Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргiзуге арналған шарт туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы N 1130 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргізуге арналған шарттың жобасы (бұдан әpi - Шарт) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Арман Ғалиасқарұлы Дунаевқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Шартқа қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
сыртқы аудитiн жүргiзуге арналған
N ____ шарт

Астана қаласы                         2005 жылғы "___"__________

       Бұдан әрi "Тапсырысшы" деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1011 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргізу үшiн тәуелсіз аудиторды таңдау ережесiнiң  63-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 200__ жылғы "___"_______   N _ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан әрекет ететiн, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тұлғасында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, бір тараптан және бұдан әрi "Аудитор" деп аталатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиторлық ұйым болып табылатын 2005 жылғы 9 тамыздағы N 5 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсіз аудиторды таңдау жөнiндегi конкурс комиссиясының шешiмiмен конкурс жеңiмпазы деп танылған "КПМГ Жанат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінің атынан 2005 жылғы 24 ақпандағы сенiмхаттың, аудиторлық қызметпен айналысуға арналған N 0000052 бac лицензияның негiзiнде әрекет ететiн бас директордың аудит жөнiндегi орынбасары Вилсон Митчелл, екiншi тараптан төмендегілер туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргізуге арналған шарт (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

1. Шарттың мәнi

      1. Аудитор Шарттың және халықаралық аудит стандарттарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi - Қор) 2005 және 2006 жылдардағы жылдық қаржылық есептiлігінiң аудитiн (бұдан әрі - Аудит) жүргiзуге міндеттенеді, ал Тапсырысшы Аудит нәтижелерiн қабылдауға және оларды Шартта белгіленген тәртiппен және мерзiмде төлеуге мiндеттенедi.
      Аудиттiң нәтижелерi Аудитордың тәуелсiз пiкiрiн бiлдiретiн аудиторлық есеп түрiнде ресiмделедi.
      Аудиттің мақсаттары мен мiндеттерi Аудитордың аудиторлық есепте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Қордың қаржылық есептiлiгiн жасаудың дұрыстығы мен объективтiлiгi туралы кәсiби қорытынды беруiнен тұрады.
      2. Мыналар аудитке жатады:
      1) Қордың түсiмдерi және оларды пайдалану туралы есеп;
      2) Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Ұлттық қорды сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы жылдық есебi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шартқа сәйкес берiлетiн Қорды сенiмгерлiк басқару жөнiндегі қаржылық есептiлiгі;
      4) Қорды басқаруға байланысты шығыстар;
      5) Қорды басқару жөнiндегі өзге де деректер.
      Аудитке жататын құжаттар аудиторлық есепке қоса берiлуi тиiс.
      Аудит халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргiзiледi және өзiне мыналарды қамтиды:
      қаржылық есептілiкте қамтылған соманы және өзге де ақпаратты растайтын деректердi iрiктеп тестілеу;
      бухгалтерлiк есептiң қағидаттарын және Тапсырысшының басшылығы жасаған негiзгi кемшiлiктердi, сондай-ақ қаржылық есептiлiктi берудiң жалпы нысанын бағалау.
      Бұдан басқа, Аудитор мынадай мәселелер бойынша ерекше назар аударуға және аудит нәтижелерi бойынша талдамалық есеп беруге мiндеттi:
      1) алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есептiң құндық және пайыздық мәндегi активтер мен мiндеттемелер туралы баптарының өзгерiстерiн есептеудi қоса алғанда, Қор активтерiнiң сақталуын бағалау;
      2) қаржы активтерiнiң әрбiр түрi бойынша табыстылығының жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша талдау;
      3) өтiмділiк көрсеткiштерiн есептеудi қоса алғанда, активтердiң өтiмділігін қамтамасыз етудi талдау;
      4) тәуекелдер көрсеткіштерiнiң есептемелерiн қоса алғанда, активтердiң нарықтық құны өзгерiстерiнiң тәуекелдерiн басқару тиiмдiлiгi;
      5) Қорды басқару тиiмдiлiгі, оның iшiнде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда құндық және пайыздық мәнде табыстар мен залалдар туралы есепке талдау, сондай-ақ таза активтер табыстылығының, кiрiстiлiгі, жиынтық активтер кiрiстілігі коэффициенттерiнiң есептемесi жолымен Қордың рентабельділігіне талдау жүргiзу;
      6) Қордың тұрақтандыру және жинақ портфельдерiнiң құрамы, оның iшiнде елдер және қаржы активтерiнiң түрлерi бойынша портфельдiң нарықтық құнының пайыздық ара қатынасын анықтай отырып, Қордың географиялық шоғырландыру жөнiндегі портфельдiк инвестицияларының теңгерiмдiк құнына талдау жүргiзу;
      7) активтер мен мiндеттемелердiң әрбiр түрi бойынша бағамдық айырмашылықтардан алынатын кiрiстердi немесе залалдарды көрсете отырып, портфельдiң нарықтық құнының айырбас бағамының өзгерiстерiне тәуелсiздігінiң қамтамасыз етiлуiн талдау;
      8) сыртқы басқарушылар қызметiнiң тиiмдiлігін бағалау, оның iшiнде қызмет тиiмділiгiнiң коэффициенттерiн көрсете отырып, басқарушылардың тиiмділігiне талдау жүргізу, олар мыналарды көрсетедi:
      әрбiр басқарушы генерациялаған жалпы кiрiстiң әрбiр басқарушының гонорарына қатынасының есептемесi, сондай-ақ әрбiр басқарушы генерациялаған таза кiрiстiң (әрбiр басқарушыға төленген, басқарғаны үшiн гонорарды шегергендер жалпы генерацияланған кiрiс) осы басқарушының басқаруындағы активтердiң орташа мәнiне қатынасы;
      әрбiр - сыртқы басқарушының басқаруындағы қаржы активтерiнiң түрi бойынша кiрiстілiктiң есептемесi;
      9) әрбiр басқарушыдағы активтердiң пайыздық ара қатынасын және портфельдiк инвестициялардың жалпы құнын анықтай отырып, активтердiң басқарушыларға шоғырландырылуын талдауды қоса алғанда, iрiктелген кастодиандардың жұмысын бағалау;
      10) қаржы құралдарының түрлерi бойынша кiрiстiлiктi көрсете отырып, құрылымдық өнiмдердi пайдаланудың тиiмділігiн бағалау;
      11) Қордың орташа айлық нарықтық құны есептемесiнiң және сенiмгерлiк басқаруға аударымдардың дұрыстығын тексеру;
      12) мұнай қорларын талдауды - рентабельдiлiк пен табысты таза активтерге бөлетiн негiзгi коэффициенттер есептемесін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қорды сенiмгерлiк басқару жөнiндегi қызметiн басқа елдердiң ұқсас қорларының қызметiмен салыстырмалы талдау;
      13) Қордың эталондық портфелiнiң индекстерiн қолдану тиiмдiлiгін басқа эталондық портфельдердiң индекстерiмен салыстырмалы бағалау;
      14) Қорды басқарушылар қызметiнiң Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне сәйкестiгiн тексеру.
      3. Аудитор, сондай-ақ Аудит нәтижелерi бойынша Тапсырысшыға Аудиттi орындау процесiнде белгiленетiн бухгалтерлiк есеп, инвестициялық операцияларды жүзеге асыру, iшкi бақылау тетiктерi бойынша жұмыс пен ұсынымдардың кез келген кемшiлiктерiн және өзге де нәтижелерiн көрсететiн, аудитке жататын құжаттарға негізделген хат дайындайды.

2. Шарт бойынша құны және оны төлеу

      1. Шарттың жалпы құны 26000000 (жиырма алты миллион) теңгенi құрайды.
      2. Осы Шарттың 2-тарауының 1-тармағында көрсетiлген Шарттың жалпы құны өзiне Аудитордың қызметкерлерi iс жүзiнде жұмсаған уақытқа және олардың ставкаларына негiзделген, Аудитор көрсететiн қызметтердiң жалпы құнын қамтиды.
      Қызметтердiң құнына Тапсырысшыға қызметтер көрсетуге байланысты Аудитордың телефон, почта, телекс және факсимильдiк байланыс жөнiндегi үстеме шығыстары кiргiзілмейдi. Ұсынылған шоттың жалпы сомасына қолданылып жүрген ставка бойынша қосылған құнға салынатын салық және Тапсырысшы тексерген есептемелер бойынша үстеме шығыстар қосылатын болады.
      3. Аудиттiң ақы төлеу жөнiндегi бюджетi мынадай мөлшерде шектелетiн болады:
      2005 жыл - 13000000 (он үш миллион) теңге;
      2006 жыл - 13000000 (он үш миллион) теңге.
      4. Тараптар арасындағы есептемелер жыл сайын Аудитор қол қойған көрсетiлген қызметтердi тапсыру-қабылдап алу актiлерiнiң және ұсынған шот-фактуралардың негiзiнде ұсынылғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады. Ақы төлеу Қор қаражатының есебiнен жүргізіледi.

3. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету

      1. Аудитор Шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрiнде Тапсырысшының шотына Шарттың 2-тарауының 1-тармағында көрсетiлген Шарттың жалпы сомасынан 5 (бес) пайызы мөлшерiнде 1300000 (бiр миллион үш жүз мың) теңгеге тең кепiл ақшаны енгізедi.
      2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрiнде Тапсырысшының шотына Аудитор енгiзген ақшаны қайтару Аудитор Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған жағдайда ғана қайтарылады.
      3. Егер Аудитор Шарт бойынша өз мiндеттемесiн орындамаса немесе тиiсiнше үлгiде орындамаса, онда Тапсырысшы Қазақстан Республикасының азаматтық  заңнамасына сәйкес шарттың орындалуына енгiзiлген қамтамасыз етудi ұстайды.

4. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Тапсырысшының мыналарға құқығы бар:
      1) Аудитордан Аудит жүргiзуге қатысты заңнаманың талаптары туралы толық ақпарат алуға;
      2) Аудитордың ескертулері мен қорытындылары негiзделетiн нормативтiк құқықтық кесiмдермен танысуға;
      3) осы Шарттың талаптарына сәйкес Аудитордың мiндеттемелердi орындауын талап етуге;
      4) Аудитор Шарттың талаптарын бұзған немесе орындамаған жағдайда, Шартты орындаудан бiр жақты тәртiппен бас тартуға;
      5) Аудитордың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан Тапсырысшыда туындаған залалдардың орнын толтыруды Аудитордан талап етуге.
      2. Тапсырысшы мыналарға мiндеттенедi:
      1) Аудит үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттаманы уақтылы және толық көлемде беруге;
      2) Аудитке жататын мәселелер шеңберiн шектеу мақсатында Аудитордың қызметiне араласпауға;
      3) Қорда iс жүзiндегі, ықтимал немесе танымал сот қуынымдары, наразылықтары, өзге де талаптары немесе ықтимал мiндеттемелерi болған кезде осы мәселелер туралы Аудиторға толық ақпарат беруге. Осындай мәселелер болған кезде және жәрдем көрсету, консультация беру немесе осы мәселелерде Қорды қорғау үшiн Тапсырысшы кәсiби заңгерлердi тартқан жағдайда, Аудитордың өтiнуi бойынша немесе өз бастамасы бойынша Тапсырысшы көрсетiлген сот қуынымдарына, наразылықтарға, талаптарға немесе ықтимал мiндеттемелерге қатысты жазбаша түсiндiрулердi тiкелей Аудиторға ұсынуын сұрай отырып, осындай заңгерлерге тиiстi хат жiбере, сондай-ақ осындай мiндеттемелердiң сомасын және олардың жағымсыз нәтижелерiнiң болу мүмкiндiгiн бағалай алады;
      4) Аудитордың сұрау салуы бойынша жекелеген келiсiлген мерзiмде Аудитордың Қордың қаржылық есептiлігіне, бастапқы ведомостарына және талдамалы деректерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
      5) Шарттың 2-тарауының 4-тармағында көрсетiлген мерзiмде Аудитор ұсынған шот-фактураның негiзiнде Аудитор көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi жүзеге асыруға.
      3. Аудитордың мыналарға құқығы бар:
      1) қолданыстағы Қазақстан заңнамасына қайшы келмейтiн Аудитордың аудиторлық әдiстемесi мен халықаралық аудит стандарттары шеңберiнде Аудит жүргiзудiң әдiстерiн дербес анықтауға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектерде шарттық негізде Аудит жүргiзуге қатысуға әртүрлi бейiндегi мамандарды тартуға;
      3) Қор бойынша оның қаржылық қызметi туралы құжаттаманы, ақша сомаларының, бағалы қағаздардың бар-жоғын толық көлемде тексеруге, туындаған мәселелер жөнiнде түсiндiрулер және аудиторлық тексеру үшiн қажеттi қосымша мәлiметтер алуға;
      4) осы тармақтың 3) тармақшасына жатқызылатын және өзiне, атап айтқанда, бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн және оларға қатысты деректердi, басшы және қадағалаушы органдар отырыстарының хаттамаларын, салық тексерiстерiнiң нәтижелерi туралы актілердi, шарттар мен несие келiсiмдерiн, нотариалдық актiлердi және капиталға қатысты құжаттарды қамтитын құжаттарды алуға және тексеруге.
      4. Аудитор мыналарға мiндеттi:
      1) Аудиттi аудиторлық қызмет туралы заңнамаға және халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізуге;
      2) Аудиттi жүргiзу кезiнде халықаралық аудит стандарттары талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
      3) Аудит барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың келiсiмiнсiз олардың мазмұнын жария етпеуге;
      4) оның қызметкерлерiнiң аудит нәтижелерiнiң, сондай-ақ Аудит жүргiзген кезде алынған және коммерциялық немесе заңнамамен қорғалатын өзге құпияның мәнiн құрайтын мәлiметтердiң құпиялылығын сақтауын қамтамасыз етуге;
      5) қаржылық есептiлiктiң және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына анықталған сәйкес келмеуi туралы Тапсырысшыға хабарлауға;
      6) Осы Шарттың 5-тарауының 5-тармағында көрсетiлген мерзiмде халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттары, халықаралық аудит стандарттары бойынша қаржылық есептiлiк пен аудиторлық есептiң жобаларын және көрсетiлген стандарттар бойынша түпкiлiктi қаржылық есептiлiк пен аудиторлық eceпті беруге.

5. Қызметтер көрсету

      1. Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасау жауапкершiлігі Қорды сенiмгерлiк басқару туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне жүктеледi. Бұл өзiне бухгалтерлiк есептiң тiркелiмдерiн лайықты жүргiзудi, операциялардың, есеп және есептілiктiң қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етудi, iшкi бақылауды жүзеге асыруды, есеп саясатын дәйектi қолдануды және Қор қаражатының сақталуын қамтамасыз етудi қамтиды.
      2. Қаржылық есептілік аудитiн Аудитор халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргiзетiн болады, бұл ретте жекелеген шоттар, шоттардың топтары, операциялар мен тұтастай алғанда қаржылық есептілiк бойынша елеулi және жiберiлуi мүмкiн қате қағидатын қоса алғанда, Аудитордың аудиторлық әдiстемесi қолданылатын болады.
      3. Аудиттi жүргiзу процесiнiң ерекшелiгiне байланысты Аудитор халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес дайындалған Аудитке жатқызылған қаржылық есептілiкте, егер қажеттi ақпарат жасырылып қалса немесе Аудитордың билiгiне берілмесе, елеулi қателердiң болмауына кепiлдiк бермейдi, бұл аудиттiң әдеттегi барысында мұндай қателердi табуға мүмкiндiк бермейдi.
      4. Аудитор өз жұмысын Қордың бастапқы құжаттарының негiзiнде жүзеге асырады және олардың дұрыстығы мен ақиқаттығы үшiн, сондай-ақ Тапсырысшы ұсынған басқа ақпараттың дұрыстығы үшiн жауапты болмайды. Тапсырысшы Аудиторға Аудит процесiнде ол Аудиторға берген барлық ақпараттың дұрыс болғанына және бухгалтерлiк есептілікте көрiнiс тапқанына жазбаша растама жiбередi. Осы Шартты iске асыру процесiнде Аудитордың қызметшілерi дайындайтын барлық жұмыс құжаттары (есептемелер, сондай-ақ аудиторлық қорытындыны дайындау кезiнде пайдаланылатын өзге де iшкi құжаттар) Аудитордың меншiгi болып табылады. Қажет болған жағдайда, бұл құжаттардың көшiрмелерi Аудитордың шешiмi бойынша Тапсырысшыға берiлуi мүмкiн.
      5. Қаржылық есептілiк пен аудиторлық есеп беру мерзiмi:
      1) 2005 жылы:
      2006 жылғы 15 ақпан - Аудитордың халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттары және халықаралық аудит стандарттары бойынша қаржылық есептілік және аудиторлық есеп жобаларын Тапсырысшыға ұсынуы;
      2006 жылғы 1 наурыз - Аудитордың халықаралық қаржылық есептілік стандарттары және халықаралық аудит стандарттары бойынша түпкiлiктi қаржылық есептілікті және аудиторлық есептi Тапсырысшыға ұсынуы.
      2) 2006 жыл үшiн:
      2007 жылғы 15 ақпан - Аудитордың халықаралық қаржылық есептілiк стандарттары және халықаралық аудит стандарттары бойынша қаржылық есептілік және аудиторлық есеп жобаларын Тапсырысшыға ұсынуы;
      2007 жылғы 1 наурыз - Аудитордың халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттары және халықаралық аудит стандарттары бойынша түпкіліктi қаржылық есептiлiкті және аудиторлық есепті Тапсырысшыға ұсынуы.

6. Қызметтердi тапсыру-қабылдап алу тәртiбi

      1. Аудит аяқталғаннан кейiн Аудитор Тапсырысшыға көрсетілген қызметтердi тапсыру-қабылдап алу актiсiн ұсынады.
      2. Тапсырысшы түпкiлiктi қаржылық есептілiктi және аудиторлық есептi қарауға әрi қарсылық болмаған кезде, көрсетiлген қызметтердi тапсыру-қабылдап алу актiсiне қол қоюға және қол қойылған актiнi немесе қызметтердi қабылдаудан дәлелдi бас тартуды Аудиторға жiберуге мiндеттенедi.
      3. Тапсырысшы дәлелдi бас тартқан жағдайда, тараптар қажеттi пысықтаулар мен оларды орындау мерзiмiнiң тiзбесiмен екi жақты акт жасайды.
      4. Тараптар көрсетiлген қызметтердi тапсыру-қабылдап алу актiсiне қол қойғаннан кейiн Аудитор Тапсырысшыға көрсетiлген қызметтер үшiн шот-фактура ұсынады.

7. Тараптардың жауапкершілігi

      1. Осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тараптардың жауапкершiлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
      2. Тараптар Шарт бойынша жауапкершілiктен өзара келiсiм бойынша толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.
      3. Аудитордың кiнәсi бойынша Шарттың 5-тарауының 5-тармағында белгiленген мерзiм бұзылған кезде Аудитор қаржылық есептiлiк және аудиторлық есептi ұсыну мерзiмiн өткiзген әрбiр күн үшiн Шарт сомасының 0,1 % мөлшерiнде, бiрақ осы Шарттың 2-тарауының 3-тармағында көрсетiлген соманың 10 %-нан аспайтын өсiмақы есептеледi.

8. Форс-мажор

      1. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiнiң iшiнара немесе толық орындамағаны үшiн, егер ол форс-мажор жағдайының салдары болса, жауапкершілiктен босатылады.
      Осы тармақтың мақсаттары үшiн "форс-мажор" тараптардың бақылауына жатпайтын және күтпеген сипаты бар оқиғаны бiлдiредi. Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкiн, бiрақ: әскери қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар, эпидемия, карантин, мемлекеттiк органдардың тыйым салатын актілерi және оларды ғана емес.
      2. Форс-мажор жағдайының әсеріне ұшыраған және соның салдарынан Шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға дәрменсiз болып шыққан тарап осындай жағдайлар басталған сәттен бастап үш күннен кешiктiрмей бұл туралы басқа тарапты жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Форс-мажор жағдайлары туралы уақтылы хабарламау тарапты ақталу ретiнде оларға сүйену құқығынан айырады.
      3. Егер Шарттың 8-тарауының 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар екi айдан артық жалғасатын болса, тараптардың әрқайсысы Шартты толық немесе iшiнара бұзуға құқылы. Шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда Тапсырысшы Аудиторға Шарттың 2 және 6-тарауларында көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес iс жүзiнде жасалған жұмысқа ақы төлеуге мiндеттенедi.

9. Дауларды шешу

      1. Шарттың ережелерiнен даулар немесе келiспеушiлiктер туындаған жағдайда бастамашы тарап жазбаша түрде екiншi тарапты даудың немесе келiспеушіліктiң мәнi туралы хабардар етуi тиiс.
      2. Тараптар дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
      3. Туындаған дауларды немесе келiспеушiлiктердi Тараптардың келiссөздер жолымен реттеуi мүмкiн болмаған жағдайда, даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен қаралады.

10. Шарттың қолданылу мерзiмi

      Шарт Аудитор Шарттың 3-тарауының 1-тармағына сәйкес Шартты орындауды қамтамасыз етудi толық енгiзген сәттен бастап күшiне енедi және тараптар осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толығымен орындағанға дейiн қолданылады.

11. Өзге жағдайлар

      1. Тапсырысшы мен Аудитор Шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға байланысты құпиялылықты сақтауға мiндеттенедi. Құпия болып табылатын ақпарат пен құжаттаманың тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.
      2. Аудиторға ұсынылған немесе ол Аудиттi жүзеге асыруға байланысты алған құпия ақпарат басқа адамдарға ауызшада да, жазбаша да нысанда жария етiлмейдi. Осы ақпаратты ашу Тапсырысшының оған алдын ала рұқсатын алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Аудитор Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толығымен де, iшiнара да Тапсырысшының алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз әлде кiмге бермеуi тиiс.
      4. Осы Шартқа барлық өзгерiстер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда ресiмделген және екi тарап қол қойған және оларды жасасқан кезде Шартты жасасу кезiнде жасалған рәсiмдер сақталған кезде ғана жарамды.
      Тиiсiнше ресiмделген өзгерiстер мен толықтырулар осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      5. Осы Шарт тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiр данадан, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде төрт данада жасалды, бұл ретте барлық даналардың бiрдей заңдық күшi бар.
      Шарттың ережелерiн әр түрлi түсiнуден туындайтын келiспеушiлiктер болған жағдайда, Шарттың орысша мәтiнi қолданылады.

12. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелерi:

       Қазақстан Республикасы         "КПМГ Жанат" ЖШС атынан
       Үкiметiнiң атынан

      Қазақстан Республикасы            "КПМГ Жанат" жауапкершiлiгi
      Қаржы министрлiгi,                шектеулі серiктестігі
      010000, Астана қаласы,            050000, Алматы қаласы,
      Жеңiс даңғылы, 11,                Абылай хан даңғылы, 105
      Қазақстан Республикасы Қаржы      "АБН АМРО Қазақстан Банкi"
      министрлiгінiң Қазынашылық        ЖАҚ ЕАБ
      комитетiндегi                     CTH 600700072922,
      ДСК 000120200                     МФО 190501922,
      CTH 031400129686                  теңгедегi шот нөмiрi:
      БСК 195301070                     1467023

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады