"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы және Ерекше бөлімдер) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1247 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы және Ерекше бөлімдер) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне
(Жалпы және Ерекше бөлімдер)
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат):

      1) 15-баптың 1-тармағы мемлекеттік тілде өзгеріссіз қалдырылсын;

      2) 21-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы "төленетін" деген сөзден кейін "салық және басқа да" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1. Эмансипация (кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау)
      Он алты жасқа толған кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша, соның ішінде келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін.
      Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация) қорғаншылық және қамқоршылық органның шешімі бойынша - ата-анасының екеуінің, асырап алушылардың немесе қорғаншылардың келісімімен не бұндай келісім болмаған жағдайда - соттың шешімі бойынша жүргізіледі.
      Ата-аналар, асырап алушылар мен қорғаншылар эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның міндеттері бойынша жауапкершілік алмайды.";

      4) 34-бапта:
      4-тармақ "(осы Кодекстің 110-бабы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта "түрлерінің әрқайсысы" деген сөздер "нысандарының әрқайсысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 36-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Құрылтайшылардың өздері өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары Қазақстан Республикасының заң актілерінде анықталады.";

      6) 41-бапта:
      4-тармақта "шаруашылық жүргізуіне," деген сөздер алып тасталсын;
      4-1-тармақтың екінші бөлігінде ", лауазымды адамдары немесе қызметкерлері" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 44-баптың 1-тармағында:
      жетінші бөлікте "Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен және" деген сөздер алып тасталсын және "мемлекеттік" деген сөз бас әріппен жазылсын;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік мекемелер жасайтын, бюджет қаражатын жұмсауды көздемейтін азаматтық-құқықтық мәмілелер тіркелуге жатпайды.
      Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелеріне оларды тіркегеннен кейін ақы төленуге тиіс.";

      8) 49-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында "заңды тұлғаның кредиторлары," деген сөздер алып тасталсын;

      9) 50-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Мүліктік кешені жекешелендірілген мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының жекешелендіру туралы заңында белгіленген тәртіппен таратылады.";

      10) 51-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "қорларға" деген сөзден кейін "салық және басқа" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 58-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Шаруашылық серіктестікті, толық және сенім серіктестігінен басқа, бір адам құруы мүмкін, ол оның бірден-бір қатысушысы болады.
      Азаматтар ғана толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер бола алады.";

      12) 60-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөлікте "(өкілдер жиналысы)" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөлік "Бір тұлға құрған" деген сөздерден кейін "толық серіктестік және сенім серіктестігінен басқа," деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 79-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) атқарушы органның мүшелерін (мүшесін) сайлау (тағайындау) және олардың (оның) өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осындай беру талаптарын белгілеу;";

      14) 110-бапта:
      тақырыбында "Заңды" деген сөз алып тасталсын;
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.";
      4-тармақта "және заңды тұлғаның құқықтарын" деген сөздер алып тасталсын;

      15) 115-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Ақша міндеттемесі (ақша төлеу бойынша талаптар құқығына) бойынша ақшаларға және құқықтарға (талаптарға) тиісінше егер осы Кодексте, өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттемелер мәнінен туындамаса, заттардың немесе мүліктік құқықтардың (талабы) құқықтық режимі қолданылады.";

      16) мынадай мазмұндағы 139-1-баппен толықтырылсын:

      "139-1-бап. Банктік депозиттік сертификат

      Банктік депозиттік сертификат - оны шығару талаптары үшін белгіленген айналыс мерзімі біткеннен кейін не біткенге дейін оның нақты құнын, сондай-ақ шығару талаптарымен белгіленген мөлшерде сыйақы алуға оның ұстаушысының құқығын куәландыратын атаулы бағалы қағаз.";

      17) 143-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты шындыққа сай келетін, бірақ ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін, әдепсіз түрдегі мағлұматтар таратылған болса, олар келтірілген моральдық зиянның және залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.";

      18) 159-баптың 11-тармағы "Заңды тұлғаның" деген сөздерден кейін "немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының)" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 192-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) болып бөлінеді.";
      6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      20) 195-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мүлікке меншік құқығының басқа адамға ауысуы, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, осы мүлікке басқа да заттық құқықты тоқтату үшін негіз болып табылмайды.";

      21) 219-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
      "2) шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ меншігі;";

      22) 224-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "224-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншігі

      1. Шаруа қожалығының мүлкі, олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбегендіктен, бірлескен меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады.
      Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі, ортақ үлестік меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады.
      Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығының мүлкі жеке меншік құқығында оған тиесілі болады.
      2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің меншігінде оның мүшелеріне берілген және (немесе) олардың ортақ қаражатына шаруашылық үшін сатып алынған жер учаскелері, жер учаскесіндегі екпелер, соның ішінде жеке орман қорындағы екпелер, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсіріліп, ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылық және өзге де қора-қопсы құрылыстары, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін мал мен күш көлігі, құс, ауыл шаруашылық және өзге техника мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-сайман және басқа да мүлік болады.
      3. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметі нәтижесінде алынған жемістер, өнім және табыс шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланылады.";

      23) 225-баптың тақырыбында және мәтін бойына "шаруа (фермер)" деген сөздер тиісінше "шаруа немесе фермер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 226-бапта:
      баптың тақырыбында және мәтін бойына "шаруа (фермер)" деген сөздер тиісінше "шаруа немесе фермер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ "осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "218-бабында немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 242-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі "аудан," деген сөзден кейін "облыстық," деген сөзбен толықтырылсын;

      26) 246-бапта 1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері, 3-тармақтың екінші бөлігі "аудан," деген сөзден кейін "облыстық," деген сөзбен толықтырылсын;

      27) 282-баптың 1-тармағы:
      мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ақша міндеттемелеріне байланысты бір адам (борышқор) екінші адамға (несие берушіге) ақша төлеуге міндетті, ал несие беруші борышқордан оның ақша төлеу бойынша міндеттерін (ақша қарызы және басқа да міндеттер) орындауды талап етуге құқығы бар. Ақылы шарт, залалды өндіру және айып төлеу туралы міндеттемелер, сондай-ақ келтірілген зиянды өтеуден не негізсіз баю салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша ақша төлеу бойынша міндеттемелерге, егер осы Кодексте, заң актілерінде өзгеше белгіленбесе немесе міндеттемелер мәнінен туындамаса, ақша міндеттемелері туралы ереже қолданылады.";
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібі мен жолдары Қазақстан Республикасының төлемдер мен аударымдар туралы заңдарында белгіленеді және оларды тараптар тиісті шартта айқындайды.";

      28) 301-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      29) 303-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы адамның кепіл ақшасын пайдалану мүмкіндігін шектейтін шарттарды сақтау кезінде ақша кепіл ұстаушыға немесе өзге де адамға берілуі мүмкін (банк сейфіне, сейфтің ұясына, сақтауға арналған бөлек үй-жайға сақтауға беру). Осындай адамның кепіл ақшаны пайдалану жөніндегі шектеулерді орындамауы оған ақша берілген сәттен бастап негізсіз байығаны үшін оның жауапкершілігінің негізі болып табылады.";

      30) 311-баптың 1-тармағы мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгеріссіз қалады;

      31) 319-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Ақшалай міндеттеме бойынша ақшаны және құқықтарды (талаптарды) кепілге беру кезінде осы кепіл мүлікті өткізу кепіл нысаны болып табылатын немесе кепіл ақшалай құқық бойынша тиесілі ақшаны кепіл ұстаушыға беру арқылы, ал кепіл нысанына шараны қолдану сәтінде ақшаны беру мүмкін болмаған кезде - кепіл нысанына қатысты кепіл берушінің құқықтарын кепіл ұстаушыға ауыстыру арқылы жүргізіледі.";

      32) 337-баптың 1-тармағы "орындауды" деген сөзден кейін "не өзге міндетті орындауды" деген сөздермен толықтырылсын;

      33) 18-тарау мынадай мазмұндағы 6 параграфпен толықтырылсын:
      "&6. Ұстап қалу

      338-1-бап. Ұстап қалу туралы жалпы ережелер

      1. Борышқорға не борышқор көрсеткен адамға берілуге тиіс зат болған несие беруші, борышқор осы затты төлеу немесе несие берушіге онымен байланысты шығындарды және залалды өндіру бойынша міндеттемені мерзімінде орындамаған жағдайда, тиісті міндеттеме орындалғанға дейін оны ұстап қалуға құқылы.
      2. Осы баптың ережесі осы Кодексте және басқа заң актілерінде көзделген жағдайларда қолданылады.

      338-2-бап. Ұстап қалынған мүлік есебінен талаптарды
                 қанағаттандыру

      Затты ұстап қалушы несие берушінің талабы осы Кодексте және басқа заң актілерінде белгіленген кепілмен қамтамасыз етілген талаптарды қанағаттандыру үшін көзделген көлемде және тәртіпте оның құнынан қанағаттандырылады.";

      34) 353-баптың 1-тармағы "сот" деген сөзден кейін "несие берушінің таңдауы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық    кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 616-баптың 4-тармағы "актілерімен де" деген сөздерден кейін (өнімді бөлу туралы келісім және басқалар)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 797-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Заң актілерінде көзделген жағдайларда тауар қоймалары тауарлардың иесіздендіріп сақтауға қабылданғандығын растап қос немесе жай қойма куәлігін беруге міндетті.";

      3) 799-баптың 2-тармағында:
      6) тармақша ", егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қос қойма куәлігінің нысаны мен мазмұнына қойылатын қосымша талаптар заң актілерімен белгіленуі мүмкін.";

      4) 800-баптың 5-тармағы "соманы" деген сөзден кейін "кепіл ұстаушыға (кредит берушіге) немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 826-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (ол болған кезде), резиденттік белгісін және сақтанушы экономикасының секторын көрсету;
      13) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (ол болған кезде), резиденттік белгісін және егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса, сақтандырылған (пайда алушының) экономикасының секторын көрсету;
      14) сақтандыру сомасы, сақтандыру төлемі және сақтандыру сыйлықақысы валютасының түрі.";

      6) 883-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында "сот шешімдері (банкроттық," деген сөздер "сот актілері (банкроттық рәсімдерде конкурстық немесе оңалту басқарушыларын тағайындаған," деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 951-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) зиян:
      ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату;
      шындыққа сай келетін, бірақ ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін, әдепсіз түрдегі мағлұматтар тарату арқылы келтірілсе;";

      8) 1045-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Мұрагерлікке құқығы жоқ немесе осы баптың негізінде мұрагерліктен шеттетілген адам (лайықсыз мұрагер) мұраның құрамынан негізсіз алған барлық мүлікті қайтаруға міндетті.
      Мұрагерлік мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде лайықсыз мұрагер оның нарықтық құнын қайтаруға міндетті.";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Өсиет қалдырудан бас тартудың нысаны лайықсыз бас тартылушылар үшін белгілі бір жұмыстарды орындау немесе оған белгілі бір қызмет көрсету болған жағдайда соңғысы өсиеттік бас тартуды орындаған мұрагерге атқарған жұмыстардың немесе оған көрсетілген қызметтердің құнын төлеуге міндетті.";

      9) 1046-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мұра қалдырушы кез келген, соның ішінде болашақта ол сатып алуы мүмкін мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға құқылы.
      Өсиет қалдырушы әртүрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне иелік етеді.";

      10) 1049-баптың 1-тармағында "1066" деген сан "1064" деген санмен ауыстырылсын;

      11) 1056-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Егер сот олар мұра қалдырушының өз ықтиярын білдіру ұғымына әсер етпейді деп белгілесе, тізімнің немесе оны жасау тәртібінің басқа да болмашы бұзылуы өсиеттің жарамсыздығына негіз бола алмайды.";

      12) 1060-баптың 1-тармағында "1066" деген сан "1064" деген санмен ауыстырылсын;

      13) 1061, 1062, 1063, 1064-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердің бірінші кезегі

      1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады.
      2. Мұра қалдырушының немерелері мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.

      1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердің екінші кезегі

      1. Егер бірінші кезек бойынша мұрагерлер жоқ болса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алады.
      2. Мұра қалдырушының ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) балалары (мұра қалдырушының жиендері) ұсыну құқығы бойынша мұра алады.

      1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердің үшінші кезегі

      1. Егер бірінші және екінші кезек бойынша мұрагерлер жоқ болса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының туған ағалары мен апалары алады.
      2. Мұра қалдырушының немере ағалары мен апалары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.

      1064-бап. Кейінгі кезектегі мұрагерлер

      1. Егер бірінші, екінші және үшінші кезектегі мұрагерлер жоқ болса, заң бойынша мұрагерлік құқығын алдағы кезектерде мұрагерлерге жатпайтын мұра қалдырушының үшінші, төртінші және бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстары алады.
      Туыстық дәрежесі туыстардың бірін басқасынан бөлектейтін туылған күнімен анықталады. Мұра қалдырушының өзінің дүниеге келуі бұл санатқа жатпайды.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мұрагер болуға:
      төртінші кезектегі мұрагерлер ретінде туыстық дәрежесі үшінші туыстар
      - мұра қалдырушының арғы ата-әжелері;
      бесінші кезектегі мұрагерлер ретінде туыстық дәрежесі төртінші туыстар
      - мұра қалдырушының туған жиендері (тумалас немере ұлдары және тумалас немере қыздары) және оның ата-әжелерінің (немере ата-әжелері) туған ағалары мен апалары;
      алтыншы кезектегі мұрагерлер ретінде туыстық дәрежесі бесінші туыстар
      - мұра қалдырушының тумалас немере ұлдары және тумалас немере қыздарының (немере шөбере ұлдары және немере шөбере қыздары) балалары, оның немере ағалары мен апаларының (немере жиендері) балалары және оның немере ата-әжелерінің балалары (немере ағалары мен апалары).
      3. Егер алдағы кезектерде мұрагерлер болмаса, заң бойынша жетінші кезектегі мұрагерлер ретінде мұра қалдырушының туыстас аға-інілері мен апа-сіңлілері, өгей ұлдары, өгей қыздары, өгей әкесі және өгей шешесі, егер олар мұра қалдырушымен кемінде он жыл бір отбасында бірге тұрса, мұрагерлікке шақырылады.";

      14) 1065 және 1066-баптар алып тасталсын;

      15) 1068-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1068-бап. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз
                 адамдар

      1. Егер мұра қалдырушымен бірге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кем дегенде бір жыл оның асырауында болса, заң бойынша осы Кодекстің 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген мұрагерлерге жататын, мұрагерлік ашу күніне дейін еңбекке жарамсыз, бірақ мұрагер болуға шақырылатын кезектегі мұрагерлердің тобына кірмейтін азаматтар заң бойынша осы кезектегі мұрагерлермен бірге және тең мұра алады.
      2. Заң бойынша осы Кодекстің 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген мұрагерлер тобына кірмейтін, бірақ мұрагерлік ашу күніне дейін еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кем дегенде бір жыл оның асырауында болған және олармен бірге тұрған мұрагерлер мұрагер болуға шақырылатын кезектегі мұрагерлермен бірге және тең мұра алады.
      Заң бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген басқа да мұрагерлер болмаған кезде мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауындағы жан сегізінші кезектегі мұрагер ретінде өз бетінше мұра алады.";

      16) мынадай мазмұндағы 1072-1, 1073-2, 1073-3-баптармен толықтырылсын:

      "1072-1-бап. Мұра қабылдау тәсілдері

      1. Мұраны қабылдау лауазымды адамға мұрагерлікке құқығы туралы куәлік беру заңына сәйкес мұрагердің мұрагерлікті қабылдау туралы өтінішін не мұрагердің мұрагерлікке құқығы туралы куәлікті беру туралы өтінішін нотариусқа немесе уәкілетті адамға мұрагерлік ашу орны бойынша берумен жүзеге асырылады.
      Егер мұрагердің өтінішін нотариусқа үшінші тұлға берген немесе ол почта арқылы жіберілген болса, өтініштегі мұрагердің қолын нотариус, лауазымды адам, нотариаттық іс-әрекеттер (осы Кодекстің 1051-бабының 5-тармағы) жасауға уәкілетті адам, немесе осы Кодекстің 167-бабының 3-тармағына сәйкес сенімхатты куәландыруға уәкілетті адам куәландыруы тиіс.
      Егер сенімхатта мұрагерлік алуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұрагерлікті өкіл арқылы қабылдау мүмкін болады. Заңды өкілге мұрагерлікті қабылдауы үшін сенімхат талап етілмейді.
      2. Өзгеше дәлелденгенге дейін мұрагер, егер ол мұрагерлікті нақты қабылдау туралы куәландыратын іс-әрекеттер жасаған болса, оның ішінде егер мұрагер:
      мұрагерлік мүлікті иеленуге немесе басқаруға кірген;
      мұрагерлік мүлікті сақтау, оны қол сұғудан немесе үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғау бойынша шаралар қабылдаған;
      мұрагерлік мүлікті ұстау шығыстарын өз есебінен жүргізген;
      өз есебінен мұрагердің қарыздарын төлеген немесе мұрагерге тиесілі ақшалай қаражатты үшінші тұлғалардан алған болса, мұраны қабылдады деп танылады.

      1072-2-бап. Мұраны қабылдау мерзімі

      1. Мұра мұраны ашу күнінен бастап алты ай ішінде қабылдануы тиіс.
      Мұраны азаматтың болжанып отырған қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күні (осы Кодекстің 1042-бабының 2-тармағы) ашқан жағдайда мұра мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың ішінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешімінде өзге күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қабылдануы мүмкін.
      2. Егер мұрагерлік құқығы басқа адамдар үшін мұрагердің мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердің мұраны қабылдамауы немесе мұрагерді осы Кодекстің 1045-бабында белгіленген негіздер бойынша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар мұраны оларда мұраға құқық туындаған күннен бастап алты айдың ішінде қабылдай алады.

      1072-3-бап. Белгіленген мерзімнің бітуіне қарай мұраны
                  қабылдау

      Мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді (осы Кодекстің 1072-2-бабы) өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша сот бұл мерзімді қалпына келтіре алады және егер мұрагер дәлелді себептер бойынша бұл мерзімді өткізіп алған болса және мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагер бұл мерзімді өткізу себептері жоққа шыққаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгінген жағдайда мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.
      Мұрагер мұраны қабылдады деп таныған кезде сот барлық мұрагерлердің мұрагерлік мүліктеріндегі үлестерін анықтайды және қажет болған жағдайда жаңа мұрагердің оған тиесілі мұраның үлесін алу құқығын қорғау бойынша шаралар белгілейді. Бұған дейін берілген мұраға құқығы туралы куәліктерді сот жарамсыз деп таниды.";

      17) 1074-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі ", соның ішінде ұсыну құқығы бойынша мұрагерлікке шақырылғандардың пайдасына" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 1095-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жеке тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі оның жеке заңында анықталады. Бұл ретте, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтық құқық қабілеттігін Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.".

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады