Консулдық алымдарды төлеуден босатылатын консулдық іс-әрекеттердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 46 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 513-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған консулдық алымдарды төлеуден босатылатын консулдық іс-әрекеттердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2006 жылғы 23 қаңтардағы 
N 46 қаулысымен      
бекітілген      

Консулдық алымдарды төлеуден босатылатын консулдық
іс-әрекеттердің тізбесі

      1. Мыналарға:
 

      1) Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
 

      2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;
 

      3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне;
 

      4) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;
 

      5) Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері қызметкерінің немесе жұмыскерінің науқастануы немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге жолданатын ноталарды әзірлеу және басу.
 

      2. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне;
 

      2) Қазақстан Республикасының саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік паспорттарды ресімдеу.
 

      3. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың өтініштерін пысықтау және мыналарға:
 

      1) Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
 

      2) республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
 

      3) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдардың, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
 

      4) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген ізгілік көмекпен Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
 

      5) Қазақстан Республикасына қызмет бабындағы істер бойынша жол жүретін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
 

      6) шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің, сондай-ақ өзара түсіністік қағидаты негізінде Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
 

      7) инвесторлық визалар беру үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне визалар беру (визалық  қолдау) туралы нұсқауды жолдау.
 

      4. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
 

      2) республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
 

      3) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
 

      4) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген ізгілік көмекпен Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
 

      5) Қазақстан Республикасына қызмет бабындағы істер бойынша жол жүретін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
 

      6) шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің, сондай-ақ өзара түсіністік қағидаты негізінде Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың шақыруы  бойынша Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
 

      7) инвесторлық;
 

      8) Қазақстан Республикасына қызмет бабындағы істер бойынша жол жүретін дипломатиялық және қызметтік паспорттары бар шетелдік азаматтарға;
 

      9) қызметтік;
 

      10) 16 жасқа дейінгі балаларға;
 

      11) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар алғашқы визалардың орнына қайталама;
 

      12) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға;
 

      13) шетелде тұрақты тұратын және жақын туыстарын жерлеуге Қазақстан Республикасына жол жүріп бара жатқан Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визалар беру.
 

      5. Жоғалтудың, дүлей зілзалалардың немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан құжаттары және ақшалай қаражаты жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәліктер мен анықтамалар беру.
 

      6. Шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттарын және күлі салынған сауыттарын Қазақстан Республикасына жөнелту кезінде анықтамалар беру.
 

      7. Өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің қолдаухаттары бойынша құжаттарды талап ету.
 

      8. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы талап етілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын заңдастыру.
 

      9. Шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің, сондай-ақ өзара түсіністік қағидаты негізінде халықаралық ұйымдардың қолдаухаттары бойынша құжаттарды заңдастыру.
 

      10. Шетелде оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қою және оларға заңды маңызы бар анықтамалар беру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады