Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 қарашадағы N 1090 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы директорларының кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы директорлары кеңесінің құрамына:
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Берік Мәжитұлы Имашев, төраға (келісім бойынша) болып енгізілсін;
      "Иван Михайлович Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, төраға" деген жолдағы "төраға" деген сөз "төрағаның орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген құрамнан Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады