Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Монғолияны операциялар елi ретінде қабылдау мақсатында Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiн құру туралы келiсiмге түзетудi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Монғолияны операциялар елi ретiнде қабылдау мақсатында
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiн құру туралы келiсiмге
түзетудi ратификациялау туралы
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi басқарушылар кеңесiнiң 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 90 қаулысымен мақұлданған Монғолияны операциялар елi ретiнде қабылдау мақсатында Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiн құру туралы келiсiмге түзету ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
N 90 ҚАУЛЫ МОНҒОЛИЯНЫ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕЛI РЕТIНДЕ ҚАБЫЛДАУ МАҚСАТЫНДА
ЕҚДБ ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМГЕ ТҮЗЕТУ
Басқарушылар кеңесi
Директорлар кеңесiнiң Монғолияны ЕҚДБ-ның қаржы ресурстарын пайдалану құқығы бар операциялар елi (немесе алушы ел) ретiнде қабылдау мақсатында ЕҚДБ құру туралы келiсiмге түзету енгiзу ұсынысы туралы баяндамасын қарап және көрсетiлген баяндамамен келiсе отырып,
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ЕҚДБ құру туралы келiсiмнiң 1-бабының редакциясы, оған мынадай мазмұндағы екi қосымша сөйлем енгiзiле отырып өзгертiлсiн: "Банктiң мақсатына дәл сондай шарттарда Монғолияда да қол жеткiзуге болады. Осыған байланысты осы Келiсімiдегi және оның қосымшаларындағы "Орталық және Шығыс Еуропа елдерi", "Орталық және Шығыс Еуропадағы елдер", "алушы ел (немесе алушы елдер)" немесе "алушы ел, Банк мүшесi (немесе aлушы елдер, Банк мүшелерi)" сияқты кез келген сiлтеме Монғолияға да қатысты болады".
ОДАН ӘРI ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Түзету ЕҚДБ-ның әрбiр мүшесi: а) көрсетiлген түзетудi өз заңдарына сәйкес қабылдағаны туралы құжатты ресiмдеп, ЕҚДБ-ға сақтауға тапсырғаны және b) өзiнiң көрсетiлген түзетудi қабылдағанының, сондай-ақ ЕҚДБ-ның осы мүшесiнiң заңдарына сәйкес оны қабылдағаны туралы құжатты ресiмдегенiнiң және сақтауға тапсырғанының нысаны мен мазмұны жағынан ЕҚДБ-ны қанағаттандыратын дәлелдерiн табыс еткенi туралы Банк ресми хабарлаған күннен бастап үш айдан кейiн күшiне енедi.
(2004 жылғы 30 қаңтарда қабылданды)