Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"1997 жылғы 10 маусымдағы Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін:
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
1997 жылғы 10 маусымдағы Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2005 жылғы 24 мамырда Баку қаласында жасалған 1997 жылғы 10 маусымдағы Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
1997 жылғы 10 маусымдағы Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі 1997 жылғы 10 маусымдағы Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 18-бабына сәйкес мына төмендегілер туралы келісті:
1. Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 2-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тараптар оларға қатысты осы алып қоюлар қолданылатын тауарлардың келісілген номенклатурасын қамтитын Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы еркін сауда режимінен алып қоюдың кезең-кезеңмен күшін жоюдың қоса беріліп отырған кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасында қолданылатын еркін сауда режимінен алып қоюдың күшін жоюға келісті.
3. Осы Келісімнің мақсаты үшін және оның қолданылу кезеңінде Тараптар мемлекеттерінің кеден аумақтарынан шығарылатын тауарлар деп олардың шыққан жері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтерінің Басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 30 қарашадағы шешімімен бекітілген Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне сәйкес айқындалған тауарлар түсініледі.";
2) осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және
Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді
орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап
күшіне енеді.
2005 жылғы 24 мамырда Баку қаласында әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдеріндегі екі түпнұсқа данада жасалды және барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
1997 жылғы 10 маусымдағы
Еркін сауда туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Әзірбайжан Республикасының
Үкіметі арасындағы келісімге
өзгерістер мен толықтыру енгізу
туралы хаттамаға
қосымша
"1997 жылғы 10 маусымдағы
Еркін сауда туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Әзірбайжан Республикасы
Үкіметі арасындағы келісімге
қосымша
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы
арасындағы еркін сауда режимінен алып қоюдың кезең-кезеңмен
күшін жою кестесі
ТМД СЭҚ ТН |
Атауы |
Алып қоюды жою мерзімі |
Әзірбайжан Республикасынан олардың импорты кезінде Қазақстан Республикасының еркін сауда режимінен алып қоюға жататын тауарларға қатысты |
||
22-топ (2201, 2202 және 2209-ден басқа) |
Алкогольдік және алкогольсіз сусындар |
2006 жылғы 1 шілде |
Мыналарды қоспағанда: |
||
2207 10 000 |
Ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. % немесе одан астам спирт қоспасымен |
2012 жылғы 1 қаңтар |
2207 20 000 |
Ұйытылмаған, кез келген қоспадағы этил спирті және өзге де спирттер |
2012 жылғы 1 қаңтар |
2208 90 910 |
Сыйымдылығы 2 л. және одан да кем ыдыстардағы ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. % немесе одан кем спирт қоспасымен |
2012 жылғы 1 қаңтар |
2208 90 990 |
Сыйымдылығы 2 л. астам ыдыстардағы ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. % немесе одан астам спирт қоспасымен |
2012 жылғы 1 қаңтар |
24-топ |
Темекі және темекінің өнеркәсіптік алмастырғыштары |
2012 жылғы 1 қаңтар |
Қазақстан Республикасынан олардың импорты кезінде Әзірбайжан Республикасының еркін сауда режимінен алып қоюға жататын тауарларға қатысты |
||
2203, 2204, |
Ликер-арақ және басқа да спирт өнімдері |
2006 жылғы 1 шілде |
2207 10 000 |
Ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. % немесе одан астам спирт қоспасымен |
2012 жылғы 1 қаңтар |
2208 90 910 |
Сыйымдылығы 2 л. және одан да кем ыдыстардағы ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. % немесе одан кем спирт қоспасымен |
2012 жылғы 1 қаңтар |
2208 90 990 |
Сыйымдылығы 2 л. одан да астам ыдыстардағы ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. % |
2012 жылғы 1 қаңтар |
2402 20 |
Құрамында темекі бар сигареттер |
2012 жылғы 1 қаңтар |
".