұндай жағдайда, Қосатын байланыс операторы жазбаша түрде хабарлама алғаннан кейiн немесе ол болмағанда 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде шұғыл қызметтердiң телефондарына шығыс телефон трафигiн қоспағанда, Қосылатын байланыс операторының желiсiнен (-не) тиiстi телефон трафигін өткiзудi тоқтатуға құқылы.
      17. Есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнi Тараптар бiр-бiрiне есептi айда көрсетiлген осы Шарт бойынша алынған қызметтер үшiн алдын ала берілетiн шот-фактураларды ұсынады. Тараптар есептi айдан кейiнгi айдың 7 (жетi) күнiнен кешiктiрмей алдын ала берiлетiн шот-фактуралармен және есептi кезеңде өткен трафик бойынша деректермен алмасуға тиiс.
      Ұсынылатын қызметтердiң көлемiн салыстыру нәтижелерi бойынша Қосатын байланыс операторы өзара есеп айырысулар актiсiн жасайды, оған екi жақты тәртiппен қол қойылады. Актiнiң негiзiнде есептi айдан кейiнгi айдың 15 (он бec) күнiне дейiнгi мерзiмде шот-фактуралар ұсынылады.
      Трафиктің деректерi бойынша 2%-дан асатын алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар алшақтықтардың себептерiн айқындауға арналған барлық шараларды қабылдайды және Тараптар қабылдаған ережелер бойынша әрекет етедi.
      18. Тараптардың арасында телефон трафигiн өткiзгенi үшiн өзара есеп айырысулар Тараптардың сертификатталған және сенiм бiлдірiлген өлшеу құралдарының биллингiлiк деректерiнiң негiзiнде жүргiзіледi.
      Қандай да бiр Тарапта шығыс және (немесе) кiрiс телефон трафигiнiң қандай да бiр түрiн есепке алу жөнiндегi өлшем құралдары болмаған жағдайда, Тараптардың өзара есеп айырысулары екiнші Тараптың телефон трафигiнiң тиiстi түрi мен бағытын есепке алу жөнiндегi сертификатталған және сенiм бiлдiрген өлшем құралдарының биллингiлiк деректерi бойынша жүргізіледі. Бұл ретте телефон трафигiн есепке алу деректерi мүдделi Тарапқа алдын ала берiлетін шот-фактураларды өтеусiз ұсынғанға дейiн беріледi.
      19. Төлем жөнiнде ұсынылған қаржылық құжаттарға Тараптар олар ресми түрде келiп түскен сәттен бастап 5 (бec) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде наразылық бiлдiре алады.
      20. Бекiтiлген өзара есеп айырысулар актісінің негізiнде Тараптар бір-бiрiне алдын ала берілетін шот-фактураларға түзету шот-фактураларын бередi. Тараптардың әрқайсысының түзету және алдын ала берілетін шот-фактуралары бойынша жиынтық сомалар өзара есеп-айырысулар актiсi бойынша есептi кезең iшiндегi Тараптардың бiр-бiрiнiң алдындағы берешектерінің сомасын құрайды. Бұл ретте өзара есеп айырысулар актісінде түзету шот-фактурасы ұсынылған күннен кейiн 15 (он бec) күнтізбелiк күн iшiнде көрсетілген акт бойынша берешектi төлейтiн дебитор тарап айқындалады. Түзету шоттарын Тараптар өзара есеп айырысулар актiсiне қол қойылған сәттен бастап 5 (бec) жұмыс күнi iшiнде ұсынуға тиiс.
      21. Тараптардың осы бөлiмде көрсетілген ай сайынғы қаржы теңгерiмiн жасау мерзiмi бұзылған жағдайда, Қосатын байланыс операторы есептiден кейiнгі айдың 30-күнiне дейiнгі мерзiмде дебитор тарап айқындалатын есептi кезеңге алдын ала берілетін ұсынылған шоттар бойынша сомалардың негізiнде өзара есеп айырысулардың алдын ала актiсiн жасайды. Өзара есеп айырысулардың алдын ала актiсi оларды Қосатын байланыс операторынан алған сәттен бастап 5 (бec) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде Қосылатын байланыс операторымен келiсiлуi және ол оған қол қоюы тиiс. Дебитор тарап есеп айырысулардың алдын ала берілетiн актісі бойынша берешектi өзара есеп айырысулардың алдын ала берілетiн актiсiне Тараптар қол қойған күннен кейiн 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде төлеуге мiндеттенедi.
      22. Тараптардың бiрi осы Шарттың 20 және 21-тармақтарын орындамаған жағдайда, екiншi Тараптың eceпті кезең iшiнде бiрiншi Тарапта бір айлық есеп айырысулардың негiзiнде бір жақты тәртіппен, осы Шартқа сәйкес қызметтерге ақы төлеуге шот ұсынуға құқығы бар. Дебитор тарап шотты алған күннен бастап 15 (он бec) күнтізбелік күн iшiнде ұсынылған шотты төлеуге мiндеттi.
      23. Тараптар үш жылдық кезеңдегi барлық өзара есеп айырысулардың дәлдiгiн растау үшiн қажеттi есеп құжаттарын жүргiзуге мiндетті.

  6. Тараптардың жауапкершiлігі

      24. Ұсынылған қызметтер үшiн төлем мерзiмi өткен жағдайда, Тараптар Шартқа сәйкес мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн осы сомаларды төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасын негiзге ала отырып есептелген, бiрақ негiзгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басталуы, егер Тараптардың қосымша келiсiмiнде өзгеше айтылмаса, есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың 26-күнi болып табылады.
      25. Шарттың талаптары бұзылған жағдайда, Тараптардың екiншi Тарапқа 30 (отыз) күнтiзбелiк күн бұрын жазбаша хабарлама берiп, дәйектi түрде мынадай шаралар қабылдауға құқығы бар:
      1) Шартта көзделген қызметтердi ұсынуда мүмкiн болатын шектеу туралы ескертуге;
      2) екiнші Тарап Шарттың 12-тармағының 11) тармақшасын және 13-тармағының 9) тармақшасын орындауға байланысты жол берiлген бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, Шартта көзделген қызметтердi ұсынуды 2 (екі) айдан астам шектеуге және (немесе) тоқтата тұруға;
      3) Шартты сот тәртiбiмен бұзуға.
      26. Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелердiң кез келгенiн бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсiмпұлды) төлеу және залалдар мен шығыстарды өтеу Шарт бойынша тиiстi мiндеттемелердi лайықты түрде орындау мiндетiнен босатпайды.

  7. Форс-мажор

      27. Тараптардың бiр де бipeуi екiншi Тараптың алдында байланыс жүйелерінің немесе жабдықтардың кез келген бүлiнуiнен немесе iстен шығуынан туындаған қандай да бiр тікелей немесе жанама зиян немесе залал үшін немесе табиғи катаклизмадан, апаттан, қоғамдық тәртiпсiздiктерден немесе тараптардың еркiне тәуелсiз басқа да себептерден пайда болған қызметтердi ұсынудағы үзiлiстер үшiн жауапты болмайды.
      28. Егер осындай мән-жайлардың кез келгенi Шартта белгiленген мерзiмде мiндеттемелердi орындауға тiкелей әсер етсе, онда бұл мерзiм тиiсті мән-жайдың әрекет ету уақытына ұзартылады.
      Қазақстан Республикасы уәкілетті органының форс-мажордың туындауын растайтын ресми құжаттары форс-мажордың дәлелдемесi болады.
      29. Форс-мажор туындау себебiнен мiндеттемелерiн орындау мүмкiн болмай қалған Тарап олар туындаған сәттен бастап 15 (он бec) жұмыс күннен кешiктiрмей екiншi Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Хабарламау немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты мiндеттемелердi орындау бойынша жауапкершiлiктен босататын негiзде ретiндегi жоғарыда көрсетiлген кез келген мән-жайға сiлтеме жасау құқығынан айырады. Форс-мажор 4 (төрт) айдан астамға созылған жағдайда, Шартты Тараптардың кез келгенi екінші Тараптың атына жiберiлген алдын ала жазбаша хабарламамен бұза алады.
      30. Желiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге қажеттi қалпына келтiру жұмыстарын қоспағанда, байланыс операторының желiсiн қосуды кейiннен қалпына келтiру қосымша ақы төлеусiз жүргiзіледi.

  8. Шарттың қолданылу мерзiмi,
оны өзгерту мен бұзу тәртібі

      31. Шарт Қосылатын байланыс операторының желiсi техникалық параметрлерге сәйкестiкке тестiлеудiң оң актiсi негiзiнде пайдалануға қосылған күнiнен бастап күшiне енедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, мерзiмi шектелмей қолданылады.
      32. Шартты Тараптардың кез келгенi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұза алады. Бұл ретте Тараптардың барлық қаржылық мiндеттемелерi Шарттың бұзылатын күнiне дейiн толық көлемiнде орындалуы тиiс.
      33. Шарт бұзылғанға дейiн реттелмеген өзара қаржылық өзара қарым-қатынастар, ол бұзылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында реттеледi.
      34. Шарт бұзылған немесе оның қолданылуы тоқтатылған (оның iшiнде Тараптардың өзара жазбаша келiсiмi, байланыс саласындағы уәкiлетті органның шешiмi бойынша) жағдайда, Шарттың 33 және 48-тармақтарының ережелерi оны бұзғаннан немесе тоқтатқаннан кейiн де алдағы уақытта күшiнде болады.
      35. Шартқа енгізiлетін барлық өзгерiстер мен толықтырулар Тараптардың уәкілеттi өкiлдерi қол қойған және Тараптардың мөрлерiмен бекiтiлген Шартқа қосымша келiсiм түрiнде ресiмделуге тиiс.

  9. Хабарламалар мен хабарлар

      36. Шарт бойынша Тараптар бiр-бiрiне жолдайтын барлық хабарламалар және (немесе) хабарлар, егер олар жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкiлетті өкілдерi қол қойса және тапсырыс хатпен немесе курьерлiк қызметпен жiберiлсе немесе оларды алғандығы туралы белгiмен Тараптардың шартта көрсетiлген мекен-жайлары бойынша қолына берілсе, күшінде болады және жеткiзiлдi деп саналады.
      37. Хабарламаларды және (немесе) хабарларды, егер хабар және (немесе) хабарлама жедел шешiм қабылдауды талап ететiн шұғыл сипатта болса (байланыс әрекетінiң тоқталуы, алдын алу жұмыстары, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу және т.б.), Шарттың 36-тармағында көрсетiлген тәртiппен кейiннен жолдай отырып, факс арқылы жiберуге жол берiледi.
      38. Хабардың және (немесе) хабарламаның факс арқылы жiберiлген күнi немесе хабардың және (немесе) хабарламаның адресат Тарапқа жеке тапсырылған күнi оның алынған күнi болып саналады. Хабар және (немесе) хабарлама, егер бұл хабарда және (немесе) хабарламада көрсетiлмесе, алу бойынша жеткiзiлген деп саналады.
      39. Тараптар бiр-бiрiн өз атауының, заңды мекен-жайының, iс жүзiнде орналасқан жерiнiң және Шарттың талаптарын орындауға қажетті өзге де деректемелерiнiң өзгергенi туралы жедел хабардар етуге мiндеттенедi.

  10. Қосымша шарттар

      40. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес үлгi шартпен реттелетiн телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне қосумен технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беруге байланысты туындайтын өзара қарым-қатынастарды қоспағанда, Шартпен реттелмеген барлық басқа өзара қарым-қатынастар жеке шарттарда және (немесе) Тараптар арасындағы қосымша келiсiмдерде айтылады.
      41. Тараптардың Қосылатын байланыс операторы желiсiнiң санатына тәуелдi өзара iс-әрекеттерiнiң жеке шарттарын Тараптар Шартқа қосымшаларда белгiлейдi.
      42. Шартқа сәйкес Қосылатын байланыс операторының қосымша желілік ресурстарын қосу қажет болған кезде, Қосылатын байланыс операторы Қосатын байланыс операторына жазбаша өтінiм бередi. Қосатын байланыс операторында техникалық мүмкiндiк болған және Қосатын байланыс операторының алдында Қосылатын байланыс операторының мерзiмi өткен берешегі болмаған кезде, алдыңғысы сұратылған ресурстарды Шартқа сәйкес бөледi. Бұл жағдайда Тараптар Шартқа iске қосылған ресурстардың саны туралы қосымша келiсiмдi екi жақты тәртіппен жасайды және оған қол қояды. Қажет болған кезде, техникалық шарттарға тиiстi өзгерiстер енгiзiледi. Ресурстарды бөлудің техникалық мүмкiндігі болмаған жағдайда, Қосатын байланыс операторы бұл туралы Қосылатын байланыс операторын 10 күннен аспайтын мерзiмде жазбаша хабардар етедi және Қосылатын байланыс операторына желiнiң сыйымдылығын кеңейтуге арналған техникалық шарттарды бередi.
      43. Қосылатын байланыс операторында синхродабылдың меншiктi көзi болмаған жағдайда, Қосатын байланыс операторы техникалық мүмкiндiгі болған кезде Қосылатын байланыс операторының жазбаша сұрауы бойынша өтеулi негiзде Қосылатын байланыс операторының жабдығын тактiлi желiлiк синхрондау жүйесiне қосуды жүргiзуi мүмкiн.
      44. Тараптар рұқсат етілмеген телефон қосылыстарына тергеу жүргiзу, шара қабылдау және олардың алдын алу мәселелерiнде ынтымақтасуға мiндеттенедi.
      45. Тараптар шарттық негiзде бiр-бiрiне жергiлiктi, қалааралық және халықаралық трафик пен Тараптар желiлерiн пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желiсiнен (-не) трафик бойынша деректердi есепке алу мен өңдеу жөнiнде қызметтер көрсете алады.
      46. Тараптар екiншi Тараптың желiсiнен шығатын телефон трафигiнiң барлық түрлерiнiң сапасына жауапты болмайды.
      Тараптар пайдаланушылардың алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

  11. Қорытынды ережелер

      47. Тараптардың арасында Шарттың талаптарын орындау процесiнде туындаған даулар мен келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер арқылы шешедi.
      Егер Тараптар келiссөздер жолымен өзара келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
      48. Шарттың, сондай-ақ оған барлық қосымшалар мен қосымша келiсiмдердiң мазмұны құпия ақпарат болып табылады және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган мен табиғи монополия саласындағы уәкiлеттi органды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғаларға ашылмауға (берiлмеуге) тиiс.
      49. Шарт Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес Тараптардың әрқайсысына бiр данадан әрқайсысының бiрдей заң күшi бар бiрдей екi данада жасалған.
      50. Шартқа барлық қосымшалар Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады және егер жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкiлетті өкiлдерi қол қойса әрi Тараптардың мөрлерiмен бекiтiлсе күшiнде болады.

  12. Тараптардың заңды мекен-жайлары

Қосатын байланыс операторы:      Қосылатын байланыс операторы:
___________________________      ___________________________

Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
_________, _________ қаласы      _________, _________ қаласы
_________ көшесі __________      _________ көшесі __________

Тараптардың қолдары:             Тараптардың қолдары:

Қосатын байланыс операторы:      Қосылатын байланыс операторы:
___________________________      ___________________________
2005 жылғы "____"__________      2005 жылғы "____"__________

      М.О.                             М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады