Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгiзiлсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық кесімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:
1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 жыл, N 13, 99-құжат, 2005 жыл, N 9, 26-құжат):
127-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. "Тарихи-мәдени мұра объектілерi, оның iшiнде тарих және мәдениет ескерткiштерi орналасқан жер телiмдерi тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер деп танылады.";
2-тармақта:
екiнші бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетiн тәртiп бойынша тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерде қорғалатын аймақтар, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгiленедi.";
мынадай мазмұндағы үшінші және төртiнші бөлiктермен толықтырылсын:
"Тарихи-мәдени мұра объектілерінің күзет аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиiстi жергiлiктi атқарушы органдары айқындайды.
Тарихи-мәдени мұра объектілерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкілетті орган аталған аймақтар шегінде кез келген шаруашылық қызметтi шектеуi мүмкiн.".
2. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi "Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 жыл, N 15, 363-құжат; 1995 жыл, N 20, 120-құжат; 2004 жыл N 23, 142-құжат):
1) атауында және мәтiн бойынша:
1, 2-баптарда, 11-баптың үшiншi бөлiгiнде, 3 және 8-бөлiм атауларында 16, 17 және 42-баптардағы "тарихи-мәдени мұра", "тарихи-мәдени мұраға" деген сөздер "тарихи-мәдени мұра объектілерiн", "тарихи-мәдени мұра объектілерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-баптың бiрiнші бөлігінде, 7-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде, 12-баптың төртiншi бөлiгiнде, 15 және 37-баптарда "ескерткiштердi", "ескерткiштер", "ескерткiш", "ескерткiшiн" деген сөздер "тарих және мәдениет ескерткiшін", "тарих және мәдениет ескерткiштерiн", "тарих және мәдениет ескерткiшi", "тарих және мәдениет ескерткiшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың үшінші және төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"тарихи-мәдени мұра объектілерiне тарих және мәдениет ескерткiшi құқықтық мәртебесiн бекiту;
тарихи-мәдени мұра объектілерiн сақтау саласында мемлекеттiк билiк органдарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiн регламенттеу;";
3) 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын-ала есепке алу тiзiмi - тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мәртебесiн беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерiнiң тізiмі;
2) ансамбльдер - анық оқшауландырылған тарихи қалыптасқан аумақтарда оқшауланған немесе бiрiккен ескерткіштер әскери-инженерлiк құрылыс, сарай, тұрғын үйлiк, қоғамдық, әкiмшiлiк, сауда, өндiрiстiк, ғылым, оқу мақсаттарындағы құрылыстар мен ғимараттар топтары, сонымен қатар дiни сипаттағы ескерткіштер мен құрылыстар, оның iшiнде қалақұрылысы ансамбльдерiне жатқызылуы мүмкiн тарихи жоспарлаулар мен елдi мекен құрылымдар үзiндiлерi;
3) археология ескерткiштерi - тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгi қоныстардың, бекiнiстердiң, өндiрiстердiң, арналардың, жолдардың қалдықтары, жерлеулердiң ежелгi орындары, тас мүсiндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгi елдi-мекендердiң тарихи-мәдени қабатының телімдерi және ежелгi адамның өмiрi мен тiршiлiгiнiң белгiлерi бар өзге де жерлер;
4) қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері - сәулет ансамбльдерi мен кешендері, тарихи орталықтар, кварталдар, алаңдар, көшелер, ежелгi орналастырулар мен қалалар құрылыстарының және басқа, елдi-мекендердiң қалдықтары; азаматтық, тұрғын, өнеркәсiптiк, әскери, табыну сәулет өнерiнiң, құрылыстары, сәулет өнерiнiң құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументалды, қолданбалы-сән және саяжай-бақ өнерiнiң туындылары, табиғат ландшафтары;
5) қорғау мiндеттемелерi - осы құжатты рәсiмдеу сәтiндегi тарих және мәдениет ескерткiшiнiң жағдайын және меншiк иесiнiң немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткiшiн күтiп-ұстау шарттарын белгілейтін құжат;
6) тарих және мәдениет ескерткiштерi - тарих және мәдениет ескерткіштерiнiң Мемлекеттік тiзiмiне енгiзілген, адамның қолымен жасалған немесе адам мен табиғаттың бiрлескен туындысы болып табылатын, жекелеген құрылыстар, үйлер, ғимараттар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрнектi жерлер;
7) тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi археологиялық жұмыстар - археолог ескерткiштерiне археологиялық қазбалар мен барлаулар жүргiзу жолымен дала зерттеулерiн жүргiзу;
8) тарихи-мәдени қорық - айрықша тарихи, ғылыми және көркемдiк құндылығы бар ансамбльдер мен ескерткiштер кешендерi;
9) тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары - тарих және мәдениет ескерткiштерiне жүргiзілетiн археологиялық жұмыстардан басқа өндiрiстiк, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының барлық түрлерi;
10) тарихи-мәдени мұра объектілерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган - тарихи-мәдени мұра объектілерiн қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан былай - уәкілеттi орган);
11) тарихи-мәдени мұра объектілерi - тарих, археология, сәулет, қалақұрылысы, өнер, ғылым және техника, эстетика. этнология және антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, тарихи оқиғалар нәтижесiнде пайда болған сурет, мүсiн, қолданбалы өнер туындыларымен, ғылым және техника объектілерiмен және өзге де материалдық мәдениет нысаналарымен байланысты жылжымайтын мүлiк объектiлерi;
12) тарихи-сәулет тiрек жоспары - жылжымайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң және тарихи, ғылыми, көркем және мәдени құндылығы бар қайта анықталған объектiлердiң орналасуын тiркейтiн құжат.
4-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң түрлерi, оларды қорғау мен пайдалану
Тарих және мәдениет ескерткiштерi осы Заңға сәйкес келесi түрлерге бөлiнедi:
қалақұрылысы және сәулет ескерткiштерi;
археология ескерткiштерi;
ансамбльдер.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану:
тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;
тарихи-мәдени мұра объектiлерiне тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiн белгiлеуге;
жоюдан, тағылық актiлерiнен, бұрмалаудан, мистификациядан, өңiн айналдырудан, орынсыз өзгерiстер енгiзуден, тарихи түпмәтiннен алып тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;
жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары арқылы сақтауға және жаңғыртуға;
олардың сақталуын қамтамасыз ететiн нормаларға сәйкес күтiп-ұстауға;
этно-мәдени ортаның жаңғыру процесiнде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелiк мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесiн қамтиды.
Көзделiп отырған шаралар жүйесi Қазақстанның барлық тарих және мәдениет ескерткiштерiне, олардың түрiне, сақталу дәрежесiне және меншiк түрiне қарамастан қолданылады.";
4) 5-бапта:
екiнші, үшінші және төртiншi бөлiктерiнде "тiзiмiнде", "тiзiмiнен", "тiзіміне" деген сөздер "Мемлекеттiк тiзiмiнде", "Мемлекеттiк тiзiмiнен", "Мемлекеттiк тiзiміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Барлық археология ескерткiштерi, тарих және мәдениет ескерткiштерiнің мәртебесiн оларды анықтаған сәттен бастап алады";
бесінші абзацтағы "ерекше жағдайда (дүлей зiлзала салдарынан қираған кезде)" деген сөздер "тек, объект толық жойылған және (немесе) тарихи-мәдени маңызын жоғалтқан жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын, "ғылыми" деген сөз "тарихи-мәдени" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "Алдын ала есепке алу тiзiмiне енгiзiлген, жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектiлерi" деген сөздер "Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерi алдын ала есепке алу тiзiмiне енгiзіледi, және" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 7-бапта:
үшiншi бөлігіндегі "заңды ұйымдар мен азаматтардың", "мемлекетаралық" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар", "халықаралық" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлігіндегі "мәдени қазыналарды" деген сөздер "тарихи-мәдени мұра объектілерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Меншік құқығының объектілерi
Осы Заңмен белгіленген тәртiппен тарих және мәдениет ескерткiштерi деп танылған тарихи-мәдени мұра объектілерi тарих және мәдениет ескерткіштерiне меншік құқығының объектілерi болып табылады.
10-бап. Меншік құқығының субъектілерi
Қазақстан Республикасы, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерiне меншiк құқығының субъектiлерi болып табылады.";
8) 11-бапта:
бiрiнші бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында орналасқан және басқа субъектiлердiң меншігі болып табылмайтын барлық тарих және мәдениет ескерткiштерi Қазақстан Республикасының ерекше меншiгі болып табылады";
екiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасы қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын, ол үшiн тарихи-мәдени құнды" деген сөздер "Қазақ және Қазақстан Республикасында тұратын басқа халықтардың, тарихи-мәдени құндылығы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 12-баптың бесiншi бөлiгі алынып тасталсын;
10) 13-бапта:
бiрiнші бөлігінде:
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органына көзделiп отырған немесе болған меншiк құқықтарының өзгерiстерi туралы хабарлау;";
4) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргізудi халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде уәкілетті органмен, жергіліктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiкті атқарушы органымен келiсу;";
6) тармақшадағы "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгіндегі "жылжымайтын ескерткiштерiн қорғау туралы құжатта" деген сөздер "қорғау мiндеттемесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 14-баптың төртiншi бөлiгі алынып тасталсын;
12) 15-баптың үшiншi бөлiгіндегі "заңды ұйымдар мен азаматтар" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 16-баптың бесiншi абзацы алынып тасталсын;
14) 17-бапта:
төртінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекет меншiктегі тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысының мөлшерiн белгiлейдi;
анықтау, есепке алу, тарих және мәдениет ескерткiштерi құқықтық мәртебесiн беру және айыру ережелерiн бекiтедi;";
мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге лицензиялар беру ережесiн бекiтедi;
халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерiн пайдалануға беру тәртiбiн бекiтедi;";
15) 18-бапта:
бiрiншi бөлiгiнде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, есепке алу, қорғау, пайдалану және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстар жүргiзудi қамтамасыз етеді;";
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақшадағы "қалпына келтiрудi" деген сөздер "тарих және мәдениет ескерткiштерiнде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекет меншiгі болып табылатын жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру туралы мәселенi шешедi;";
5) тармақша алынып тасталсын;
6) тармақшадағы "тарихи-құрылыс" деген сөздер "тарихи-сәулет" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы "лауазымды адамдарды, азаматтарды, ұйымдарды, қоғамдық бiрлестіктердi" деген сөздер "жеке және заңды тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және пайдалану ережелерiн ұстануды қамтамасыз етедi;
14) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртiбiн, сондай-ақ тиiстi аумақтардағы жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
15) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерінің сақталуына қауіп төндіретін қызметi уақытша тоқтатады немесе тыйым салады;
16) тарих және мәдениет ескерткіштерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушыларына олардың осы Заңды бұзғандығы туралы нұсқамалар бередi;
17) жаңа тарих және мәдениет ескерткіштерін салуға бақылауды жүзеге асырады.";
екiншi бөлiгiнде:
1) тармақшадағы "азаматтар мен ұйымдардың" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғалады деп жариялау туралы ұсыныстар енгiзедi.";
16) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлетті орган:
1) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану саласында бағдарламалар әзiрлейдi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;
2) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары мен пайдалану мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлейдi және бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен тарих және мәдениет ескерткiштерiне археологиялық және (немесе) жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге лицензиялар бередi;
5) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң тарих және мәдениет ескерткiштерi құқықтық мәртебесiн тану немесе айыру жөнiндегi арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
6) мемлекет меншігі болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру туралы мәселенi шешедi;
7) тарихи-мәдени сараптама жүргiзу ережесiн бекiтедi;
8) тарих және мәдениет ескерткiштерi бар қалалар мен басқа елдi мекендердiң жоспарлау, салу және қайта салу жобаларына келiсiм бередi.";
17) 20-бап алынып тасталсын;
18) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
"20-1-бап. Мемлекеттiк бақылау
1. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың мақсаты жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Уәкiлетті органның тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауы:
1) лицензиаттың берiлген лицензияның шарттарын ұстануын мемлекеттік бақылау;
2) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды қамтиды.
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауы:
1) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйi мен күтіп ұстау тәртiбiн мемлекеттiк бақылау;
2) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының орындалуын мемлекеттiк бақылау;
3) жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң салынуын мемлекеттiк бақылауды қамтиды.
4. Уәкiлеттi орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiліктi атқарушы органдары тарихи-мәдени мұра объектілерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды тексерiс нысанында жүзеге асырады.
5. Тексерiс түрлерi:
1) жоспарлы - уәкiлеттi органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының алдын ала жоспарланған, жылына бiр реттен артық емес жүргiзетiн тексерiсi;
2) жоспардан тыс - қалыптасқан қоғамдық тәртiпке, халық денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауiпсiздiкке қауiптi жедел жоюды талап ететiн әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын сондай-ақ, арыз, шағым және өтiнiштерге жедел жауапты талап ететiн тексерiс.
6. Тексерiс мерзiмi нұсқама тапсырылған сәттен бастап 15 жұмыс күнiнен артық болмауы тиiс.";
19) 4-бөлiм алынып тасталсын;
20) бесiншi бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бөлiм. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi Іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы";
21) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы
Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткiштерiн насихаттауға және көпшiлiкке танытуға қатысады, тарих және мәдениет ескерткіштерiн қорғау, сақтау және пайдалану жөнiндегi шараларды жүзеге асыруда облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiліктi атқарушы органдарына көмек көрсетедi.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жеке және заңды тұлғалар оларға қамқорлық белгілеуге құқылы.";
21) 23, 24-баптар алынып тасталсын;
22) 27-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде "тізiмдер" деген сөз мемлекеттiк тiзiм" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 28-баптағы "мәртебесiнен" деген сөз "құқықтық мәртебесiнен" деген сөздермен "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган уәкiлеттi комиссиялар құрады, олардың құрамына" деген сөздер "уәкiлеттi орган арнайы комиссия құрады, оның құрамына" деген сөздермен ауыстырылсын.
24) 7-бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бөлiм. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану тәртiбi";
25) 29-бапта:
атауында және бiрiншi бөлiгiндегi "тарихи-мәдени мұра объектілерiн" және "тарихи-мәдени мұра объектілері" деген сөздер "тарих және мәдениет ескерткiштерiн" және "тарих және мәдениет ескерткiштерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiнші бөлiгiндегi "қала құрылысы және сәулет ескерткiштерiн" деген сөздер алынып тасталсын;
26) 30-бапта:
бiрiнші бөлігіндегі "ұйымдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, кәсiпорындар мен азаматтарға" деген сөздер "жеке және заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша осы Заңға сәйкес, пайдалануға беріледi.";
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi пайдалануға уәкілеттi органның шешiмi бойынша берiледі";
27) 31-бап алынып тасталсын;
28) 32-бапта:
бiрiншi бөлiгі мындай редакцияда жазылсын:
"Тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланып отырған жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткiштерiн өз сипаты мен мақсатына сәйкес пайдалану мiндеттерiн бұзып, соның салдарынан тарих және мәдениет ескерткiшiнiң жойылу немесе бүлiну қаупi төнген жағдайда, тарих және мәдениет ескерткіштерiн пайдалану құқығынан айырылады.";
екiншi бөлiгіндегі "пайдалану туралы шартта" деген сөздер "қорғау міндеттемесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 33, 34, 36 және 38-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Пайдалануға берiлген жерлерде орналасқан тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды қамтамасыз ету
Жеке және заңды тұлғалар, оларға пайдалануға берiлген жерлерде орналасқан тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды қамтамасыз етуге мiндетті.
34-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары
Жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына мыналар жатады:
1) консервация - тарих және мәдениет ескерткiшiн одан әрi бұзылудан сақтайтын және ескерткiштiң тарихи қалыптасқан кескiнiн өзгертпестен сындарлы бөлiктерi мен сән элементтерiн бекiту мен қорғауды қамтамасыз ететін iс-шаралар кешенi. Ескерткiштiң физикалық сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралардан тұратын апатқа қарсы жұмыстар консервацияның бiр түрi болып табылады;
2) қалпына келтiру - ғылыми-негiзделген деректердiң негізiнде құндылығы жоқ және ескерткiштiң кескiнiн бұрмалайтын қабаттардан ажырату арқылы тарих және мәдениет ескерткiшiнiң тарихи, сәулеттiк-көркем кескiнiн сақтауды және сырын ашуды, ғимараттың, ансамбльдiң, кешеннiң жоғалған элементтерiнiң орнын толтыруды қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенi;
3) қайтадан жасау - тарих және мәдениет ескерткiшiнiң жеткiлiктi түрде ғылыми деректерi және ерекше тарихи, ғылыми, көркем немесе өзге де мәдени маңызы бар болғанда жоғалған тарих және мәдениет ескерткiшiн қайта қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
4) жөндеу - тарих және мәдениет ескерткiшiнiң кескiнiн өзгертпестен мерзiмдi жұмыстар жүргiзу арқылы техникалық жағдайын сақтау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
5) бейiмдеу - тарих және мәдениет ескерткiшiн қазiргi заманда пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында оның тарихи, көркемдiк құндылықтарына және сақталуына зиян келтiрмей жүргiзiлетiн iс-шаралар кешенi.
Жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде уәкiлеттi органның, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының бақылауымен жүзеге асырылады.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары бюджет қаражаттары есебінен, инвестицияларды тарту, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары есебiнен жүзеге асырылады.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жеке және заңды тұлғалар лицензияның негізiнде жүзеге асырады.";
"36-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау аймақтары
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін тәртiп бойынша қорғалатын аймақтар, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгiленедi.
Күзет аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын облыстардың тиiстi жергілікті атқарушы органдары (республикалық маңызы бар қалалар, астана) анықтайды және барлық тарих және мәдениет ескерткiштерiмен жаңадан анықталған объектілердiң орналасуы белгіленетiн тиiстi елдi-мекеннiң тарихи-сәулеттiк тiрек жоспары мен сызба-картасына енгiзедi.
Уәкiлеттi орган аталған аймақтар шегiнде кез келген шаруашылық қызметтi шектеуi мүмкін.";
"38-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн бұзуға, орнын ауыстыруға, өзгертуге тыйым салу
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн бұзуға, орнын ауыстыруға, өзгертуге тыйым салынады.
Тарих және мәдениет ескерткiшiнiң 70 пайыздан астам бөлiгi бұзылған кезде және (немесе) тарихи-мәдени құндылығын жоғалтқан ерекше жағдайда ғана өкiлеттi органның арнайы комиссиясымен келiсілген тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негiзінде жол беріледi:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне уәкілеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң шешiмiмен;
2) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне облыстардың (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) жергiлiктi атқару органдарының ұсынысы бойынша уәкілеттi органның шешiмiмен.
Мұндай шешiм алған жеке және заңды тұлғалар ескерткiштi бұзуды, орнын ауыстыруды немесе өзгертудi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi, ал уәкiлетті орган тарих және мәдениет ескерткiшiн ғылыми зерделеу және белгілеу бойынша жұмыстарды жүргiзуге мiндеттi.
Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығыстар тарих және мәдениет ескерткiшiн бұзуға, орнын ауыстыруға немесе өзгертуге шешiм алған жеке және заңды тұлғалардың есебiнен жүргiзiледi.";
30) 39-бап алынып тасталсын;
31) 40-бапта:
атауында және бiрiншi бөлігіндегi "ескерткiштерге" деген сөз "ескерткiштерiнде" деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтiн бойынша "рұқсат құжаттары және (немесе)", "Рұқсат құжаттары және (немесе)" деген сөздер алынып тасталсын;
екiнші бөлiгiндегi "археологиялық және реставрациялау" деген сөздер "археологиялық және (немесе) жөндеу-қалпына келтiру" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 42-бапта:
бiрiншi бөлігіндегi "лауазымды адамдар мен азаматтар" деген сөздер "тұлғалар" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлігіндегі "Азаматтар, ұйымдар және қоғамдық бiрлестiктер" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 43-бапта:
бiрiншi бөлiгiндегi "қорғау туралы" деген сөздерден кейiн "және объектiлердi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзацы алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi "Лицензиялау туралы" Заңы (1995 жылғы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; 14, 88-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 жыл, N 8-9, 236-құжат; 1997 жыл, N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 жыл, N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 255-құжат; N 23, 416 құжат; N 24, 452-құжат; 1999 жыл, N 20, 721, 727-құжат; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 жыл, N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 жыл, N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжат; N 13-14, 173, 176-құжат; N 23, 321-құжат; N 24, 388-құжат; 2002 жыл, N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 жыл, N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжат; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжат; 2004 жыл, N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 жыл, N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжат):
9-баптың 42) тармақшасындағы "ескерткiшiнiң археологиялық және қалпына келтіру" деген сөздер "ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) жөндеу-қалпына келтiру" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Заңына 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 жыл, N 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1996 жыл, N 18, 366 құжат; 1997 жыл, N 7, 79-құжат N 12, 184 құжат; 1999 жыл, N 8, 247-құжат; N 21, 782-құжат; 2001 жыл, N 10, 121-құжат; 2002 жыл, N 15, 147-құжат; 2003 жыл, N 15, 131-құжат):
34-баптың бiрiншi бөлiгi алынып тасталсын.
5. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 жыл, N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 388-құжат; 2002 жыл, N 10, 103-құжат; 2004 жыл, N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; 24, 144-құжат):
27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйі мен күтіп-ұстау тәртiбiн, жергілiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының орындалуын, жаңа тарих және мәдениет ескерткіштерінің салынуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;".
2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастан қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті