Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жамбыл облысының әкiмiне қалың жауған қардан зардап шеккен Жамбыл облысы Жуалы ауданының Орджоникидзе атындағы мектеп ғимаратының құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары кешенiн аяқтау және оны сейсмикалық күшейтудi жүргiзу үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің төтенше резервiнен 110997000 (бip жүз он миллион тоғыз жүз тоқсан жетi мың) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Жамбыл облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне 2005 жылы орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі